Материалдар / Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқытуда танымдық қабілеттерін арттыру

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқытуда танымдық қабілеттерін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз тәжірибеммен бөлістім
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Тамыз 2023
133
0 рет жүктелген
225 ₸ 250 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқытуда танымдық қабілеттерін арттыру


«Қазір бой жарыстыратын емес,ой жарыстыратын заман»деп президентіміз Н.Назарбаев айтқандай, қазіргі таңда бәсекелес елу елдің қатарынан қөріну-біздің, мұғалімдердің иығына артылған үлкен жүк, үлкен жауапкершілік.Сондықтан да Қазақстан жаңа заман талабына сай жаңа білім беруге бет бұрды. Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдерді тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың нәтижелеріне оң ықпал етеді (Barber and Moushad, 2007).

Оқушының белсенділігі іс-әрекеттің әртүрлі жерінде көрінетіні психологияда дәлелденген, өмір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-өзі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды. Кішкентай нәрестенің өзі де пассивті емес түрде өмірдің жағдайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда (үлкендерге) белсенді, ол қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерін енгізеді. Ол адамға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген (керек, керек емес, жақсы көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін жасай отырып пайда болады.

Қарым-қатынас-генетикалық түрде баланың белсенділігінің ең ерте белгісі. Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-қатынаста көрінеді. Онда адамдарға деген қатынастың көптеген алуан түрлі реңктері бар: ата-анаға, мұғалімдерге, таныстарына, таныс емес адамдарға, құрдастарына, өзінен кішкентайларға, достарына. Бала өзіне дос таңдайды, ол адамдардың белгілі бір шеңберімен қарым–қатынас іздейді, ол басқаларға ықпал етеді. Ұжымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы болады. Қарым–қатынас белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды, олар – адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өз өзі үшін, адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілігі.

Оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастырудың бір көзі – сабақта жаңа технологиялар қолдану арқылы түрлендіріп өткізу. Көптеген инновациялар арасында оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастыруға аса қолайлы технология – Сын тұрғысынан ойлау жобасы. Сын тұрғысынан ойлау – ашық қоғам негізі. Ол - өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, әр мәселеге байланысты өз пікірін айтып, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Бұл оқыту «қарапайымнан күрделіге» деп аталады.

Бағдарлама құрылымы үш деңгейден тұрады:
1. Қызығушылықты ояту. Оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталынады, белсенділігі артады.
2. Мағынаны ажырату. Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
3. Ой толғаныс. Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Өзгелердің ой кестесін үйренеді.

Осы бағдарламаның стратегияларын меңгеріп, тәжірибе жүзінде қолданса, оқушылардың оқу белсенділіктері, сабаққа деген қызығушылықтары артып, олардың бір-бірімен пікір таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптасады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығып отыратын оқушылар да өз ойларын аз да болса жүйелеп еркін айтатын болады.

«Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».
Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.

Өзім осы мектепте қолыма диплом алғаннан бері осы мектепте ұстаздық қызмет атқарғандықтан әрі ағылшын пәні мұғалімі болғандықтан бастауышқа да, жоғары сыныпқа да сабақ беретіндіктен көптен бері толғандырып жүрген үлкен мәселе - әр түрлі жастағы оқушыларға жас ерекшеліктеріне сай танымдық біліктерін қалай дамытуға болады деген ой мазалайтын Қазіргі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндетінің тұрғаны баршамызға белгілі. Осы орайда, оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың маңызды мәселе екендігі туындайды.

Ғылыми зерттеулерге сүйенетін болсақ, оқушы шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» үлкен рөл атқарады. Шығармашылық тапсырма ретінде біз оқушыдан ұдайы тек ақпарат өндіру емес, шығармашылықты талап ететін тапсырмаларды қарастырамыз. Себебі тапсырмалар белгісіздіктің кіші және үлкен элементтерінен және бірнеше дұрыс жауаптардан тұруы мүмкін. Шығармашылық тапсырма кез - келген интерактивті әдістің мазмұны мен негізін құрайды. Оның айналасында жариялылық пен ізденімпаздықтың негізі пайда болады. Шығармашылық тапсырмалар оқу барысына үлкен мағына беріп, оқушыларды ынталандырады.

Шығармашылық тапсырма жеке дара күйінде мұғалімдер үшін де шығармашылық тапсырма болып қалады. Шығармашылық тапсырмалар мына төмендегі талапқа сай болуы керек:
1) Бір мағыналы және тым қарапайым жауабы немесе шешімі болмайды;
2) Оқушыларға тәжірибелік тұрғыдан пайдалы болып табылады;
3) Оқушылардың өмірімен байланыста болады;
4) Оқушылардың қызығушылығын тудырады;
5) Оқытудың мақсатына барынша сай келеді.
.Ең әуелі өз пәніме қызығушылығын арттыру мақсатында бастауыш,орта буын оқушылары және жоғары сынып оқушыларына бөлек тапсырмалар бердім. Атап айтсам, бастауыш сыныбына «екі тілді қатар үйренеміз» атты ұйқас сөз жинағын жинаудан бастадым.Яғни, бұл жұмыста «Fox-түлкі, laugh –күлкі» секілді ұйқас сөздерді оқушылар жазып келеді. Мақсаты: оқушылардың ұйқасқа қызығушылығын арттырумен бірге сөздік қорын арттыру барысында ағылшын сөздігін қолдана біледі.Орындап келгесін сабақ процесінде оқып, оқушылар бір-біріне сыни тұрғыдан пікірлерін ортаға салды. Кейбір оқушылардың әкелген жұмысы ұйқаспайтындығын өз қатарлары айтып, жөндеген кезде, нәтижелі болатындығын байқадым. Бала ренжімей,қайта құлшынып, «ертең тағы жазып келейінші»,деп өтініш айтқан еді.Барлығынан жинаған соң, кітапша етіп түптеп, кабинетте бұрыш жасап, көрнеілік етіп қойдым.Және әр бала кемінде 10 шақты ұйқас сөз жазып келсе, қасына кішкене фотосын қоюды да ұмытқан жоқпын.Сонда кейбір жазбаған оқушылар қызығып, тағы жазамыз ба деп сұранды.Бұдан бөлек, «Мен мақтаншақпын», «Жұмбақ шешейік» секілді шағын кітапшалар да сол бұрыштан табылды. «Мен мақтаншақпын» кітапшасына ағылшын тіліндегі ‘To have’, ‘Can’’To be’, етістіктерін меңгерту мақсатында сөйлем құрады. ‘I have 10 cars’, ‘I can eat 15 ice creams’деген сияқты сөйлемдерді оқушылар қуана –қуана жазды және бір-бірінің сөйлемдеріне қуана, таңғала қуанышқа бөленді.

Ал орта буын оқушыларына ағылшын мақал-мәтелдерін ребус жасап,кроссворд құру тапсырылды. Бұл жұмыс та нәтижелі болды. Оқушылар қызыға, ізденіп тырысты. Әсіресе, сабақта көп көзге көрінбейтін оқушылар осы жерде шапшаңдығымен, фантазиясының кеңдігімен байқалды.Ауданбаева Әсел сынды оқушым тіпті КҒА ұйымдастырған Ғылыми Жобалар байқауында «Қазақ,орыс, ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық сөз тіркестерінің ұқсастығы» атты жұмысында фразеологиялық сөз тіркестерді ребус түрінде қосымша кітап етіп құрастырды.

Ал жоғары сынып оқушыларына мақала, шығарма жазу бұйырды.бұл жұмыс күрделілек көрінгенмен, барлығы бірдей жазбаса да тартымды шығармалар кездесті. Шығарма тақырабына өздерінің сүйікті фильмдерін алғаным оқушыларға ұнады. «Титаник» фильмін Айтжанова Гүлзира есімді оқушым өте керемет талдаған еді.Бекболсын Бауыржан есімді оқушым «Үндістандағы досыма хат»деп, хат түрінде өзінің туған жері Маңғыстау өлкесін жақсы сипаттап, ағылшын тілінің грамматикасын толық меңгергенін, жазбаша сауатының жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Осы жұмыстардың барлығының мақсаты- жас ерекшілігін ескере отырып тілдік қорды байыту.Шындығында, жыл соңында ҰБТ-де ағылшын тілін таңдап, мұғалімдік қызметті таңдаған оқушылар көбейген еді.

Ал енді бір сыныпта, бір сабақта жас ерекшеліктерін қалай ескеруге болады? Егер сынып таныс емес болса,ол үшін сабақ басталарда «баспалдақ» ойынын ойнатамын. Мыс: сөз таптарына байланысты , мен red десем, келесі оқушы dirty деп жалғастырады.Осы ойын арқылы оқушылардың темпераментін жобалап байқауға болады. Оқушының жас ерекшелігі тек жасында ғана емес, мінез-құлық темпераментіне де тығыз байланысты.

Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында компьютерден ойын ойнаттым.Сонда қабылдауы жоғары оқушылар бірінші болып аяқтады.ал кейбір оқушылар орындай алмай отырса, аяқтаған оқушыларды көмекке жібердім. Сонымен қатар, сабақта театрланған көрініс қою да баланың ерекшеліктерін байқауға көмек береді екен.Кітапта берілген сюжетті оқиғаны өзім алдын ала диалог етіп өзгерттім де әр топқа тастадым. Кейіпкер саны- 4. Оқушылар мәтінді оқып,аударып танысқан болатын.Өздеріне ұнаған кейіпкерді бөліп алды.Осы кезде А есімді оқушыны өзім танымай қалдым. Таң қалдым. Сабақта даусы бәсең шығатын ол, образға енгенде сөйлеу дикциясы да мен ойлағаннан жоғары болды. Ал сынып таңданған жоқ.Сонда тек мен ол оқушының ерекшелігін білмейді екенмін.Осындай рольдік ойындар арқылы оқушылардың әртістік қабілетін шыңдаумен қатар, сөйлеу дағдысын жетілдіріп,ағылшынша диалог жасай білуді дамытуға болатынын түсіндім.

Бұлардан бөлек,кейбір сыныптарда ағылшын тілін мүлдем оқымаған оқушылар да кездесіп жатады.Өз тәжірибемде осындай оқушылармен міндетті түрде қосымша сабақ жүргіземін де,сабақ үстінде карточка беріп, жаттығу жасатамын.Кемінде ай көлемінде ол ағылшын алфавитін меңгеріп, сыныпты қуып жете алады.ал, қатарынан озық ойлы оқушыларға тақырыпқа сәйкес жаттығулар дайындап алып келу тиімді болады.

Қазіргі заманғы ғылыми - техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан - жақты жетілген, ақыл - парасатты, ой - өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.Бәсекеге қабілетті ұрпақты алдыға алып шығатын нәрсе тек білімі ғана. Сондықтан саналы тәрбие, сапалы білім алатын ұрпақтан салиқалы ой, парасатты пайымдау күту үшін де мұғалім өзі де «45 жыл мұғалім болса да,45 минуттық сабағына дайындалып келуі керек.»( орыс педагогы А.С.Макаренко ) Қорытынды: өзімнің баяндамамды қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.
1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады.
2. Оқушылардың танымдық белсенділіктері дамиды.
3. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы молаяды.
4. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс - әрекетке қабілеті артады.
5. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі.
Ол үшін, жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.






























Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!