Материалдар / Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тапсырмалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілі мен қазақ әдебиеті ұстаздарына қорытынды аттестаттау кезінде қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2021
1435
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік жазба

ХХІ ғасыр – жаңа жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктердің уақыты...

«Қазақстан-2030 Стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Еліміз жоғары дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналу үшін біз жоғары білімді ұлтқа айналуымыз керек. Қазіргі кезде тек қана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып тұр. Біздің азаматтарымыз заманауи өндірістік құралдарымен жұмыс жасауға, үнемі білімдерін жетілдіруге дайын болуы тиіс. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтарымыздың функционалды сауаттылығына көп көңіл бөлуіміз қажет» - деп атап көрсетті.

Оның негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасы оқушыларының функционалдық сауаттылығының дамуы үшін жағдай туғызу, алған білімдерін өмір­де тиімді қолдануға үйрету.

Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор болып табылады. Осы стратегиялық маңызды мәселенің басты негізі -тұлғаның  функционалдық сауатттылығы: белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру және мәселенің шешімін, даму жолдарын таба білуін, өмір бойы оқуын қалыптастыруға тікелей байланысты.

Мақсаты: білім алушылардың ой өрісін кеңейтуге, мұқият оқу дағдыларын дамытып, өз ойын еркін жеткізуге, қорытынды аттестаттауға дайындауға бағытталған. Оқушының оқу жағдайларын шешуде әрекет ету әдістерін, тәсілдерін, білігін, бұрын меңгерген білімін, дағдыларын қолдануға үйрету. Оқу құралы оқу бағдарламасы негізінде оқушылардың сауаттылығын әрі ой еркіндігін ширату, дағдыландыру мақсатын қажет етеді.

Міндеттері:

  • Күнделікті тұрмыста, әлеуметтік ортада қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету және қазақ тілінде сауатты жазуға төселдіру;

  • Оқылым мәтіні бойынша өз сөзімен, ойын перифраза жасауда сауаттылығын арттыру;

  • Берілген сұрақтарды дұрыс түсініп, тұжырым жасау қабілетін арттыру, толық жауап беруге төселдіру.

Өзектілігі: білім мазмұны оқушылардан өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған, яғни оқушыларды тілді меңгеруге мақсатты, әрі жүйелі түрде бағыттау керек.

Ерекшелігі: үстіміздегі ғасыр жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Олай болса, мұғалімнің алдында тұрған бірден-бір мақсат – оқушылар алған білімін пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын, оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана алатын, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлға, азамат болып жетілуіне ықпал ету. Оқу материалдарын қарапайым тілдік құбылыстардан күрделіге қарай, дарадан жалпыға, жекеден тұтасқа, нақтыдан дерексізге қарай, сондай-ақ дедукциялық бағытта құру, жалпыға түсінікті ету мақсатында мәтіндерді ықшамдау, өзгерту, түрлендіру, екшеп сұрыптау.



Өзектілігі: Алған білімді өмірлік міндеттерді шешу үшін қолдана біліу қабілетінің артуына әсер етеді.Сонымен қатар, жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, мамандығына жасына қарамай үнемі білімін жетілдіруге ұмтылдырады. Қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, дінін,тілін терең меңгеріп, сауатты пайдалануға жетелейді.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттауда жаңартылған білім мазмұны бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын, білімі, білігі, икемі мен дағдыларды меңгеруде нәтижеге қол жеткізу оқу құралының өзектілігі.

Тәжірибешілік маңыздылығы: Оқушылардың мәтінді ұғына оқу қабілеттілігі және кері байланыс жасай алуына ықпал етеді. Мазмұнын өз мақсатына қол жеткізу үшін қолдана алуына жол ашады, ақпаратты іздеу, іріктеу және жинақтау дағдылары іске асады.

Қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылықтың

ерекшеліктері мен күтілетін нәтижелері

1. Мәтіннен қажет болатын мейлінше көп ақпарат алу;
2. Мәтіннен ең қажетті ақпаратты табу;
3. Мәтіндегі ақпараттарды жіктеу;
4. Бұрыннан таныс және жаңа ақпараттарға жіктеу;
5. Терең мазмұнды ақпаратты табу;
6. Күрделі мәтінді қорытындылау;
7. Мәтіннен ой түю.

Күтілетін нәтиже:
1. Мағынаны ажырата алады;
2. Топпен жұмыс істеу құзіреті артады;
3. Көшбасшылық анықталады
4. Білім, білік, дағды деңгейі көтеріледі
5. Өз ойын айтуға төселеді
6. Функционалдық сауаттылығы артады.

Тәжірибелік құндылығы:

Қазіргі таңда жеке адамның білімділік деңгейіне деген талаптар өсуде. Жаңа жағдайдағы оқу үрдісі оқушылардың жан-жақты құзыреттілігіне, өмір бойы білімдерін жетілдіруіне бағытталу міндетті. Жеке тұлғаның құзыреттіліктерінің даму алғышарты – ол адамның бойындағы функционалды сауаттылықтың болуы. Функционалды сауаттылыққа ие болудың жағымды жақтары көп, оның ішінде – оқушылар әлемнің өзгерістеріне жедел әрі оңай бейімделеді. Олай болса, олар заманға сай дамып, әр саланың білікті де білімді мамандары бола алады. Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік білімдер, ептілік және дағдылар, ал ұйымдастыру түріне – мәселелік жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі оқушылардың құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады, яғни функционалдық сауаттылығының дамуына сеп болады.
Білім саласындағы ең өзекті мә­селенің бірі– функционалдық сауаттылықты дамытуда оқу­шы­лардың жетістіктерін мо­ни­то­рингілеу мен кешенді ба­ға­лау   ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі.    

Ұлттық жүйеден – жыл сайын өтетін оқу жетістіктерін ішкі бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеу мәселесі жүргізілсе, 2012 – жылдан бастап PISA,TIMSS және PIRLS сияқты халықаралық зерт­теулер өткізілуде. Бұл зерттеулер – әлемдік білім берудегі біздің позициямызды бағалаудың жауапты кезеңдері болмақ және де осы шараларға толық дайындық республика көлемінде жүргізіліп жатқаны мәлім.

Жоғарыда аталған жайтты жалпылай келе, функционалды сауаттылық – оқу қызметінде және күнделікті өмірде жалпы білім беретін мектептер бағдарламалары бойынша оқушылардың пәндік білімдерден басты құзыреттіліктерді игеріп, белгілі бір деңгейге жетуі деуге болады.
Мұғалімнің кәсіби даярлығы да соған сай болуы  және оқу бағдарламалары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және түйінді, пәндік құзыреттерге қол жеткізуге бағытталуы керек деп ойлаймын. Ендеше, біз жұмысымызды осы бағытта құра отырып, жұмыс жасауды межеледік.

Қорытынды аттестаттау сипаттамасы

Оқылым және жазылым

1 сағат 20 минут

Емтихан жұмысы өтілген тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзінділерімен жұмысқа негізделеді (мәтіндердің жалпы көлемі 400-450 сөз).

Білім алушылар мәтін үзінділері негізінде 170-200 сөзден тұратын жазба жұмысын (эссе) орындайды.

Гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептің білім алушылары үшін емтихан жұмысы өтілген тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзінділерімен жұмысқа негізделеді (мәтіндердің жалпы көлемі – 450-500 сөз). Білім алушылар мәтін үзінділері негізінде 200-250 сөзден тұратын жазба жұмысын (мақала, эссе, әңгіме) орындайды.

Тапсырмада білім алушылардың мәтін ақпаратын тиімді пайдаланып, стильдік және жанрлық ерекшелікті сақтап, аргументтер келтіре отырып, жүйелі және сенімді жаза алуы, өз ойларын дәлелді жеткізуі, сонымен бірге сөздік қор мен орфографиялық, грамматикалық норманы сауатты қолдану қабілеттері бағаланады.

Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.

Максималды балл

20 балл


    1. Бағалау міндеттері

1-БМ

Коммуникативтік құзырлық

Білім алушы:

  • әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсініп, интепретациялауы;

  • әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алып, оларды талдауы және жинақтауы;

  • білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазуы;

  • ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, хат және т.б.) жазуы тиіс.

2-БМ

Тілдік құзырлық

Білім алушы:

  • орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық, пунктуациялық нормаларды сақтауы тиіс.


    1. Балдардың үлестірілуі

Бағалау міндеттері бойынша балдардың бөлінуі кестеде ұсынылған.


Бағалау міндеттері

Емтихан жұмысы

1-БМ Коммуникативтік құзырлық

10

2-БМ Тілдік құзырлық

10

Барлығы

20


Балл қою кестесі

Коммуникативтілігі

Тіл сапасы

9–10 балл

  • Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын терең түсінеді.

  • Өз ойын жүйелі жеткізу үшін ақпаратты өңдеп, ұтымды қолдана біледі.

  • Сәйкес стильді жоғары деңгейде қолданады.

9–10 балл

  • Терең идеяларды жеткізу кезінде грамматикалық және лексикалық нормаларды өте жақсы түсінеді.

  • Тілі өте сауатты, бір ғана ұсақ қате болуы мүмкін, көркем, таза жазады.

7–8 балл

  • Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын жақсы түсінеді.

  • Өз ойын жүйелі жеткізу үшін ақпаратты өңдеп, орынды қолдана біледі.

  • Сәйкес стильді жеткілікті деңгейде қолданады.

7–8 балл

  • Кейбір идея мен түсініктерді жеткізу кезінде грамматикалық және лексикалық нормаларды жақсы түсінеді.

  • Тілі сауатты, екі ұсақ қатесі болуы мүмкін.

5–6 балл

  • Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын қанағаттанарлық деңгейде түсінеді.

  • Өз ойын жеткізу үшін кейбір ақпаратты өңдеп, қанағаттанарлық деңгейде қолданады.

  • Сәйкес стильден ауытқу байқалады.

5–6 балл

  • Өз ойын жеткізуде қолданған грамматикалық және лексикалық нормалары қанағаттанарлық деңгейде.

  • Тіл сауаттылығы қанағаттанарлық деңгейде. Үш-төрт ұсақ және ірі қате кездеседі, бірақ мағынаны түсінуге кедергі келтірмейді.

3–4 балл

  • Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын түсінуі шектеулі.

  • Өз ойын жеткізу үшін аздаған ақпаратты өңдеу кезіндегі кейбір талпынысы көрінеді.

  • Бірізділік сақталмаған және стильді қолдануда қателер жібереді.

3–4 балл

  • Өз ойын жеткізуде қолданған грамматикалық және лексикалық нормалары шектеулі.

  • Тілі сауатсыз, ұсақ және ірі қателері мағынаны түсінуге кедергі келтіреді.

1–2 балл

  • Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын түсінуі өте шектеулі.

  • Ақпаратты өңдемей дайын күйінде қолданады, сондықтан өз ойын білдіруі байқалмайды.

  • Белгілі бір стильдік бірізділік жоқ.

1–2 балл

  • Қолданған грамматикалық және лексикалық нормалары өзара байланыспайды.

  • Мазмұнды түсінуге қиындық келтіретін ұсақ және ірі қателер өте жиі кездеседі.


0 балл

  • Мәтіннің аудиториясын, жанрлық ерекшелігін және мәтін мазмұнын түсінбейді.

  • Көлемі жағынан жеткіліксіз, ұсынылған ақпаратпен байланыс жоқ.

0 балл

  • Грамматикалық және лексикалық нормаларды қолдануда ірі және ұсақ қателер тұрақты қайталанады.






















А-мәтін

Мәңгілік ел-Тәуелсіз Қазақстан

Қазақ ұлтының сақталуы, ықылым заманнан-өзі мекендеген ата жұртында дербес мемлекет ретінде шаңырақ көтеріп, егемен ел ретіндегі өркендеуінің бастауы Тәуелсіздікке келіп тірелетіні анық. Сондықтан да қазақ елі үшін қандай да болмасын мерекенің, мейрам мен тойдың атасы -Тәуелсіздік күні екендігі даусыз, әрі бұл солай болуы да тиіс. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. 28 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. 

Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған Тәуелсіздік,егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн біздің Отанымыздың әрбір азаматы, үшін қастерлі мереке. Мінекей,ел болып, тереземіз басқа жұртпен тең болып, халықаралық деңгейде толыққанды мойындалған мемлекет ретінде өмір сүріп жатқанымызға да 28 жылдың жүзі болып отыр. Тарих үшін соншалықты зор кезең болмағанымен, осы жылдар ішінде ғасырларға бергісіз қыруар істер атқарылды. Экономикалық, әлеуметтік, саяси, қауіпсіздік мәселелерінде, оның ішінде жақандық өңірлік проблемаларға қатысты өз алдына дербес шешім қабылдай алатын, өз ұстанымын паш ете алатын егемен мемлекет бола алатынымызды барлық қырынан айқындап мойындаттық. Халықаралық бастамалармен бірге, әлемдік деңгейдегі іс-шараларды дүниежүзілік, адамзаттық маңызды форумдарды да жоғары деңгейде ұйымдастыратын жұрт екенімізді таныттық. Дегенмен, бүгінгі жетістік, Алаш асқан асудың баршасы қалай келді? Олай болса осынау тарих жолында көкбөрідей киесі бар, көк түріктей иесі бар қазақ халқының сағы сынбады, бағы жанды. Тағдырымызға тәубә. Небір қилы заманды, тар жол тайғақ кешуді басынан өткерген қазақ халқына Алланың мейірі түсіп, Егеменді ел атандық. 200 сөз

1.Мәтінде айтылмаған мәселені көтеріңіз.

Ә –мәтін

Өміріңізге әсер ететін жағымсыз көзқарас.

Қаншалықты тәуелсіз болсақ та, өзгелердің пікіріне құлақ асамыз.Оған көп көңіл бөлген сайын, ол біздің өмірімізге түбегейлі әсер етуі мүмкін. Адамзаттың табиғаты сол, біз елге сүйкімді, сыйлы болғымыз келеді.Бірақ бұл үшін әрдайым ел не дейді екен деп жалтақтау дұрыс па? Елдің не ойлайтыны маңызды емес және мұнымен бас қатырудың қажеті жоқ. Бұл әрине, ойыңа не келсе соны істеу керек дегенді білдірмейді. Өзіңізге маңызды деген адамдардың пікірін тыңдаңыз,саралаңыз, тек содан кейін ғана не істеу керектігін шешіңіз. Себебі туғандарыңыз да қателесуі мүмкін ғой. Егер сіз әлі де өзгелердің қыспағы мен пікірінен айырыла алмай жүрген болсаңыз, онда содан арылтуға көмектесетін ойлау жүйесін қалыптастырыңыз.

Көзі,құлағы,аяғы жоқ бола тұрса да,ағаш өзіне қажетті нәрселерді топырақтан алады.Тамыр өзіне қажетті топырақты қалай тауып алады? Басқа тірі жандарғада қалай өмір сүру қасиеті сол күштің арқасында алдынан тас шықса да, тесіп өтеді.

Жаңа заманның нарық қатынастарына көшу жағдайларына жастардың мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесіндегі орны түбігейлі өзгеруде. Сондықтан, қоғам мен мектеп алдында жастардың өздері үшін, сондай – ақ бүкіл қоғам үшін әлеуметтік – адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр.  176 сөз

1.Мәтіннен қандай қорытынды шығарылады?-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2.«Қателеспейтін адам жоқ екенін біле тұра,қателікті қайталаудың пайдасы барма?» Өз пікірңізді білдіре отырып,хабарламалық эссе жазыңыз.

www.cpm.kz cайтынан


Отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны

1-мәтін

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да:

«Ана – үйдің берекесі,

Бала үйдің – мерекесі.

Бұтағымен ағаш сымбатты,

Ұрпағымен адам қымбатты.

Бала болсаң балғындай бол.

Айналаңа қорғандай бол» - деген қағиданы берік ұстаған ата-бабаларымыз өз ұрпағын«адам» деген атаққа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі - өнегесінің мәнісі зор. Отбасы

тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Адамзат баласы ананың мейірлі мейіріне қанып, әке өсиеттерін тыңдап өссе ғана тәрбиелі отбасынан шыққанын көпке таңытады. Ана–бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады.

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. 200 сөз

Ә –мәтін

Бір кісі баласының жайсыз қылықтарын көрген сайын кейіп «Әй, сен адам болмасссың!»-деп ұрса беретін көрінеді Әкесінің қайталап айта беретін әлгі сөзіне іштей ерегіскен баласы бар ынтасын оқуға салып,өскенде бір аймаққа әкім болуға жарапты.Әкес

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!