400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Аттетстацияға эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Еліміздің жарқын болашағына үлес қосатын, сапалы, сындарлы ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытатын – мұғалімнің,мектеп ұжымының міндетінің бірі болып табылады.Жалпы «шығармашылық» сөзі – «шығар», «ойлап тап» сөзінен бастау алған. Яғни, бір затты немесе жүйені, іс – әрекетті ойлап табу. Жалпы кез – келген шәкірт қабілетсіз болмайды. Мысалы: бір оқушы саз балшықтан мүсіндер жасауды жақсы көрсе, енді бірі домбыраға әуес болуы, ал үшіншісі қима қағаздармен жұмыс жасауды жақсы көреді. Міне, баланың осы қабілетін аша отырып, оның болашақ мамандығына бағдар беру, оның сапаслы және сыни тұрғыдан ойлауға бағыттау – мұғалімнің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады.

Оқушының шығармашылық қабілетін ұстаз қалай дамытады? Шығармашылық белсенділікті ояту үшін сабақта жиі көрнекі құралдар қолдану, жаңа АКТ құралдарын, инновациялық құралдарды жиі қолдану,сурет – тірек сызбалармен жұмысты көбірек қамту,тақырыпқа сай бейнефильмдер, диафильмдер қолдану, көбірек көрсетіп, оны оқушыға талдату;

Шығарамашылық қабілетті дамытуға жақсы мүмкіндік беретін тағы бір пән – еңбек сабағы. Дәл осы пәнде біз оқушының қиялын дамыта аламыз. Алдындағы берілген тапсырмаға әртүрлі сыни көзқараспен қарап, орындау шеберлігін оқушы осы сәтте көрсете алады. Бірі – сызба арқылы жұмысты ұнатса, бірі – кесте тігуі мүмкін, бірі сурет арқылы ойын жеткізіп жатады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында мен мына жайттарды басты назарға аламын:

  1. Сабақ барысында шығармашылық қабілетті көрсететін жұмыстарды жиі енгізу;

  2. Арнайы әдістемелер бойынша шығармашылық қабілеттерін үнемі жетілдіріп отыру;

  3. Сабақтан тыс жұмыстар: пәндік олимпиада, ғылыми конференциялар, танымдық жарыстар – жыл бойы қатысу, оқушыларды қатыстыру жоспарын құру;

  4. Өзімді үнемі жетілдіру;

Осы қағидаларды назарға ала отырып, сыныбымдағы әр оқушының қабілетін дамытатыныма сенімдімін.Оқушының шығармашылығын дамытуда керемет көмек беретін құрал – логикалық ойындар, ойын лабиринттері, ышғарманы талдау. Оқылған мәтінді талдау барысында мен әр оқушыға шығарманы талдатамын, Жаттанды, бірізділіктен гөрі осы талдау әдісі тиімді. Бала өз ойын айтады, өз қабілетін шыңдайды.Оқиғаға байланысты өз көзқарасын айтады (адамгершілік тұрғыда жауапкершілікті шыңдау).Және де дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу бағыты осы шығармашылықты дамытуға үлкен әсері барын айтқым келеді.

«Адамның жақсысы – ұстаздан» деп халық бекер айтпайды. Өзімізді дамытып, жетілдіру арқылы біз баланы дамытамыз,сондықтан бір деңгейде тұрмай дами берейік!

Сөз саны: 328

Мектеп директоры:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
26.05.2024
1521
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі