400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушыларды технология сабағында шығармашылыққа баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек пәнінің мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушыларды технология сабағында шығармашылыққа баулу


Атам қазақ бала тәрбиесінде өмір тіршілігінің ертеңгі келешегіне ерекше мән берген. Бала жас кезінен көзі көргенді көңілге тоқып, қолы үйреніп істей алатындай болуға бейімдендіріледі. Өнер – әсемдіктің ең жоғарғы түрі, өйткені ол табиғаттың әсемдігін де, адам еңбегімен жасалған заттардың әсемдігін де, сол адамның ұлылығы мен сұлулығын да, оның ой-арманын да өз бойына жинақтап, жан-жақты бейнелей алады.

Технология саласы оқушыларды халық дәстүрімен, әдет-ғұрыптарының түрлерімен таныстыра отырып, ұлттық этика, эстетикалық қабілеттерін және әділеттік, инабаттылық әдет-дағдыларын қалыптастырады.

Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын ала болжап, оқушылардың қызығушылығы мен ізденімпаздығы негізінде білімі мен біліктерін жетілдіріп, оны санасында терең зерделей отырып, шығармашылық әлеуетін үнемідамытуға және рухани толысуға ұмтылысын қалыптастыруды қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мүмкіндіктерін технология пәнінің оқу үрдісінде тиімді пайдалану. Бұл мәселенің нәтижелі жүзеге асуы мұғалімдердің қазақтың ұлттық бұйымдары бойынша толық білім сапасын және оны оқушылардың тәрбиесіне пайдалана алу іскерлігі мен қабілетін қажет етеді. Қазақстан Республикасында өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақтың мәдени өрісін көтеру, сұлулықты қабылдау қасиетін қалыптастыру арқылы төл мәдениеттің белсенді жасаушысы, иесі, жалғастырушы болуына зор мән берілуде. Демек, оқушыларға көркемдік білім, эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық белсенділікке баулу – басты міндеттердің бірі. Қазақтың бүгінгі ұлы мен қызы кез келгеннің қасында өнер, білім жарыстыра алатын болуы керек. «Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық» дейді дана халқымыз. Ұлттық өнеріміз төлтума бітім, қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен, шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен қазына. Осы ұлттық өнерді үйреніп, ары қарай дамытуымыз қажет.

ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Ұлттық педагогиканы насихаттауда қай пәннің де ыңғайы мен мүмкіндіктері мол. Соның ішінде технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үйрену ұлттық тәрбиенің қайнар көзі десек те болады. Қолөнерді үйрену арқылы шығармашылықпен ұштастырып, білім алу, еңбек етуге баулумен қатар салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заманның талабы.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 мамыр
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі