Материалдар / Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психологиялық дамуы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психологиялық дамуы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі уақытта бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту, психологиялық денсаулығын нығайту болып отыр. Кіші мектеп жастың шегін көбінесе 6-7 жастан 9-10 жасқа дейінгі кезеңді санайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2020
470
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазіргі уақытта бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту, психологиялық денсаулығын нығайту болып отыр. Кіші мектеп жастың шегін көбінесе 6-7 жастан 9-10 жасқа дейінгі кезеңді санайды. Бұл елеулі өзгеріс баланың әлеуметтік жағдайының дамуындағы өзгерістер, оқушы ретінде алатын орны, жаңа оқу әрекетіне байланысты ол нормативті психологиялық күйзеліске тап болады. Бұл кезеңде бала өз дамуында екінші физиологиялық күйзеліске ұшырайды. Ол да 7 жаста болады. Оның ағзасында эндокринді қозғалыс күрт өзгереді, соған қоса денесінің, ішкі мүшелерінің қарқынды өсуі де байқалады. Сонымен, әлеуметтік-психологиялық өзгерістер бала өмірінде физиологиялық өзгерістермен сәйкес келіп, одан шамадан тыс жинақылықты талап етеді. Бұндай өзгерістерге баланың бейімделуіне, жаңа талаптарға сәйкес келуге үйренуге уақыт қажет. Сол себептен оқу жылының басында жиі кездесетін мектепке қызығушылығының төмендеуі, жылауы, тез шаршау, т.б бұл кезеңге тән сипат және бейімделу үрдісінің көрінісі болып табылады. Мектепке алғаш келген балалардың бойына мектептік өмірдің басталуы күрт өзгеріс әкеледі. Өйткені бала мектеп қабырғасына келе отыра ұжымға, жаңа талаптарға, күнделікті міндеттерге үйренуі қажет. Баланың мектепке келуі жүйелі психикалық дамуымен сәйкес келеді. Яғни, танымдық әрекеттері, әртүрлі ес түрлері, сөздік логикалық ойлаулары дамиды. Баланың мектепке бейімделу ұзақтығы бес-алты апта, яғни қазанның он-он бес күндеріне дейін созылады. Ең күрделісі бірінші және алтыншы апта болып табылады. Баланың денсаулығының жағдайына байланысты мектепке бейімделуі әртүрлі болып та келеді. Баланың мектепке бейімделуі психологиялық негізгі көрсеткіші тұрақты мінезінің қалыптасуы және оқытушы, оқушылармен қарым-қатынасты бекітуі, оқу әрекеті мен дағдыларын меңгеруі болып табылады. Бейімделу баланың өзіне, өзінің өміріне қанағаттануы немесе қанағаттанбаушылығы, өзін сезінуі және оны әлеуметтік жағдайының нақты келтіру деңгейі болып табылады. Тәжірибеде көбінесе баланың мектепке бейімделу қиындықтары ата-аналардың мектеп өміріне және мектептегі баланың үлгеріміне деген қарым қатынасына байланысты болып келеді.

Оқу жылының басында мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланың психологиялық дайындығына кешенді зерттеу жүргізіледі. Баланың мектептегі оқуға жетілгендігі анықталып қана қоймай, әр сыныпқа байланысты дамуындағы өзгерістерді бақылауға, баланың нышан, қабілеттерін дер кезінде көріп, оны дамыту бағытындағы жұмыстарды белгілеуге, үлгермеушілік немесе тәрбиедегі кемшілік себептерін ашып, оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерін дұрыс таңдауға ықпал етеді.

Бір ай бойы бейімделу кезеңінен өтті. Сабақтарға қатысылып, сынып атмосферасы анықталды. Мектепке икемделу үрдісін анықтау мақсатында төмендегі тесттер жүргізілді.

«Маған мектепте не ұнайды?» суреті.

«Өздік бағалау» тесті

Оқу мотивациясын анықтау сауалнамасы.

  1. «Маған мектепте не ұнайды?» суреті. Баланың салған суретін өзіндік сұхбат деп қарап, бейнелеу құралдары арқылы зерттелуші туралы ой қалыптастыруға болады. Бұл сұхбаттың ерекшелігі – сурет салдыру арқылы баланың ешкімге айтқысы келмейтін ішкі эмоциялық қобалжуларын анықтауға болатын жобалық сипатқа ие болатындығында. Суретте баланың эмоциялық-еріктік ортасымен, яғни көңіл-күйіне, қызығушылығы, белсенділігі және т.с.с. тұстарымен де анықталады.

Суреттерді талдауда келесідей көрсеткіштер бағаланады:

Берілген тақырыпқа сәйкес келуі. Сюжет (не бейнеленді);

Сурет және оның жеке бөліктерінің көлемі;

Түстік шешім. Бейне динамикасы;

Суреттің дұрыстығы;

Суреттің аяқталуы.

А) оқу барысы туралы – тақта алдындағы мұғалім, партада отырған оқушылар, тапсырмалар жазылған тақта т,с.с. Бұл мектеп ынталандыруының жоғарылығын және белсенділігін білдіреді – 30 ұпай.

Ә) оқу барысына тән емес сипаттар – мектеп ғимараты, қоңырау кезіндегі оқушылар, портфель ұстаған оқушы т.б. Бұл мектепке көзқарасы қалыпты, бірақ сыртқы жағдаяттарға көп көңіл бөлетін балаларға тән – 20 ұпай

Б) ойын ситуациялары – мектеп ауласындағы алаң, ойын бөлмесі, сынып бөлмесі ішіндегі өзге заттар. Бұл мектепке деген көзқарасы қалыпты, бірақ ойын ынталандыруы басымырақ балаларға тән – 10 ұпай.

В) сурет тақырыпқа сәйкес салынбаса – 0 деген ұпай қойылады.

Оқу мотивациясын анықтау сауалнамасы. Мақсаты: 1 сынып оқушыларының оқу мотивациясын анықтау.

Барысы: Оқушыларға 10 сұрақтан тұратын сауалнама оқылады. Әрбір сұраққа 3 жауап нұсқасы беріледі.

I деңгей. 25-30 ұпай – оқу мотивациясының жоғары деңгейі.

II деңгей. 20-24 ұпай – оқу мотивациясы жақсы.

III деңгей, 15-19 ұпай – мектепке көзқарасы дұрыс. Бірақ мектептің сабақтан тыс жұмысы көңілінен шығады.

IV деңгей. 10-14 – оқуға ынтасы төмен.

V деңгей мектепке деген кері әсерлі көзқарас – 10 ұпайдан төмен, мектептік дезадаптация.

 Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психологиялық дамуы

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психологиялық дамуы

 Оқу-әдістемелік материалдар 0 6,293 қаралған 2017-10-04

Бүгінгі таңда бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту, психологиялық денсаулығын нығайту болып отыр. Кіші мектеп жастың шегін көбінесе 6-7 жастан 9-10 жасқа дейінгі кезеңді санайды. Бұл елеулі өзгеріс баланың әлеуметтік жағдайының дамуындағы өзгерістер, оқушы ретінде алатын орны, жаңа оқу әрекетіне байланысты ол нормативті психологиялық күйзеліске тап болады. Бұл кезеңде бала өз дамуында екінші физиологиялық күйзеліске ұшырайды. Ол да 7 жаста болады. Оның ағзасында эндокринді қозғалыс күрт өзгереді, соған қоса денесінің, ішкі мүшелерінің қарқынды өсуі де байқалады. Сонымен, әлеуметтік-психологиялық өзгерістер бала өмірінде физиологиялық өзгерістермен сәйкес келіп, одан шамадан тыс жинақылықты талап етеді. Бұндай өзгерістерге баланың бейімделуіне, жаңа талаптарға сәйкес келуге үйренуге уақыт қажет. Сол себептен оқу жылының басында жиі кездесетін мектепке қызығушылығының төмендеуі, жылауы, тез шаршау, т.б бұл кезеңге тән сипат және бейімделу үрдісінің көрінісі болып табылады. Мектепке алғаш келген балалардың бойына мектептік өмірдің басталуы күрт өзгеріс әкеледі. Өйткені бала мектеп қабырғасына келе отыра ұжымға, жаңа талаптарға, күнделікті міндеттерге үйренуі қажет. Баланың мектепке келуі жүйелі психикалық дамуымен сәйкес келеді. Яғни, танымдық әрекеттері, әртүрлі ес түрлері, сөздік логикалық ойлаулары дамиды. Баланың мектепке бейімделу ұзақтығы бес-алты апта, яғни қазанның он-он бес күндеріне дейін созылады. Ең күрделісі бірінші және алтыншы апта болып табылады. Баланың денсаулығының жағдайына байланысты мектепке бейімделуі әртүрлі болып та келеді. Баланың мектепке бейімделуі психологиялық негізгі көрсеткіші тұрақты мінезінің қалыптасуы және оқытушы, оқушылармен қарым-қатынасты бекітуі, оқу әрекеті мен дағдыларын меңгеруі болып табылады. Бейімделу баланың өзіне, өзінің өміріне қанағаттануы немесе қанағаттанбаушылығы, өзін сезінуі және оны әлеуметтік жағдайының нақты келтіру деңгейі болып табылады. Тәжірибеде көбінесе баланың мектепке бейімделу қиындықтары ата-аналардың мектеп өміріне және мектептегі баланың үлгеріміне деген қарым қатынасына байланысты болып келеді.

Әр оқу жылының басында мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланың психологиялық дайындығына кешенді зерттеу жүргізіледі. Баланың мектептегі оқуға жетілгендігі анықталып қана қоймай, әр сыныпқа байланысты дамуындағы өзгерістерді бақылауға, баланың нышан, қабілеттерін дер кезінде көріп, оны дамыту бағытындағы жұмыстарды белгілеуге, үлгермеушілік немесе тәрбиедегі кемшілік себептерін ашып, оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерін дұрыс таңдауға ықпал етеді.

Бір ай бойы бейімделу кезеңінен өтті. Сабақтарға қатысылып, сынып атмосферасы анықталды. Мектепке икемделу үрдісін анықтау мақсатында төмендегі тесттер жүргізілді.

«Маған мектепте не ұнайды?» суреті.

«Өздік бағалау» тесті

Оқу мотивациясын анықтау сауалнамасы.

  1. «Маған мектепте не ұнайды?» суреті. Баланың салған суретін өзіндік сұхбат деп қарап, бейнелеу құралдары арқылы зерттелуші туралы ой қалыптастыруға болады. Бұл сұхбаттың ерекшелігі – сурет салдыру арқылы баланың ешкімге айтқысы келмейтін ішкі эмоциялық қобалжуларын анықтауға болатын жобалық сипатқа ие болатындығында. Суретте баланың эмоциялық-еріктік ортасымен, яғни көңіл-күйіне, қызығушылығы, белсенділігі және т.с.с. тұстарымен де анықталады.

Суреттерді талдауда келесідей көрсеткіштер бағаланады:

Берілген тақырыпқа сәйкес келуі. Сюжет (не бейнеленді);

Сурет және оның жеке бөліктерінің көлемі;

Түстік шешім. Бейне динамикасы;

Суреттің дұрыстығы;

Суреттің аяқталуы.

А) оқу барысы туралы – тақта алдындағы мұғалім, партада отырған оқушылар, тапсырмалар жазылған тақта т,с.с. Бұл мектеп ынталандыруының жоғарылығын және белсенділігін білдіреді – 30 ұпай.

Ә) оқу барысына тән емес сипаттар – мектеп ғимараты, қоңырау кезіндегі оқушылар, портфель ұстаған оқушы т.б. Бұл мектепке көзқарасы қалыпты, бірақ сыртқы жағдаяттарға көп көңіл бөлетін балаларға тән – 20 ұпай

Б) ойын ситуациялары – мектеп ауласындағы алаң, ойын бөлмесі, сынып бөлмесі ішіндегі өзге заттар. Бұл мектепке деген көзқарасы қалыпты, бірақ ойын ынталандыруы басымырақ балаларға тән – 10 ұпай.

В) сурет тақырыпқа сәйкес салынбаса – 0 деген ұпай қойылады.

Оқу мотивациясын анықтау сауалнамасы. Мақсаты: 1 сынып оқушыларының оқу мотивациясын анықтау.

Барысы: Оқушыларға 10 сұрақтан тұратын сауалнама оқылады. Әрбір сұраққа 3 жауап нұсқасы беріледі.

I деңгей. 25-30 ұпай – оқу мотивациясының жоғары деңгейі.

II деңгей. 20-24 ұпай – оқу мотивациясы жақсы.

III деңгей, 15-19 ұпай – мектепке көзқарасы дұрыс. Бірақ мектептің сабақтан тыс жұмысы көңілінен шығады.

IV деңгей. 10-14 – оқуға ынтасы төмен.

V деңгей мектепке деген кері әсерлі көзқарас – 10 ұпайдан төмен, мектептік дезадаптация.

 

Танымдық аясында кездесетін ауытқулар мен олардың әсері  

Танымдық аясындағы ауытқулар баланың қалыпты психикалық дамуының шегінде көбінесе сол жастағы даму деңгейінің асуында. Қабылдау, зейін, ес, қиял, бейнелі және абстракті ойлаудың жеткіліксіз даму деңгейі алдымен оқу әрекетінде қиындықтарға, сонымен қатар шығармашылық қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда балаға психикалық процесстерін дамытуға арналған арнайы жаттығулар мен сабақтар ұсынылады. Ырықты зейін, ес, абстракті ойлаудың асып дамуы (вундеркиндтер деңгейінде) өте сирек кездеседі және мектепте оқуға қызығушылығының, босаңсу қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұндай балаларға сабақта қиын тапсырмалар беру қажет, яғни оқуға деген қызығушылығын сақтау үшін және керек кезінде психологиялық релаксацияны қолдану. Қиял дамуының асуы сабақта алаңдаушылыққа әкеледі. Балаларға қиялды қажет ететін шығармашылық тапсырмалар беру, сонымен бірге олардың қабілетін қолдануын табатын шығармашылық үйірмелерге қосу қажет. Қиялдың асуы көбіне жағынан бақылаудың жеткіліксіздігіне байланысты, ол баланың ішкі дүниесіне кетуіне әкелуі, психологиялық жағдайына ауыру сипатын көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда арнайы көмек қажет.

      

                 




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!