Материалдар / Оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Дарынды балаларды тану-нақтылы бір баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс.Қайсыбір әдістің көмегімен зеректіліктің айқындалуы мүмкін емес. Шығармашыл оқушылардың дарындылығын анықтаған кезде кешенді көзқарас танытқан маңыздырақ.Сонымен бірге сан алуан әдістердің кең ауқымын қолдануға болады;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Сәуір 2022
397
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалжар ауданы,Басшилі ауылы

Ы.Мұхамеджанов атындағы ЖББОМ психологы

Назарова Шамшырақ Дарьябайқызы

Байланыс телефон: 8702-843-33-49



Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық

дарындылығын дамыту әдістемесі

ХХІ ғасырдың көкжиегінде өтіп жатқан білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы,баланың шығармашылық дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа көзқарасты талап етуде.Дарынды балаларды тану-нақтылы бір баланың дамуын талдаумен байланысты ұзақ процесс.Қайсыбір әдістің көмегімен зеректіліктің айқындалуы мүмкін емес.Шығармашыл оқушылардың дарындылығын анықтаған кезде кешенді көзқарас танытқан маңыздырақ.Сонымен бірге сан алуан әдістердің кең ауқымын қолдануға болады;

- балаларды бақылау әдістерінің сан алуан әдістердің кең ауқымын қолдануға болады:

- белгілі бір шығармашылық дарындылық жағдайын талдау міндетіне орай,түрлі әдістемелерді қолдана отырып,міндетіне орай,түрлі әдістемелерді қолдана отырып,психодиагностикалық зерттеулер жүргізу;

- баланың отбасылық жағдайы туралы,ерте балалық шағындағы дамуы жөнінде ақпарат жинаудың бірқатар әдістерін пайдалану (ата-аналармен әңгімелесу,сауалнамалар,балалардың шығармалары,күнделіктегі жазбалары және т.т);

- арнаулы психодиагностикалық тренингтер;

- балалардың тәртібін мұғалімдердің,ата-аналардың,тәрбиешілердің сараптамалық бағалауы;

- арнаулы бағдарламалар бойынша «байқау» сабақтарын өткізу,балаларды арнаулы ойындық және пәндік-бағытталған сабақтарға кірістіру;

- ұжымдық шығармашылық істерді даярлау барысында балалардың рөлдік ойындарға, «ми шабуылына» атсалысуы;

- балалардың шығармашылық қызметінің нақтылы өнімдерін кәсіби шебер мамандардың талдап,бағалауы (суреттер,өлеңдер,техникалық үлгілер және т.т);

- сан алуан зейіндік және пәндік олимпиадалары,конференцияларды,спорт жарыстарын,шығармашылық бәйгелерін,байқауларды,фестивальдерді,т.т. ұйымдастыру.

Г.Айзенктің парасаттылық тестілері

Г.Айзенктің парасаттылықтың тестілері,әдетте,адам өзіне-өзі диагностика жасау үшін де қолданылады.Бұл тестілер көбінесе түрлі сипаттағы 40 тапсырмадан тұрады.Бұларда тапсырмаларды тұжырымдау мен ұсыныудың түрлі тәсілдерімен қосқабат,сөздік,сандық және сызу материалдары қолданылады.Тестілердің ондай аралас сипаты,бәрінен бұрын,папасаттылық коэффициентінің жалпы бағасын беруге мүмкіндік туғызады (IQ).Тестілеу барысы уақытпен қатаң реттелген,Тестіні орындауға,әдетте, 30 минут бөлінеді.Нәтижелері бойынша IQ шығарылады.Қандай баланы ақыл-ойы зеректерге қосуға болатынын айқындауды,сонымен қоса,жалпы білім беретін мектеп мұғалімінің сынып жетекшісінен сұрастыру негізінде де жүзеге асыруға болады,өйткені,мұғалім оқушының ақыл-ой қабілетін дәл бағалай алады.Сауалнама Рензулли-Хартманның дәрежелілік шкалаларының негізінде құрастырылған.

Біздің жұмысымызда салмақты назар аударғымыз келетін бір жайт,дарынды бүлдіршін тұлғасының даму ерекшеліктері мен оған әлеумет тарапынан қойылатын талаптардың сәйкессіздігі нәтижесінде,дарынды баланың әлеуметтенуде,бейімделуде қиындықтары туындап,оның жоғарғы психикалық-жүйке мазасыздығын оятады,бұлар өз кезегінде әлеуметтік теріс бейімделу мен қияңқылыққа жеткізеді.

Психикалық жағдайды 8 шкаланың көмегімен сипаттауға болады.

Дене күшін басқа адамға қарсы қолдану-физикалық агрессивтілік.

Жағымсыз сезімдерін түрі арқылы сияқты (ұрыс-керіс,айқай-шу,шыңғыру),басқа адамдарға тіл қатудың мазмұны арқылы да білдіру (қорқыту,қарғау,боқтау)-вербальді агрессивтілік.

Басқа адамға бағытталған сынның,әзілдің жанама жолмен қолданылуы және ашу-ызаның бағытталмаған,реттелмеген көрініс табуы (айқайда,аяқтарымен соққылауда,т.т)-жанама агрессивтілік.

Әдетте,беделді мен басшылыққа қарсы бағытталған мінез-құлықтың қарсылық түрі,оның талаптарға,ережелерге,заңдарға қарсы енжар қарсылықтан белсенді әрекетке дейін өсуі мүмкін-негативтілік.

Ызалануға бейімділік,сәл ғана өзінен күйгелектікпен,өткірлікпен,тұрпайылықпен ызаға дайын тұрушылық-ашуланшақтық.

Көңіл-күй тұрақтылығы тренингтеріне атсалысу.Сонымен қатар,бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылық дамытуда мынадай әдістемелерді ұсынамыз:

Әлеуметтік-психологиялық тренинг

Мақсаты: Адамдардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту,өзін және қоршағандарды тиісінше қабылдау дағдысын дамыту үшін,қарым-қатынастың сан алуан түрінің қолданылуы

Жаттығу уақыты: 2 сағат

Материалдар мен құрал-жабдықтар:жұмсақ креслолар,орындықтар,таза қағаз парақтары,қаламсаптар,қарындаштар.

Жаттығудың алдында бой сергіту жүреді.Жүргізуші танысуды ұсынады,әрі ойынды жүргізеді:Шеңбер бойымен отырамыз.Сіздерге өздеріңізде,сіздердің мінездеріңізде ең маңыздысы,ең мәндісі не болып табылатыны жөнінде ойлануды ұсынамыз.Ал,енді мұны қысқаша түрінде,мысалы өлеңмен жеткізуге тырысыңыздар.Мысалы: «Мұз бен жалын», «Біресе ол жыртқыштай ұлиды,біресе сәбидей жылайды», «Тыныш,мұңды,үнсіз...» және т.т. Ойландыңыздар ма? Жақсы.Қазір шеңбер бойымен,кезек-кезекпен,жүргізушінің оң жағында отырған ойыншыдан бастап,топпен таныса бастаңыздар.Алдымен,өз есімдеріңізді атаңыздар,содан кейін өздеріңіз турасында,өз болмыстарыңыз туралы бірер сөз айтыңыздар.Егерде ол бір ғана тіркеспен айтылар болса,жақсы өлеңмен немесе әсірелеуді қолдана отырып та айтуға болады.Рахмет.Біз бір-бірімізге қарай бір қадам бастық.Кімнің сөздері анағұрлымәсерлілек шыққанын талқылаңыздар.

Баланың тапқырлығын анықтайтын әдістеме

  1. Бөлмеде төрт бұрыш бар.Әр бұрышта мысық отыр.Әр бұрышқа қарама-қарсы мысық отыр.Сонда бөлмеде қаншама мысық отыр? (төрт мысық)

  2. Бос кесенің ішінде қанша құрт болады? (кесе бос сондықтан оның ішінде ештеңе болмайды)

  3. Шелекке салынған қар бөлмеге сағат 5 те әкелінді.Сағат 6 да қар еріп суға айналды.Қар қанша уақытта еріді? (1 сағатта еріді)

  4. Бала сағат онда ұйқыдан тұрды.Егер ол екі сағат ұйқтаса,нешеде ұйқыға жатқан? (сағат 8 де)

  5. Бауыры 10 жаста,ал,ағасы 13 жаста.Бауыры 12 ге толғанда ағасы қанша жаста болады? (15 жаста)

  6. Балалар аулада қардан аққала жасады.Серуеннен кейін 18 қолғап кептірілді.Сонда аққаланы неше бала жасады? ( 9 бала)

  7. Қарындаш 3 бөлікке кесілді.Сонда ол неше бөлік жасады? (2 бөлік)

  8. Көлікте 21жолаушы келе жатты.Аялдамадан 5 жолаушыдан басқасының барлығы түсті.Сонда көлікте қанша жолаушы қалды? (5 жолаушы қалды,16 сы түсіп қалды)

  9. Үш қоян келе жатыр.Біреуі екеуінің алдында,тағы біреуі екеуінің ортасында,ал тағы біреуі екеуінің артында.Қояндар қалай жүріп келе жатыр?(бірінің артынан бірі)

Нәтижені талдау

Әр сұраққа 5 секундтан уақыт беріледі (50 секунд)

Уақытында айтылған дұрыс жауапқа-5 ұпай

Уақытында айтылмаған дұрыс жауапқа-2,5 ұпай

Уақытында қате берілген жауапқа-0 ұпай

Баланың тапқырлығы ол жинаған ұпайдың жалпы санымен анықталады.

50- ұпай – өте жоғары

48-49 ұпай - жоғары

25-40 ұпай – орташа

12-15 ұпай- төмен

0-3 ұпай өте төмен

Зерттеу хаттамасы (үлгі ретінде)

Оқушының аты жөні _____________________________________

Жасы ____________ Сынып_____________

Жынысы __________ Күні _______________

Тапсырма

Уақыты

Ұпай

Нәтижесі

1





2





3





4





5











Пайдаланылған әдебиеттер:

Р.С. Омарова Ж.К. Елеупаева «Мектеп оқушыларының дарындылығын дамытудың теориясы мен әдістемесі» Ақтөбе,2009 143 бет

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!