Материалдар / ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘҢГІМЕЛЕУ ДАҒДЫСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӘДІСІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘҢГІМЕЛЕУ ДАҒДЫСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӘДІСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуда кездесетін қиыншылықтарды ескере отырып, «Биоақпараттық технологияның » бірізділік принципін жүзеге асыру мақсатында, «DEAL» әдістерімен бөлісу,«АС-Ауызша сабақ » картасы ; Оқушылардың мәтінді жазбаша және ауызша баяндау арқылы оқу сауаттылықтарын дамыту; Қазіргі заман балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе, соның бірі -оқу сауаттылығы.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘҢГІМЕЛЕУ ДАҒДЫСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ӘДІСІ


Райсова Разия Рысбаевна

Астана қаласының әкімдігінің

«№ «Дарын» мамандандырылған лицей» КММ


Оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуда кездесетін қиыншылықтарды ескере отырып, «Биоақпараттық технологияның » бірізділік принципін жүзеге асыру мақсатында, «DEAL» әдістерімен бөлісу,«АС-Ауызша сабақ » картасы ;

Оқушылардың мәтінді жазбаша және ауызша баяндау арқылы оқу сауаттылықтарын дамыту;

Қазіргі заман  балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе, соның бірі -оқу сауаттылығы.

Оқу сауаттылығы дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда бала өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін  ала білуі, жазба мәтінді түсінуі, қолдануы, ой толғауы, әлеуметтік ортаға бейімделуі. Оқу сауаттылығының негізі-мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады.

Оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қазіргі кезде түрлі технологияларды пайдалануға болады.  Сондай технологиялардың бірі-биоақпараттық технология. Бастауыш сыныпта мәтіндерді оқытып үйретудегі мақсат – оқушылардың ауызша, жазбаша тіл байлығын арттыру. Бұл мақсатта сабақта биоақпараттық технологияның орны ерекше. Ол есте сақтау, жылдам ойлау, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттырады. «Биос» - грек сөзі – «тіршілік», «ақпарат» сөзі латынның «түсіндіру», «баяндау», «түсінік» деген ұғымдарды беретін information сөзінен шыққан.

Биоақпараттық технология жүйесі - бұл технологияның «Ауызша сабақ» картасының орны ерекше. «Ауызша сабақ» картасы мәтінмен жұмыс жасау үшін тиімді.Қазақстандық  ғалым Федор Яковлевич Вассерман көптеген  қазақстандық  және  халықаралық  педагогтардың тәжірибесін оқып зерттеп, «Биоақпараттандыру және синергетика» (БиС) білім беру технологиясын тамаша қарастырып, оқыту сапасының нормативтік көрсеткішін құрды.

Түрлі технологиялық карталар арқылы оқушылардың қабылдауы, есте сақтау қабілеті өседі, ойлау – сөйлеу дағдысы қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі, ең құнды, пайдалы материалды тауып, өз бетінше ізденіспен еңбек етуге талпындырады. Бұл оқушының уақытты үнемді пайдаланып, өз ойын  тұжырымдап  айтуға  дағдыландырып, шығармашылық ізденіске жол ашады.

Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады.

«Ауызша сабақ» картасы бірнеше бөлімнен тұрады.

1-кезең – 1-2 минуттық сергіту сәтінен басталады.

2- кезең – тірек сөздер. Формула, дата, терминдер. Сөздер саны тақ болу керек. 7-14-21. Ақпаратты есте сақтау үшін арнайы уақыт беріледі.

А) 7 сөз – 30 секунд, 14 сөз – 1 минут, 21 сөз – 1 минут 30 секунд. Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін блок жабылады немесе өшіріледі. Ал, балалар есте сақтау арқылы бүкіл блокты қайта құрады. Кім қаншалықты ақпаратты, қайта құра алуын қадағалау керек. Барлығы бірдей бұл тапсырманы орындай алмағандықтан , тағы да блокты ашып немесе оқып,балаларға блокты толық құруға мүмкіндік беру керек. Содан кейін 5-15 минут арасында мәтіннен тірек сөздерді табу тапсырмасы беріледі.

Ә) ақпаратты есте сақтағаннан кейін балаларға көзін жұмғызамыз, содан соң 3-4 сөз өшіріліп, балаларға сол сөздерді қайта құру керек. Мұндай жұмыс тілдерді, формулаларды, әріптерд іүйретуде өте тиімді.

3-кезең – мәтінмен жұмыс, балалар мәтіннен тірек сөздерді дәптерге теріп жазады;

4-кезең – мұғалім мәтіндегі тірек сөздерді ашатындай етіп, сұрақ-жауап жүргізеді;

5-кезең – критикалық сұрау. Мәтіндегі тірек сөздер мен мәтінді толығырақ сұрау;

6-кезең – қорытынды. Тақырыптағы негізгі ойды айту.

Сабақ барысында әрдайым оқушылардың белсенді болуға, дәлелдерді талдай алуға,мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегияларды қолдана алуына мүмкіндіктер мен жағдай жасауды қамтамасыз етуді мақсат тұттық.Осында қарастырылған стратегиялар оқушылардың бірін-бірі тыңдап, дәлелдерді талап етіп, тиянақты және нақты да жан-жақты болуға, ынтымақтастықпен бір-бірін құрметтеуге үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт, бұрын үндемей отыратын балалардың да сабаққа қызу араласуда. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсете қоймас еді.

Биоақпарттық технологияны «DEAL» әдісі арқылы шығарма жазуға пайдалану.

Мысалы 1-сынып оқушылары әріптердің бәрін танып білмей жатып шығарма жаза алмайды. Оларды «Ана тілі» кезеңінде шығарманы еркін жаза алулары үшін,«Әліппе »кезеңінен бастап дағдыландыру керек.

Ол үшін көптеген әдістер пайдалануға болады. 1 сынып оқушыларын «Әліппе кезеңінде» «DEAL» әдісін пайдалануды сіздерге ұсынғым келіп отыр.

«DEAL»

D – Describe – атау,сипаттау

E –Explain – түсіндіру

A – Anallуse – талдау

L – Links – байланыс

«Төрт түлік мал» тақырыбы « сыныптан бастау алып, әр сынып сайын күрделене береді. Осы тақырыпты алуды жөн көрдім.Ол жерде «DEAL» әдісін былай пайдаландым:

D -атау,сипаттау.Суреттен үй жануарларының және төлдерінің аттарын атайды.

Үй жануарларына –жылқы, сиыр, түйе,қой,ешкі жатады.

Олардың төлдері бар.Жылқы төлі -құлын. Түйе төлі- бота.Қой төлі -қозы. Ешкі төлі -лақ.Сиыр төлі -бұзау.

E-түсіндіру.Неге үй жануары екенін түсіндіреді.

Үй жануарларына адамдар шөп ,су береді.

A-талдау.Үй жануарларының пайдасы туралы айтып шығады.

Олар адамдарға көп пайда келтіреді.Етінжейді.Терісінен киім тігеді.

L-байланыс.Балалар айтқан ойларын, тұжырымдарын байланыстырады.Сондай мынадай қысқаша шығарма шығады.

Үй жануарлары

Үй жануарларына –жылқы, сиыр, түйе,қой,

ешкі жатады.

Олардың төлдері бар.Жылқы төлі -құлын. Түйе төлі- бота.Қой төлі -қозы. Ешкі төлі -лақ.Сиыр төлі -бұзау.

Үй жануарларына адамдар шөп ,су береді.

Олар адамдарға көп пайда келтіреді.Етін жейді.Терісінен киім тігеді.

Осы бағытта спираль әдісімен әр сынып сайын суреттері де,сұрағы да күрделене береді. Мәтін сөйлемдермен толығып,ауқымды,көлемді шығарма жазуға болады.

«Ана тілі »кезеңінде «АС картасы » әдісін ұсынамын

Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

«Жаман жолдас» мәтіні

І-кезең. Сергіту сәті.

ІІ кезең. Тірек сөздер.

«АС» картасы.

1. Екі дос

2. Аю

3. Ауру

4. Мықты

5.Биік ағаш

6. Құлағына сыбырлады

7. Жаман дос


  1. Екі дос

  2. Ауру

  3. Биік ағаш

7. Жаман дос






Сөздік жұмысы

Жолдас-дос ауру-денсаулығы нашар

Аю-аң мықты-денсаулығы жақсы

ІІІ кезең. Мәтінмен жұмыс. Тірек сөздерді мәтіннен белгілеу, дәптерге жазу.

ІV кезең. Сұрақ-жауап жүргізу. Сұрақтарға жауап беру.

1.Кімдер келе жатты?

2.Олардың алдарынан не шығыпты?

3.Екі достың хал-ақуалы қандай?

4.Қайсысы биік ағаштың үстіне шығып кетті?

5.Аю өлген адам сияқты жерде жатқан жігіттің құлағына не деп сыбырлады?

6.Аю неге жаман жолдаспен дос болма деді?

V кезең. Мәтіннің мазмұнын айтып шығу

VІ кезең. Қорытынды.Тақырыптың негізгі ойын ашу

Мәтінді өздері оқып, одан қорытынды шығарып және жүйелі бірізділікпен мазмұндай алуға дағдыланады.

Оқушылар күнделікті сабақтан, бүгінгі сабақтардың айырмашылығы; топтық, жұптық және жеке жұмыстардың нәтижесінде өздігінен бағалау, өз ізденістерінің арқасында бұрын мұғалімнің түсіндіргенінен өз бетінше ізденуінің нәтижесінде көптеген өз білімдерінде өзгеріс болғандығын байқайды.

Сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу – оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп, жан-жақты білім алуына көмектеседі. Жаңа әдіс-тәсілдердің ұтымдылығы да осында.

Технологияны пайдалану шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді. Біз сабақтың басында мақсат қойғанда да, осындай нәтиже күткен едік. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді:

- мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек;

- оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс;

- балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек;

- өз дербестігін, белсенділігін дамыту қажет;

- оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.


Осындай әдіспен жаңылтпашты жаттату,суреттер арқылы мақалды табуға болады

Жаттауға берілген жаңылтпашты суретпен алмастыру.























1.100 теңгең болғанша, 100досың болсын.

2.Бұл көшеді, ит үреді, адам қалады

3.Жеті атасын білмеген жетесіз

4.Ит адамның досы

5.Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер

6.Айтылған сөз, атылған оқ

7.Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі

8.Дос жылатыр айтады, дұшпан күлдіріп айтады

9.Анаңды Меккеге үш рет көтеріп апарсаң да, қарызын өтей алмайсың

10.Отпен ойнама, суға батарсың




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!