Материалдар / Оқушылардың сөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық жетіспеушілігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың сөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық жетіспеушілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық жетіспеушілігі жайлы ақпарат, сөйлеу тілінің бұзылысы туралы мәлімет берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2024
195
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушылардың сөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық дамымауы

Фонетикалық – фонематикалық тілдік дамымаушылық – бұл әртүрлі сөйлеу бұзылыстарының салдарынан баланың ана тілінде дыбыстау жүйесінің қалыптасуының бұзылысы. Фонетикалық – фонематикалық тілдік дамымаушылығы бар баланың сөйлеу тіліндегі негізгі көрінетін белгі дыбыстарының қалыптаспауы. Бұл балаға тән фонетикалық қабылдау қабілетінің қалыптасуының жеткіліксіздігі болып табылады. Лексикалық – грамматикалық дамуы да кешеуілдейді.

Сөйлеу тілінің фонетикалық – фонематикалық дамымауы – бұл сөйлеу жүйесіндегі дыбыс айту үрдістерінің қалыптасуындағы бұзылыс, ол әртүрлі сөйлеу бұзылыстары бар балаларда дыбыс айту мен қабылдаудың бұзылуы салдарынан болады. Сөйлеу тілінің дыбыстық қатарының қалыптасуындағы ауытқушылықтардың барлық түрі екі категорияда біріктіріледі: фонетикалық және фонематикалық бұзылыстар. Сөйлеу тілінің фонетикалық бұзылысы моторлы механизмдермен, ал фонематикалық – сөздің дыбыстық қатарының тілдік бағдарлану операцияларының толық болмауымен байланысты деп саналады.

Сөйлеу тілінің дыбыстық қатарының қалыптасуындағы бұзылыстарға себепші механизмдердің 7 түрін қарастыру қабылданған:

1. артикуляциялық мүшелердің бұзылысы (неврологиялық механизм);

2. артикуляциялық праксистің қалыптаспағандығы;

3. сенсорлы (перцептивті) бұзылыстар (көбіне есту);

4. аралас сенсомоторлы механизмдер;

5. артикуляциялық мүшелер мен тісжақ аппаратының анатомиялық аномалиясы;

6. функциональды бұзылыстар;

7. ақыл-ой дамымаушылығы;

Дыбыс айту мен фонетикалық қабылдаудың қарастырылған ерекшеліктерімен қатар, фонетикалық – фонематикалық дамымаушылығы бар балаларда сөздің түсініктілігі мен айқындылығының дамымаушылығы байқалады.

Баланың сөйлеу тіліндегі дамымаушылықтың қатарына дыбыстарды дұрыс айтпау, сөздік қорының жетіспеуі, мәнерлеп айту тәсілдерін дұрыс қолданбау, сондай-ақ «шамадан тыс бос сөйлеу» жатады, Осыған байланысты сөйлеу тілінің құрылымы мен оларды балалардың ақылмен қолдануына аса назар аудару керек.

Кіші мектеп жасындағы балалардың фонетика – фонематикалық дамымаушылығын түзету:

-Бұл әрекет тілдің дыбыстық жағын түзетумен фонематикалық дамымаушылығына мақсатты бағытталған логопедиялық жұмыстар арқылы орындалады.

-Сөздің морфологиялық құрамын дамытуға көңіл бөлу,

-Сөзді өзгерту және олардың сөйлеммен сәйкестігін.

-Балалардың жәй құрмалас және күрделі сөйлемдерді құру дағдысына тәрбиелеу.

-Байланысқан тілді дамыту, әңгімемен жұмыс; түзету міндеті қойылғанды қайта әңгімелеу.

-Жүре пайда болатын зейін мен есті дамыту.

Фонетикалық қабылдауды қалыптастыру бойынша жұмыстар ең алдымен сөздік емес дыбыстар материалында жүзеге асады. Арнайы ойындар мен жаттығулар үрдісінде балаларда сөздік емес дыбыстарды тану мен ажырату қабілеттілігі дамиды. Балалар ойын кезінде дыбыстық тіркестерді, сөздерді естіп, дауыстың тембрін, күшін және биіктігін ажыратуды үйрене білуі қажет. Осыдан кейін олар дыбыстық құрамы жағынан жақын дыбыстарды, кейінірек – буындарды ажыратуды үйренеді. Баланың сөйлеу тіліндегі дамымаушылықтың қатарына дыбыстарды дұрыс айтпау, сөздік қорының жетіспеуі, мәнерлеп айту тәсілдерін дұрыс қолданбауы, сондай – ақ «шамадан тыс бос сөйлеу» жатады. Осыған байланысты сөйлеу тілінің құрылымы мен оларды балалардың ақылмен қолдануына аса назар аудару керек. Ойын – баланың негізгі іс-әрекет түрі. Н.И. Крупская бала үшін ойынның алатын орны ерекше деп жазған: олар үшін ойын, оқу, еңбек, тәрбиелеудің бір түрі. Сөйлеу тіліндегі ақаулықтар еріксіз ойынға да әсер етеді. Мұндай балаларды ойынға қосу қиындайды. Олар әлсіз, ойында алдына мақсат қоя алмайды, көбіне көрермен болады немесе оындаушы рөлін атқарады. Бұндай балаларға дидактикалық, қимылдық, шығармашылық құрастыру, рөлдік мағыналық ойындар ойнатылғаны жөн.

Оқу жылының басында дефектологқа ПМПК (Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия) кеңесінің қорытындысымен келген оқушылар саны- 10. Оның ішінде 1оқушы -МАД тобы оқушысы, 2 оқушы- 1 сынып оқушылары, 2 сынып оқушылары -2, 1 оқушы -3 сынып оқушысы, 1 оқушы -4 сынып оқушысы, 5 сынып оқушысы-1, 8 сынып оқушысы -1 және 1 оқушы 7 сыныпта (үйден оқиды) оқиды. 3 оқушы ПМПК да арнайы маманнан сабақ алып жүр. Мектепішілік дефектолог сабағына қатысатын ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар саны- 17. 2 оқушы ата-анасы сабаққа қатыстырғысы келмеді.(бір отбасы балалары) Оқу жылының І жартыжылдығында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, нәтиже берген бала саны - 1. Баланың танымдық қабілеттері мен даму ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу арқылы оқушының іс – әрекетінің дамуы, жалпы оқу дағдысы мен көріп есте сақтауы, зейіннің тұрақтылығы, ойлау қабілеті, ұсақ моторикасы, ой өрісінің деңгейі,сауатты, көркем жазу дағдылары, оқушылардың ұғымына сай мәтіндерді дұрыс оқып, мағынасын түсінуі, есептеу дағдылары, үлгіні көшіру, үлгі бойынша жұмыс істей білуіне анықтау жасалынды. Жылдық жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды.

Оқу жылында сауатты оқу мен жазу дағдысын, математика, тіл байлығын дамытуға арналған көрнекі құралдар дайындалды. Желтоқсан айында дефектолог кабинеті жасақталды. Атап айтсақ, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға байланысты әр түрлі ойыншықтар, дамытушы құралдар, түстерді, пішіндерді тануға арналған түрлі функционалды «Радуга» наборы, кіші мектеп жасындағы балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға бағытталған «Тасбақа» дидактикалық жиынтығы, «Топ-топ» ковригі, оқушылардың көріп есте сақтауы мен дидактикалық ойындарға арналған дидактикалық стол, демалуына арналған пуфиктер, тактильді сезім мүшелеріне арналған дорожкалар, математикалық сауаттылығын дамытуға арналған «Numikon» жиынтығы, логопедиялық массажға арналған кушетка, ұсақ қол моторикасына арналған әртүрлі дамытушы ойыншықтар.

Оқушылардың даму кемшіліктерін кешенді түзетуге, олардың дыбыстарды дұрыс дыбыстай алуына, психологиялық денсаулығының дұрыс қалыптасуына жұмыстар жүргізуде.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!