Материалдар / Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда және шығармашылықпен жұмыс жасауда факультатив сабақтардың ролі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда және шығармашылықпен жұмыс жасауда факультатив сабақтардың ролі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәні үшін факультатив сабақтардың маңыздылығы баяндалады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
309
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазіргі кезеңде мектеп алдында оқыту жүйесін жаңартып, қайта құруға байланысты бірнеше маңызды проблемалар тұр. Бұл үрдіс оқу-тәрбие үрдісінің теория мен практикасындағы түбегейлі өзгерістермен қатар жүреді. Мектептегі оқу үрдісінің жаңа даму кезеңі оқушының білімінің, дағдысының деңгейін көтеру қажеттілігімен ғана емес, оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін өзіндік әрекет арқылы көтерумен тығыз байланысты. Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар мұғалімнен зор шеберлікті талап етеді. Мұғалім сабақ үрдісінде материалды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет.

Физиканы меңгеру барысында оқушылардың шығармашылығын дамытуда зертханалық жұмыс оқу процесінің құрамды бөлігі болып табылады.

Сондықтанда биылғы оқу жылындағы өзім сабақ беретін 8 сыныптардың факультатив сабағын «Физика және эксперимент» атты тақырыбымен таңдалынды.
Физика сабағында жүйелі түрде зертханалық жұмыс өткізу арқылы оқушылардың білімге қызығуын, ізденісін тудыруға болады.
Физикалық эксперимент негізінде оқушы физика пәнін оқып-зерттеудің ауқымын терең және саналы түрде түсіне біледі.
Мектеп бағдарламасында физика сабақтарында өткізілетін зертханалық жұмыс маңызды функцияларды атқарады:
1.Тәрбиенің қалыптасуына көмектеседі (еңбектік, мәдениеттілік, үнемшілдік, этикалық, эстетикалық, шыдамдылық);
2.Дамытушылыққа үйретеді (есте сақтау, ойлау, елестету, сезіну, қажеттілік);
3.Оқушылардың танымдық қасиетін дамытады: зерттеушілік, салыстыру,қорытындылау.
Оқушылардың танымдық іс-әрекет арқылы дүниеге ғылыми көзқарастары қалыптасып, қоршаған ортадағы, тұрмыстағы, бір сөзбен айтқанда адам өмірінде пайдаланатын немесе тікелей қарым-қатынаста болатын әр-түрлі физикалық заттардың қасиеттерін және техникалық қауіпсіздік ережелері жөнінде теориялық біліммен бірге практикалық білікті меңгереді, яғни физика заңдылықтарын өмірде дұрыс пайдалану дағдылары қалыптасады.
Зертханалық жұмыстар әртүрлі ұйымдасқан түрде: топтық, жұппен, жеке түрде жүргізілуі мүмкін. Осы заманғы инновациялардың және технологиялардың бәрінің негізіне оқушылардың белсенді өзіндік жұмыстарыжатады.
Мектепте физика сабағында өткізілетін зертханалық жұмыстарды жаңа материалды бекіткен кезде, яғни теориялық ұғымдарды, ережелер және кейбір түсініктерді түсіну үшін мұғалімнің басшылығымен оқушылардың өздері жасайтын эксперимент. Зертханалық жұмыс жаңа материалды практикалық тұрғыдан толықтырушы.
Оқушылардың шығармашылығын дамытуда зертханалық жұмыспен қатар Практикалық жұмыстың да маңызы зор. практикалық жұмыстар үлкен тақырыптың соңында алған білімдері мен біліктерін бекіту, жетілдіру, нақтылау, практикалық біліктерін қалыптастыру және оқушыларда бұрыннан ьар білікпен дағдыны жетілдіру мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Практикалық жұмыстың мазмұнымен танысып, талдап келу оқушыларға үй тапсырмасы түрінде беріледі. Практикалық жұмысты оқушылар толық түсініп, қауіпсіздік техникасы ережелерін қайталап, жұмыстың жасалу жоспарын жасағаннан кейін ғана жүргізу қажет. Практикалық сабақ кезіндегі оқушының іс – әрекетін және әрбір тәжірибені қатесіз, ұқыпты орындауы, құралдармен жұмыс жасай білуі, сабақ барысындағы тәртібі және техника қауіпсіздігін сақтауы мұғалімнің бақылауында болады.
Жұмысты орындап болғаннан кейін оқушылар дәптерлеріне жұмыстың мақсатын, жұмыс барысын жазып қорытынды жасайды.
Қазіргі кезеңдегі оқытудың басты прблемасы –өзіндік оқуға, өзіндік әрекеттерге үйрету шешілуін күтіп тұрған проблема күйінде қалып отыр.
Білім саласының алдында тұрған міндеттерді шешудің маңызды шарттарына оқушылардың толыққанды оқу әрекеті арқылы өз оқу үрдісін жетілдіру жатады. Осыған байланысты өзіндік жұмыстарды орындау аса маңызды рөл атқарады. Оқушының үй жағдайында жасайтын физикалық эксперименттері оның өзіндік әрекетіне негізделеді. Үй жағдайында жасалатын физикалық эксперимент жұмыстары ата-ананың қадағалауымен жүргізіледі. Үй жағдайында жүргізілетін тәжірибелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мұғалім техникалық қауіпсіздік ережелерін арнайы тест көмегімен тексеріп, оқушының оны игергендігіне көзі жеткенде ғана рұқсат береді.





 

Оқушы үй жағдайында жасайтын экспериментінің орындалуы оқу үрдісі тұрғысынан 7 кезеңге бөлінеді:

  1. Тәжірибенің мақсатын түсіну

  2. Заттарды зерттеу

  3. Дайын құрылғыны пайдалану немесе қолдан құрастыру

  4. Тәжірибенің орындалуы

  5. Алынған нәтижелерді талдау және қорытынды жасау

  6. Алынған нәтижелерді түсіндіру және нәтижесін жазу

  7. Есеп беру

Үй жағдайында жасалған физикалық тәжірибе оқушының алған

білімін өмірде қолдана білуге үйретеді.

Жалпы физика сабағында жасатын тәжірибе жұмыстары білім берудің маңызды әрі белсенді құралы, ол оқушыларды жаттандылықтан арылтып, саналы білім алуына жол ашып, оқушылардың шығармашылығын дамытып, өзіндік дамуына жағдай туғызары сөзсіз









































Баяндама

Тақырыбы: « Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда және шығармашылықпен жұмыс жасауда факультатив сабақтардың ролі»





Баяндаған:Аязбай Л











Қосарал-2017

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!