Материалдар / «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған таңдау курсы Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты және жоғары сынып бағдарламасына сәйкес, жалпы білім беретін мектептің 8-сыныптарына арнайы құрастырылған.
Авторы:
17 Қаңтар 2024
580
66 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Павлодар облысының білім беру басқармасы

Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің

«Үшқұлын жалпы негізгі білім беру мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер»


Қазақ тілі мен әдебиеті

пәндерінің мұғалімі Бораншы Саулегул



Б



аянауыл, 2023

Мазмұны



І. Кіріспе


1.1Түсінік хат ----------------------------------------------------------------------------------

3

1.2Авторлық бағдарламаның мақсаты, міндеті, күтілетін нәтижесі ---------------

4



ІІ. Негізгі бөлім


2.1. Авторлық бағдарламаның тақырыптық жоспары----------------------------------

5

2.2. Авторлық бағдарламаның мазмұны --------------------------------------------------

7

2.3. Авторлық бағдарламаның теориялық бөлімі----------------------------------------

9



ІІІ. Тәжірибелік бөлім


3.1.Авторлық бағдарламаның тәжірибелік бөлімі --------------------------------------

13


ІY. Қорытынды бөлім ----------------------------------------------------------------------


25



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ------------------------------------------------------

26


















І. Кіріспе

Түсінік хат


Ұсынылып отырған таңдау курсы Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты және жоғары сынып бағдарламасына сәйкес, жалпы білім беретін мектептің 8-сыныптарына арнайы құрастырылған.

«Функционалдық сауаттылықты дамыту» таңдау курсында орта буын оқушыларының психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздері қамтылған. PISA халықаралық зерттеуінің оқу сауаттылығы бойынша түрлі тапсырмалары оқушының жеке ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. Зерттеудегі шығармашылық тапсырмалар оқушыларға олардың өмірінде қандай рөл атқаратынын түсінуге көмектеседі. Оқу сауаттылығына білім алушының жазба жұмыстарды түсінуі және оларға рефлексия жасауы, өзінің мақсаттарына жету жолында олардың мазмұнын пайдалана алуы, білімінің дамуы және қоғамдағы өмірге белсене қатысу мүмкіндігі жатады. Оқығанын өмірлік мақсаттарға қолдана алу түсінігі мен қабілеті бағаланады.

Бұл мақсатқа жету жолында бағдарламаның жұмысының жүйесін түсініп, құру қажет.

Нақты басшылыққа алынатын сапалар:

логикалық ойлау;

белсенділік;

шығармашылық тұрғыда ойлау;

шешім қабылдай алу;

қорытынды жасай білу.

Оқытудың белсенді формаларын, яғни оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәніне ынтасын арттырып, сабақты қызықты және мазмұнды өткізетіндей, ойлау қабілеттерін дамытатындай, оқушы ізденісіне жол ашатындай төмендегі әдіс- тәсілдерді қолдануға болады:

оқу жұмысының топтық түрлері;

дамытушы оқытуға арналған ойындар;

оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану: пікірталас сабағы, ойын сабақтары, проблемалық сабақтар, викторина сабағы.

Ең бастапқы кезең мен соңғы нәтижеге дейін оқушылардың бойына қызығушылық пен ынтаны сақтап қалу қажет.

Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық сұрақтарға жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы және алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланған мұғалімнің шәкірттері шығармашылықпен жұмыс істеуге тез дағжыланады.




Бағдарламаның мақсаты:

Функционалдық сауаттылықты  дамыту үшін білім алудағы қажеттілікті күнделікті қолдану, сапалы оқыту, оқытудың озық технологияларын тиімді пайдалану жолдарын меңгеру. Зияткерлік, рухани, адами тұрғысынан дамыған, әлемдегі әлеуметтік өмірге бейімдеу.


Бағдарламаның міндеттері:

  1. Білім берудің жаңартылған жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру;

  2. Оқушылардың сыни ойлауының қалыптасуына бағытталған түрлі әдіс- тәсілдерді жобалап нәтижеге бағыттау, оқушылардың оқу-танымдық қызметін жоспарлау дағдыларын қалыптастыру;

  3. Оқытуды бағалаудың әртүрлі тәсілдері және түрлерімен таныстыру;

  4. Оқушылардың тілдік бірліктерді жұмсаудағы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.


Күтілетін нәтиже:

  • Функционалдық сауатты  оқушылар рухани бай, кітап оқуға құштар, ұлттық құндылықты бағалай біледі;

  • Келешек өмірге дайын, өмірде табысқа өздігінен қол жеткізе алады;

  • Бәсекелестіктің озық нышандарының бірі сауатты тұлға болып қалыптасады;

  • Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал ететіндей алған білімін практикада қолдана алады.














2.1. Авторлық бағдарламаның

тақырыптық жоспары

8- сынып

р/с

Тақырыптық жоспар

Сағат саны

Қолданылатын

әдіс –тәсілдер

1

 Кіріспе. Функционалдық сауаттылық туралы

түсінік.

1


І бөлім мәтінмен жұмыс


2

Мәтінмен жұмыс (кіріспе сабақ)


1

«Жүгіріп диктант жазу» әдісі,

«Мәтінмен жұмыс» әдісі

3

Мәтіннен негізгі идеяны табу


1

«Болжам кестесі» әдісі

4

Мәтінге сүйеніп диалог құрастыра білуге дағдыландыру

1

«Болжау» стратегиясы

5

Мәтіннен түсінгеніне сүйеніп, ой қорыта білуге дағдыландыру

1

«Жағдаяттық жаттығулар» әдісі

6

 Берілген жоғары-төмен дәрежелі сұрақтарға жауап беру

1

«Үш қадамды сұқбат» әдісі

7

Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату

1

«Тұжырым кестесі» әдісі

8

Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу

1

«Орынсыз жауаптар» әдісі

9

Мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау

1

«Концептуалды кесте» әдісі

10

Мәтіннен ақпаратты анықтау


1

«Жоба әзірлеу» әдісі

11

Мәтіннің жалғасын құрастырып жазу дағдыларын қалыптастыру

1

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісі

12

13

Қорытынды тапсырмалар мәтіндерді талдау

2

«Түсін мені» әдісі,

ІІ бөлім Эссе жазу дағдыларын дамыту

14

15

Эссе жазу дағдыларын қалыптастыру

2


16

 Эссенің құрылымымен таныстыру

1


17

Эссе жазу «Анаға сағыныш»


1


18

Эссе жазу «Көп тіл білу заман талабы »

1


19

Эссе жазу «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік»

1



ІІІ бөлім Көркем шығарманы талдау


20

Көркем шығармаға сатылай кешенді талдау жасау

1

«Бағыталған оқу» әдісі


21

Көркем шығарманың тілін талдау

1

«INSERT» әдісі


22

Көркем шығармадағы образын талдау

1

«Данышпан үкілер» әдісі


23

Шығарма үзінділерімен жұмыс


1

«Тұжырымдамалық кесте» әдісі,


24

Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын талдау

1

«SWOT талдау» әдісі,

«Ұқсастық пен даралық» әдісі

25

Әдеби шығарманың композициясын талдау

1

Сатылай кешенді талдау

26

Шығарманың көркемдік ерекшелігін талдау

1

«Соңғы сөйлемді мен айтамын» әдісі

27

Шығармадағы кейіпкерлердің образын талдау

1

«Әдебиет лотосы» әдісі


28

Көркем шығарманың тілін талдау

1

«Оқиға картасы» әдісі, «Әдеби шеңбер» әдісі

29

Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі салыстыра талдау

1

«Кейіпкерлер әлемі» әдісі

30

Шығармадағы әдеби-теориялық ұғымдарды талдау

1

«Көркем шығарманы сатылай кешенді талдау» әдісі

31

Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

1

«Балық қаңқасы» әдісі, «Оқиға тауы» әдісі

32


Көркем шығарманы стилистикалық тұрғыдан талдау

1

«Оқиға картасы» әдісі

33

34

Шығармашылық жұмыс


2

«Қатені тап» әдісі, «шындық па, жалған ба?» әдісі, «SWOT талдау» әдісі
















Материалды жүктеу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!