Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ОҚУШЫЛАР БОЙЫНА АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ СІҢІРУ ЖОЛДАРЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ОҚУШЫЛАР БОЙЫНА АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ СІҢІРУ ЖОЛДАРЫ
Жас ұрпақ-мектеп оқушылары болашағымыз жеткіншектерде, шәкірттерде адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру барлық кезеңдерде алда тұрған. Әсіресе, XXI ғасырда әлемдік дамудағы шапшаңдықты ұлғайтқан уақытта өзектілігі сезіледі, әрине педагогика ғылымының зерттеу нысаны тәрбие жұмыстарындағы озық-тәжірибе өскелең ұрпақ тәрбиесіне ықпалын ескеріп, қажеттілігін біліп жетілдіру, жүйелеу тиімділігін арттыру мақсатында зерделеу, ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерін айқындап, оларды орынды пайдаланып, болашаққа меңзеген зерттеме жасауға талаптандырады.
Адамгершілік құндылықтарды қалыптасытру мәселелерін теориялық тұрғыдан қоғам талаптарына сай қарастырылмауын шешу және қазіргі мектеп тәжірибесінде оқушыларға адамгершілік құндылықтарды сыныптан тыс жұмыстарда қалыптастыру өз дәрежесінде болмауы себептері, олардың осы қарама-қайшылықтарды зерттеу барысында анықталды. Осы аталған қарама- қайшылықтарды ұтымды шешу мақсатымен зерттеудің өзекті мәселелерін анықтап «Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары» деп таңдау жасап, тақырыпқа қатысы зерттеуді нақтыладық.
Мақсатым – сыныптан тыс жұмыстарда қазіргі кездегі жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды теориялық негіздеп, педагогикалық шарттарын сұрыптап, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Егер жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың ғылыми-теориялық, сонымен бірге ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау бойынша тәрбие жұмыстарының жүйесін және оның нобайын жасап оңтайлы педагогикалық технологиясы бойынша сынып жетекшісінің оқушыларға адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды жетілдіріп, тәрбие үдерісінде қолайлы және қоғамға лайықты қазіргі кезеңнің үлкен динамикалық сұранысы тұрғысынан орындалса, әлеуметтік, экономикалық және саяси жедел жаңарулар талаптарына сәйкес жеке тұлғаларда, адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуге нәтижелі қол жеткізіледі, өйткені, бұл қазіргі қоғам тіршілігіне оң ықпал жасайды.
Міндеттерім:
-
«жалпы құндылық», «адамгершілік құндылық», «адамзаттың жалпы құндылығы», «қазіргі кездегі жеткіншектердің адамгершілік құндылығы» ұғымдарының педагогикалық мәніне, әлеуметтік-педагогикалық маңызына сипаттама беру;
-
Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың теориялық негіздерін айқындау;
-
Жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық нобайын жобалап, оның өлшемдері, көрсеткіштерімен деңгейлерін анықтау;
-
Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтап, ұсынылатын педагогикалық технологияныңтиімділігін тәжірибелік – экспериментте тексеру.
Негізгі идея:жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіру, жүйелеу, тиімділігін арттыру арқылы олардың даара ерекшеліктерін, бейім-қабілеттерін, белсенділіктерін дамытуға жағдай туады. Өмірді құндылық ретінде бағалауға бағыттайды.
Тәрбие үрдісі, адамгершілік құндылықтарды шәкірттердің игеруіне арналуы
Сайып келгенде, адам үшін ең басты құндылық, ең бағалы мәселе – өмір. Өмір – адамның күнделікті және өмір бойында жалғасатын тіршілік. Тіршілік иесі ертеңін ойлап еңбек етеді, білім алады, тәжірибе жинақтауды, өмірдің мәні де сонда, жалғасы, ізбасары, көмекшісі болуында, қуаныш пен қайғы, бақыт пен бақытсыздық, тыныштық пен мазасыздық, бар мен жоқ сияқты құбылыстар алмасуын есепке алып, болжам жасап, шыдамдылық көрсетеді.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларын тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамытып, жетілдіру бағытында сыныптан тыс жұмыстар арқылы ізденістер жасап жатыр. Мәселен, қазақстандық ғалымдар білім мен тәрбие беруді дамытуда жалпы адамзаттық ұлттық құндылық тенденцияларына ғылыми-теориялық, әдіснамалық бағытта әр қырынан зерттеу (Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель, Қ.Б.Жарықбаев, А.А.Бейсенбаева, С.А.Ұзақбаева, Т.Сапабекова және т.б.) жүргізіп келеді. Аталған ғалымдардың ортақ ойлары біркелкі ой-пікірге келіп тоғысады, адамның кісілік келбеті соған лайықты:
-
Оқушылардың іскерлік жағдайы жан-жақты кіріктірілген, әр түрлі қабілеттер мен қажеттіліктерді бойға жинақталған және ізгілік бағытымен реттелетін гуманитарлық пәндерде, әлеуметтік тәжірибелерде нақты жүзеге асырылатын үдеріс;
-
Олардың адамгершілік жолындағы ізденістер білімнің, біліктің және дағдының жай жиынтығы емес;
-
Оқушылар ұжымның болашақ мүшелері, бір-бірінен денсаулығы, сыртқы пішіні, мінез-құлық ерекшелігі, ұжымшылдығы, білім және басқа да көптеген қасиеттерімен ерекшеленеді.
Алайда, оқушыны ұжымдық қатынастар жүйесіне ендіру – аса күрделі, бір мәнді емес, көп жағдайда қарама-қарсы мәнді болып келетін үдеріс. Сондықтан, олар қарым-қатынастар жүйесіне әртүрлі бағытта енеді. Ұжымдық қатынастар жүйесіне жеке бастың жағдайы шын мәнінде дербес, әлеуметтік тәжірибеге байланысты болғандықтан, достарының тарапынан болатын қарым-қатынас түрліше жағдайда әрқалай болады, ал ол ұжымға керісінше әсер етеді.
Ұжымдағы қарым-қатынастардың әлеуметтік-психологиялық негізін оқушының қабылдаған құндылықтары құрайды, яғни оқушының өмірі мен қызметіне оның жеке басы мен мінез-құлқына аса маңызды және мәнді болып саналатын қасиеттер енеді. Сондықтан бұл ұжымдағы адамдардың көпшілігі оқушының жеке бас сапасы мен қылықтарын жоғары бағалайтындығын, маман-педагогтардың тұжырымдамаларында айтылған.
Сыныпта қайырымдылық, адалдық, ізгілік, батылдық қасиеттер ерекше бағаланады, тіпті жеке тұлғалық сапалар басқалардың еліктеуіне тұратын үлгі ретінде қарастырылуы мүмкін. Оларды төмендегідей үш топқа бөлуге болады:
-
Ұжымшылдық-жұмыла бірлескен іс-әрекет, ынтымақтастық және ұйымшыл орта (ауызбіршілік, татулық, сыйластық);
-
Ұжымшылдық – топтың, ұжымның мүдделеріне адалдық (өтірік айпау, ұрлық жасамау, уәдеде тұру);
-
Ұжымшылдық- ынтымақтастық, өзара түсіністік, басқаларға қамқорлық (көмектесу, ақыл-кеңес беру және т.б.). Демек, адамгершілік күрделі құбылыс болып табылатынын ескерген жөн.
Ал, бүгінгі күндегіоқушы бойындағы адамгершілік құндылықтарының мәні мен мазмұнына келсек:
-
Оқушы жалпы адамзатқа тән құндылықтар мен қазақ халқына тән құндылықтарды анықтап тануға, одан қажеттісін ала білуге бағдарланған, ғалымның қол жеткен ғылыми жетістіктерді өздігінен білім алу ісінде қолдануға, жаңашыл, қайырымды, туған елін, жерін отбасын, Отанын, мектебін сүйетін және олардың алдында парызын түсініп, бар құндылықтарды толықтыра түсетін,табиғатты, өсімдіктер мен жан-жануарларға қамқор болуы керек;
-
Бүгінгі күнгі жеткіншек еңбек етуге қабілетті, жинақты, ұқыпты, іскер, өз қажеттілігіне орай болашақ мамандығын таңдаған, жауапкершілігін түсінетіне өзін-өзі қызмет етуге дағдыланған, уақытты тиімді пайдаланатын, қоғам-адам өміріндегі еңбектің орнын түсінген, жауапсыздықты, еріншіктікті, табиғат байлықтарын рәсуә етушілерді жаны сүймейтін, оқу-тәрбие үрдісінде білім мен ғылым негіздерін сапалы игеріп, болашақ кәсіпкерлікті шығармашылық деңгейде көрсете білуі керек.
-
Оқушы – дені сау, төзімді, шымыр, ширақ, қайратты, сымбатты, талғампаз, батыл, өжет, салауатты, жүйкесі мықты, Отанын қорғауға даяр, жеке бас гигиенасын сақтайтын, жұмыс орнын жинақты ұстайтын, зиянды әдеттерден аулақ, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ұмтылатын, адамға тән қасиеттерді бойына сіңірген әлеуметтік белсенді жеткіншек болып өсуіне қол жеткізу.
Жоғарыдағы осы айтылған жеткіншектердегі адамгершілік құндылықтарының мәні мен мазмұны жүйелі түзілген педагогикалық шарттар және оның моделі арқылы жүзеге асатындықтан бұл мәселеге де көңіл бөлінді.
Жүйенің қалыптасуына ең алдымен мақсаттың болуы шарт, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатқа сай жасажасалынған мазмұнда өткізілсе, мүмкін болғанынша ең тиімді, өміршеңді болуы, ұйымдастыру жұмыстарына да байланысты жетілдіріп отырылады.
Әр түрлі әлеуметтік жағдайлар балаға түрліше әсер етіп, бір-бірімен байланысып, жалғасын табуында да қиындықтар болу мүмкін. Сондықтан, жеке дара ерекшеліктері мен әрбір тұлғаның эмоциясын, жігер-қайратын, көңіл-күйін ескеріп, білім беретін мектептердің оқу тәрбие жұмыстарында қазіргі экономика, әлеуметтік, нарық замандарына сай жаңаша, өмір талаптарына сай өзгерістердің болып, қарым-қатынастарында бейім-қабілеттерін дамытуға үлгі аларлықтай бағыттар болатындығына күмән жоқ.
Адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы мынадай рефлексивті әрекеттер: құндылықтарды талдау, салыстыру, қорытындылау арқылы жүзеге асырылады деген пікірге көптеген еңбектерде тыңғылықты зерттеулер арқылы тиісті қолдау арқылы байқалды. Талдау, салыстыру, қорытындылау амалдары құндылықтары мен іс-әрекетті сынау,интериоризацияландырылған құндылықтар негізінде мінез-құлық пен әрекетті қайта жобалау, жоспарлау, тиісті қорытынды жасау деген пікірге алып келеді.
Адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға әсер ететін төрт құндылық қасиеттері тәрбие үдерісінде жеткіншектердің өзін-өзі тануының нәтижелілігін көрсетеді. Олар: ұжымдық, ізгілік, мейірімділік мінез-құлық, әдептілік іс-әрекеттерден тұрады.
Болжау, диагностикалау, кешенді жұмыстар, пікірлесу, кешенді ойлаулар адамгершілік құндылығы адамның жан-жақты дамуына әсер ететін ізгі қасиеттер болып табылады.
Адамгершілік, жақсылық, батырлық, ерлік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, әділдік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, әдептілік, имандылық, инавбаттылық барлығы бірімен-бірі тығыз байланыста екендігін өмірлік тәжірибелер анықтап отыр. Сондықтан оқудағы, еңбектегі жетістіктерді талдаудың негізгі құралы адамгершілік құндылықтарының жеке ойлау түсінігінің динамикасы оқушылар санасында тиянақты орын алып, жан-жақты қалыптасуына жағдай туады.
Қазіргі қоғамдық жағдайда адамының рухани-адамгершілік тәрбиелілігін қалыптастырудағы міндет етіп қоюда. Бұл міндетті шешудегі маңызды істің бірі рухани-адамгершілік тәрбиелілікті, адамгершілік сана, адамгершілік сезім, адамгершілік мінез-құлық, адамгершілік дамуды қалыптастыруды мектептегі сыныптан тыс жұмыстардың орны ерекше. Осыған байланысты, біздерге жеткіншек жасындағы оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие берудің мазмұнын құру қажет. Оқушыларға сабақ кездерінде рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесінде қазіргі педагогика ғылымының теориясы мен практикасында үш нобай қалыптасқан.
Біріншісі – көп пәнді нобай, мұнда дәстүрлі пәннің мазмұнына бөлім, тақырыптар және бұрыннан бар тақырыптардың мазмұны рухани-адамгершілік мәліметтері мен байытылады.
Екіншісі – бір пәнді нобай, орта мектепте тәрбие жоспарына арнайы рухани-адамгершілік нормасын енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Үшіншісі – аралас нобай, мұнда адамгершілік тәрбиенің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылады. Содан соң, олардың басын біріктіріп, қорытындылап арнайы пән оқылады. Қазіргі кезде екінщі нобай теориялық жағынан жете негізделген. Сондықтан, ол мектеп практикасында жиі қолданылуда. Біз өз зерттеуімізде бір пәнді үлгіні (нобайды) негізге аламыз. Бұл нобай оқушыларға сыныптан тыс жұмыстар арқылы адамгершілік тәрбиелікті меңгерту, адамгершілік қарым-қатынас, адамгершілік мінез-құлық нормаларымен, адамгершілік сапаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:
-
Бурбаев Т. «Ұлт мәдениеті» Астана: Елорда, 2001 – 248 б.
-
Табылдиев Ә. «Халық тағылымы» Алматы: Мектеп,1992
-
Алдамұратов Ә. Әдептілік негіздері – Алматы: Санат, 1998