400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Оқушылардың білім сапасын қалай арттыруға болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылардың білім сапасын қалай арттыруға болады?

Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы: “Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі – тұман” – деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.

Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.

Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.

Сапалы білім тәрбие беруде орын алған кемшіліктерді жойып дүние жүзілік өркениеттілікке жету ХХІ ғасырдын үлесіне тиіп отыр. Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың  бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады.

Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар адамгершілігі жоғары қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сапалы білім берудегі ата-ана рөліне, ұстаз еңбегіне, бала денсаулығы қоршаған орта әсеріне жан-жақты талдау жүргізу.

Балалардың  білім сапасын арттыруда мұғалім бала дамуының мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауы т.б. қадағалап, балалар мен жеке, дара жұмыстар жүргізеді. Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет –ақ. Жаңалықты меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс түсінбеушілік ұйымдастырушыға әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі.

«»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»

Сіздер сабақтарыңызда интербелсенді әдістерді, жаңа технологияларды қолданасыздар, бірақ ол білім сапасына көп әсерін тигізбей жатады? Неге деп ойлайсыздар?


Кез-келген сабақта оқушылардың білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге дейін жеткізу мақсатындағы іс–әрекеттердің бірі – шығармашылық тапсырмалар болып табылады.

Шығармашылық тапсырмалардың өзін оқушыларды қабілетіне, пәнге деген сүйіспеншілігіне байланысты оқуға қойылатын талаптарын басшылыққа ала отырып, жүргізген жөн. Ол үшін оны түрлендіре әрі орындауға жеңіл етіп берген тиімді болмақ. Бір сабақтың өзінде бірнеше тапсырма ұсынып, таңдап орындауды баланың өз қалауына қалдыру керек. Өте жемісті тәсілдердің бірі – тапсырмаларды жүйеге бөліп, оқушының біліміне, қабілетіне байланысты ұсынуға болады.

Оқушыларға қойылатын талап:

v Алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

v Қорытынды жасап отыру.

v Қосымша материалдар табу, іздену.

v Өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру;



Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, модельдерді, схемаларды пайдалану;

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

«»»»»»»»»»»»»»»» практикалық жұмыс »»»»»»»»»»»»»»»»»»

Lesson Study тәсілі кәсіби дамудың тиімді тәсілі, мұғалімнің кәсіби қоғамдастығын құру болып табылады, бұл үдерісті жеделдетуге көмектеседі. Оқушының терең ойлануына, оқушыны тыңдау керектігін, не ойлағанын тыңдай білуге бағытталуы керек. Демек, бұл тәсілдің оқыту мен оқуда ілгерлеушілік болдыра алатындай екендігіне ешқандай күмәніміз жоқ екенін растаймыз.

«Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес,

ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10.12.2021
874
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі