Материалдар / Оқушылардың сабаққа ынтасы мен белсенділіктерін арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың сабаққа ынтасы мен белсенділіктерін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
647
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

в

Коучингке кері байланыс

Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжирбиелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек» деген тапсырмасы өз мақсатын жүзеге асыруды қолға алды . Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2011ж енгізілген НЗМ ДБҰ мен Ұлыбританияның Кембридж университеті Білім факультетімен бірлескен бағдарламасының ұстаз қауымы үшін ықпалы мол, мен сол бағдарлама аясында бірінші деңгейде өз біліктілігімді арттырып, сертификат алдым.

Жаңа педагогикалық технология мұғалімдер үшін кәсіби шеберлік пен ізденіс мектебі Педагогикалық технологиялар мынандай бағыттар ұсынады:

-оқушының танымдық қабілеті мен оқудың мазмұнын айқындайтын тәрбие үдерісі

-оқу мақсатын нақты анықтап, оның меңгерілу сапасын бақылау

-оқу үдерісінің іс-жүзінде толыққанды қамтамасыз ету.

Жаңа білім беру технологиясының бағыттары –оқытуды ізгілендіру, дұрыс шешеім қабылдай алатын, өзін-өзі дамытып, бағыттай алатын , заманауи бәсекеге қабілетті, жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Қазіргі таңда мектептегі оқушылардың білім деңгейі мен әлеуметтік жағдайы үйлеспей жатады керісінше жағдайы жақсы оқушының оқуға қызығушылығы белсенділігі болмай, уақытты текке өткізіп жүреді,бұл айналып келгенде қарым-қатынастың бұзылуына , өз ортасына, ұстаздарына ,болашағына - деген жеккөрініш әкелуі әбден мүмкін. Осы тұрғыдан мектептегі өзім сабақ беретін 9 «ә»сынып оқушыларын зерттеуге алдым. Себебі сабақтан қалмайтын, алайда сабақ оқымайтын тәртібі жақсы, үлгерісі төмен оқушылардың белсенділіктерін көтеру үшін қалай жұмыстану керек?-деген сауал мені мазалады.

Бірлескен ұжымдық іс-әрекетке негізделген оқыту технологиясы тиімді қолданылған жағдайда ғана нәтижелі болмақ.Ол нәтижелер оқушының өздігінен оқып білім , өзіне деген сенімін қалыптастыруға және оқуға деген қызығушылығын арттыруға өмірлік мақсатын анық табуға шығармашылық қабілеті мен өз ойын еркін жеткізе білуге жол ашады. Бұл орайда оқушының мұғаліммен , өз ортасымен еркін сөйлесуге, пікірталастыруға ,бірін-бірі құрметтеуге , проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, көмек беретін технология -сыни тұрғыдан ойлау. Ең алдымен оқушылардың қызығушылықтары мен белсенділіктерін анықтауға бағытталған сауалнама жүргіздім.Сауалнама нәтижесі :оқу пәндерінің қиындығы, оқу үдерісі бірсарынды немесе қызықсыз, оқушылардың уақытты тиімді пайдаланбайтындығы ,ақпаратты саралауға дағдыланбаған –деген қорытынды жасадым. Оқушылардың ынта –ықыластарын дамытуға бағытталған -іс-әрекеттің қажеттілігін коучинг арқылы бастадым.

Тақырыбы: Оқушылардың сабаққа ынтасы мен белсенділіктерін арттыру.

Жалпы мақсат: Оқытудың жаңа әдіс-тәсілі ретінде оқушылармен жүргізілетін жұмысты жаңаша ұйымдастыруға бағыттама ұсыну.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері: -мұғалім-оқушы арасындағы жағымды қарым-қатынас;

-сыныпта топтық және жеке жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын кеңеседі;

-сабақ үдерісінде белсенді қарым-қатынас орнайды;

Сабақта туындаған негізгі идеялар: Практикалық талдаулар арқылы оқушының ой- өрісін кеңейтуге бағытталған стратегияларды пайдалана отырып, оқушылармен жүргізілетін жұмысты саралау идеясы.

I.Ұйымдастыру. (7 мин) Тренинг: « Мен қандаймын?»

«Айнаға қарап әр оқушы бір жағымды, бір жағымсыз жақтарын айтады)

Оқушыларды топқа бөлу. «Сынып старостасы», «Мұғалім», «Ата-ана», «Оқушы» бойынша топқа бөлінеді. / рөлге салу арқылы топқа бөлінеді /

II.Ой шақыру.

Кіріспе: Слайд. «Менің оқитын мектебім» (слайдта мектептің көрінісімен ата-нағаға, оқушыға, мұғалімдерге бағытталған нақыл сөздер, мақалдар)

Сұрақ -жауап әдісі арқылы :

Мектеп маған несімен ұнайды?, Мектептегі достарым кімдер? Не үшін мектепке келемін?, Мектеп- білім бұлағы—деген сөзді қаншалықты сезінеміз? т.б. оқушылар интербелсенді тақтаға жазу арқылы талқылайды.

Маған ұнайтын пәндер ?

(Флипчартқа жазамыз. Оқушылар өздеріне ұнайтын пән атауларына өздерінің есімдерін жазады)

Нәтижесінде; ағылшын,қазақ тілі ,орыс тілі пәндері 2-3 оқушы белгі салса химия пәні мүлдем ашық қалды.Осыдан кейін оқудағы қиындықтар анықталады.

Белгілерге қарай пәнге деген қызығушылықтары мен қиындықтарын сұрақ қою арқылы анықтап аламын. (сұрақ қою арқылы ,стратегияларды қолданамын)

-Шешу жолдары: (Флипчартқа жазамыз)

Пәнге жазған есімдерге сұрақ-жауап түрінде шешу жолдарын тізбектейміз

(Оқушылар өздері айтып, өздері тізбектеп жазады)

Әрі қарай өздерінің жауаптарын саралау арқылы шешу жолдарын анықтайды. Нәтижесінде оқудағы қиындықтарды жеңуге болатындығына көздерін жеткізіп, «оқудағы қиындықтар»-ға х белгісін салады.

Осы сәтте оқушылардың сұрақ қою арқылы , жауап алу ұзақ уақытты қажет етті. Себебі мәселенің ең негізгі түйінін шешу де, сөйлеуге дағдыланбағандығы, ақпаратты саралауға, жүйелеуге ,өз бетінше жұмыс жасауда сынып ұжымының қиналатындығы байқалып тұрды. Үялғандықтан емес, ойларын ашып жеткізе алмайтындығы мені ойландырды. Оқушылардың қазақ тілі, әдебиет сабақтарына қатынасамын және эссе жазуға үйрету керектігін байқадым.

Негізгі бөлім: Бейнежазба «Бәрі де, өз қолыңда» топтық тапсырмалар берілді. Бейнежазба идеясы нені білдіреді?, Бұған қандай пікір қосасыңдар?, Ұстаз бен шәкір арасындағы көріністі басқаша қалай сипаттар едіңдер? (Әр топ пікірлерін ортаға салады.)

Тиімді, нақты нәтиже беретін әдіс-тәсілдерді саралау, бір шешімге келіп, ұсынбалар дайындау.

(Әр топтан оқушылар сөйлейді)



Рефлексия:

«Бірлескен әрекет»

Дөңгелене тұрып, бойымыздағы жағымсыз қасиетімізді жазып, ортаға тастаймыз да, қолымызды бір-біріміздің иығымызға қойып, бірлесіп аяғымызбен басып, жағымсыз. қасиеттеріміздіен тазарамыз.

Қорытынды:

Оқушылардың пікірі: (есімдерін қағазға жазып аталған , қорапшаларға еркімен салады)

-Сандық– көп нәрсе туралы мағлұмат алдым.

- Қоқыс жәшік– мен үшін ас маңызды емес, себебі бұрыннан білетінмін

- Ет тартқыш коучингке көңілім толды, әліде ой елегінен өткізіп, қажеттісін өзіме аламын. рахмет!

Егер ұша алмасаң, онда жүгір.

Егер жүгіре алмасаң, онда жүр.

Егер жүре алмасаң, онда еңбекте.

Бірақ тек алға қарай қозғалудан айныма. Кинг, Мартин Лютер

Әрине мен аз да болса оқушыларымның қызығушылығын оята алдым себебі: апай тағы да осындай сабақ бола ма?-бізге қатты ұнады –деген сөздері менің жұмыстануыма шабыт берді.

Ағылшын тілі, тарих сабақтарынан қиналатындығын өздері анықтап бергеннен кейін, әріптестеріммен сөйлесіп, сыныпқа Lesson Study үдерісін енгізуді жоспарладым. Сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің (ағылшын тілі ,тарих, сызу) 2-ші деңгейдегі сертификатталғандығы сенімімді толықтыра түсті. Сынып жетекшісімен бірге жоспарлы түрде интеллектуалды сайыстар мен дебат, жарыссөздер ұйымдастыру керектігін жоспарыма енгіздім. Нәтижеге жету үшін, көп жұмыстану қажеттігі байқалып тұрды. Мені алда көп жұмыстар күтіп тұр, алайда сынып оқушыларын белсенді, білімді, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға атқаратын жұмыстарым әсерін тигізетіндігіне сенімдімін -деген қорытынды жасағым келеді.



Дереккөздер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей,үшінші басылым. 2012ж

  2. Үлестірме материалдар І деңгей

  3. Курсалды тапсырмалар. Ідеңгей, үшінші басылым. 2012ж



Коучинг сабағының тақырыбы

Оқушылардың сабаққа ынтасы мен белсенділіктерін арттыру.

Жалпы мақсаты

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілі ретінде оқушылармен жүргізілетін жұмысты жаңаша ұйымдастыруға бағыттама ұсыну.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

-мұғалім-оқушы арасындағы жағымды қарым-қатынас;

-сыныпта топтық және жеке жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын кеңеседі;

-сабақ үдерісінде белсенді қарым-қатынас орнайды;

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Практикалық талдаулар арқылы оқушының ой өрісін кеңейтуге бағытталған стратегияларды пайдалана отырып, оқушылармен жүргізілетін жұмысты саралау идеясы.

Тұсаукесер















Кіріспе бөлім









Негізгі бөлім




I.Ұйымдастыру. (7 мин)

Тренинг: «Менің ортам»

Оқушыларды топқа бөлу. «Сынып старостасы», «Мұғалім», «Ата-ана», «Оқушы» бойынша топқа бөлінеді. / рөлге салу арқылы топқа бөлінеді /

II.Ой шақыру.

Маған ұнайтын пәндер ?

(Флипчартқа жазамыз. Оқушылар өздеріне ұнайтын пән атауларына өздерінің есімдерін жазады)

Белгілерге қарай пәнге деген қызығушылықтары мен қиындықтарын сұрақ қою арқылы анықтап аламын.

1Бұл пән несімен қызықты?

2.Сабақта жаңа әдістер қаншалықты қолданылады?

3.Не себептен бұл пән ұнамайды?

4.Қандай пәндер сен үшін маңызды?

-Оқудағы кедергілер

-Шешу жолдары: (Флипчартқа жазамыз)

ІІІ. Тапсырма:

«Мектеп керемет жер, бірақ енді қайта жоламаймын...»

(Келісемін, келіспеймін осы пікірді жақтаушылар топтасу арқылы тақырыпты ашады)

Әзірленуге – 10 минут; қорғауға – 10 минут



Түйін. 1. Бейнежазба «Бәрі өз қолыңда»

2. Сыныптың ережесін жазып, көрнекті жерге іліп қоямыз

(Флипчартқа жазамыз)

Тиімді, нақты нәтиже беретін әдіс-тәсілдерді саралау, бір шешімге келіп, ұсынбалар дайындау

Рефлексия.

Қорытынды.


«Бірлескен әрекет»

Дөңгелене тұрып, бойымыздағы жағымсыз қасиетімізді жазып, ортаға тастаймыз да, қолымызды бір-біріміздің иығымызға қойып, бірлесіп аяғымызбен басып, жағымсыз. қасиеттеріміздіен тазарамыз

Егер ұша алмасаң, онда жүгір.

Егер жүгіре алмасаң, онда жүр.

Егер жүре алмасаң, онда еңбекте.

Бірақ тек алға қарай қозғалудан айныма. Кинг, Мартин Лютер

1.Оқушылардың пікірі:

-Сандық– көп нәрсе туралы мағлұмат алдым.

- Қоқыс жәшік– мен үшін ас маңызды емес, себебі бұрыннан білетінмін

- Ет тартқыш – коучингке көңілім толды, әліде ой елегінен өткізіп, қажеттісін өзіме аламын. рахмет!

2. Қатысушы мұғалімдердің пікірі

Шульман ілімі бойынша кері байланыс (әріптестер осы кестені толтырады)

Бас

Кәсіби түсінік

Қол

Тәжірибелік дағды

Жүрек

Жүрегінде қабылдағын адамгершілік дағдылары



Дереккөздер

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей,үшінші басылым. 2012ж

  2. Үлестірме материалдар І деңгей

  3. Курсалды тапсырмалар. Ідеңгей, үшінші басылым. 2012ж















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!