Материалдар / Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру жолдары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру жолдары атты мақала математика пәнінің мұғалімдеріне арналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2022
518
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Павлодар облысы, Качир ауданы

Қ.Оспанова атындағы №3 жалпы білім беретін

орта мектептің математика пәнінің мұғалімі

Жумабекова Жанар Сериковна


Оқушылардың функционалдық математикалық

сауаттылығын арттыру жолдары.


Функционалдық сауаттылық дегеніміз-адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: белсенділік; шығармашылық тұрғыда ойлау; шешім қабылдай алу; өз кәсібін дұрыс таңдай алу; өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Қазіргі білім беру жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі - білімді, бәсекеге қабілетті, функционалдық сауатты, алған білімін шынайы өмірде өзін-өзі жүзеге асыруға қолдана білетін тұлғаны тәрбиелеу.

Математика сабағындағы негізгі сауаттылыққа мыналар жатады :

  • Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика

барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады.


  • Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі.

  • «Математикалық сауаттылық» ауызша, жазбаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу қабілетін шыңдайды.

  • Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты, жаңалықты дұрыс

қабылдап, түсінуге көмектеседі.

  • Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық

тұрғыдан қалыптастыруда да тәрбиелік мәні бар.

Математикалық сауаттылықты қалыптастыру үшін:

  • теорияны білу , оны логикамен ұштастыру;

  • есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу;

  • математикалық сайыс сабақ, пән кеші, апталықтарды математиканың даму

тарихымен байланыстыру қажет.

Біздің заманымыз ғылым мен техниканың ғарыштап дамыған кезеңі, біз ұстаздар сол заманмен бірдей қадам басуға міндеттіміз, себебі біз бала тағдырына жауаптымыз. Сондықтан оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру үшін мынадай жұмыстар жүргізуіміз керек:

  • Сабақ берудің жаңа технологиясы негізінде құрастырылған сабақтың әр

тарауы, әр тақырыбы бойынша “білу – түсіну – қолдану – тұжырымдау”

деңгейлік тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жасауды күшейту;

  • Сабақта практикалық мазмұнды есептерді, әртүрлі форматтағы тест тапсырмаларын, стандартты емес жағдайларда білімді қолдануға арналған қызықты есептер шығарту;

  • Математика пәні сабақтарында, таңдау курстарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға үйрету;

  • Халықаралық зерттеулер мен Ұлттық емтихандардың нәтижелері бойынша

мектепте оқушылармен мақсатты түрде жұмыс істеу;

  • PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеулерді жүргізудің маңыздылығы мен ерекшелігі туралы ата – аналарды, оқушыларды, қоғамды кеңінен таныстыру;

Жаңа технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу

ұстаздардың басты міндеті. Жаңа технологияның тиімділігі сол, оқушы: мақсат қоюға үйренеді; есте сақтау қабілеттері дамиды; басқалармен бірігіп жұмыс жасайды; кітаппен жұмыс жасауға үйренеді; қатарынан қалмауға тырысады; дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі; әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады; өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. Мұғалім: жүйелі тапсырма беруге ұмтылады; оқушыны жан-жақты танып біледі; қарым қатынас орнатады; оқушылардың өзара әрекеттесуіне жол ашады; оларға шығармашылық еркіндік беріледі.

Оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру жолдарының бірі математика сабақтарында ақпараттық оқыту технологиясынан интерактивтік тақтаны қолдану. Интерактивті тақта арқылы да оқушылар жаңа материалдарды арнаулы бағдарламалар көмегімен мүмкіндігінше меңгерумен қатар функционалдық сауаттылығы да артады.

Қазіргі таңдағы ақпараттандырылған заманда сабақта интерактивті тақтаны тиімді пайдалана отырып, оқушының білім сапасын шығармашылық негізінде арттыру - өмір талабы. Ол үшін мұғалім тиімді интерактивті әдістер арқылы проблемалық ситуациялар туғызып, оқушылардың топтық жұмысының нәтижесінде олардың өз бетімен тақырыпты түсінуге қолайлы жағдай туғызады, танымдық қызметін басқарып, ілгері жетелеп отырады. Соңында оқушылар өздері қорытындысын шығарып, практикалық жұмыстармен бекітеді.

Математика пәнінің басты мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін арттыруда есептің атқаратын ролі зор. Себебі, есеп шығару – мидың “гимнастикасы”. Логикалық ойлау қабілеті жоғары оқушы қай пәннің материалын болса да оңай меңгеріп тез түсінеді. Сондықтан бұл пәннен оқу үлгерімі жақсы оқушының басқа пәндерден де үлгерімі жақсы болады. Себебі әр пәннің оқу материалдары мазмұндары жағынан әр түрлі болғанымен оны игерудегі логикалық ойлау операциялары мен ой қорыту формалары бірдей болып келеді. Америкалық педагог-математик Д.Пойа былай деген: «Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес, ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өзіндік болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару». Сондықтан, орта мектептің математика курсының бірінші әрі ең басты міндеті есеп шығарудың әдістемелік жақтарына назар аудару.

Математиканың теориялық негізін есеп түрінде меңгеру оқушының ойын белсендіреді, икемділік, жылылық, тереңдік, жинақылық, жүйелік т.б. тәрізді қажетті қасиеттерді қалыптастырады. Сонымен қатар, есептер математикалық білім, білік дағды жүйесін қалыптастырудың маңызды құралы, ал есеп шығару - оқу және кәсіптік әрекеттің жетекші түрі. Әрбір есептің өзіндік әдістемелік мақсаты да бар. Сондықтан оқушы есепті жылдам әрі қатесіз шығаруға, жаттыға түсуге ұмтылудан гөрі, оны шығармашылықпен шешуге, шешімінен тиісті қорытынды жасай білуге тырысуы қажет.

Математиканы үйренумен белсенді шұғылдану, шын мәнінде, есеп шығару. Математикалық есептердің тәрбиелік мәні зор. Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады. Тиімді шешімді іздеп жазудың, сызудың ықшамдығы мен мұқияттығын керек етеді






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!