Атырау
облысы білім беру басқармасының
Жылыой
ауданы білім бөлімінің
№2 Жалпы
орта білім беретін мектеп КММ
Оқушылардың мазасыздану, қорқыныш сезімдерін
суреттер арқылы сапалы өңдеу
Шебер
сынып
Психолог: Ғалымжан
И.Ғ
2024
жыл
Мақсаты: Тұлғаның бойындағы
мазалап тұрған сезімдерді анықтау және талдау арқылы жағымды
сезімермен алмастыру
Кіріспе
1.Мазалап тұрған сезімді
бейнелеу
1.1
8 үйдің
суретін салу
1.2
Үйлерді
қалаған түспен бояп шығу.
2.
Адамның
бейнесін салу
2.1
Қалаған
түстермен бейнені бояп шығу.
2.2
Дене
бөлігіндегі боялған түстермен , қай үйдің түсі сәйкес келіп
тұрғанын анықтау,талдау
Қорытынды
9 үйдің суретін салып,
денедегі мазалаған сезімдерді ақ түспен бояп
шығу
Кірспе
Мектептегі мазасыздық,
қорқыныш, үрей оқушыларда әр түрлі жағдайларда көрініс
береді.Мектепке келмей қалудан қорқу, кешігіп қалудан қорқу, жаман
баға алудан қорқу,тақта алдында жауап беруден қорқу,бақылау
жұмыстарнан қорқу,үй тапсырмасын орындамай келуден
қорқу,қателесуден қорқу, мұғалімнен қорқу, сыныптастарынан қорқу,
ата – анадан қорқу. Осы жағымысыз сезімдерді анықтау үшін «Тоғыз
үй» әдістемесін ұсынамын. Авторы 1962 жылғы АҚШ азаматы, психология
және нейрофизиология бойынша көптеген кітіптардың авторы: Джо
Диспенза.
Жас ерекшелігі: 7-11 сынып
оқушыларына, ерекестерге
Барысы:
1. Қазір сені қандай сезім
мазалап тұр? (Қорқыныш, қобалжу, қызғаныш, уайым т.б) 2. Мазалап
тұрған сезімнің суретін саламыз, қиялымызға ерік береміз. 3.Суретті
салып болсақ бетін жауып қойып қоямыз.
Енді таза қағазды
алып 8 үйдің суретін салып
шығамыз.
1 Үй
уайым 2 үй
қорқыныш, 3 үй
реніш, 4 Қызығушылық ,
5 үй
қызғаныш, 6 үй
қобалжу, 7
үй қырсықтық,8 үй өкініш.
Енді осы үйлерді қалаған
түспен ешқандай да ойланбай бояп шығасыз. Қолыңызға ерік беріп
бояйсыз. Екі үйді бір түспен боямаймыз. Енді бұл үйлерімізді бөлек
алып аламыз, ештеңе жасамаймыз, аударып қоя
тұрамыз.
Енді тағы таза қағаз алып
адамның денесін саламыз.Қалаған түспен адамның дене бөліктерін бояп
шығамыз. Қолыңызға ерік бересіз. Енді қазір ең қызық нәрсе шығады.
Бұл адам негізі сіздің өзіңізсіз. Қазір сізді мазалап жатқан қандай
сезім бар екенін анықтайтын боламыз. Енді адамның суреті мен үйдің
суретін аламыз да, сәйкес боялғандарын қараймыз. Мысалы қызыл
түспен адамның басын боясаңыз, қай үйді қызыл түспен боядыңыз сол
үйге қараймыз. Ол үйде қандай сезім жазылып тұр соған мән береміз..
Осылайша адамның дене бөлігіндегі боялған түстерге қай үйдің түсі
сәйкес келіп тұр сол арқылы эмоцяны табамыз. Осылайша сегіз үйдегі
эмоциялары денеміздегі түстер арқылы тауып
шығамыз.Талдаймыз.
Уайым сезімін
талдау: Дәл қазіргі уақытта сізді не
мазалап тұр?Нені уайымдап тұрсыз?Уайым дегеніміз не? Уайым ол
болмай жатқан істің нақты шешімін біле алмаудан туады иә, яғни
алдағы емтиханның , немесе бір мәселенің шешімі қалай болар екен
деп жиі ойлай беруің ,солай ма? Ал шын мәнінде дайындыққа көбірек
уақыт бөліп,әрекетін жасай берсең, нәтижесі өзі
көрінеді.
Қорқыныш сезімін
талдау: Неден қорқасың?Ол қорқыныштың
көлемі қандай? Үлкен бе, әлде кішірек пе?Бұл қорқыныш сенде қай
уақытта пайда болды?Қорқыныш жануар болса, оны қай жануарға ұқсатар
едің?Ол жануар мейірімді ме?Қорқыныш құс болса, оны қай құсқа
ұқсатар едің?Қорқыныштың күлкісі болса, ол қалай күлер еді? Осы
сұрақтарды қою арқылы баланың қиялын қозғап, жағымды ахуал тудырып,
қорқыныштың шын мәнінде адамның қиялы екенін балаға
түсіндіру.
Реніш сезімін
талдау: Сіз соңғы рет кміге, неге
ренжідіңіз?Ол адамнан не күттіңіз?Сізді тыңдауын,
сыйлауын,мақтауын, сыйлық алып беруін т.б жағдайларды байланысытып
сұрау.Ол адам сіздің ренішіңізді білмеуі мүмкін, біздер адамдар
ойымызды ашық айтпасақ, екінші бір адам оны түсіне алмауы мүмкін.
Кімнен не күтеміз, соны бірінші болып өзіміз жасап көрейік.Осылай
тұлғаны жағымды әрекет жасауға шақырамыз.Анаңның құшақтағанын
күтесіңбе, онда бірінші болып сен құшақтап, ойыңды білдіріп
көрші.Анаң сөзсіз елжіреп, қуанып қалары
сөзсіз.
Қызығушылық сезімін
талдау: Не нәрсеге қатты
қызығасың?Қандай іспен шұғылданғандасен өзіңдіжақсы сезініп
қаласың?
Қызғаныш сезімін
талдау: Қандай сәттерде қызғаныш
сезімі келеді?Біреудің жетістігін, қуанғанын көргенде, кейде ол
саған ұнамай қалады ма?Сен одан да жақсырақ жасайтын сияқтысың
ба?Онда сенің бойыңда үлкен ашылғысы келіп тұрған қабілетің,
потенциялың бар.Ол қандай қабілет болуы мүмкін? Сен нені күшті
жасай аласың?
Қобалжу сезімін
талдау: Қандай сәттерде қобалжу сезімі
келеді?Тақтаға шыққанда ма?Мұғалім атыңды атаған кезде ме? Сабаққа
кешігіп келгенде ме? Қобалжу ол біз білмей тұрған істің , қалай
болатынын, немен аяқталатынын, біз туралы адамдар не ойлайтынын
уайымдау. Бұл қалыпты сезім.Барлық адамдарда жиі кездеседі.
Қобалжуды басу үшін мұрнымызбен терең тыныс алып,демді аузымызбен
асықпай шығарамыз.
Қырсықтық сезімін
талдау:Қырсықтық ол тұлғаның маған
мейірім керек деген сигналы.Кімнен жылулық, мейірімді көбірек
күтесіз?Кімнің құшақтағанын қалайсыз?
Өкініш сезімін
талдау: Өткен өміріңізге қарағанда не
көбірек есіңізге түседі?Қуанышты сәттер ме әлде өкінген сәттер
ме?Қуанышты сәттерді еске алуымызға болады.Себебі ол бізге бақыт
гармонын сыйлайды.Ал өкінішті сәттер ол енді қайтіп келмейді,тек
одан біз сабақ ала аламыз иә.
Қорытынды:
Енді үй
салған қағазымызды алып, 9 шы үйді саламыз
Махаббат деп жазып , аппақ қылып
бояймыз. Үйдің ішіне Қуаныш. Сүйіспеншілік. Махаббат. Кешірім .Қамқорлық .Сенімділік .Батылдық деген сөздерді жазамз
да және денеміздегі бізді мазалап жатқан барлық сезімдерді
ақпен бояп шығамыз. Және бояу барысында «Менің өмірімді
қорқыныштарым емес, бойымдағы жақсы қасиеттерім, қабілеттерім,
сезімдерім басқарады, менде адамгершілік қасиеттер молынан, мен
мейірімдімін, менің жүрегім нұрға толы, барлық адамдар да мен
сияқты бақытты болуға лайықты, әр адамның өміріне құрметпен
қараймын» деген сөздерді айтып , әр түрлі түспен боялған денемізді
ақ түспен бояп шығамыз.
Енді ең бірінші бізіді мазалап
тұрған сезімнің суретін салдыққой иә, соған қараймыз. Не сезініп
тұрмыз?Суретке қарағанда қандай күйде болып тұрмыз?Бастапқыға
қарағанда көңіл күйіміз біршама жақсарды ма?Олай болса бұл сезімге
алғыс, рахметімізді айтып , тік ұшақ жасап ұшырып
жібереміз.