Материалдар / Оқушылардың жазу дағдыларын қалыптастыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың жазу дағдыларын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалім-логопед, дефектолог, бастауыш мұғалімдеріне қажет. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытуға, сойлеу тілін жетілдіруге, жазу дағдыларын қалыптастыруға көмегі жеткілікті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2021
844
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

"1 класс оқушыларының жазу дағдыларын қалыптастыру " А.Қ.Мажитова 33 ОМ мұғалім-дефектолог


Жазба жұмыстарының зерттеу мақсаты Бастауыш сыныптарында тіл дамыту жұмыстары арқылы жазу дағдыларын қалыптастыру, сауаттылыққа үйрету әдістерін жинақтау, талдау және тиімді түрлерін негіздеу және қалыптастыру болып табылады.

Жазба жұмыстарын зерттеу міндеттері.Оқушыларға жазба жұмыстары және түрлері туралы толық мәлімет беру.Оқушыларға жазба жұмыстарын өткізу жолдарын қарастыру. Жазба жұмыстарында жіберілетін кемшіліктерді түзету жолдарын іздеу.Жазба тілдің бұзылуларын екі топқа бөледі Дисграфия- жазу процестерінің жартылай спецификалық бұзылуы.Аграфия- бас миы қабығының кейбір бөліктерінің зақымдалуынан жазуға қабілетінің жоқтығы.

Ұсақ-Қол саусақ моторикалары Сухомлинский айтқандай: «Қабілет бастауы мен балалар дарыны –қолдың саусақ ұштарында» дегендей жазба жұмыстарына кіріспес бұрын оқушыларға ұсақ қол моторикасын дамыту мақсатында түрлі ойындар, саусақ гимнастикасы, сергіту сәттері, саусақтық театр, құм терапиясы, дидактикалық ойындар, бастырмалардың түрлері, пазл, мозайка, тақпақ ойындар қолдану арқылы жазу жұмыстарына кірісеміз.






ДИКТАНТ - латынның «дикто» деген сөзінен шыққан. Яғни «естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын байытады.

ДИКТАНТ түрлері: Әріптік диктанты, буын диктанты, көру диктанты, сөздік диктанты, терме диктанты, есте сақтау диктанты, жатқа жазу диктанты, шығармашылық диктанты, бақылау диктанты т.б болып бөлінеді.

Рисунок 3


Тапсырма түрлері

Қай әрпім жоқ? Құр...қ, Сағ..т, Б.қ ...т, ІІІ..л, Б...з, Қ...з

Түсіп қалған буынды тап. (-ке, -қу, -ма, -ақ, -гер, -де. ) Ер..., Дәрі..., Ал..., Ор.. , О...шы, Күн...

Қандай сөз жетпейді? Талғат ... оқушы. (әдепті, жақсы, жаман, ұқыпты, салақ, талантты, талапты, т.б.). Раушан анасына -... сыйлады ( гүл, орамал, бестік баға, ән, өзінің қолөнер туындысын, т.б).

Көп нүктенің орнына н, ң әріптерін қойып, көшіріп жаз.
Адамны..., ананы..., қошақаны..., алақанны..., ауылды..., сананы..., жаманны..., түнні..., қолымны..., сезімі..., атаны..., баламны..., оқушымсы..., перзентімні..., балапаны..., арманымны....

Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.
1.Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға.

2.Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан.

3.Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді.

4.Ұяда, жатыр, жері, жұмыртқа.

5.Олар, алмады, жұмыртқаны.

«Шашылған дыбыстар» ойыны.

Мақсаты: Шашылған дыбыстардан сөз құрастырып, баланың сөздік қорын молайту, шапшаң ойлауға тәрбиелеу.

Ойын шарты: Сыныпты бірнеше топтарға бөліп ойынды жарыс түрінде өткізуге болады.

Шашылған дыбыстардан бірнеше сөздер құрау, мысалы: а,л,к,л,й,ү,н дыбыстарынан мынандай сөздер құрауға болады: ай, күн , үй, т.б.

«Қызық сөздер» ойыны.

Мақсаты: логикалық ойлау деңгейін жетілдіру, сөз мағынасын түсіндіру .

Ойын шарты: Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздердің теріп жазу. Сөз мағынасын тусіндіру.


Қолқанат Ішік Есек

Тымақ Қыран Балта

Нағашы Шұлық Қысым

Түс Балта Ұршық

«Сандар әлемі» ойыны.

Мақсаты: сөз құрамында сан есімдері бар сөздерді жазу арқылы еске түсіру қабілеттерін жетілдіру. Сөзді қорларын кеңейту. Күтілетін нәтиже Логопед, мұғалім, ата-ана,оқушының бірлесіп уздіксіз жұмыс жасауының нәтижесінде сөйлеу тілі бұзылған балалардың тіл кемістіктері жойылып, жазба жұмыстары қалыптасып, дыбыстарды дұрыс айту машығы жақсарады.

Қорытынды «құнды сөз-құнарлы ойдан туады» Л.Н.Толстой жалпы білім беретін мектептердегі логопедиялық жұмыстарды Қорыта келе, жазба тілді дамыту, қалыптастыру маңызды, әрі күрделі мәселе болып табылады. Жазба сөз ауыз сөзге қарағанда психологиялық негізі бар, айрықша тіл функциясы. Ол өте қиын, саналы,бір мақсатпен жұмсалатын тіл формасы болып табылады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!