400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеугебаулу

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге керек болып қалар деп
Материалдың қысқаша нұсқасы









Баяндама



Тақырыбы: «Оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеуге баулу»









Өзін-өзі тану мұғалімі

Кусаинова Жанна Сериковна













2017 оқу жылы



«Адам өзен сияқты, барлық өзеннің суы бірдей, бірақ бірінің арнасы тар, ағысы қатты, енді біреуінің арнасыкең, ағысы баяу. Әр адамға адамзат баласының бойына біткен қасиет атаулының барлық нышаны бірдей болғанымен, ол кейде қырымен, кейде басқа жағымен көзге түседі».

Лев Толстой.



Тәрбие адам етеді,

Тәрбиесіздік надан етеді.

Шынында адамзат баласының бойына біткен қасиет атаулының барлық нышаны біздің әрқайсымызға дарыған, бірақ әрқашан қуанышқа бөленіп ақжарқын күйде жүре бермейміз. Көбінесе бір өзімізді-өзіміз білмейміз, сондықтан кей уақытта кемшілік те жіберіп аламыз. Ол үшін өзімізді-өзіміз тәрбиелеуіміз керек.

Сонау ерте заманнан бері адамдар өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне ой жүгіртіп, тәрбие ісіне амалдар іздеген.

Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. Бүгінгі таңда жас ұрпақты болашақ қоғамның тұлғасы етіп тәрбиелеу, оның білім алып өмір сүруіне қажетті де қолайлы жағдай туғызу, жастардың рухани байлығы мен мәдениеттілігін жетілтіру, іскерлігі мен білімділігін арттыру қоғамның міндеті болып табылады. Тәрбиенің бір түрі-оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуі. Өзін-өзі тәрбиелеудің теориясы мен практикасын жасауға зор ықпал еткен ежелгі грек философтары-Сократ, Платон, Аристотель.

Сократ адамның өзін-өзі тәрбиелеуіне даналықты, ержүректілікті, сабырлықты жатқызады.

Платон жақсылыққа, мейірімділікке баулуды, яғни өзіңді танып білуге, ғылыми білімдерді меңгеруге, әділдікке тәрбиелеуге шақырады.

Аристотель өзін-өзі тәрбиелеуде жігерлі бастам болу керектігін айтады.

Жасөспірімдердің өзін-өзі тәрбиелеуіне педагогтың көмегі қажет.

Өзіңді-өзің тәрбиелеуде алға мақсат қойған дұрыс. Ол үшін мақсатқа жету үшін әдіс-тәсіл болуы керек. Олар:

  1. өзіңді-өзің сендіру (иландыру, бұйыру, дәлелдеу, жұбату);

  2. өзіңді-өзің дағдыландыру, жаттықтыру, өзіңді-өзің сынау, мінез-құлықты дұрыстау, есте сақтау;

  3. үлгі-өнеге алу;

  4. өзіңді-өзің мадақтау, жазалау.



Өзін-өзі тәрбиелеуде ең алдымен өз психологиясын білуі керек, яғни өзінің ішкі дүниесі, мінез-құлқының тұрақтылығы. Қиыншылықтан қорықпауы қажет.

Хазірет Пайғамбардың 44-хадисінде көркем мінезге байланысты «Су мұзды еріткендей көркем мінез күнәларды ерітеді, ал жаман мінез ғаламды сірке балды бұзғандай бұзады» деп айтылған. Яғни кішіпейіл болмай жұмсақ мінез болмайды. Абайдың 37-қарасөзінде «Ашулы адамның сөзі аз болса-ыза, қуат, ұстамдылығы артында болғаны.

Кеселді жалқау, қылжақ бас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртын пысыққ, ішің лас,

Артын ойлап ұялмас» деген, яғни «Мұндай мінезден Алланың жіберген ақ өлімі артық» деген.

Қаршыға Есімсейітованың «Мінез» деген өлеңінен:

Мінез, мінез-адамның бет пердесі,

Сезімнің, жүрегіңнің пернесі.

Адамзатқа жақсы мінез керегін

Біле тұра қатігез кей пендесі.

Мінез, мінез алып барар алысқы,

Жақыныңды жат етеді, шалыспа.

Өміріңде досың менен қасына

Мінезіңнің осал жерін танытпа.

Яғни өзін-өзі тәрбиелеу үшін жібек мінезді болу қажет екені ескеру.



Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Киім жолдас болмайды,

Жыртылады тозады

Көркің жолдас болмайды,

Қартаясын, солады

Байлық жолдас болмайды,

Қолдың кірі олдағы.

Сары алтындай салмақты,

Ақыл-мінез жолдас болады».

Қорыта келгенде, өзін-өзі тәрбиелеудің кең мағынасы-бұл адамды жан-жақты (адамгаршілік, ақыл-ой, дене еңбек әсері жағынан) жетілдіруге бағытталған.

Академик Павлов «Адам дегеніміз өзін-өзі кең көлемде реттей алатын, яғни өздігімен жетіле алатын бірден-бір жүйе» деп атап көрсетті.

Өзін-өзі тәрбиелеу-өз бойындағы қателіктерді мойындап, жоюға батылы жететіндей болу. Өнердегі сияқты адамдардың бойында форма мазмұнына сай болуы керек.

Адамның сыртқы келбеті ішкі мәдениетін белгілейді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
765
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі