Материалдар / "Оқушылар шығармашылығын дамытуда қолөнердің маңызы" атты шебер сынып тренингі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Оқушылар шығармашылығын дамытуда қолөнердің маңызы" атты шебер сынып тренингі

Материал туралы қысқаша түсінік
Түйінді идея Талантты және дарынды балалардың деңгейі мен оқу қарқынына бейімделген әрі келісілген білім беру ортасын құру.Оларға қалыпты жұмыс істеу мүмкіндігін жасау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
365
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Оқушылар шығармашылығын дамытуда қолөнердің маңызы»


Мақсаты: кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытуда шығармашылық белсенділікті қалыптастыру және дамыту, білімді, әрі дағдыларды меңгеретін, тың жаңалықтар ашатын, терең ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлғаны қалыптастыру, тәжірибе алмасу үшін білімдік ортасын құру.

Мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне ықпал ету,жаңалыққа құштарлығын ояту. 
Пән мұғалімдеріне оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оларды оқу мен тәрбие жұмыстарында қалай қолдануға болатындығы жайлы,ол әдіс-тәсілдердің тиімділігі туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже 1. Мұғалімдер түрлі тапсырмалар орындау барысында дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолын табады. 
2.Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жасау тиімділігі жайлы мағлұмат алады,оны өз тәжірибелерінде қолданады.
Түйінді идея Талантты және дарынды балалардың деңгейі мен оқу қарқынына бейімделген әрі келісілген білім беру ортасын құру.Оларға қалыпты жұмыс істеу мүмкіндігін жасау.
Қолданылатын әдіс-тәсілдері. Миға шабуыл немесе ой қозғау: Постер қорғау.Рефлексия ,Топтық жұмыс,АКТ –ны пайдалану,пікіралысу,сергіту тренингтері. 
«Интербелсенді оқыту» бейнефильм, слайдтар, тапсырмалар,стикерлер

Тренинг - психологиялық ахуал туғызу. Түрлі ұшақтарға мініп бір-біріне жылы лебіз тілеп, ұшақ түстеріне орай топтарға бөлу. 
Рефлексия: Мұғалімдер қызығушылықпен қатысты, өздерінің жұмыстарға әзір екенін байқатты. Ұшақтардағы жылы лебіздердің әсері зор болды. 




Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбек тәрбиесіне баулу арқылы өз ұлтымыздың ұлттық қолөнеріне үйрету – оқу тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі болып келеді. Қолөнерге оқушыларды баулу өз елін, жерін, халқын сүю, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді. Қолөнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы,дарындылығы талаптылығы, ұқыптылығы жә­не  байқағыштығы артып, дағдыландырады. Сондықтан,  тарихи сан ғасырлық мәдениет үлгісін сақтап, дамып, оның ұлттық қадір-қасиетін жоймай, бойына сіңіріп келе жатқан қазақтың ұлттық өнері күнделікті өмірімізде кеңінен қолданылып  өзінің тек сипатымен емес, сұлулық сырымен, сәніменен ерекше көзге түсіп, өз мағынасын жоймай жас ұрпақ арасында өзектілігін жоғалтпады. Қазақ халқы өзінің ұлттық өнерін эстетикалық талғамның көрсеткіші ретінде бағалап, сұлулығын сүйсіне білуге, өз тамырларын ұмытпай, патриоттық сезімді тәрбиелеу мақсатында, айшықты сөз өнерімен суреттеп отырған. 

Жалпы білім беретін мектептерде технология сабақтарында ұлттық қолөнер бұйымдарын даярлауды үйрету болашаққа негіз ретінде, көзі ашық, ұлтына жүрегі ауыратын азаматты өсіруге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде технология сабақтарында оқушылар сабақ кезінде өз бетінше дербес бұйымдар жасай алмайды. Ұлттық қолөнер бұйымдарын даярлау машықтарын дарыту үшін қолөнерді  үйрету әдістемелік жұмысы жүргізілуі керек, ал өз алдына, үйрету әдістемесі дегеніміз  – білім, іскерлік және дағдыларды игеруге қол жеткізуді, сондай-ақ адамның танымдық және шығармашылық кабілеттерін дамытуды және оған жан-жақты тәрбие беруді жүзеге асыратын педагогикалық әрекеттер тәсілдері.
Қолөнерді оқыту әдісі дегеніміз — мұғалімнің технология сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетіне басшылық ету тәсілдерінің жүйесі. Оқыту әдісі арқылы оқушыларды көркемдік білім мен қолөнерге іскерліктері мен дағдылары қаруландырады. Оқыту әдісі – мұғалім мен оқушы арасындағы танымдық-педагогикалық әрекет болып табылады. Бұл оқушы үшін танымдық іс-әрекет болса, мұғалім үшін оқушының көркемдік білімді меңгеруіне басшылық жасау мақсатын көздейтін қызмет. Оқыту әдісі арқылы мұғалім оқушының танымдық практикалық іс-әрекетіне жетекшілік жасайды.
Еңбек сабағында нақты жұмыс жүргізіле­тіндіктен, жұмыс түрін меңгеру үшін ерінбей еңбек ететіндей төзімді және жинақы болуы керек. Ал, бұл мектеп оқушыларының барлы­ғының шамасы келе беретін қасиет емес. Сон­дықтан да болар еңбекке баулу пәнінде оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары қатар қадағалауды қажет етеді. Мұғалім – тәрбиелеуші мынадай ұстанымдарды үнемі қадағалау қажет. 
Жаңа сабақты түсінуі.
Жұмыс орындарын жинақы ұстауы.
Жұмысты ретімен орындау.
Сөз бен істің сәйкес болуы.
Жіберген қателерін уақытында жөндеу.
Жетістігін көрсетіп мадақтау.
Шығармашылық қабілеті жоғары оқушы әр істе сол қабілетін іс жүзінде көрсете алады. Мұндай оқытудың түрлі әдістерін пайдалану жеке тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар жасауға өз көмегін тигізеді.


Қорыта айтқанда оқушылардың шығармашылығын танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашыл ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.

Постер құру.

«Есімнен сөйлем құрастыру» әдісі.
Тапсырма:
әр топ өз тобында қай ұстаздың есімі ұзақ болса соны таңдап алады. Бір сөйлемді жазбаша құрастырады. Сөйлемнің әр сөзі олардың есімінің келесі әрпінен басталуы қажет.
Мысалы: Шарбат

Шыдамды ақылды расында батыл ,аса таланты.

Тақпақтар айту

Видео көрсету

Топтық жұмыс. Көбелек,Гүл жасау

“Аяулы алақан” тренинг


Психологиялық тренинг


Кері байланыс 
Топтар бір-бірін "екі жұлдыз, бір ұсыныс" бойынша бағалайды. (Топтық бағалау) 

Рефлексия:Жұмыстар өте қызу және белсенділікпен жүргізілді. Мұғалімдер өздерінің іс-тәжірибелерін қолдана отырып, теориялық мәліметтік мәтінді талқылады. Топ мүшелері толық қатысуға тырысты, барлығы өз ойларын айтты. 

(5 мин)





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!