Материалдар / Оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастырудың әлеуметтік аспектері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастырудың әлеуметтік аспектері

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге,ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Маусым 2021
349
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Оқу процесіндегі экологиялық тәрбиені қалыптастырудың теориялық - әдіснамалық негіздері


Аңдатпа. Жалпы мақалада қарастырылған мәселердің бірі, ол XXI ғасырға адамзат экологиялық қауіппен еніп отыр, яғни планетаның өмір сүруінің өзіне қауіп төніп отырғандығы. Сондықтан жастарда экологиялық мәдениетті қалыптастыру өте маңызды, осы жастардың алдына болашақ әлемнің экологиялық қауіпсіздігінің негізін қалау мәселесі қойылып отыр.

Аннотация. Один из вопросов, затронутых в общей статье, заключается в том, что человечество вступает в XXI век с экологической угрозой, то есть сама планета находится в опасности. Поэтому очень важно формировать экологическую культуру среди молодежи, и перед этими молодыми людьми стоит задача заложить основы экологической безопасности будущего мира.

Annotation. One of the issues raised in the general article is that humanity is entering the 21st century with an environmental threat, that is, the planet itself is in danger. Therefore, it is very important to form an ecological culture among young people, and these young people are faced with the task of laying the foundations for the ecological safety of the future world.


Түйін сөздер. Оқу процесіндегі экологиялық тәрбие, териялық - әдіснамалық негіздері, табиғи және техногенді,


Мақалада, қазір экологиялық білім мен тәрбие беру маңызды мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің біртұтас ұлттық жүйесі жасалуда. Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау туралы заңына (12 бөлім, 63-65 бап), «Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар туралы» заңына, «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік концепциясына», «ҚР жоғары білім заңдарына (3 бап (негізделе отырып экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясы жасалды.

Қазір Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты мен экологиялық дамуындағы негізгі құжаттар - «Тұрақты даму үшін қоршаған ортаны қорғаудың ұлттық жұмыс жоспары», «XXI ғасырдың ұлттық күн тәртібі» және т.б. әзірленді. Экологиялық дағдарыстың негізгі себебі тек тиімсіз технологиялар, табиғат қорғау қызметінің және заңдарының жеткіліксіздігі ғана емес сонымен қатар әлеуметтік мәдениетінің төмендеуінде болып табылады.

Жалпы экологиялық мәдениет дегеніміз не? - бұл экологиялық білімділік, табиғатқа саналы көзқарас және табиғатты пайдалануға іс жүзінде қатысу.

Экологиялық тәрбие үш жақты міндет түрінде қарастырылуы тиіс:

1) адамның табиғатпен қарым-қатынасын анықтау;

2) Қазіргі және болашақ ұрпақ алдына табиғаттың сақталуы үшін азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру;

3) Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін дұрыс шешуге үйрету.

Экологиялық тәрбие беру жаңа адамды тәрбиелеудің бөлінбес құрамды бөлігі болуы қажет. Оқушыларға экологиялық мәденииетің қалыптастыру басты аспекті құралдары ол, білім беру орталықтары ретінде мәдениет орындары, кітапханалар, ботаникалық бақтар, зообақтар, ерекше қорғауға алынған территорияларды тиімді пайдаланудың комплексті іс-шараларын жасау қажеттілігі туып отыр.

Экологиялық білім беру базалық білім берудің бөлінбес бөлігі екендігін түсіну қажет. Экологиялық білім беру процесі адамның бүкіл өмірі барысында, мектепте және одан тыс барлық азаматтарға білім берудің барлық түрлері мен деңгейлерінде жүзеге асырылуы тиіс.

Оқушыладың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әлeумeттiк аспектерінің негізгі факторы мына сызба бойынша нақты координацияны асыру керек: отбасы бала бақша - мектеп - жоғары білім бару - мамандарды қайта дайындау және әлеуметтік мәдени экологиялық білім беру.

Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жасаудың мақсаты біртұтастығы, табиғатқа он эмоционалды – бағалық табиғи ортадағы нақты қызметінің негізінде экологиялық мәдениетті калыптастыру болып табылады.

Коршаған ортаны корғау саласындагы үздіксіз білім беру жүйесіне жаңа экологиялық ойлауды, өмір сүрудің жаңа стильн қалыптастырудың негізінде қарап, әлеуметтік және экологиялық тұрақты даму, сондай-ақ түбейгейлі жаңа технологиялық саясатты қалыптастырудың негізі ретінде әлеуметтік интеллектуалды потенциалын арттыру құралы ретінде қарау қажет.

Яғни, Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030 жолдауында» халықтың денсаулығын көтеру стратегиясын міндетті түрде таза (сау) қоршаған табиғи ортамен байланыстырады. Ұлттың болашағы больш табылатын спортпен айналысатын, есірткі заттар, ішімдік, темекі өнімдерін пайдаланбайтын, салауатты өмір сүруді жақтайтын және табиғи ортада өмір сүретін жастарға үміт артады.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихи қысқа уақыт аралығында еліміз экономика, қаржы саласында прогрессивті технологияларға арқа сүйеу отырып, кешенді реформалар жүргізу үстінде, Сойтіп әлемдік өркениетке кауымдаса отырып, қарқынды дамушы елдердің алдыңғы қатарынан көріне бастады.

Бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары нақты айкындалып арнаулы бағдарламалар қабылдауда.

Сондықтан ең көп халықты қамтитын білім беру сатысы - жалпы білім беретін мектептің міндеті-дүниеде қауіпсіз және бақытты өмір сүріп жердегі барлық тіршілік түрлері үшін физикалық және адамгершілік тұрғысынан сау адамды, Республиканың планетаның толық қанды азаматын тәрбиелеу болып табылады. Адамның табиғатқа ықпалы қоршаған ортаның экологиялық сапасының кенеттен төмендеуін туғызып және ортаның өзгерген жағдайында адамзаттың тіршілігіне қауіп төндіріп отыр.

Осыған орай экологиялық білім беру мен тәрбие берудің маңызы «Қазақстан Республикасы азаматынын жана әлеуметтік экологиялық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасында» (1995), «Білім саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасында» (1996), «Қазақстан Республикасындағы экологиялық қауіпсіздігін сақтау концепциясы» (1997), «Қазақстан Республикасындағы экологиялық білм мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы» 998), «Экологиялық білім бағдарламасы» (1999) құжаттарында басты орында тұр. Яғни оқушыладың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың әлeумeттiк аспектерілерін бүгінгі күні таныстыру өте өзекті тақырып болып отыр.

Зерттеу жұмысында жаһандану жағдайындағы экологиялық үрдістердің еліміздегі даму бағыттары қазақ мәдениетінің табиғатты аялау дәстүрі кеңмәтінінде қарастырылады. Отандық және шетелдік ғалымдардың экологиялық тұжырымдарына салыстырмалы талдаулар жасай келе, олардың қол жеткізген маңызды ғылыми ұстанымдары мәдениеттанулық тұрғыдан сарапталады.

Яғни, зерттеу тақырыбының өзектілігі алдымен табиғат пен қоғамның өзара әрекетінің қазіргі кезеңі өмір сүрудің сапасы мен адамның тіршілік етуіне қауіп төндіретін, асқынған экологиялық мәселелермен анықталады. Қазіргі замандағы экологиялық мәселелердің өткірлігі мен маңыздылығының сақталуы әлеуметтік-экологиялық дискурсты әлеуметтік және рухани өмірдің ортасына қатысты күрделі үдерістермен бірге қайта ойлау қажеттілігін тудырады.

Осы тұрғыда қарастырылған Этноэкологиялық білім беру проблемаларын зерттеуге үлес қосқан И.Г. Агузарова, А.Н. Захлебный, И.Д. Зверева, Н.Н. Моисеев, этноэкологиялық білім берудің жалпы теориялық және әдістемелік аспектілерін енгізіп оны дамытққан еді.. Бірақ, экологиялық білім мен тәрбие беру туралы еңбектердің библиографиясына қарамастан, өлкетануды экологиялық зерттеу теориясы және кіші жастағы оқушылармен жұмысты экологиялық зерттеу әдістемесі жеткілікті дәрежеде жасалмаған. Яғни өлкетану пәніне дайындайтын мұғалімдер өте жеткіліксіз, - дейді өз еңбектерінде [1, б. 35].

Адам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің мәдениетке қатысты философиялық аспектілері жөнінде В.С. Библер, А.Д. Грач, Б.Е. Давидович, Ю.А. Жданова, Г.Е. Марков С.С. шығармалары Агаширинова, С.Ш. Гаджиева, Б.А. Калоева, Л.И. Лавров, Г.Х. Мәмбетов, Р.Г. Маршаева, М. Османов, К.Х. Унежева және тағы басқалар зерттеген. Яғни бұл ғалымдардың еңбектерінде осы азия халықтарының этноэкологиясының ерекшеліктері қозғалады [2].

Этноэкологиялық дәстүрлер, олардың экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы рөлі туралы нашар зерттелген. Тау халықтарының этноэкологиялық мәдениетін жүйелі түрде қарастыру Кавказ монографиясының жеке бөлімдерінде ғана С.А. Арутюнова, Е.С. Маркарян және Ф.С. Эфендиева көрсеткен болатын [3, б. 35].

Сондай-ақ экологиялық тәрбиенің негізі Ертедегі Шығыс филосфтардың

еңбектерінде маңызды орын алды. Бұл ғұлама ғалымдардың есімдерімен байланысты, атап айтқанда, Әл-Хорезми, Әл-Фараби, Ж. Баласұғыни, Қожа Ахмет Яссауи, Әл-Бируни, Ибн-Сина, М. Қашқари және т. б.

Табиғат құралдары арқылы балалардың адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, педагогикалық тәрбиенің құндылығын арттыру жайлы кезінде ұлы педагогтар Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, Т. Песталоцци атап көрсеткен болатын.

Табиғаттың сұлу көріністері негізінде табиғатпен қарым-қатынасты орнықтыру, білім беру, тәрбилеу, дүниетанымын дамытуды қазақ халқының ағартушы - ғалымдары мен ақын жазушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов өз еңбектерінде тілге тиек етеді.

ТМД елдерінің педагог-ғалымдары И.Д. Зверев, А.Н.Захлебный, Н.А. Рыков, И.Т.Суравегина, А.П.Сидельковский, И.Н. Пономарева, Ә.А.Тұрдақұлов және т.б. экологиялық тәрбие берудің мақсат-міндеттері мен мазмұнын жүйесін жасап, мектеп алдында тұрған күрделі міндеттері шешуге атсалысуда [4, б. 51].

Қазақстандық ғалымдардың ішінде Ә.С. Бейсенова, Ж.Ж.Жатқанбаев, H.C. Сарыбеков, Қ. Аймағамбетова, Ә.С Бірмағанбетов, Қ.Ж. Жүнісова, К.А.Сарманова, М.Н. Сарыбеков, Ж.Б.Шілдебаева және т.б. өз еңбектерінде оқушылардың экологиялық білім-біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударады.

Экологиялық тәрбие, оның ішінде экологиялық әлеуметтік мәдениет мәселесіне философ социологтар, педагогтар, психологтар ерекше мән береді.

Бұл мәселенің философиялық негізі С.САверенцев, Э.В.Гирусов, А.Г.Маслеев, Н.Ф. Реймерс, К.О.Стошкус, A.Д.Урсу, Д.С. Лихачев, зерттеулерінде ашып көрсетілді.

Республикамызда біз қарастырған проблемаға айрықша мән берген философтар Ғ.Ғ.Ақмамбетов, Ж.М. Әбділдин, Қ.Ә. Әбішев, М. Баймаханов, А.Н. Нысанбаев, Қ.Ш. Нұрланова, А.Қасабеков, Д.Кішібеков, Қ.Шүленбаев, Г.К. Шалабаева және т.б. Олар өз еңбектерінде адамның қоғамдық мәнін, рухани жан дүниесіндегі сезімдік қасиеттерін, олардың мақсаты мен мұратын, қажеттілігі мен мүддесін адамгершілік айқындамалары мен қағидасын, «қоғам-табиғат-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастарды, ұлттық мәдениетті, оның әдет-ғұрпы дәстүрлерімен байланысын ашып көрсетеді.

Сондай-ақ, зерттеу жұмысының теориялық негізінде оқушыларға экономикалық тәрбие мақсаттары мен қағидаларың, мазмұнын (И.д. Зверев, И.Т.Суравегина, А.П.Сидельковский, И.Н.Пономарева), экологиялық білім және тәрбие берудің кейбір аспектілерін (И.Я.Габаев, H.А.Караван), оқушылардың табиғатқа деген қатынасының адамгершілік мотивтерінің мәнін (Н.А. Рыков, В.Г.Иоганзен), оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастырудың педагогикалық негіздерін (Е.Д.Макаров), оқушыларда экологиялық мәдениеттін іс-әрекеттік компоненттерін дамытуды, (Т.В.Коростелева), оқушылардың экологиялық білімін интеграциялауды (Н.М.Михайлова), жоғары сынып оқушыларында дүние танымын бөлімі ретінде экологиялық мәдениетті тәрбиелеудің теориялық проблемаларын (А.Н.Ильина), мектептің педагогикалық процесінде музыка өнері арқылы жасөспірімдерде экологиялық мәдениетті қалыптастыруды (М.В.Шептуховский), болашақ ұстаздарда педагогикалық катынас мәдениетін қалыптастыру (Н.Д. Иванова, К.Х.Хан), студенттер ұжымындағы кәсіптік-педагогикалық қатынас мәдениеті болашақ ұстаз тұлғасын қалыптастырудың шартын (А.К.Рысбаева), мұғалімен оқушы және оқушылардың өз арасындағы қарым-катынасты педагогикалық процестің тәрбиелік механизімі ретінде (Н.Д.Хмель), мектеп оқушыларында ұлт аралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми педагогикалық негіздерін (Н.А.Асипонт) жоғары сынып окушыларында саяси мәдениеттің негізін қалыптастырушы (Қ.Қ.Жанпейісова), қазақтың музыкалық фольклоры арқылы жоғарғы сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастыруды ашып көрсететін еңбек жұмыстары алынды [6, б. 47].

Қорытындылай келгенде, жалпы бұл тұжырымдаманы жүзеге асыру тек ұйымдастыру және экологиялық шараларымен, табиғаттанулық ғылымдар қағидаларымен шектелмейді, оның әлеуметтік-мәдени және адамдық даму жақтары қазіргі заманда алдыңғы қатарға шығады. Осындай экологиялық саясатты дәйектіжүргізу үшін түрлі мәселелерді (табиғатты қорғаудың ұлттық қалыптасқан дәстүрлері мен халықаралық тәжірибе, адам мүдделері мен орнықты даму мақсаттарының тоғысуы, іскер қауымды табиғатты тек пайдалану объектісі деп түсінуден арылту, экологияға қатысты ақпараттарға қалың көпшіліктің қолын жеткізу тағы тағылары) әмбебапты әрі жалпылама қою және шешімдерді пайымдау қажет. Бұл мақсатта сәйкес ғылымдардың арасында мәдениеттану ерекше қызмет атқарады. Өйткені, оның зерттеу объектісі мәдениет өзінің көпжақтылығымен, әмбебаптылығымен, түйінділігімен айқындалады. Экологиялық өркениеттілікті қалыптастыру үшін он мәдени-әлеуметтік негіздеріне үлкен көңіл бөлу ғылыми парызға жатады.







Әдебиеттер тізімі


  1. Ежелгі көшпелілер дүниетанымы. Жиырма томдық/құраст. Т. Ғабитов пен Досан Кенжетай. – Астана: Аударма, 2005. – Т.1. – 496 б.

  2. Қазақ этикасы мен эстетикасы // Қазақ халқының философиялық мұрасы. – Астана: - аударма, - 2007. – т. 12. 496 б.

  3. Халилуллина В.А. Встречи на экологической тропе. // Начальная школа. – 2006. - №10.

  4. Виноградова Н. Ф. Экологическое воспитание школьников: Проблемы и перспективы / Н. Ф. Виноградова // Начальная школа. – 1997. – №6. – С. 20 – 24.

  5. Байжұманова А. Экологиялық мәдениет – рұхани байлықтың негізі // адам және дәстүр әлемі. – ҚАЗҰУ. Алматы 2010. – б. 216-321

  6. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!