Материалдар / Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру – жаңа заман талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру – жаңа заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру жаңа заман талабы Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім берудің жаңа үлгісін ендіру тұлғаны дамыту үдерісі ретінде тәрбиеге басты назар аударылуда.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2021
647
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Жалдама жалпы білім беретін мектебі












Баяндама



Тақырыбы:

Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру –

жаңа заман талабы









Баяндамашы: Аубакирова Ж.К.

















2021 жыл



Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру

жаңа заман талабы

Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім берудің жаңа үлгісін ендіру тұлғаны дамыту үдерісі ретінде тәрбиеге басты назар аударылуда.

PISA бағдарламасының мақсаты:

15 жастағы оқушылардың ғылыми жаратылыстану және оқу сауаттылық  деңгейін бағалау.

Оқушылардың мектепте алған білімдері мен тәжірибелерін  өмірде қолдана ала ма?-  деген сұраққа жауап іздеу. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: математикалық сауаттылық,жаратылыстану сауаттылығы, оқу сауаттылығы.

Қазіргі таңда оқушының өзін-өзі дамытуға, алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыруға, оны қолдана білуге бағытталған жұмыстарға көңіл бөлінуде. Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде  Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. 
Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

-белсенділік

-шығармашылық тұрғыда ойлау

-шешім қабылдай алу

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Бүгінгі  күн талабына  сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы  бар  адамды  мектеп табалдырығынан дайындап  шығарудың  ең бір тиімді тәсілі  ол – оқытудағы математикалық сауаттылық.

Математикалық сауаттылық

- математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну;

- әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру;

- дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;

- есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру;

- математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.

Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейлерімен (танымдық салалармен)  сипатталады:

-   білу (еске түсіру);

-    қолдану (байланыстарды орнату);

-   ойлау (пайымдау).

Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: «Алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірлерінде:

- қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құралдарды пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу;

- ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;

- нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін түсіндіру;

- геометриялық, физикалық, экономикалық және т.б. мазмұнды қолданбалы есептерді шешу;

- диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық мәліметтерді танып білу, талдау;

- оқып игерілген формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде қарапайым тәжірибелік жағдайларды зерттеу (моделдеу);

- шынайы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу».

Математикалық құзыреттіліктің деңгейлері (танымдық салалар):

Білу (еске түсіру):

Терминдерді, сандарды қасиеттері бойынша суреттеу және есептеу; график пен кестеден мәліметтерді алу; құралдарды қолдану; классификациалау, математикалық объектілерді танып білу.

Қолдану (байланыстарды орнату):

Нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты талдау және көрсету; модельдеу; тізбекке байланысты тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу.

Ойлау (пайымдау, тұжырымдау):

Объектілердің арасындағы тәуелділікке талдау жасау; қорытындылау, әртүрлі шешу жолдарын синтездеу; дұрыс/бұрыс айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес есептерді шешу.

Зерттеу тұжырымдамасына сәйкес әрбір тапсырма математиканың мазмұнды бөлімдерінің біріне сәйкес келеді:

-    сандар;

-    кеңістік және форма;

-    өзгерістер мен қатынастар;

-    белгісіздік

Оқушылардың  математикалық сауаттылығын  арттыруда PISA есептерін қолданудың тиімділігі:

PISA  зерттеуіндегі математикалық  тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешімдері үшін математикалық талдауды талап ететін, мектептің өмірі, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсіби қызметі, спорт және тағы басқалар туралы мәлімет ұсынады.

PISA  халықаралық зерттеуінің тапсырмалары:

Мектеп асханасы

Мектеп асханасында шаршы пішіндес үстелге айнала әр жақтан бір-бірден  4 оқушы отыра алады. Мектеп кешені дәл осындай  4 үстелді  бір қатарға қойып,   ұзын үстел құрады.

Ескерту: 1үстелге 4 оқушы отырады

Сұрақ 1: Мектеп асханасы

Осы ұзын үстелді  айнала қанша оқушы отыра алады?

Жауабы: ------- оқушы

Құрылымы:  Қысқа жауапты

Құзыреттілік:  Байланыс орнату

Математикалық аймағы:  Кеңістік пен форма

Жағдаяты:  Жергілікті

Деңгейі:  Төменгі

Дұрыс  жауабы:

Код 1:     10 оқушы;

Код 0       басқа жауап

Код 9       жауап жоқ

Сұрақ 2: Мектеп асханасы

Мектеп асханасының еденіне өлшемі 20х20 см болатын 1500 дана плитка төселген. Асхана еденінің ауданы қанша?

Жұмысыңызды көрсетіңіз.

Жауабы: -------------------------------------------------------------------

Құрылымы:  Еркін жауапты

Құзыреттілік: Елестету

Математикалық аймағы:  Кеңістік пен форма

Жағдаяты:Жергілікті

Деңгейі: Орташа

Дұрыс  жауабы:

Код 1(1):  20*20=400 см²

1500*400= 600000 см² =60 м²

Код 1(2):  20*20=400 см² =0,4 м²

0,4* 1500 =60 м²

Код 0(1)   жартылай  дұрыс

Код 0       басқа жауап

Код 9       жауап жоқ

Осындай бағыттағы есептерді мен,әсіресе геометрия сабағында қолданамын.Мысалы 8-ші сыныпта “Пифагор теоремасы” тақырыбын өткенде мынадай тапсырма берілді:

1.Екі фабриканың арақашықтығы 8м. Екі фабриканың төбесінен материалдарды тасымалдауға арналған көлбеу құрылғы орнатылған.Құрылғының ұзындығы 10м. Егер бір фабриканың биіктігі 6м болса, екінші фабриканың биіктігін табыңыз.

Жауабы: 18м,16м,12м,10м,9м.

Жауап: Пифагор теоремасы бойынша 6+6____________________

Контекст: Қоғамдық

Мазмұндық салалары: Кеңістік және пішін

Ойлау процесі: Математикалық нәтижелерді қолдану

Құзыреттілік деңгейі: 2 деңгей

2.Саты әрқайсысының ені 40см және биіктігі 30см, 6 басталдақтан тұрады.Осы сатының ұзындығын табыңыз.

Жауабы: 250см,6м,3м,350см,2,5м

Жауап: Пифагор теоремасы бойынша бір баспалдақтың ұзындығын табамыз 1600+900=50см. Сатының ұзындығы 6*50=300см=3м.

Контекст: Қоғамдық

Мазмұндық салалары: Кеңістік және пішін

Ойлау процесі: Тұжырымдау,математикалық нәтижелерді қолдану

Құзыреттілік деңгейі: 3 деңгей

7 сыныптада “үшбұрыштардың теңдігі” тақырыбынада және басқа тақырыптарғада қолдануға болады.

Осындай бағыттағы есептерді сабақ барысында қолдану арқылы ғана біз – алған  математикалық білімдерін тиімді пайдалана алатын,  өмірдегі кез келген жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдайтын, өзінің математикалық сауатты екенін дәлелдей алатын функционалдық сауатты тұлға тәрбиелеп шығамыз.

Математика сабағындағы  негізгі сауаттылыққа мыналар  жатады :

1. Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика  барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады.

2. Математика ең алдымен оқушылардың  дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады  және оны шыңдай түседі.

3. «Математикалық сауаттылық» ауызша, жазбаша қабілеттерін қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере білу  қабілетін шыңдайды.

4. Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылысты, жаңалықты дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі.

5. Математиканың болашақ тұлғаны моральдық, эстетикалық және этикалық тұрғыдан қалыптастыруда  да тәрбиелік мәні бар.

Математикалық сауаттылықты қалыптастыру  үшін:

-  теорияны білу , оны логикамен ұштастыру

- есепті шығаруда тиімді жағын көруге баулу

- математикалық сайыс сабақ, пән кеші, апталықтарды  математиканың даму тарихымен байланыстыру,

Жаңа технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін ұрпақтың бойына сіңірте білу - ұстаздардың басты міндеті. Жаңа технологияның тиімділігі сол,

оқушы:

мақсат қоюға үйренеді;

есте сақтау қабілеттері дамиды;

басқалармен бірігіп жұмыс жасайды;

кітаппен жұмыс жасауға үйренеді;

қатарынан қалмауға тырысады;

дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі;

әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.

күшті сыныптарда оқуға деген ынта артады.

білім дәрежесі бірдей сыныптарда оқу жеңілдейді

өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады

Мұғалім:

  • жүйелі тапсырма беруге ұмтылады;

  • оқушыны жан-жақты танып біледі;

  • қарым қатынас орнатады;

  • оқушылардың өзара әрекеттесуіне жол ашады;

  • оларға шығармашылық еркіндік беріледі.


Қорытындылай келе, осылайша оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамытуда олардың: білімдерін игеру арқылы мүмкіндігін шыңдап, өз биігіне көтеретін; өз бетімен білім алып, дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыруымызға және оқушылардың сауаттылығын арттыруға болады деген сенімдемін.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!