Материалдар / ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал ұстаздарға көмегі тиер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Маусым 2020
265
8 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕ ДЕГЕН

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.


Масылбекова Г.Б


ШҚО Үржар ауданы, Ақжар ауылы

«Б.Тұрлыханов атындағы орта

мектебі-бақшасы» КММ

87784922524; 87056252014

s_gulmira_s@inbox.ru

ХХІ ғасыр информациялық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ Республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынды. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізу, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді [1].
Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте информатика оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі[3].
Мектеп оқушыларының информатика пәнін оқып-үйренуге деген ішкі қызығушылықтары мол. Информатика пәнін оқытудағы ең бірінші қызығушылық оқушылардың компьютерде болып табылады. Ол балалардың ішкі құпия туындысын және жаңа мүмкіндіктерге деген қадам тудырады. Бала компьютердің досына әрі көмекшісіне айналады. Компьютер арқылы оқушы дамиды, әрі дүние жүзімен байланысуға мүмкіндік алады. Бірақ та күн өткен сайын балалардың компьютер тұрмыстық құралына айналып, қызығушылық күшімен ойлары жоғала бастайды. Оқушы компьютерге көп отырғаннан компьютерге деген қызығушылығы төмендейді. Осыған байланысты оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында:

І. Оқушылардың көзқарасын өмірмен байланыстыру:
Бұл әдісте оқушылардың бәріне таныс мысалды алып, оның маңыздылығын жаңа материалды меңгертуде ұсыну. Осы мысалды оның жалған емес, өмірден алынған ақиқат екенін түсіндіру.
Мысалы: мен өз тәжірибемнен алатын болсам, «Ақпараттық технологияның қоғамдағы рөлі» атты тақырыпта


осы суретті слайдтан көрсету арқылы оқушыларға әртүрлі саладағы мамандардың компьютермен жұмыс жасап отырған суретін көрсету арқылы оқушылардың осы суреттен нені көре алғандығы, ұқсастығы мен айырмашылы неде екендігін сұрау, оқушылардың ойларын , өздерінің көзқарастарын айтқызу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын аштым. Сол кезде оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артқанын байқадым.Қызығушылықты тудыру үшін оқушыларды оң көзқарастар әсерлерімен толықтырып отыру қажет деп ойлаймын.
II. Проблемалық жағдай тудыру немесе жұмбақтау әдісі:
Көбімізге бұл кең тараған тәсіл ретінде қолданылатынын білеміз. Ол бағдарламаға сәйкес оқушылардың дағдысын, іс-әрекетін, білімін қалыптастыра отырып, кейбір проблемалық жағдайды шешудің негізі болып саналады. Проблемалық жағдай арқылы жаңа материалды меңгерту проблемалық жағдайға деген қызығушылықты үнемі қанағаттанды. Жұмбақтау, ассоциация әсідтері арқылы сабақтың тақырыбын ашуға бұл әдістің берері мол. Мен әрқашанда осы әдістерді сабағымда қолданып отырамын. Балалар да әр сабағымды аса қызығушылықпен тосып отырады.Себебі, оқушыларға әртүрлі әдіс –тәсілдер арқылы сабақты жүргізу қызықты болады.


III. Рөлдік, іскерлік ойындар:
Бұл жағдайда оқушылар тобына негізгі, не қосалқы ойыншылар ретінде қатысу ұсынылады. Рөлді орындау оқушының шарттарды тұжырымдап, игеріп алуларына итермелейді.
Сабақты өткізудің бұл формасын жетекшілік рөлін жетілдірудегі іскерлік ойын ретінде қарау қажет [2].
Іскерлік ойынында әрбір оқушының толық белгілі рөлі болуы қажет. Ісерлік ойынды дайындау мен ұйымдастыру жан-жақты және тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Бұл өз кезегінде оқушылардың сабақты толық игеруіне кепілдік береді. Мысалы информатика, математика, физика апталығында «Информатика кемесі-білім теңізінде» атты тақырыпта ашық сабақ өткіздім.Өткізілу түрі- рөлдік ойын түрінде болды.Қысқаша тоқталсам: капитан,боцман,мотрос болып оқушылар теңізге шығады да физика, математика, информатика аралдарына соғады. Әр аралдағы 3 оқушы физика, математика, информатика пәндеріне байланысты жұмбақтар жасырады, кеме жұмысшыларына аралдың басқа тұрғындары көмек береді.

Осы рөлдік ойыны арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып, пәнді терең меңгере түсуіне әсері мол екендігін байқадым.

ІV. Ойындар мен танымдық сайыстар әдісі:
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?
Қисынды ой-қабілетін дамытады;
Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;
Сөздік қоры баийды, тілі дамиды;
Зейіні қалыптасады;
Байқампаздығы артады;
Өзара сыйластыққа үйретеді;
Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулыйды;
Бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулыйды;
Сабаққа қызығушылығы артады.
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. [1]
Баланың өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін сабақта жаңа технология элементтерін қолданудың мақсаты шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады.





Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Садықов Т. С., Әбілқасымова А. Е. Қазіргі заманғы сабақ. Оқу процесін ұйымдастыру. Алматы, 2004. -218 б.
2. Ойын технологиясының ерекшеліктері // Интернет. //
3. Д. С. Рахманбердиева Информатика және ақпараттық технология 7-8 сынып
Алматы, 2007


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!