Материалдар / Оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп әкімшілігіне арналған, іс-тәжірибемен бөлісу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2021
472
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары


Абдусаламова Капиза Абдрашитовна

Саурық батыр ауылындағы орта мектеп директоры,

І деңгейлі мұғалім


Мектеп деңгейінде оқыту тиімділігін арттырып, оқушылардың білімін тереңдетуге мүмкіндік болғанда ғана, стратегиялар табысты болатыны көпшілікке мәлім. Мақсатымыз әр балаға жоғары сапалы білім беру болу керек.

Міне, осы бағытта жұмыс жасау үшін шағын жинақты мектеп басшыларының педагогикалық және басқару шеберлігін жетілдіру, білім беру салалары мен деңгейлері бойынша жаңартылған оқу бағдарламалары мен критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде оларға әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Көшбасшылық және шағын жинақты мектепті басқару» шағын жинақты мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курсында алған білімдерімді мектеп қабырғасында пайдаланып жатырмын.

Бұл курстың негізгі идеясы көшбасшылық болатын. Көшбасшылық идеясын жүзеге асыру мақсатында мектепте сертификатталған мұғалімдерден коуч тағайындап, оларға мұғалімдер тобын ұйымдастырып, шығармашылық топтар құрдық. Коучинг сабақтарының жоспарларын бірлесе отырып жасап, коучтарға үнемі қолдау көрсетіп отырдым. Бір-бірімізге қолдау көрсету арқасында мектепте бөлінген көшбасшылық жұмысы ілгері жүре бастады. Ынтымақтаса жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде әріптестерімнің бойында еркін ойлау қабілеті қалыптаса бастағаны байқалды. Әріптестер бойында бір-біріне деген сенімділік артып, шығармашылықпен жұмыс жасауға құлшыныстары артты. Сертификатталған мұғалімдерге сенім білдіріп, қолдауымыз арқасында сабақ беру үдерісінде де оң өзгерістер байқалды.

Бұл бағдарламаны игерген ұстаздар өздері өткізген сабақтарында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланса, оқушылардың білімді өз бетімен оқи алатынына және өзінің оқуы үшін өзі бетімен оқи алатынына және өзінің оқуы үшін өзі жауапты екендігін сезінетін, қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артатындығын, олардың ой еркіндігі дамитындығын түсінді. Мұғалімдер оқушыларды топпен оқытудың тиімділігін түсінсе, топта жұмыс істеген оқушылар өз ойын ашық айта бастады, өздерінің білгенін, жинап келген деректерін ортаға салып, өз бетімен білім алуға дағдыланды.

Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы мұғалім сыни тұрғыда ойлауы дамыған, алған білімін өмірде пайдалана алатын оқушы тәрбиелей алатыны сөзсіз.

Ұстаздарға сабақтарында сыни ойлауға үйретіп, тапсырмаларды қолданып, топтық жұмыстарға бейімдей беруге кеңес бердім. Әріптестерімнің әрекеттеріне қарап, олардың осы бағдарламаларға қызыққандығын, көзқарастарының өзгергендігін байқай алдым. Мұғалімдердің көшбасшылық қабілетін дамыту мақсатында коучинг, менторинг, тақырыптық семинарлар өткізілді. Мектептегі онкүндіктер де жаңаша оқыту әдісімен ұйымдастырылып, өтуде. Себебі, шығармашылық топ жұмысынан күтілетін нәтиже: Мұғалімдердің біліктілігін арттыру, шығармашылық қызметінің қажеттілігін қалыптастыру. Педагогикалық ұжымның барлық мүшелерінің оқыту сапасын арттыру үшін өзара тәжірибе алмасуда бірін-бірі қызықтыру арқылы мектеп мұғалімдерінің кәсіби өсуі. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын тәжірибеге енгізу.

Мектептің даму жоспарында белгіленген іс-шараларды іске асыру үшін бөлінген көшбасшылықты пайдаландым. Деңгейлік курстан өткен 5 мұғалім әр қайсысы мұғалімдерден топ құрып, коучингке қатысқан мұғалімнің сабақтарына қатысып, үйренгенін тәжірибесіне енгізуі бақыланды.

Мен әріптестеріме өздерінің оқыту тәжірибесін жақсартуға, оқыту мен оқудағы нақты практикалық дағдыларды меңгеруге бағыт-бағдар беріп, мұғалімдерді «Оқытудағы басқару және көшбасшылыққа» бағыттай отырып, өз іс-тәжірибемді де дамыттым. Шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, көп нәрсені үйрендім, үйрене отырып ұйымдастырушылық қабілетімді шыңдадым. Коучинг жүргізу арқылы мұғалімдермен тығыз байланыста болу, кері байланыс арқылы бір-бірімізден кеткен қателіктерге жол бермеу, ұжымның ауызбіршілігіне, жаңа бағытта жұмыс істеуіне үлкен септігін тигізуде.

Коучинг сабақтардан алған білімдерін әрі қарай дамытып, мұғалімдер сабақтарында тиімді пайдаланып жүр. Бұл мұғалімдер деңгейлік курс бітірмесе де мектепке енгізілген өзгеріс нәтижесінен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тез әрі тиімді меңгеріп, сабақтарында жеті модульді ықпалдастырып қолданып жүр. Әсіресе, пән апталықтары кезінде мұғалімдер осы бағдарлама бойынша сабақ өткізуге қызығушылық танытып, ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды өткізіп жүр.

Педагогикалық кеңес пен әдістемелік кеңестерде де осы әдіс-тәсілдердің тиімділіктерін көрсету мақсатында коучинг сабақтар мен шеберлік сыныптары өткізіліп, ұжымның осы тәсілді меңгеруіне, бір-бірімен тәжірибе алмасуына ықпал етіледі. Осындай жүйелі жүргізілген жұмыстар білім сапасын арттыруда өзінің оң нәтижесін көрсетіп жатыр.

Бірінші, екінші және үшінші деңгей мұғалімдері коучингтерін жоспар бойынша ай сайын өткізіп отырады. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда биылғы оқу жылында коучинг сабағына қатысушылардың саны артты. Әсіресе, жас мамандар оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйрену мақсатында коучинг сабақтарына қатысып, өз қызығушылықтарын көрсетті. Үшінші деңгей бойынша сертификатталған мұғалімдерде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйрену мақсатында коучинг сабақтарын жоспарлап өткізді. Жалпы мектеп бойынша коучинг сабағына қатысушылардың сабаққа қатысуға деген қызығушылығының артып келе жатқанын байқауға болады.

Тәжірибе барысында екі фокус тобы құрылып бір циклдан сабақты зерттеу сабақтарын жүргіздік. Сабақ өткізу кезінде мұғалімдердің бойынан ортақ шешімге келулері, бірлесе жоспарлау қиындау болды. Осыған қарамастан кездескен кедергілердің барлығын ынтымақтаса отырып шештік. Бұл жолы да ынтымақтастық ортаның маңызды екеніне тағы да көзім жетті.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде білім сапасындағы өзгерісті де, өткен оқу жылының қорытындысы мен биылғы оқу жылының 2 тоқсан қорытындысын салыстыратын болсақ, білім сапасының 3 пайызға арттқанын көреміз. Яғни мектебімізді дамыту бағытында деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің жүргізген жұмыстарының пайдасы болғандығын байқау қиын емес.

Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес. Өйткені оның барысында жұмыста әртүрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы ықтимал. Әр мұғалім өзінің кәсіби беделіне және жеке тұлға ретінде моральдық беделіне сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете алатынын түсінді.

Өзгерісті сыныпта анықтау мақсатында ұдайы өткізіліп жатқан шеберлік сыныптар мен ашық сабақтарына қатыстым. Сабақтарға қатысу барысында менің байқағаным, оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарының басым екендігі. Әрине кемшіліксіз болмайды, байқағаным әлі де болса мұғалімдер арасында оқушы білімін бағалауда нақтылықтың болмауы, оқушыларға кері байланыстың дұрыс берілмеуі, оқу мақсатына сәйкес тапсырмалардың дұрыс таңдалмауы. Осы бағытта әлі де жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Қорыта келгенде, мұғалімнің көшбасшылығы оқытуға байланысты, әрі кәсіби дамудың қуатты тәсілі болып табылатыны, ынтымақтастық, кәсіптік оқу мүмкіндіктерін дамытып, мектеп пен сыныпта өзгеріс енгізуге оң әсер ететіндігін байқадық. Сондай-ақ мұғалімдер мектепке кәсіби шешім қабылдауға қатыстырылған жағдайда көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдіруге ықпал ете алады деп тұжырым жасауға болады.

Ұжым болып жұмыс істегенде ғана мұғалімнің жұмысы аса тиімді болмақ. Ынтымақтасып, бірлесіп жұмыс істеу мектептің дамыту жоспарына алдағы уақытта да жүзеге асыруға ықпалын тигізеді. Алдағы уақытта да мектептің басымдақтары мен міндеттерін әлі де айқындап, жұмысты жетілдіру мақсатында нақты жоспарлар жасалуда.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Басшыға арналған нұсқаулық. 2018 ж

  2. «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар 2018

  3. Курсалды тапсырмалар, 2018 ж







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!