Бекітемін:___________________Г.
Избасарова
Тақырыбы: Оқушыларды
география пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді
жолдары
Мақсаты: озық педагогикалық тәжірибелерді тарату және
ғылыми-танымдық әрекеттің заманауи үлгісін
пайдалану.
1. «Мұғалім ісі сырттай қарапайым
болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі" – деп Жүсіпбек Аймауытов
айтқандай өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста
өзін еркін ұстап , кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір
ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен
пікірін айта білетін, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастырып
тәрбиелеу ұстаздар қауымының еншісіне тиіп отыр. Бүгінде
мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның қажеттілігіне сәйкес
келетін және білім сапасын көтерудің басты бағыттарының бірі-Ұлттық
бірыңғай тестілеу болып отыр.
Бұл жалпы орта білім беру
ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі.
Аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы
білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек.
Осы себептен ҰБТ-ға оқушыларды дайындауда тиімді әдістер мен
тәсілдерді үнемі іріктеп отыру қажет. Қазіргі кезде мектеп
бітірушілерін география пәнінен дайындап шығару мұғалімнің
шығармашылығына, жауапкершілігіне, ізденушілігіне байланысты.
Қазіргі мектепте мұғалімнің өз еңбегінің нәтижесіне деген
жауапкершілігі қалыптасқан.
Теорияны толық меңгертіп
болғаннан кейін мен қайталау жұмыстарына және оларды түрлендіріп
өткізуге жоғары мән беремін. Тест сұрақтары, негізінен, оқулық
материалдарынан келеді. Соған орай дайындық жұмыстарын 6-11 сынып
оқулықтары арқылы жүргіземін. Сондай-ақ оқушы білімін жетілдіруге
оқыту әдістемесі мен дидактикалық материалдар, хрестоматия, жұмыс
дәптерлері, атлас, кескін карталарды тиімді
пайдаланамын.
3. Тест жұмыстарымен жұмыс
кезінде
Мен көбінесе тиімді тәсілдерді қолдануға
тырысамын. Яғни оқушы тестте кездесетін:
географиялық терминдермен
және ұғымдармен жұмыс істейді, оларды жаттайды. Ол
үшін мен «ҰБТ-да кездесетін географиялық терминдер» нұсқаулығын
құрдым.
4. Термин сөздермен жұмыс
Сейсмология Абсолют Эпицентр Бергштрих Амплитуда
Невилир
Кейбір сөздер әртүрлі
тақырыптарда қайталанып келеді.
Мысалы, абсолют сөзі - абсолют биіктік, абсолют
ылғалдылық.
5. Ең,ең,ең... тестілерде
кездесетін ең, ең деген тақырыптағы сұрақтарды қарастырамыз.
Яғни оқушы ең биік шың, ең ірі көл, ең ұзын өзен сияқты ұғымдарды
білетін болады. Бұл оқушыға да қызықты әрі жаттауға да жүйелі
болады.
7. Әр тестілеудің соңында тест
нәтижесі бойынша оқушыға мониторинг
жүргізіледі, осыған байланысты қате кеткен сұрақтар бойынша
тестілеу соңында міндетті түрде қатемен жұмыс жүргіземін. Қатемен
жұмыс кезінде мен қате кеткен әр сұрақты жауаптарымен қосып
толығымен талдаймын. Мысалы оқушыда мына сұрақ бойынша қате кетті
деп есептейік:
8. Арал теңізінің суының
азаюының негізгі себебі:
А) Температуралық режим – бұл
жауап бола алмайды, өйткені температуралық режимнің теңіз суының
көлеміне еш қатысы жоқ.
В) Жауын – шашын- бұл жауап
бола алмайды, өйткені жауын –шашын көлемі аз, ол теңіз суының
көлеміне негіз бола алмайды.
С) Арал теңізінің көлемі
азаймайды - бұл жауап бола алмайды,өйткені - логикалық жағынан да
бұл мүмкін емес.
Д)Аралға құятын өзен суларының
азаюы- бұл дұрыс жауап, өйткені- Арал теңізінің су көлемі оған құяр
өзен суларымен тығыз байланысты.
Е) Теңіз тұзының және су
температурасының артуы - бұл жауап бола алмайды, өйткені теңіз
суының температурасы оның су көлемінің кемуіне мүлдем қатысы
жоқ.
10.Карталар мен атластармен
жұмыс
Картамен жұмыс істей білетін
оқушы география жайында толық түсінігі
болады.
Тестілеу кезінде картаны еске
түсіре отырып, ол логикалық ойлау арқылы да сұрақтарға жауап беруге
үйренеді.
12. Түрлі деңгейдегі
тапсырмалар
Бұндай тапсырмалар оқушының
пәнге деген қызығушылығын арттырады. Білімін одан әрі жетілдіруге
мүмкіндік береді.
13. Пайыздық сандармен
жұмыс 97% 21% 78% 95% 75% 25% 70%
50%
Бұл сандарға да география
пәнінен кездесетін анықтамалар бойынша сипаттама
беріледі.
14. Жылдармен жұмыс
1492ж 1519ж 1835ж
1498ж 1803ж
2004ж
Бұл жұмысты жылдарды қайталау
және есте сақтауда қиындық туғызбау үшін әрбір сынып бойынша топтап
беремін. Мысалы, 6-7 сыныптың география оқулығы бойынша жылдармен
жұмыс.
15. Сандармен жұмыс 11022 м 40000 км 1200 адам
510 млн 384000 км 3000
Сандармен жұмыс дәптерге
жазбаша орындайды, әр санға оқушылар тақырыптар бойынша өткен
сабақтарға байланысты анықтамаларды түгел жазу керек және жатқа
айтуы тиіс. Мысалы, 3000 санының өзіне бірнеше анықтама шығады,
3000 минерал және ішкі ядроның температурасы -
3000°С,т.б.
16. Есімдермен
жұмыс Х. Колумб Ф. Магеллан
Ш. Уәлиханов Д. Кук
С. Дежнев А.
Тасман. Есімдермен жұмыс ауызша да,
жазбаша да болады. Мысалы, бір есімге әр оқушы бір анықтамадан
айтады, әрине география оқулығында
Кездескен анықтамаларды айтып
шығуы тиіс.
17. Қысқарған сөздермен
жұмыс ЮНЕСКО ОПЕК ЕҚЫҰ
АСЕАН НАТО
МАГАТЭ. Тест сұрақтарында қысқарған
сөздер көп жағдайда халықаралық ұйымдарға байланысты
келеді. Оқушылардың халықаралық ұйымдар туралы білімдерін
тексеру мақсатында қолданамын.
19. Кестемен
жұмыс
Тақырыптарды қайталау
кезіндегі қолданып жүрген жұмыстарым оқушыларға үлкен қызығушылық
туғызумен қатар тестке дайындық барысында сапалы білім меңгеруге
үлкен ықпалын тизіп жүр.
Өзендер
|
Бастауы
|
Қайда
құяды?
|
Салалары
|
Қоректенуі
|
Ертіс
|
Қытай
|
Зайсан көліне, Обь
өзеніне
|
Есіл, Тобыл,
Бұқтырма
|
Қар, мұздық,
жауын-шашын
|
20. Географиялық есептермен
жұмыс
Географиялық есептерді шығара
білу теориядан алған білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік
береді.
1. Берілгені: карта бетінде
Алматы мен Астана қаласына дейінгі (1020 шқ) арақашықтық 8,5 см
құрайды. Картаның масштабын
анықтаңыз?
Табу керек: 1020 шқ : 8,5 см =
120 (шқ 00000)
Жауабы: картаның масштабы: 1:
120 00000
22. Қорытындылай келе мен
дайындық кезінде:
-
Оқушының осал жақтарын
анықтап, оларды толықтыруға
тырысамын.
-
Түрлі әдістер арқылы ( АКТ-ны
қолдану, әр деңгейлі тапсырмалар, қосымшалар,әдістемелік
нұсқаулықтар) барлық тақырыптар арқылы білімін
кеңейтемін.
-
Жақсы көрсеткіштерге жеткізуге
тырысамын
23. «Ең ұзақ сөйлемнің де соңына
қойылатын нүктесі бар,- деп қазақтың белгілі жазушысы Ғабиден
Мұстафин айтқандай мұғалімдер мен оқушылардың білімін сарапқа
салатын ең шешуші соңғы нүкте - Ұлттық бірыңғай тестілеу болып
отыр. Олай болса, сол қойылар соңғы нүктеміз сәтті сөйлемнің
соңынан қойылса деп тілейік. Білім нәрін сеуіп жүрген шәкірттеріңіз
биіктерден көрініп, жетістіктерге жетіп, сіздердің мерейлеріңізді
арттыра берсін демекпін. Құрметті ұстаздар қауымы, «Ел
болашағы-білімді жастардың қолында», ал сол жастарды білімді етіп
тәрбиелеу -біздің қолымызда екенін жадымыздан
шығармайық.