Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Сам орта мектебі» КММ
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары.
(шығармашылық есеп)
Дайындаған: А. Сартова
Бастауыш сынып мұғалімі
Бейнеу, 2018 жыл
Заман талабына сай жас ұрпаққа білім беру саласында да өзгерістер болып жатыр. Балаларды жан-жақты дамытып, жаңа заманның азаматын тәрбиелеу, соның нәтижесінде қазақ елін алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер қатарына қосу- ұстаздар алдында тұрған басты міндет. Сондықтан да болар жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім-білік дағдыларын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Сонымен қатар үштілділікке бағыттау, оқытудағы басты мақсат-оқушыларды шет тілінде қарым-қатынас жасай алуға дағдыландыру, шет тілін үйрете отырып, ана тілін құрметтей білетін, өзге тілді білуге құштар білімді азамат тәрбиелеу.Тілді оқыта отырып, әр сыныптағы балалардың қарым-қатынас қабілетін, қабылдауын күнделікті сабақта байқаймын. Сабақ барысындағы оқу, жазу, аударуды әр оқушы әртүрлі қабылдайды. Жазу арқылы сөздік қор жиналады, оқушылар жүйелі ойлайды, ізденеді. Сабақтарда ережелерге мысал болатын сөйлемдер жазу, ауызекі диалог жаздыру,өз пікірлері мен көзқарастарын қағаз бетіне түсіру, достарына хат,мінездеме жаздыру жұмыстары жүреді. Бұл жұмыстар оқушылардың жазуына мүмкіндік туғызады. Оқушының жазған шағын мәтіні немесе әңгімесі үлкен шығармаға ұласады. Оқушы шығармашылығын арттыра отырып, «Демалыста», «Мектепте», «Менің ауылым», «Отаным», «Саяхатта» тақырыбында әңгімелер мен мәтіндер жаздырып отырамын.
Үштілділікті оқытуда оқушыларға үйретуде жазу, тыңдау,сөйлеумен қатар оқу біліктілігі жүреді. Оқушы оқу арқылы кез келген мәтіннің мазмұнын түсінеді.Оны оқушының жас ерекшелігіне және білім деңгейіне сай аламыз. Мәтін оқу міндеттері: мағұлмат алу, түсіну, жоспар құру, мәтінге байланысты суреттер қолдану. Оқуға жаттықтырудың тиімді жолы- диалогпен оқыту.Оқыған мәтінің мазмұнын екі оқушы бір-біріне сұрақ қою арқылы мазмұндап айтқызу олардың сөздік қорын дамытады. Оқушы шығармашылығын шыңдау, оны биіктерден көру-ұстаз жұмысының бір парасы. Қабілетті көре отырып, оқушыны жетелеп, білім-білік дағдыларын одан әрі дамытып, олимпиадада өресін таныту – уақыт ұттырмас мәселе. Қабілетті оқушымен жұмыс істей отырып, шығарма жазу, өлең шығару , кроссворд құрастыру жұмыстарын тапсырма ретінде беріп отырамын. Нәтижесінде оқушының сөз қоры көбейеді, танымы артады, ойын жүйелеп айтады және бірізділікке, шығармашылыққа,ізденімпаздыққа машықтанады. Сабақта тақырып мазмұнына сай ойын элементтерін пайдаланамын. Ойын, оқушының пәнге деген ынта-ықыласын арттырады, тілдік материалды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Мақал-мәтелдерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын грамматиклық құрылымын, білуін жетілдіруге көмегі көп. Екі тілде жаттаған мақал-мәтелдер оқушының ой өрісін кеңейтеді. «Білім мен тәрбие егіз» десек білімді де санаулы ұрпақ тәрбиелеуде ойынның, әңгіменің, мақал-мәтелдің маңызы зор. «Үш тұғырлы тіл үйрену» ұстанымын өз жұмысыма жоба етіп енгізе отырып бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелей бермекпін.
«Айтушы ақылды
болса,
Тыңдаушы дана болады»-
деп халқымыз тауып-ақ айтқандай, міне,
мұғалім мамандығын таңдап тер төгіп еңбек еткеніме 15 жыл өтіпті.
Қиыны мен жеңілі , қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы
педагогикалық ұстанымым –үнемі
жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық
тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға
жетелеу. Мұндай ұстаным
мұғалімде болмаса,ол жай мұғалім атын жамылып жүргендер деп айтар едім. Ал
ұстаздардың ішінде бастауыш сынып пәні
мұғалімдерінің жүгі ауыр. Себебі кеше ғана тілі шығып, оңы мен солын айыра
алмайтын кішкене бүлдіршіндерге «МЕКТЕП», «БІЛІМ» деген ұғымды
бойына сіңіру, заман талабына сай оқыту деген зор міндет. Ендеше
осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға-ұстаз. Тек мықты ұстаз
ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз
мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп бағалаған. Ұлы Абай «Адамның
адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқаны белгілі. Ұлы ағартушы Ахмет
Байтұрсынов : «Мектептің жаны –мұғалім. Мұғалім қандай
болса, мектебі Һәм сондай болмақшы
, яғни мұғалім білімді болса, білген
білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен
балалар көбірек білім біліп
шықпақшы. Солай
болған
соң ,
ең әуелі , мектепке керегі –білімді, педагогика ,методикадан
хабардар,оқыта білетін мұғалім»,-деген. Ғасырға жуық уақыт өтсе де
, Алаш арысының осы сөзі ескірмек емес. Жақсы ұстаз - бұл қай кезде
де ең алдымен
кәсіби деңгейі жоғары,интеллектуальдық ,шығармашылық әлеуеті мол тұлға .Ол
оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын , оқу-тәрбие
ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі
деп есептеймін және солай болуы тиіс. Мен үшін бұл міндетті орындау
, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген
жаңа әдіс –тәсілдерін алып, өз іс-тәжірибемде ұтымды пайдалана
білуге тырысамын. Мен өзімнің инновацияны сабақтастыру
іс-әрекетімді төрт түрлі өлшеммен
сипаттаймын:
-инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезіну.
-оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашылықпен қызмет етуге даярлығымның болуы.
- енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына ,тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуым.
-белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-әрекетті толық өзіме қабылдап, оны енгізе білуім.
Шығармашылық-жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Шығармашылық- өте күрделі психологиялық процесс. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – шығармашылық. Мұғалім өз шығармашылығы арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады. Ал менің мақсатым - оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын білдіру ,баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу.Оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын екіге бөліп қарастырдым:
1. Жаңа ақпараттық технологиялар.
2. Жүйелі жүргізілетін оқушыны шығармашылық қабілетін жетілдіру жұмыстары.
Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда.Сол жаңа білім кеңістігін қалыптастыруда менің қосатын үлесім көп. Ал, осы мақсатты орындау үшін мектебіміздің барлық оқу- кабинеттері қазіргі заманауи техника мен зертханамен жабдықталған. Кез-келген компьютер арқылы сымсыз Wi-Fi желі арқылы интернетке қосылуға болады. Интернет- технологиялар білім ордасын айтарлықтай кеңейтуге және танымдық іс-әрекеттерді арттыру үшін қосымша дидактикалық жағдайлар жасауға , оқыту процесіне қатынасын өзгертуге , өзін-өзі тану және өзін өзі –дамыту дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осылайша оқушының шығармашылығын дамыту жолын оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға бағыт беретін білім технологияларын қолдану арқылы дамыту керек деп білемін. Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде оқушыларға сабақ барысында электрондық оқулықты пайдаланып келемін. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз. Мен қарапайым ауыл мұғалімімін. Сондықтан менің алдымда тұрған мәселе көп. Бірақ ұлы Абай атамыздың :
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға ,-деп
айтқан сөзін жиі есіме түсіріп, кәсіби шеберлігімді үнемі жетілдіріп, ізденушіліктемін.
Мұғалім үшін оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі көзі - сабақ болып табылғандықтан, әр сабағымды жақсы жоспарлап, тыңғылықты дайындап, жан-жақты ойластырып өткізуге тырысамын. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибемде жаңа технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі.Әрине, тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді. Өз пәнімнен «Ақ бота» интеллектуальды марафонынан, қашықтық олимпиадасынан, нәтиже көрсеткіштері болды.
Мектептегі әр ұстаз ізденуді, білім беруді, баулуды, тәрбиелеуді, шығармашылықпен еңбек етуді абыройлы міндет, айбынды мақсаты деп біледі . Жас ұрпақты білімді, жан- жақты етіп өсіруге әрбір ата-ана, мектеп және бүкіл жұртшылық болып қатысу керек. Сондықтан да ұстаздар қауымы, сапалы білім бере отырып, еліміздің болашақ жастарын ұлағаттылыққа тәрбиелейік