400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту».

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Материалдың қысқаша нұсқасы


«И.Жанболатова атындағы №15 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

















Тақырыбы:

«Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту».



Дайындаған: Педагог-психолог,

«Өзін-өзі тану» пәні ІІІ (базалық)

деңгей мұғалімі А.С.Гафарова











Ақтау қаласы


Тақырыбы: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.

Мақсаты: Жаңа заман талабына жеке тұлғаны дамыту, Танымдық қабілетті дамытуға арналған жаттығулар орындату арқылы балалардың шығармашылығын дамыту, белсенділігін, іскерлігін арттыру, топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларымен бөлісіп, ашық айтуға дағдыландыру

Сабақ түрі: психологиялық тренинг сабақ
Қажетті құралдар: тоқыма жіп, А4қағаздар, түрлі түсті қарындаштар т.б.
Тренинг ережесі:
Тыңдай білу
Белсенді қатысу
Сөзді бөлмеу
Күлімсіреу
Сын айтпау
Уақытқа бағыну

Сабақ барысы:

1. Қай алманы таңдайсыз? Топқа бөлу.

Мақсаты: адамның өз өмірі үшін талпынысын анықтау.

Әр қатысушыға өзі таңдаған алмаға байланысты мінездемелері оқылады.

Үлкен алма – бәрін ата-анасы жасайды, тек ата-ана үшін өмір сүріп жүргендер.

Орташа алма – өз өмірі үшін өздері жұмыстанатын, еңбекқор жандар.

Кішкентай алма – ештеңеге қиналмайтын, дәйексіз адамдар.
2. Танысу рәсімі: «Достық торы» тренингі 
Мақсаты:
Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші тоқыма жіпті бір саусағымен іліп алып өз есімінің бас әріпінен басталатын жақсы қасиетін теңеп таныстырады да өзі қалаған қатысушыға лақтырады. Жаттығу осылай жалғасады, барлық қатысушылар қамтылу керек. Соңында «Достық торы» пайда болады. 

3.Дыбыстық жаттығу

Мақсаты: Дыбыстық гимнастикамен таныстыру, рух пен дененің тынығуы.

Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрын, өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз, тік тұрамыз, арқамызды тік ұстаймыз. Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты, әрі қуатты етіп шығарамыз.

Келесі дыбыстарды «әндетіп» айтамыз:

«А» — барлық ағзаға жайлы әсер береді;

«Е» — қалқанша безге әсер етеді;

«И» — миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді;

«О» — жүрекке өкпеге әсер етеді;

«У» — асқазан маңындағы ағзаларға әсер етеді;

«Я» — барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;

«М» — барлық ағзаның жұмыс істеуіне әсер етеді;

«Х» — көңіл-күйді көтеруге әсер етеді.

4.«Ғажайыптың сиқырлы орманы» жаттығуы

Мақсаты: Эмпатия сезімін сенімін дамыту.

Нұсқау: Қазір біз түрі ғажайыптар болатын ғажайып орманға айналамыз, онда әрқашан да жақсы және жағымды. Ұстаным бойынша 2 топқа бөлінеміз:

«Орман» — «Бау» деген 2 қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз бұтақтар, бұл бұтақтар орманнан өткен адамның басынан, қолынан, арқасынан сипап аялайды. Ал енді әрқайсысыңыз осы ғажайып орманнан өтіңіздер.

Талдау сұрақтары:

1.Орманнан өткенде қандай сезіндіңіз, топ қатысушылары сізге әсер етті ме?

2.Ағаш болған кездегі, сіздің сезіміңіз?

3.Жаттығуға дейінгі және кейінгі жағдайыңызды айтып беріңізші?

5.«Мюнстерберг» әдісі

Мына әріптердің арасынан сөздерді тап. Бұл сөздердің барлығы психологияға байланысты сөздер.

ҚВОАНЕЛЗЕЙІНПРЫНКДЕЭМТВЕСОЕЩӘЕШВШОВШМОШОМШРҚИЯЛОПДЛРДРВАОЙЛАУҰАҮҰНГҚҰВРЕРІКҚШВШҚҰВГСӨЙЛЕУАҮАӨӨАОРУОҚҮМОАЕКВҚАБІЛЕТАТВЛРАҚҰПКРОТҮЙСІКТКОЦЗЩШСЕЗІМАҚҰМІНЕЗ

Шешуі: Зейін, ес, қиял, ойлау, қабылдау, сөйлеу, қабілет, түйсік, сезім, мінез.

Жоғарғы деңгей – 8-10 сөз

Орташа деңгей – 4-7 сөз

Төменгі деңгей – 1-3 сөз

6.«Артық сөзді алып тастау» әдістемесі.

Мақсаты: Ол баланың маңызды бөліктерін бөліп көрсетуін, жалпылай білім дағдысын көрсетеді.

Әдістеме төрт сөзден тұратын 15 сериядан құралған. Мұғалімде секундомер мен хаттамасы болу керек.
Артық сөзді алып тастау әдістемесінің бланкісі.
1. Кітап, портфель, чемодан, әмиян.
2. Пеш, керосин, шырақ, электроплиткасы.
3. Сағат, көзілдірік, таразы, термометр.
4. Қайық, қол арба, мотоцикл, велосипед.
5. Ұшақ, шеге, ара, желдеткіш.
6. Көбелек, штанггенциркуль, таразы, қайшы.
7. Ағаш, этажерка, сыпырғыш, айыр.
8. Ата, мұғалім, ана, әке.
9. Қырау, шаң, жаңбыр, шық.
10. Су, жел, көмір, шөп.
11. Алма, кітап, тоң, раушан.
12. Сүт, қаймақ, ірімшік, нан.
13. Қайың, қарағай, жеміс, емен.
14. Минут, сағат, секунд, кеш.
15. Ақерке, Айдын, Зульфина, Баубекова.

Сараптаманың жауап парағына сүйенетін болсақ.
1. Кітап 2. Шырақ 3. Көзілдірік 4. Қайық 5. Ара 6. Көбелек 8. Ағаш 9. Шаң. 10. Жел 11. Алма 12. Ана 13. Жеміс 14. Кеш 15. Баубекова.

7. «Базар» 
Мақсаты: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, зейінін байқау. 
Оқушылар қағазға сурет салады, сурет салынған қағаздарын 4бөлікке бөледі. Әр оқушы 1 бөлікті өзіне алып қалып, қалған бөлікті мұғалімге береді. Мұғалім барлық оқушының қағаздарын араластырып, әр оқушыға қайтадан 3бөліктен таратып береді. Оқушылар өз суреттерінің қалған бөліктерін табу керек. 

8. Тренинг «Біздің ұжымның жүрегі».

Мақсаты: эмпатия сезімін, сенімділікті, ұйымшылдықты дамыту.

Тақтадағы үлкен жүрекшеге алдарыңыздағы кішкене жүрекшелерге тілектерімізді жазып жапсыруымыз керек.

Бұл Біздің ұжымының жүрегі, ол сіздермен бірге болғанда сіздердің тілектеріңізбен үнемі дүрсілдеп тұарды. Ендеше үнемі жүрегіміз бірге дүрсілдеп, ұжымымызда береке, бірлік болып, біз ұжымбыз деп қызығымен, қиыны мол еңбегіміздің жемісін көріп, жанұямызда татулық болсын.

Падаланылған әдебиеттер:

Мектептегі психология журналы 2014 ж. №08

Интернет желісі


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
16.10.2018
1717
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі