Тақырыбы: Оқушылардың қарым-қатынас
мәдениетін қалыптастыру
Мақсаты: оқушыларға қарым-қатынастың
қажеттілігі мен құндылығын түсінуге көмектесу. Қарым-қатынас туралы
түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
Эпиграф: Өзгенің көмегінсіз өмір сүремін деген
адамдар өмірде қатты қателеседі, ал басқалар менсіз өмір сүре
алмайды деп ойлағандар одан да артық адасады»
Франсуа Ларош Фуко
“Адам өміріндегі ең тамаша
нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы”
А. Линкольн
1. Іскерлік
қарым-қатынас
Адамдар 2. Жеке
қарым-қатынас
қарым- 3. Тең құқылы
қарым-қатынас
қатынасы 4. Үйлесімді
қарым-қатынас
5. Қарама-қайшылықты
қарым-қатынас және т.б.
Қарым-қатынас ненің
көмегімен іске асады?
Хат
Сөйлесу
Көзқарас
Дауыс интонациясы
Ым
Ишарат
Тыңдай білу т.б.
Психолог мамандардың
пікірінше, басқа адамды түсінуде интонация үлкен рөл атқарады екен.
Интонация сөзді айту барысындағы дауыс ырғағы, үні және манерасы
тыңдаушыға қарым-қатынасты білдіреді. Өздеріңіз де байқаған
боларсыздар “Сәлематсыз ба?” деген сөз әр түрлі дауыс ырғағымен
айтылады, шын көңілмен амандықты білу үшін, болмаса ешқандай
сезімсіз жай қажетті сыпайылық үшін қолданылады. Сондықтан
адамдарға сөйлегенде не айтатыңызды ғана емес, дауыс интонациясына
да аса мән беру қажет.
Адами
қарым-қатынас жасау қағидалары
Кешірімді болу, кек сақтамау,
сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік. Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек
айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық,
қайырымдылық т.б.
Адамдар
арасында мынандай жағдай болғанда ғана қалыпты қарым –қатынас
орнайды:
Сенімділік
Түсінушілік
Шыдамдылық
Тілектестік
Сыйластық
Әдептілік
Ымырашылдық
Америка психологы Дейл
Карнегидің қарым-қатынас жасауға берген кеңесі.
1. Адамдарға жылы ұшырап, ашық жарқын
күліңіз.
2. Өзге адаммен шын ниетте әңгімелеіңіз, өзі
туралы айтқанын қолдаңыз.
3. Адамның есімі ол адам үшін ең жағымды, маңызды
екенін есіңізден шығармаңыз.
4. Әңгімелескен адамыңызға қызықты тақырыпты
көтеріңіз.
5. Әңгімелескен кезде жақсы тыңдаушы
болыңыз.
6. Таныстарыңызды басқа адамдардың көзінше
сөкпеңіз, сыртынан сөз айтпаңыз.
Графикалық
тест: Сіздердің араласатын
адамдарыңызды анықтау үшін шеңбер сызуды ұсынамын.
Шеңбердің дәл ортасына
адамның бейнесін салыңыздар (бұл сізсіз), шеңберді бөліктерге бөліп
өзіңіз араласатын адамдарды: ата-анаңызды, достарыңызды,
туысқандарыңызды, көршілеріңізді, мұғалімдерді жазыңыз. Енді түрлі
түсті бояудың көмегімен өзіңіз жақсы қарым-қатынас жасайтын
адамдардың бөлігін бояңыздар, кіммен араласу сізге жеңіл, жағымды,
қызықты, бұл бөлікті бояуға ашық түсті таңдаңыздар, ал тіл табысу
қиын адамдар бөлігін қоңырқай түспен бояңыздар.
Жұмысты аяқтасаңыздар, сіздердің
плакаттарыңыздан көрме ұйымдастырайық.
-Балалар, шеңберлеріңізде ашық түстің басым
болғанына қуаныштымын, яғни сіздердің айналаларыңызда өздеріңіз
сыйлайтын, құрметтейтін, қызықты жанашыр адамдардың бар
болғаны.
Қарым-қатынасты
дамытуға арналған жаттығулар
“Бет-әлпетті еске
сақтау” Өзіңді қоршаған адамдардың бет-әлпетін сақтауға дағдылан.
Қарап ал да, көзіңді жұм, көргеніңді түгелдей еске түсір. Толық
еске түсіруге қиналсаң, қайта қара. Осылайша бірнеше рет
қайтала.
“Ол қалай
күледі?” Бет жүзіне қарап, адамның қалайша күлетінін, жылайтынын
көз алдыңа елестет. Өзінің жақсы көргенін, сүйіспеншілігін,
махаббатын қалай білдіреді? Абыржып, сасқан кезде қандай? Ол қулана
ма, әлде сытылып, құтылып шыға ма? Қалай дөрекілік көрсетеді? Ұрыса
ма? Өкпелегенде қандай? Ол бұрын қалай көрінетін еді? Кейін қандай
болады?
“Мен
басқалардың көзімен” Әр түрлі жағдаяттарда және әр түрлі адамдармен
қарым-қатынаста өзіңнің әңгімелесушінің көзімен қарағанда қалай
көрінетініңді елестетуге тырыс. Сен қалай әсер етесің? Ол сен
туралы не ойлайды?
“Өзіңді бағалау” Неғұрлым бағалаушы болудан гөрі, бағаланушы болған
жөн. Айналаңдағылар сенен не күтеді? Оған сенімен жақсы ма? Егер
біреу қателік жіберсе, сол қателікке емес, оған өзіңнің әсерің
қалай болатынына назар аудар.
“Көңіл-күйге ортақтасу” Жеке тақырыпта әңгімелесе отырып, өзіңмен
әңгімелесушіні ұқыпты тыңдауға тырыс. Егер ол саған көңіл сырын
сеніп ашса, өзіңдікін айтып жарыспа, бөліп тастама, көңіл-күйіне
ортақтас, өзіңді оның орнына қойып
көр.
“Қоштау” Балаларға көз
салып қара, олардың іс-әрекеттерін бақыла, оны қоштау
мүмкіндіктерін жіберме.
“Күлкі” Бет-жүзіңде әрдайым
күлкінің табы тұруын, жылы кейіпті, мейірімді жүзді, ақжарқын
қалпыңды сақтауға үйрен. Күлкің келмесе де, оған әруақытта дайын
бол. Әрдайым ішкі дүниең күліп тұрғаны
жөн.
“Саған аманшылық
тілеймін” Кез-келген адаммен кездескен кезде алғашқы сөзің (ішкі
тілегің) “Саған аманшылық тілеймін” болуы керек. Мұны оған бар
жан-жүрегіңмен сыйла! Егер сен біреумен дау-жанжалға түсіп, ұрысып
қалатын болсаң, “Саған аманшылық тілеймін” дегенді дереу есіңе
түсіріп, қайталайтын бол.
“Жаңа түрге ену”
Өзіңді басқа адамның орнында сезініп көр. Сен - ол екенін көз
алдыңа елестет. Оның сырт келбетін тауып ал, оның ішкі әлеміне
ептеп еніп байқа. Оның жүріс-тұрысын, мимикасын, қозғалыстарын
салып көр. Жаңа түрге түс, оның сезімдері мен ойларымен астасып
өмір сүруге тырыс.
“Найзағай қаупі жоқ” Өзіңнің жағымсыз эмоцияңды тежеуге тырыс.
Саған оны тежеу қандай қиын болса, айналаңдағыларға оны бастан
кешіру сондай қиын. Ұрысып-керіспеуді, күңкілдеп-жыламауды үйрен.
Бір апта бойы барлығын кешіруге, бәрін түсінуге, ешкімді сынамауға,
ескерту айтпауға, кінәламауға тырыс. Мүмкін одан да ұзағырақ осылай
істерсің? !
Қорытынды:
Адам баласы ұлтына, жынысына, жасына қарамастан
бір бірімен араласудың ережесін, мәдениетін білуі тиіс. Егер сіздер
жас кездеріңізден бастап араласудың, қарым-қатынас жасаудың
жоғарыда біз сөз еткен ережелерін біліп, өмірде қолдана
білсеңіздер, жақындарыңызбен, достарыңызбен ара қатынастарыңызда
ешқандай түсінбеушілік орын алмайды.