Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмаудың психологиялық маңызы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
М ектеп директоры Н.Беисова
БАҒДАРЛАМА
«Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмаудың психологиялық маңызы»
Құрастырушылар: А.Қасымбекова 10 сынып оқушысы,
Б.Шалова Сарқан ауданы Екіаша орта мектебінің психологы
Кіріспе
Еліміздің әлеуметтік-экoнoмикaлық дaмуын жеделдету кезеңінде aдaм фaктoры жaңa негізде қaрaлып, жaңa aдaмды қaлыптacтыру бaрыcындa әрбір оқушының cубьективті тaлaп-тілегін, бейім қaбілетін және тіршілік өмір өріcін, белcенді caнaлық шығармашылық қacиетін oдaн әрі дaмыту кезек күттірмейтін мәcеле. Caнaлы және мaқcaтты бaғдaрлы тұлғaны қaлыптacтыру – бүгінгі қoғaмымыздың ең бacты жocпaрлы қaғидacы. Cебебі, өндіріcтік күштер мен өндіріcтік қaрым-қaтынacтaрдың дaмуы мaтериaлдық және рухaни мәдениетті, қoғaмдa жaн-жaқты қaлыптacқaн aдaмдaрды дaйындaу, идеялық имaнгершілігі жoғaры, еңбекcүйгіш, ғылыми дүниетaнымы үндеcтікпен қaлыптacқaн, эcтетикaлық тaлғaм-cезімі кең, дене күші мығым, белcенді өмір пoзицияcы aйқындaлғaн оқушыларды дaмытуды қaжет етеді.Дөрекілік күйдегі бейреcми оқушылар құрaмдaрының caны өcуде, oлaрдың өзгермелі теріc пиғылдaры caнa cезімдері қaтaлдыққa, oзбырлыққa, өтірікшілдікке, жеке бacын oйлaу бaғдaрлaрымен cипaттaлaды. Жacөcпірімдерге тән қacиет өзіндік тәуелcіздік, дербеcтік, бacқaғa бaғынышты бoлмaу.
Coл cебептен өзінің күш қуaтын, жеке бacының мән-мaғынacын түcінуге ұмтылыc жacaйды. Oны ұғыну мүмкіндіктері мектептегі oқу-тәрбие мен еңбек үрдіcтеріне қaтынacтaрынaн бaйқaлaды. Cебебі, құқық бұзушылыққа бейім бaлaлaр типтік ерекшеліктеріне бaйлaныcты тіршілік қиындықтaрынa кездеcіп, oны жеңіп шығуғa ішкі күй-жaйы жoл тaбa aлмaй, әлеуметтік-педaгoгикaлық тұрғыдaн қoрғaлынбaйды. Ocылaйшa, оқушылар арасындағы құқық бұзушылыққа бейім балалар «ешкімге қaжетім жoқ» деген cезімге беріліп, кінәні үлкендерге телеп, accoциaлды әрекетпен aйнaлыcaды, жaнжaлдacуғa, ұрыc-төбелеcке бейімделеді. Қaнaғaттaнбaудың oрнын тoлтырудың жoлы – бoc уaқытын мaқcaтcыз пaйдaлaну, caндaлып бoc жүру, мектеп тәртібін ұcтaмaу, зaң нoрмacын бұзу, қылмыcтық іcтер жacaу.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:
Бұл бағдарлама өмірде қиын жағдайға немесе құқықтық кикілжіңге тап болған оқушылар үшін топтық жұмыс жүргізуге арналған.
Мақсаты:
Әлеуметтік жалған және құқық бұзушылықтың алдын- алу, сондай-ақ оқушылардың әлеуметтік қолайлы мінез-құлық нысандарын қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Тренингке қатысушы оқушыларға құқық бұзушылықтың себептері мен салдарын талдау саласына, сондай – ақ ортадағы жігерлі көңіл – күйлерінің ерікті бөлігін дамытуда, олардың құқықтары, міндеттері туралы білім деңгейін көтеру;
-
Тренингке қатысушы оқушылардың өзін-өзі бақылауының және бағалауының дағдылары мен эмоциялық жай-күйі үшін тиімді дұрыс шешімдер қабылдауға әзірлеу;
-
Адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну;
-
Өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;
-
Ортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұруға дұрыс бағытталған оң уәжді жасау және қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
-
Ортаның жағымсыз әсеріне қауіпсіз мінез-құлқынқа әр түрлі жағдайларда өздерінің қарсы тұру қабілеттерінің сенімділігін сезіну;
-
Қауіптіліктің жоғарғы ерекше жағдайларда айналасындағы адамдармен тиімді қарым – қатынас жасай білу керек;
Топпен жұмыс істеу технологиясы.
Тренинг - бұл шағын топпен жұмыс жүргізудің белсенді түрі, қатысушылар пікір алмасады, өз көзқарасын қалыптастыруға, жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін тәжірибеде қолдануға дағдыланады. Оқушыларды саналы жұмыс түріне баулиды, оларды дер кезінде ойлану мен шешім қабылдауға үйретеді.
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІР-БІРІМЕН ЖАҚСЫ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА БОЛУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
Мақсаты: құқықтық тәрбие беру, теңдікке, сауаттылыққа,мемлекет заңдары мен қоғамда өмір сүру ережелерін есте сақтауға және қылмыстан аулақ болуға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: сұрақтар, тапсырмалар, жағдаяттар жазылған кеспе қағаздар, түрлі түсті бояулар, ватман қағаз,
Жүру барысы:
-
Кіріспе
-
«Қазжүріс» жаттығуы
-
Сұрақ-жауап
-
Жағдаяттарды талқылау
-
«Менің болашақ арманым» жаттығуы
-
Құқықтық тәрбие дегеніміз не?
Құқықтық білім беру- адамның құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында орындалатын құқықтық тәрбиенің негізгі ықпал етуші әдісі. Нақты айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықтық ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру-құқықтық сананың негізгі белгілері. Аталынған белгілер оқушыларды құқықтық тәрбиелеу негізінде отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Есейген адамға қарағанда санасы мен мінез-құлқы жаңадан қалыптаса бастаған жасөспірім – тәрбиенің қолайлы обьектісі болып табылады.
Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты- оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу.
-
«Қазжүріс» жаттығуы
Қатысушылар колонна болып, бір-бірінің артына алдында тұрғанның иығына қолдарын қойып тұрады. Үрленген шарлар арттағылардың ішімен алдынғылардың арқасының арасында қыстырылады. Шарды ұстауға, дұрыстауға болмайды. Алдағы тұрған ойыншы өз шарын қолын алға созып тұрып ұстайды.
-
Сұрақ-жауап
-
Балалардың құқықтарын ата
-
Жасөспірімдер қылмысы үшін неше жастан бастап жауапқа тартылады?
-
Оқушы міндетін ата
-
Құқық дегеніміз не?
-
Қазақстан азаматы болуды қалай түсінесің?
-
Жауапкершілік деген не?
-
Жағдаяттарды талқылау
-
«Менің болашақ арманым» жаттығуы
Оқушылар «Менің болашақ арманым» тақырыбына сурет салды.
-
Қорытынды.
2. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТҮЗЕТУ
Мақсаты: оқушылардың бір-біріне жылулық пен қайырымдылықты сыйлап, өзін жағымды қабылдай білуге,жылдамдықты, зейінділікті дамыту. жылы достық қарым-қатынас қалыстастыру.
Жүру барысы:
-
«Жиылған амандасу»
-
«Сіздің көңіл-күйіңіз қандай»
-
«Әнмен бой сергіту»
-
«Адам, үй, жер сілкінді»
-
«Паравоз»
-
«Суретті аяқта»
-
Рефлексия. Қорытынды
-
«Жиылған амандасу» Жүргізуші ойыншыларға тапсырма береді: осы
жердегі бүкіл қатысушылар
бір-бірімен қолын қысып амандасады.
-
«Сіздің көңіл-күйіңіз қандай»
Қажетті заттар: түрлі-түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер
-
Интерпретация
Қызыл –қуанышты көңіл күй; Алқызыл-ұнамды көңіл күй, Күлгін- алаңдаушы, Қара- күш қуаты төмен, Ақ-анықталмаған көңіл-күй.
-
Әр оқушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды. Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпретацияны оқиды. «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай» Мысалы: Арнай қызыл түсті таңдаса, онда Арнайдың көңіл –күйі өте қуанышты.
-
«Әнмен бой сергіту» Жүргізуші танымал 3-4 ән аты жазылған қағаз
таратады. Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып, қосылуы, түптеп келгенде, осындай үш не төрт топ құрылады. Мысалы: Айжан «Ұстазым» әуенін салып тұрса, Абай өз әуенін естіп Айжанмен бірге топ құрайды.
-
«Адам, үй, жер сілкінді»
Нұсқау: оқушылар дөңгелене тұрады. Жүргізушінің белгісі бойынша: «үй» дегенде- екі-екіден екі қолын көтеріп, түйістіріп шатырға ұқсап тұра қалады. «адам» дегенде, ұшеуден тұрады, екеуі шатыр, біреуі сол шатырдың астына барып тұра қалады, «жер сілкінді» дегенде, барлығы жан-жаққа қаша жөнеледі. Жалғыз қалған қатысушы жүргізушінің рөлінде болады.
-
«Паравоз»
Көңілді әуен ойнап тұрады. Қатысушылар бірінің артынан бірі иықтарынан мықтап ұстап тұрады. Бірінші адам «паравоз»-ал қалғандары «вагондар». Қимылдағанда вагондардың көздері жұмылған күйде болады. Паравоз вагондардың еш жерге ұрылмай, соғылмай жақсы серуендегенін қадағалайды. Әр қатысушы «паравоздың» да, «вагонның» да рөлінде болуы қажет.
Ойын соңында пікір алмасу: -Қандай рөлде болған ұнады және неге? Қандай «Паравоз» басқаларға қарағанда қамқор, сақ болып көрінді.
-
«Суретті аяқта»
Барысы: Оқушыларға плакатқа немесе тақтаға сурет салу ұсынылады. Әр оқушы бір-бірінің ойын түсініп, кезек-кезек шығып, суретті жалғастыру. Соңында шыққан суретті бағалап, әркім өзі салған суретпен нені бейнелеуге тырысқанын және нәтижесінде қандай сурет шыққанын бағалайды.
-
Рефлексия. Қорытынды
3. ЖАҚСЫ БОЛУ ӨЗІҢНЕН
Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі бақылауға үйрету, өз эмоциясын түсінуге,өмірлік күштерін және ресурстарын белсенду ету, өзіне деген сенімділіктерін арттыру, өзара қарым-қатынастарын нығайту.
Жүргізу барысы:
-
«Жан жылуы» ойыны
-
Сұрақтар
-
Шығармашылық жұмыс
-
«Ойлан тап» жаттығуы
-
«Қорған» жаттығуы
-
«Жарайсың!» жаттығуы
-
«Жан жылуы» ойыны
Қолдарынан ұстап бір-біріне төмендегі сөздерді айтады.
-
Мен сенен жылу аламын
-
Жүрегіме саламын
-
Досыма сыйлаймын
-
Сәттілік тілеймін
Оқушыларды екі топқа бөліп адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді айту.
-
Сұрақтар. «Таңдап ал» Әр топтан кезекпен 1 оқушыдан шығып, өзіне ұнаған түстегі нөмірленген шарды алып сұраққа жауап береді.
Шарларға жапсырылған сұрақтар:
-
Жақсы адам бол деген не?
-
Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесің?
-
Жақсы іс адамның қандай іс-әрекетінен байқалады?
-
Жақсылық жасау адамдарды қандай қуанышқа бөлейді.
-
Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек.
-
Айналадағы адамдардың жақсылығын қалай сезінесің?
-
Шығармашылық жұмыс
«Жақсылық ағашын отырғызу» Оқушыларға алдын ала дайындалған жапырақ үлгісіндегі қағаздар беріледі. Әрбір оқушы өздері жасаған жақсы, игі істерін жапыраққа жазып бұтақтарға жапсырады.
-
«Ойлан тап» жаттығуы
Екі топтың балаларына әріптер жазылған қағаздар беріледі.Сол сөздерге байланысты мақал-мәтел айтылады, оқушылар түсіп қалған сөзді шығару керек. (Мысалы: ана, бала, Отан т.с.с)
-
«Қорған» жаттығуы
Сен өзіңді үйге баратын жолмен кетіп бара жатырмын деп есепте. Басқа жол жоқ, тек өзіңсің. Бір уақытта сенің алдыңнан үлкен қорған пайда болады.
-Бұл қорған сен өзінің батыр, күшті екеніңе сенімді болғанда ғана бұзылып, быт-шыты шығады. Ол үшін сен ғажайып сөздерді әр түрлі екпінмен айтуға тиіссің. Алдымен жай, сосын қаттырақ, сосын өте қатты түрде.
Міне былай:
-
«Мен бұл қорғанды бұзуға тырысамын»
-
«Мен мұны бұза алам»
-
«Мен күштімін,мен бәрін істей алам, Мен мұны істеуім керек, себебі менің күшім көп»
Сен осы сөздерді айтқан кезде қорған жаймен бұзыла бастайды. Ақыры жол ашық, сен ары қарай жүре аласың.
-Ал енді сезініп көрші, сен қандай болдың?
-Өзіңе-өзің сенімді болдың ба?
-
«Жарайсың!» жаттығуы
Оқушылар шеңбер бойына тұрып, оң жағына қарап сенің қандай жетістігің бар дейді. Ол бала жетістігін айтады. Жарайсың!... деп қолын жоғары көтереді. Екінші бала... ары қарай жалғасады.
Қорытынды.
-
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК «МЕН» КОНЦЕПЦИЯСЫН ДАМЫТУ
Мақсаты: қатысушылардың өз-өзін ашу, өзін тануы, «Мен концепциясының» айқындалуы.
Жүру барысы:
-
«Комплимент» жаттығуы
-
Екі топқа тапсырма
-
Оқушылармен ой бөлісу
-
Өзін-өзі презентациялау
-
«Микрофон» жаттығуы
-
«Комплимент» жаттығуы
Жүргізуші допты екінші бір қатысушыға комплимент айтып береді. Допты алған қатысушы, келесі қатысушыға комплимент айтып лақтырады.
-
Екі топқа тапсырма
1-топқа тапсырма: «Нағыз адамдық» қасиеттерді бейнелеңіз
2-топқа тапсырма: «Мен» концепциясын айқындаңыздар
-
Оқушылармен ой бөлісу
-
Ал,кім өзін жақсы біледі?
-
Өзіңдегінің барлығы өзіңе ұнай ма?
-
Сен өзіңді басқалардан қандай айырмашылығым бар деп ойлайсың?
-
Өзіңді білу керек пе?
-
Құрметті де, сыйлы адам атану үшін өзіңе қандай қасиеттер керек деп санайсың?
-
Өзін-өзі презентациялау
Әр қатысушы алдарында берілген ақ параққа өз есімдерін және өміріндегі жақтырмайтын немесе ең жақсы көретін ісі жөнінде жазады.
-
«Микрофон» жаттығуы
Көпшілік алдында өзін-өзі ұстауы, тақырыпты ашуы, сөйлеу
мәдениеті, өзіндік көзқарасының қалыптасуы ескеріледі. Оқушылар осы сабақтан алған әсерлері мен көзқарастарының өз ой-пікірлерін осы жаттығу арқылы ортаға салады.
.
-
ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН САҚ БОЛАЙЫҚ!
Мақсаты:оқушыларды шылым шегу мен алкоголь ішімдіктерін ішуден сақтандыру.
Оқушылар дайындаған ауызша журнал
Барысы:
Бүгінгі тренингті өткізу себебіміз ,жаман әдеттерден сақтану жолдары, салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, зиянды әдеттерден бойларыңды аулақ салуға үйрету екенін бәріміз жақсы білеміз. Олай болса, тренингімізді ауызша журнал түрінде өтеді. Журналдың әр беттерін оқушылар дайындаған.
-
«Темекі тәнді зақымдайды»
Эпиграф: «Темекі тәнді зақымдайды, ақыл -ойды күйзелтеді, тұтас ұлттарды топастандырады» О.Бальзак
-
«Алкоголь- ақыл есту тонаушы»
Эпиграф: Ішсең де әлдекімге тілеп саулық,
Біліп қой, арақ саған етер жаулық. Р.Гамзатов.
-
«Нашақорлық-дерт»
Арақ пен апиын-ардың жауы. Омар Хаям.
-
«Шынықсаң –шымыр боласың»
Деннің саулығы тек өзің, өзің ғана аса алатын асу. В. Шенеберг.
Қорытынды.
-
ЖАҚСЫ КҮЛКІ-ЖАН ЖАДЫРАТАДЫ
Мақсаты: оқушылардың психологиялық көңіл күйлерін көтеру
Жүру барысы:
-
Ережемен таныстыру
-
Эмоциялық жаттығу
-
Ертегі терапиясы
-
Ойын жаттығулар
-
Оқушыларды бүгінгі ережелермен таныстыру.
-
Эмоциялық жаттығу жүргізу
-
Ертегі терапиясы «Жүзіктегі жазулар»
-
Ойын жаттығулар
-
Ойын «Айсберг» - Балалар өздеріңді үлкен айсбергтің басында
қалғандай елестетіңдерші. Мұхиттың ортасында. Кенет айсберг ери бастайды. Ал енді барлықтарың бір парақ қағаздың үстіне сиюларың керек «еріп бара жатқан айсберг». Ал мұздық ери береді қатысушылар кішкене қпарақтың үстінде сиып туруы керек, парақты тағы бүктейміз қатысушылар осы кішкене қағаздың үстінде тұрып қалуы қажет.
Ойын аяқталып кім қалды кім құлады соны талқылаймыз. Қалай аман қалғанымызы айтамыз. Қандай шешімге келдік.
-
Рольдік ойындар
-
Базардағы сатушы
-
Сыған қыз
-
Атақты әртіс
-
Мейірімді ана
-
«Молекула ойын»
-
Қорытынды
-
ӨЗ-ӨЗІНЕ СЕНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
Мақсаты: оқушылардың өзі туралы ойын дамыту.
Түрі: аутотренинг
Ыңғайлы отырыңыздар. Өз деңелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене а, ал сана-сезім сергиді. Аспанға қарап отырмын деп ойлаңыздар. Ішіңізден. Аспанды сезініңіз. Табиғат көркемділігін байқадыңыз. Айналадағы шуылдаған құстардың шырылдаған дауыстары неткен керемет!
Кенеттен, сіз бір әсем әуенді естисіз! Әуен бағытына қарай ұмтыламыз. Сіз, орман ішіне қарап зәулім сарайды байқайсыз. Зәулім сарайдың жартылай ашылған есігінен әсем әуен естіледі.
Сіз, зәулім сарайдың ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап, ұстап көресіз. Ол суреттерде сіздің қиял-ойларыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға..., екінші қабырғаға.., үшінші қабырғаға..., төртінші қабырғаның соңында сіз аппақ, әрі жұмсақ демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен, шаршағаныңызды байқайсыз да, сол жерге демалуға жатасыз. Өз денеңізді көз алдыңызға елестетесіз... басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін.
Сіздер, демалыңыздар, жеңілдеңіздер,жай ғана тұрып, осы бөлмеде барлық кері әсерлерді тастап артқа қарамай есіктен шығып, жауып кетеміз.
Сіздер, көңілді қайратты, қажырлысыздар. Табанды және қайратты болыңыздар. Сіз ештенеден қорықпайсыз. Сіздің күшіңіз көп, қайратты, өзіңізге сенімдісіз. Сізде бәрі де болады. Өміріңізге жаңа күштердің қосылғанын сезінесіз. Сізде бәрі алда! Сіз таланттысыз! Сізде бәрі де болады.
Сіз қайтадан табиғат аясындасыз. Шексіз аспан,.. Ораламыз.
Тамаша.... Жұмысымызды аяқтаймыз.
-
БІЗ БАҚЫТТЫ ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫЗ.
Мақсаты: Өмір құндылығының мән-мағынасын түсіндіру. Өмірге деген қызығушылығын арттыру.
Жүру барысы:
-
Ойланайық, пікірлесейік
-
Бейне көрініс «Әлемнің жеті кереметі»
-
Жағдаяттық тапсырма
-
Кеңес беру
-
- Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?
Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?
Өмір адамға несімен қымбат? -
Бейне көрініс көрсету. Талдау
-
Жағдаяттарды шешу
-
Кеңес беру
«Адам боп оңай туғанмен,
Адам боп қалу көп қиын» деп Қадір Мырзалиев атамыз айтқандай
сіздердің бүгінгі кештен не түйгендеріңізді және осы күнге
тілектеріңізді тыңдағым келіп тұр.
(Оқушылардың ойларын, тілектерін ашық айтуы.)
Олай болса мен сіздерді мына ұранмен өмір сүруге шақырамын
Барлығы қосылып:
Біз өмірді сүйеміз!
Бақытты өмір сүреміз!
Біз бәріміз біргеміз!
Сөз соңында «Адамды өмір үйретеді, үйретпесе күйретеді» -
дегендей
«Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер
мен ауыртпалықтардан қорықпау» дегім келеді.
-
ДОСТЫҚТЫ ҚАДІРЛЕУ
Мақсаты: оқушылар бойындағы достық сезімнің құдіретін ұғындыру. Оқушылар арасындағы достық, жолдастық қасиеттерін қалыптастыру.
Жүру барысы:
-
«Жылы сөз жанға шипа» жаттығуы
-
«Мен қандай адаммын?»жаттығуы
-
«Жіпті шешу» ойыны
-
«Достық бірлік үйін салу» жаттығуы
-
«Достық торы»
-
«Жылы сөз жанға шипа» жаттығуы
Оқушылар өзінің оң жағындағы құрбысының мінезіндегі ерекшеліктерін анықтап айту.
-
«Мен қандай адаммын?»жаттығуы
Әр оқушы өзінің жағымды жағымсыз қасиеттерін айтады. Ойлануға 5 минут беріледі. Топ қатысушылардың айтылған қасиеттері бойынша жаттығу соңында қорытынды жүргізіледі.
-
«Жіпті шешу» ойыны
Оқушылар жұптасып отырады. Әр жұпқа шиеленіп байланған жіп таратылады. Жұптасқан оқушылар сол қолдарын артына ұстап, оң қолдарымен бірлесіп жіпті шешу керек.
-
«Достық бірлік үйін салу» жаттығуы
Оқушылар, біздің адал достығымыз әлде де берік болуы үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.
-
«Достық торы»
Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Түйіншектелген жіптің шетін өзі ұстап түйіншікті өз таңдаған оқушыға өз тілегін айту арқылы лақтырып береді. Түйіншікті алған оқушы осылай жалғастырады.Барлық оқушылар бір-біріне жіпті лақтыру арқылы тілектерін айтады. Тренингтің соңында өрмекшінің торы сияқты пайда болады. осы торды «достық торы деп атаймыз.
Қорытынды .
-
ӨЗІМІЗ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕСЕЙІК
Мақсаты: оқушыларды өзін-өзі танып білуіне, өздерінің жақсы жақтарын сезінуіне, сенімсіздіктерін жеңуге көмектесу.
Жүру барысы:
-
Психологиялық дайындық
-
«Жеке тұсау кесер» жаттығуы
-
«Менің мақсатым» жаттығуы
-
«Менің қиыншылықтарым»
-
«Мен кіммін?»
-
Рефлексия. Қорытынды
-
Психологиялық дайындық
-
«Жеке тұсау кесер» жаттығуы
Оқушылар өмірде біреуі көмектесетін, ал біреуі кедергі жасайтын екі қасиетті атау керек.
-
«Менің мақсатым» жаттығуы
Қатысушылар өзінің алдыға қойған мақсатын айтып, сол мақсатты қалай іске асыру жолдарын түсіндіруі керек.
-
«Менің қиыншылықтарым»
Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықты еске түсіріп, ортаға салады. Сол қиыншылықты айтқаннан кейін, әр қатысушы өз пікірлерін айтады. Талқылайды.
-
«Мен кіммін?»
Мен кіммін? деген сұраққа тез арада 5 сөзді жазып, айту.
-
Рефлексия. Қорытынды
ҚОРЫТЫНДЫ
Caнaлы, мaқcaтты бaғдaрлы тұлғaны қaлыптacтыру – бүгінгі қoғaмымыздың ең бacты жocпaрлы қaғидacы. «Ел бoлaм деcең, беcігіңді түзе» деп aтa бaбaмыз aйтып өткеніндей, әр бaлa бір ғaнa oтбacының емеc, күллі қoғaмның келешегі, көктемгі бүршік aтқaн гүлі.
Ұрпaқ-ғұмыр жaлғacы, тіршілік көзі, елдігіміздің, ұлтымыздың бoлaшaғы. Қaй хaлық бoлмacын үмітін ұрпaғынaн күтетін бoлғaндықтaн, oлaрды өркениеттілікке, aдaмгершілікке ұлттық caнa-cезім рухындa тәрбиелеу, oлaрдың aдaмзaттық өркениеттілік caтығa жету мaқcaтын көздеу, ұсынылған бағдарлама жaғымcыз қылықтaрдaн aулaқ бoлулaрынa cептігін тигізері анық.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
-
Гришaкoв Н.П. Рaбoтa пcихoлoгa в шкoле.М., 2001.- 52c.
-
Педагогика және оқушы психологиясы №1(19) 2014 жыл..
-
.Мектептегі психология №9-12(76) 2014 жыл .
-
М.А. Кусаинова, П.Е. Жарылғасова Психологиялық әдістемелер мен жаттығулар, тренингтер 2013 жыл
ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР:
1. Оқушылардың бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қалыптастыру.
2. Қарым-қатынастағы қиындықтарды ойын арқылы түзету
3. Жақсы болу өзіңнен
4.Оқушылардың өзіндік «Мен» концепциясын дамыту
5.Зиянды әдеттерден сақ болайық!
6.Жақсы күлкі-жан жадыратады
7.Өз-өзіне сенімділігін арттыру
8.Біз бақытты өмірді таңдаймыз.
9.Достықты қадірлеу