Материалдар / ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып , интеграттивтік тәсәл арқылы әлеуметтік құзыреттіліктерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қараша 2021
391
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

















ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ИНТЕГРАТИВТІК ТӘСІЛ АРҚЫЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ


ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР



































Түйін сөздер: құзыреттілік, әлеуметтік құзыреттілік, интегративтік тәсіл.

Тақырыптың өзектілігі және түпнұсқалық негіздемесі:

Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі реформалар кезеңіне қадам басты. 2015 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Білім беру саясаты комитеті «Білім мен дағдылардың болашағы: Білім беру-2030» атты жаңа жобаны іске асыруды бастады.ЭЫДҰ әлемнің бұрын белгісіз жаһандық сын-қатерлермен көбірек бетпе-бет келіп отырғанын, барынша тартысты және осал болып келетінін негізге алады. Мұндай жағдайларда білім алушыны өмір сүруге дайындау үшін академиялық білім, функционалдық дағдылар, жеке тұлғалық қарым-қатынастар мен құзыреттіліктер жеткіліксіз. Мүлдем жаңа сапа – метабілімділік, метақұзыреттілік қажет.Озық экономика білім беру мақсаттарын «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді. Сондықтан XX ғасырдың 80-ші жылдары әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері білімді орталыққа дәлдеуден - практикалық-бағдарланған білім беруге бет алды.Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) 2014 жылы өткізген Қазақстандағы орта білім беру шолуында академиялық пәндер теорияға назар аудара отырып оқытылады, олардың практикада қосымша қолданылуына жеткілікті көңіл бөлінбейді, осының салдарынан білім алушылар жеткілікті дәрежеде алған білімдерін стандартты емес жағдайларда тиімді қолдануға және пайдалануға қабілетті емес деген қорытынды жасалған [1]. Жалпы алғанда, біздің мектептің білім алушылары пәндік сапалы, нақты айтсақ, дәйекті білім алады, бірақ оларды өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдылары жоқ Сондықтан оқушылардың білім, біліктіліктерін кез келген жағдайда пайдалана алуын қамтамасыз ету, яғни әлеуметтенуі, әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыру қажеттігі туындап отыр. Бұл қиындық алдымен өз болашағы  үшін тұлғалық жауапкершілігін сезінуі мен  тұлға ретінде өзін-өзі іске асыруы болып табылады. Проблема тек қана оқушының үлгермеушілігінде  болып отырған жоқ, мектеп-баланың негізгі өмірлік дағдыларын қалыптастыра алмай отыр. Өскелең ұрпақтың табысты әлеуметтенуі үшін олардың тұлғалық дамуы үшін, қоғам мүддесі үшін инновациялық қызметі үшін жағдай жасалынуы тиіс.Мектептің ізденіс тақырыбы да оқушыны өмірге дайындауға бағытталған: «Деңгейлік бағдарлама идеялары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту».

Бүгінгі күні зерттеуімде қарастырылып отырған мәселенің теориялық-әдіснамалық негізін дәлелдеу мақсатында ғылыми еңбектерге талдау жасап, «құзыреттілік», «оқушылардың әлеуметтік құзыреттілігі» ұғымдарының өзара байланысына, анықтамаларына, құрастырылған жүйелеріне мазмұндық сипаттама беру қажеттілігі туындайды. Психология ғылымында «құзыреттілік» ұғымына қатысты нақты түсініктер қалыптасқан. Сонымен қатар бұл ұғым іс-әрекетті жүзеге асыруда білім, білік, дағдыны қамтиды (А.Н. Журавльев, Н.Ф. Талызина, Р.К. Шакурова және т.б.). Олай болса психология ғылымында «құзыреттілік» танымдық (когнитивтік), пәндік-практикалық және жеке өзіндік тәжірибелер жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Жас ерекшелігіне қарай балалардың құзыреттілігі өткен кезеңдегі психикалық деңгейіне, мәдени-тарихи, этникалық және әлеуметтік-экономикалық формалардың әсер ету дәрежесіне тікелей байланысты болады. «Құзыреттілік» ұғымының тағы бір маңызды жағына тоқталар болсақ, ол студенттерге, мектеп оқушыларына, тіпті мектепке дейінгі жастағы балаларға да берілетін мінез-құлық сапасы болып табылады. Бұдан мынадай қорытындылар шығаруға болады: құзыреттіліктің жас ерекшелігі шегін анықтауда қиындықтар туындайды. Қазіргі таңда құзыреттілікті тұлғаның күрделі мәдени жиынтық іс-әрекеті түрлерін жүзеге асырудағы қабілеттілігі деп түсінуге болады [4]. Жоғарыдағы айтылған теориялық идеяларға сүйене отырып, құзыреттілік ұғымына берілген төмендегі анықтаманы басшылыққа аламын: құзыреттілік оқушылардың іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі [5].

Сараптау барысында, ғылыми әдебиеттерде жеке адам әлеуметтік тұлға ретінде қарастырылады, яғни ол өз елінің өркендеп дамуына іскерлікпен, саналылықпен қарайтын, білімді, мәдениетті, әлеуметтік құзырлы азамат. Әлеуметтік тұлғаның қалыптасу үдерісі оның қоғамдағы тұлғалық сана-сезімінің болмысына байланысты. Бұл үдеріс білім мен өзін-өзі тәрбиелеу, алдына мақсат қоя білу және оны жүзеге асыру, өз қадірін сезіну, қоғамда өз орнының бар екендігіне сенімді болғанда жүзеге асады.Өткен ғасырдың соңғы он жылдығында зерттеуші ғалымдар В.И. Слободчиков, Ю.Г. Юдина «әлеуметтік құзыреттілік» ұғымын ғылыми педагогикалық айналымға енгізген [2]. ХІХ ғасыр ағартушылары Ш. Уәлиханов (1835-1865), Ы. Алтынсарин (1841-1889), А. Құнанбаев еңбектерінде адамның әлеуметтік қабілетіне әсер ететін, ынтасы мен қызығушылығын оятып, өздігінен сапалы дәлелді шешімдер қабылдай білуге икемдейтін ақыл-кеңес береді. [2] Ғалымдардың басым көпшілігінің пайымдауынша, іс-әрекеттегі оқушы өміріндегі басты оқиға - өзіндік «Менін» ашу, адамдар қарым-қатынасы жүйесінде өз орнын іздеу, өзінің өмірбаянын өзі жасаушы ретінде сезіну деп есептейді. Сондай-ақ олар, оқушының әлеуметтік құзыретті әрекетінің пайда болуын ғылыми тұрғыда негіздей келе, оның жан-жақтылық сипатына назар аударады. Қарастырылған әлеуметтік құзыреттілікке байланысты ғылыми еңбектердегі теориялық сараптамалар негізінде және зерттеу мәселесі бойынша жасалған тәжірибелерге сүйене отырып мынадай қорытынды жасауға болады.Мектеп оқушыларының әлеуметтік құзыреттілігін ерте қалыптастырса, олар ерте жастан сапалы өмір сүруге дайын болады. Нарықтық қатынас заманындағы оқушыға әлеуметтік құзыреттілік қалыптастыру үдерісі педагогикалық феномен ретіндегі мәнді де маңызды мазмұнға ие болады. Осы түсініктерді негізге ала отырып, төменде берілген анықтаманы беремін: мектеп оқушысының әлеуметтік құзыреттілігі – қоғамда өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын, өмірді және өзін, өмірлік мақсаттары мен әлеуметтік құзыреттіліктің өзіндік, тұлғалық әлеуетін түсінетін, әлеуметтік маңызды құндылықтарды жүзеге асыра алатын, өзін және қоршаған ортасын сыйлайтын, жауапкершілігі бар рефлексивті қасиеттер жиынтығы [6].

Кесте1 - Әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған және дәстүрлі психологиялық жұмыстың сипаттамалық ерекшеліктері

Дәстүрлі жұмыс

Әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыру үдерісі

Тәрбиелеу үдерісі

Білім, біліктілік және дағдыны, әлеуметтік тәжірибені алдыңғы буыннан өскелең ұрпаққа жеткізу үдерісі.

Маңызды тәжірибелік-бағдарланған проблемаларды шешу тәжірибесін меңгеру үдерісі.

Басты идея

Талап қою педагогикасы идеясына негізделеді (бұл оны авторитарлық ретінде бағалауға жол береді). Үздік оқушы үшін тілалғыштық және жетістіктерге ынталандыру (белсенділік пен тілалғыштық) идеясын үйлестіру көзделеді.

Мүмкіндіктер педагогикасы идеясына сүйенеді, құзырлық мотивациясы негізіне тұлғаны дамытудың болашақ мақсаттарына сәйкес келу және бағдарлану жатады.

Педагогтың ролі

Инициативалы және жауапты тұлға, төреші, ақылшы, «қасиетті білімді» тасымалдаушы, сол білім үзінділерін ең жақсыларға жеткізуші.

Ұйымдастырушы, кеңесші, (ойын ережесін» түсіндіруші, (желі әкімшілігі» позициясын ұстанады, ол тек үдерісті ұйымдастырады.

Оқушының ролі

Бағынышты, жауапкершіліксіз, педагоги -калық әрекет объектісі.

Оқушы өз жетістігі үшін жауап береді, өз бетімен даму субъектісі, оқыту үдерісіндегі педагогикалық өзара әрекетте түрлі орын алады.

Бақылау

Орталықтандырылған және көпдеңгейлі бақылау идеясы негізге алынады, мұнда сынып жетекшісі бақылау нұсқаулардың барлық пунктіне қатысты «орындалды-орындалмады» сызбасы бойынша орындайды.

Ішкі бақылауын қосымша өзін-өзі бақылаумен және өзін-өзі бағалаумен, оқу іс-әрекетінің берілетін өнімдерін сыртқы сараптық бағалаудың маңыздылығымен толықтыруды талап етеді, бағалаудың рейтингілеу, жинақтау жүйесі, оқушының өзін және өзінің мектептен тыс жетістіктерін көрсету құралы ретінде портфолио құру неғұрлым лайықты саналады.

Негізгі бағдар

«Орташа оқушы», Жетістік деңгейі жағдаятқа қарай «орташа көрсеткіш» бойынша өлшенеді.

Оқушы жетістігінің мүмкін өрісіндегі көпдеңгейлі өлшем туралы айтылады.

Кестедегі мәліметтерден әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыру педагогикалық-психологиялық үдерісте тұлғалық мағына беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірегей тәсіл болып табылатынын көреміз. Әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыру– бұл психологиялық үдерістің нәтижесіне баса көңіл бөлетін тәсіл, оның үстіне нәтиже ретінде меңгерілетін ақпарат жиынтығы емес, оқушының әртүрлі проблемалық жағдаяттарда әрекет етуге қабілеттілігі ескеріледі. Әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыру білімдік парадигмадан біртіндеп мектеп бітірушінің қазіргі көпфакторлы әлеуметтік-саяси, нарықтық-экономикалық коммуникациялық және ақпараттық қаныққан кеңістік жағдайында тіршілік ету әлеуетін, қабілетін көрсетуге жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға қарай бет бұруды білдіреді. Диагностикалық әдістердің нәтижесін сараптама жасау негізінде өткен оқу жылының басында мектеп оқушыларының көбісінің (79%) әлеуметтік іс-әрекеттер жайлы түсінігінің төмен екендігін анықтадық. Әлеуметтік құзыреттіліктің мәнді құрамы тұлғаның танымдық және құндылық бейімділігімен, оның қатынастағы іскерлігі, іске деген жауапкершілігі мен өзіне деген сенімділігімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, диагностика нәтижесінде оқушылардың адамдармен қарым-қатынас жасауында, сыртқы ортамен санасу мәселесінде қиындықтар туындайтыны анықталды. 72 % оқушының қарым-қатынас жасауда деңгейі төмен, 22% орташа және 8 % ғана жоғары деңгейде екені анықталған. Сондықтан әлеуметтік құзыреттілік қалыптастыруда басқаны қабылдау және түсіну компонентіне ерекше көңіл бөлемін.

Әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыруды жүзеге асырудың төрт аспектісін (түрін, нұсқасын, желісін, бағытын) ажыратуға болады. Біріншісі – пәннен кең сипаттағы әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталады. Екінші желісі пәндік сипаттағы жалпыланған біліктіліктерді қалыптастырумен байланысты. Үшінші бағыты бүкіл мектептік педагогикалық-психологиялық қызметтің қолданбалы, практикалық сипатын күшейту болып табылады. Бұл бағыт оқушы мектепте алған білімдері мен тәрбиесінің қандай нәтижелерінің мектептен тыс жерлерде пайдалана алады деген қарапайым сұрақтан туған. Бұл бағыттың мәні мектепте алған тәрбиесінің бәрі болашақта тиімді болуы керек, яғни пайдаға асуы тиіс деген ойда. Төртінші желісі «өмірлік дағдыларды» игеру мәселесін шешу үшін білім беру мазмұнын жаңарту болып табылады. Бұны өмірде де, жұмыста да пайдаланылатын түрлі қарапайым біліктіліктер спектрі деп түсінуге болады. Көбінесе бұл дағдылар жасөспірім балаларға қажет. Бұл төрт бағыттың бәрі біздің мектеп үшін өте қажет. Бұлардың әрқайсысын орындау мектеп түлектерінің әлеуметтік құзыреттілігін, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі өмірге дайындығын арттыруға себептесетін болады. Интегративті тәсілдерді қолданудың мақсаты: Оқушыларға жаңа мүмкін жағдайлардың болатынын көрсету,айнала ортамен қарым-қатынас жасауда жаңа бағыттар беру.

Міндеттері:

1.Оқушылардың әлеуметтік құзыреттілік деңгейлерін анықтау.

2.Әлеуметтік құзыреттілік деңгейлерінің мониторингісін әр буын бойынша және мектеп бойынша жасау.

3.Әр буын бойынша жаттығулар жинытығын жасау;

4.Әр сыныпта «Қуаныш күнтізбесі» күнделік жазу әдісін қолдану.

Күтілетін нәтиже: оқушылардың әлеуметтік құзыреттіліктері артады, бұл дегеніміз басқа адамдармен қарым-қатынас жасау, бірлесу біліктіліктері болады және төмендегідей дағдылары, әлеуметтік құзыреттіліктері қалыптасады:

Кесте 2 – Оқушыда қалыптасатын әлеуметтік құзыреттілік қасиеттері

Әлеуметтік құзыреттілік

Әлеуметтік құзыреттіліктің жеке элементтері

Сезіммен жұмыс

тыңдай білу;

әңгімелесе алу;

сұрақ қою;

алғыс айту;

басқаны мақтау;

басқаны әңгімеге тарту;

өзі туралы жағымды пкір туғызу;

«неге» деп сұрау;

көмек сұрау;

кешірім сұрау;

басқаны сенгізу;

нұсқауды сақтау;


өз сезімін білу;

басқаның сезімін түсіну;

өзін басқаның орнына қойып көру;

басқаның ашуына түсіністікпен қарау;

бірге екеніңді білдіру;

қорқынышты жеңу;

өзіңді өзің мадақтау;

М.И.Лисинаның пікірінше қоғамда барлығы қарым-қатынас және түсіністік арқылы шешіледі [3]. Сондықтан баланы кішкене жасынан басқамен қарым-қатынасқа үйрету маңызды. Сондықтан, тұлғаны әлеуметтендіру барысында жоғарыда айтылған ойларды негізге ала отырып, оқушыны өмірлік табысқа жеткізу қажет. Ол үшін тұлғалық-іс-әрекеттік теориясын басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаны әлеуметтік мәні бар іс-әрекетке бейімдеп, мектеп оқушыларын іс-әрекетінің белсенділігін төмендегідей қағидалар арқылы жүзеге асырамын:

  • психологиялық қызметтің мақсаттарын әлеуметтік құзыреттілік қалыптастыруға бағыттап, қайта қарастыру;

  • іс-әрекет әдістері мен тәсілдерін осы мақсаттарына сәйкестендіру; жаттығулар жүйесін өмірлік жағдаяттарға сәйкестендіру;

  • өзіндік тәрбиені өзіндік бақылау мен өзіндік реттеу арқылы жүзеге асыру;

  • қоршаған әлем, басқа адамдармен қарым-қатынас тәжірибесін жинақтау;

  • интегративті тәсілдерді жинақтау;

Оқушыларды дамытуға арналған интегративтік тәсіл әртүрлі құралдар мен бірнеше іс-әрекеттерді біріктіру қағидатына сай құрылады. Интегративтік тәсілге көптеген белсенді қозғалыс түрлері жатады: сергіту сәттері, театрландырылған ойындар, қозғалыс үзілістері (кідіріс). Интегративтік тәсіл оқушылардың сөздік қорын кеңейтуге, коммуникативтік біліктіліктерін дамытуға, эстетикалық талғамдарын дамытуға, көркемөнер туындыларын түсіну және бағалауға мүмкіндік береді. Аталған оқыту тәсілі психикалық процестерге әсер етіп қиындықтарды жоюға, өмірлік жағдаяттарға бейімделуге мүмкіндік береді.Педагог-психолог ретінде баланың даралығын шектемей, балалардың бір-бірімен өзара достық, ұстамды қарым-қатынастарын орнатуына қолғабыс жасап, балалар өздерін жеңіл және еркін сезінетін ыңғайлы моральды-психологиялық жағдай туғызамын. Педагогикалық-психологиялық шараларды ұйымдастырудың фронтальдық, топтық және дербес формаларын қолдану арқылы мектеп оқушыларын төменгі сыныптар, орта сыныптар және жоғары сыныптар арқылы 3 топқа бөле отырып, инегративті тәсіл арқылы төмендегі түрде ұйымдастырамын.

1.Әлеуметтік-психологиялық ағарту шаралары. Дәріс, семинар түрлеріндегі ақпараттық іс-шаралар. Дәріс мазмұны нақты мысалдарды бейнелейтін көрнекіліктермен, осы заманғы ақпараттық-коммуникациялық құралдар мүмкіндіктерін пайдаланумен байытылып отырады.

2.Психологиялық кеңестер жеке сипатта болады. Нақты мәселе бойынша берілер кеңестер  аса биязы, алдындағы адамның жүрегін жараламайтындай, көңіліне қаяу салмайтындай, мәселенің шешілуіне сендіре білдіру, үміт отын жағу арқылы кәсіби білікті түрде жүзеге асырылады.Психологиялық кеңестің сенімділікте өтуіне көңіл бөлемін.

3 «Ашық әңгіме» пікірталасы – ортақ мақсат біріктірген оқушылар көңіліндегі түйіткілерін ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасуы. Өмірлік тәжірибесі мол мұғалім, ата-ана немесе қоғамда белглі тұлғамен бірге ұйымдастырамын.

4.Психогимнастика - бұл баланың көңіл-күй ахуалын реттеуге арналған арнайы жаттығулар кешені. Негізгі мақсаты – қарым-қатынас барысындағы кедергілерді жеңу, өзін және басқаларды түсіне білуіне жетілдіру, өзін-өзі таныта білу мүмкіндіктерін жасау.

5.Психотренинг – бұл да қолданбалы психология ғылымының белсенді әдістерінің бірі. Басты мақсаты – қарым-қатынас іскерлігін дамытуға, сезімталдықты жетілдіруге және мінез-құлық реттеуге бағытталған. Жұмысымның басын әлеуметтік педагогпен бірлесе отырып, оқушылардың «Әлеуметтік портретін» жасаудан бастадым. (Қосымша1) Бұл  құжат қарапайым болып көрінгенімен ,оның мазмұны оқушының тұлғалық, негізгі әлеуметтік психологикалық  мінездемесін зерттеуге, оқушының әлеуметтік  тәрбиесінің  деңгейін көтеруге бағытталған нақты тәрбиелік іс-шараларды атқаруға мүмкіндік береді. Оқушылардың өмірлік құндылығын анықтауда «Мен нені жақсы көремін? Мен нені жақсы көрмеймін?» саулнамасына жауап аламын.Сондай-ақ, «Аяқталмай қалған хат» тәсілі бойынша бейтаныс досына хат жазғызамын. Онда оқушы «Мен болашақта жақсы өмір сүремін, себебі... немесе Мен болашақта жақсы өмір сүре алмаймын, себебі....» Осы тұста оқушының әлеуметтік құзыреттілігінің болашақта өмір сүруіне жарамдылығын,нені дамыту керектігін білуге болады.Келесі интегративті тәсілдің бірі «Фантастикалық таңдау» Мақсаты: Сиқырлы жағдайды пайдалана отырып, баланың қажеттілігін білу. Бұл ретте  Алтын балық сенен

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!