ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі – таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оқушының өзіне сенімен арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан – жақты болуы керек. Сабақ мазмұнының теориялық – практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта – ықыласына әсер етуі тиіс
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ

Жанар БЕКБЕНБЕТОВА

« Ы.Мұхамеджанов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»КММ

география пәнінің мұғалімі

Шығармашылық дегеніміз- адамның өмір шындығына,өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін,дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.Оқушылардың белсенділігімен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту,қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау,осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын.Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс. Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек. Оқушының шығармашылықпен айналасуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, спапалы түрде қалыптастырып отыру қажет.    Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі лингвистикалық жаттығулардың да ролі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып қарма-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді. Мұғалім сабақтарда жаңа әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілімен өткізілген әрбір  сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дағдысын,оларды  сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тану оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылып отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өсуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі таныуына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп,   қабілетін ояту жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып танылады.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.Оқушының оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесі- бұл жылдар бойы көптеген ғалым- психологтардың, педагоктардың, практик мұғалімдердің арасында пікірталас тудырып келе жатқан және күні бүгінге дейін күн тәртібінен түспей жүрген мәселе. Біздің ойымызша, оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестіккеи баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды. Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар әр сабақта өтілетіндей ұйымдастыру қажет. Ал қазір дәстүрлі сабақ пен шығармашылық сабақтың айырмашылығын көрсетсек:

Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері Дәстүрлі сабақ

Шығармашылық сабақ

Сабақ мақсаты: А) мұғалім үшін: жаңа материалды беру; Ә) оқушы үщін: жаңа білімді меңгеру.

Сабақ мақсаты: А) мұғалім үшін: оқушылардың жаңа нәтижеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру; ә) оқушы үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу

Сабақтағы іс-әрекет түрі А) мұғалім үшін: жаңа сабақты түсіндіру; ә) оқушы үшін: жаңа материалды тыңдау, есте сақтау.

Сабақтағы іс-әрекет түрі А) мұғалім үшін: оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру; ә) оқушы үшін: жаңа нысанды зерттеу, құбылысты талдау.

Сабақ құрылымы жоспар бойынша өтілуге міндетті.

Сабақ құрылымы жағдайға байланысты жоспардан ауытқиды, өзгермелі.

Сабақ тақырыбына көзқарас — кітапта баяндалған идеяға негізделген бір көзқарас.

Сабақ тақырыбына көзқарас — мәселеге мамандардың түрлі көзқарасы

География сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетіне қабілетті, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.

Қорыта айтқанда оқушылардың шығармашылығын танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашыл ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше. Қорыта айтқанда , жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақта және кластан тыс жұмыстарда үнемі түрлендіріп, тиімді пайдалану, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың бірден-бір жолы. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл, елінің ертеңін ойлар жас жеткіншектерді тәрбиелей аламыз. Шығармашылық жұмыстардың өнімдері (жұмыс тәжірбиесінен баяндамалар,рефераттар,оқу бағдарламалары,сабақ әзірлемелері, дидактикалық материалдар,интерактивтік және мультимедиялық құралдар, бақылау-өлшеу материалдары-бейнематериалдар т.б.) : Оқушы: эссе,шығармалар, рефераттар, шығармашылық презентациялар, авторлық өлеңдер жинағы,зерттеу жұмыстары.

Басшилі ауылы

Мұғалжар ауданы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2022
800
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі