«Мемлекеттік тілде оқытатын
Заречный орта мектебі»КММ
Бегайдарова Асемгуль
Серикбаевна
химия пәнінің
мұғалімі
Оқушылардың ғылыми- жаратылыстану сауаттылығы
мен креативті
ойлауын қалыптастырудың әдістері мен
тәсілдері
Оқушылардың
ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын арттыру арқылы ғылымға деген
көзқарасын оятуға болады.Химия пәнінен функционалды сауаттылығын
арттыру үшін оқушылардың кретивтілігін,ойлау қабілетін дамыту
қажет.
Креативтілік ақыл-ой қабілеті немесе оқуға
қабілеттілік сияқты адамның бойында бар немесе жоқ деп кесіп
айтатындай туа біткен қасиет емес. Оны дамытуға болады, сондықтан
оқушыларды креативті болуға үйретуге болады. Креативтілік балаларды
бақылаусыз өз бетіне жіберу арқылы немесе тек өнер арқылы ғана
дамиды деген кең таралған жаңсақ ұғымның болуына қарамастан,
креативтілікті дамыту мұғалімдер мен оқушылардан жүйелілік пен
мақсаттылықты талап етеді және оған оқу пәндері арқылы қол
жеткізуге болады [1].
Оқушылар алған білімдерін өмірде қолдануға
болатынын түсінген кезде, олардың оқуға және меңгерген білімдерін
шығармашылықпен пайдалануға ішкі мотивациясы арта түседі. Оқушылар
өздерінің оқуға деген қабілетін оң бағалап, сәтсіздіктеріне өмірлік
тәжірибе ретінде қараса, бұл олардың креативтілікке бейім екендігін
көрсетеді.
Проблемаларды белгілеу және оларды шешу, оқуды
үйрену, кешенді коммуникация, іргелі білімдерді меңгеру сияқты
пәндік дағдыларды меңгеру де креативтілікті дамытады. Мысалы, егер
оқушыларға белгілі бір ғылыми проблеманы қойып, өздерінің
экспериментін жүргізу ұсынылатын тапсырма берілсе, олар осыған
байланысты өзекті тақырып таңдап, жақсы жоба әзірлеп ұсыну үшін,
өздерінің білімі мен креативтілігін пайдалану қажет болады. Пән
арқылы оқыту туралы ғылыми сабақ – бұл оқушылардың креативтілігін
дамытуда қолданатын стратегиялардың бірі болып табылады [2,
3].
Ғылыми -жаратылыстану
сауаттылығы бойынша тапсырмаларды орындау үшін бірнеше әдістерді
қолдануга болады.
«Попс формуласы» Формула 4
маңызды компоненттен тұрады, олар осы аббревиатураның бірінші
әріптерінің мағынасын білдіреді және мәтінді құру үшін қажетті
элементтер болып табылады.
П -
ұстаным. Берілген мәселе бойынша өз пікірін айту қажет. Ол үшін
мынадай тұжырымдарды қолдануға болады: «Менің ойымша...», «Менің
ойымша, бұл мәселе лайықты назар аударуды қажет етеді/ қажет
етпейді», «Мен ......келісемін».
О -
негіздеу, өз ұстанымын түсіндіру. Бұл жерде сіздің пікіріңізді
растайтын барлық мүмкін дәлелдерді келтіру қажет. Жауап бос сөз
емес, негізді түрде болуы керек. Онда зерттелген курс немесе
тақырып бойынша сөз қозғалып, анықтамалар мен ұғымдар ашылуы тиіс.
Бұл блокта негізгі сұрақ - сіз неге бұлай ойлайсыз? Бұл дегеніміз,
негіздемені ашуды «Өйткені...» немесе «Солай болғандықтан.....»
деген сөздерден бастау.
П - мысалдар. Көрнекілік үшін
және өз сөздерін түсіндіруді растау үшін фактілерді келтіру қажет
және де олар үшеуден кем болмауы тиіс. Бұл тармақ оқушылардың
практикада өз ұстанымының дұрыстығын дәлелдеуін білдіреді. Мысал
ретінде тіпті ойдан шығарған, тарих немесе қоғамтану курстарынан өз
тәжірибелерін де, білімін де пайдалануға
болады.
Ең бастысы, олардың дәлелді
болуы. Осы қадамда қолданылатын сөз орамы –«Мысалы...», «Мен
мұны...мысалымен дәлелдей аламын».
С -
салдары (пайымдау немесе ақыл-ой тұжырымы). Бұл қорытынды блок
болып табылады, ол айтылған ұстанымды растайтын сіздің түпкілікті
тұжырымдарыңызды қамтиды. Онда ұсыныстардың басталуы мынадай болуы
мүмкін: «Осылайша...», «Қорытындылай келе...», «Сондықтан...», «Осы
айтылғандарды ескере отырып, мен бұл туралы қорытынды
жасаймын».
«Цицерон алгоритм» әдісі.
Ежелгі Рим шешесі Цицерон дұрыс құралған сөз орамы жеті сұраққа
жауап береді: Кім? Не? Қайда? Немен? Не үшін? Қалай? Қашан? Олар
қазір «Цицерон алгоритмі» деп аталады. Алгоритм - табыстың жоғары
сенімділігімен проблеманы шешудің құрылымдалған тәсілі. Жаңа
терминдермен, ұғымдармен немесе оқиғалармен жұмысты осы қағидада
құруға болады. Ұсынылған ұғымдардан алгоритмнің барлық сұрақтарына
жауаптарды құрастыру керек, сонымен қатар салыстырмалы байланысты
мәтін құрауға тырысу керек. Цицерон алгоритмі ең көне есте сақтау
тәсілдерінің бірі болып табылады. Ол жағдайды талдауға үйретеді,
ойлауды дамытады, ғылыми фактіні, кез келген жағдайды және
тапсырманы терең бағалауға мүмкіндік
береді.
«Тірек конспекті» әдісі. Тірек
конспектісі – бұл теориялық сұраққа алдағы уақытта берілетін
жауаптың кеңейтілген жоспары. Бұл әдіс оқылатын материалды
жүйелеуге мүмкіндік береді.
Тірек конспектісін жасаудың
үлгісі:
1.Зерделенетін материалмен оқулықтағы мәтін,
суреттер, сызбалар, графиктер, қосымша әдебиет бойынша бастапқы
танысу.
2.Зерттелетін материалдан негізгі мәселені
анықтау, қарапайым, қысқаша жазбалар жасау.
3.Осы мәтінге жекелеген сөздер, белгілі бір
белгілер, кестелер, сызбалар, суреттер түріндегі тірек сигналдарын
таңдау.
4.Білімді кодтаудың сызбалық тәсілін әр түрлі
шрифт пен т. б. қолдану арқылы ойластыру.
5.Жазбалардың нысаны мен мазмұнына қойылатын
талаптарды ескере отырып, тірек конспектісін жасау. Бұл әдіс
оқушылардың жеке немесе жұптық жұмыстарын ұйымдастыру кезінде
тиімді, өйткені ол орындалған жұмыстың ақпараттық көздерден жай
көшіріп алудың алдын алады. Хабарлама карталарын жасау кезінде
мәселені қайта ойластыру, өз идеяларын жасау, жұмысты ресімдеу мен
таныстырудың шығармашылық тәсілі іске асырылады.
«Индуктор» әдісі. Интерактивті
оқытудың бұл әдісі сабақта белсенді жұмыс жасауға мүмкіндік береді,
шығармашылық және сыни ойлауды дамытады. Бұл тәсіл ассоциацияларға
негізделген. Мұғалім нақты сөзге, ұғымға сөздерді , сөз
тіркестерін, фразаларды, осы сөзді айтуда туындайтын мағыналық
ассоциацияларды айтуды немесе жазуды
ұсынады.
«Идеал» әдісі. Бұл әдіс сыни
ойлауды дамытуға бағытталған.
Әдіс стратегиясы:
✓ проблеманы анықтай білу
дағдысын;
✓ проблеманы шешу жолдарын табу
және тұжырымдай білуді;
✓ күшті шешімді таңдай білуді
қалыптастырады
Әдістің мазмұны.Мәселені
тұжырымдау қажет. Дұрысы, тұжырымның «Қалай» сөзінен басталуы. Осы
проблеманың неғұрлым көп шешімін табайық. Қойылған мәселені шешудің
барлық жолдары мен тәсілдері ұсынылады. Жақсы шешімдер бар ма?
Ұсынылған көптеген шешімдерден жақсысы, тиімдісі таңдалады.Енді біз
жалғыз шешімді таңдаймыз.
Мәселенің ең күшті шешімі таңдалады. Ал бұл іс
жүзінде қалай болады?
Таңдалған шешімді жүзеге асыру бойынша жұмыс
жоспарлануда.
Білім алушыларда нәтижелі
пікір алмасу барысында басқаларды тыңдай білу, өз көзқарасын
қалыптастыру және қорғау, өз идеяларын жинақтау және оларды өмірде
жүзеге асыруға әрекет жасау сияқты жеке тұлғаның қасиеттері
қалыптасады. Инновациялық педагогикалық технологиялар мен
тәсілдерді, сондай-ақ тапсырмалардың алуан түрлерін қолдану
оқушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру мен
дамытудың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын тұлғалық,
метапәндік және пәндік нәтижелерге қол жеткізуге ықпал
етеді.