Материалдар / Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал Қосымша білім беру орталықтарының педагогтарына, үйірме жетекшілеріне, сынып жетекшілерге арналған.Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат — оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу. Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жоғарыда аталған мәселенің екінші тармағына тоқталатын болсақ, қызығушылық, ақыл-ойды жетілдіру жеке адам тәрбиесінде байланыстырушы буын болып табылады. Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интелекті дамытуда қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеудегі маңызды фактор болуы мүмкін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
6973
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту


Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана

шәкірт жанына нұр ұялата алады.


Ахмет Байтұрсынұлы


Мазмұны:

І. Кіріспе.

Шығармашылық деген не?

II.Негізгі бөлім.

2.1. Қосымша білім беру орталықтарында оқушылардың шығармышылық қабілеттерін арттыру.

2.2. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау

ІІІ. Қорытынды.


Пайдаланылған әдебиеттер.



Қазіргі білім берудің басты мақсаты — шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту — мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.

Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат — оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет- оқушылардың шығармашылылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми- зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың танымдық, шығармашылық әлеуетін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.

Шығармашылық дегеніміз — оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі.

Қосымша білім беру мекемесі әр оқушыға   еркін шығармашылық жолын таңдауға мүмкіндік береді.  Қазіргі замандағы қосымша білім беру ұстаздар қауымының  алдындағы  үлкен  мақсат: өмірдің барлық  саласындағы  белсенді, шығармашылық  іс - әрекетіне  қабілетті, еркін  және  жан-жақты  жетілген  тұлға  тәрбиелеу. 

«Шығармашылық»  сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі.

Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.

Қосымша білім беру орталықтарында оқушылардың шығармышылық қабілеттерін арттыру, білім сапасын көтеру - негізгі мақсат.

Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін — оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады.

1. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).

2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру).

3. Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс.

Үшінші кезең – тапқырылық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады, мәтінге әдеби-теориялық толық талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды, әңгіме жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады.

Проблемалық және шығармашылық тапсырмалар оқушылардың ойлау, танымдық, қатысымдық қабілеттерін дамытуға бағытталады. Бұл жұмыстарда мәтіндерді редакциялау, мәтін бойынша өзгеше нұсқа құру, эссе, шағын шығарма жаздыру секілді жұмыстармен қатар жоба жасау, проблемалық жағдаяттарды шешу, сөзжұмбақтар және т.б. әрекеттер қамтылады.

Жазба жұмыстарының ішінде оқушылардың өзіндік ойын, тілін қалыптастырудағы жұмыс түрі шығарма болып табылады. Ол — оқушылардың шығармашылық еңбегі.

Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат — оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой өрісін кеңейтуге машықтандыру.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс.Олар:
1.Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

2.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу;

3.Шығармашылық іс-әрекетке жағдай туғызу.

Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлерібар:
*Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау

*Арнайы бір тақырыпқа пікір-талас тудыру

*Шығарма, шағын әңгіме құру

*Сөзжұмбақ құру, шешу

*Қиялдау арқылы сурет салу.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып,тілін байыту, қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.

Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп.

1.Тәрбие сағатында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбие сағатының өзінде де оқушы шығармашылығына үлкен жол ашуға болады. Ол үшін мен мынадай жолдарды атап өтер едім:
*Өтілетін тақырып бойынша оқушыға тірек сөздер беріледі де, шығарма немесе ой-толғау жаздыруға болады;
*Тақырып мазмұнына орай сурет салдыру;
*Өтіп отырған тақырыбымызға байланысты қосымша мақал-мәтел, нақыл сөздер жинастырып келу;
*Өлең шығарту.
*Кейбір тақырыптарға шығарма, пікір, ойтолғау жаздыру.
3. Үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту:

*Ертегі құрастырту;
*Ақындардың стилі бойынша өлең шығарту;
*Диалог құрастырту;
*Әңгіме, ойтолғау жаздыру;
*Ақындарды өлеңдерін жазып, жаттау;
*Реферат жазу

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі- бала шығармашылығының бастауын, қайнар көзін ашып,оны тұлғалық тұғырға көтеру.  Шығармашылық - тұлғаны дамытудың ең тиімді тәсілі. Күнде өзгеріп отырған аласапыран өмірде аман қалу, биіктерге беттеу, нәтижелерге жету тек қана шығармашыл адамдардың қолынан келеді және бұл мәселені неғұрлым ерте қолға алса, соғұрлым нәтижелі болатындығы дәлелденген.    

                 

 Шығармашылық барлық адамда болуға тиісті сапа. Алайда, біздің өмірімізде әр адамның жаңалық ашуы сирек кездесетін жағдай. Неге? Американдық ғалым Н.Роджерстің әр адам бала кезінен бастап «Сен мынаны дұрыс жасамадың!», «Бұл қате!», «Олай емес!»деген сынау сөздерді көп естиді.Кейде тіпті жаза да қолданып жатады. Адамдардың өз бойындағы, «ол менің ісім емес» деген сенімсіздік осыдан басталады екен. Осы пікір саналы адамның баршасына ой саларлықтай. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мыналарды жатқызуға болады.

1. Шығармашылық қабілетінің деңгейін анықтау.(топтау, бақылау, қалыптастыру)

2. Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.  

3. Оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.  

4.Шығармашылық қабілетін тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама- қайшылықтарды есепке алу.

5. Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.

6. Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтап, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын  

7. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу. Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жоғарыда аталған мәселенің екінші тармағына тоқталатын болсақ, қызығушылық, ақыл-ойды жетілдіру жеке адам тәрбиесінде байланыстырушы буын болып табылады. Қызығушылықтың арқасында  білім де, оны игеру үрдісі де, интелекті  дамытуда қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеудегі маңызды фактор болуы мүмкін. К.Д. Ушинский: «Еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?» - деген екен. Ендеше, оқыту ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек.Сондай-ақ оқушы шығармашылығын дамытуға негізделген әдіс - тәсілдерді тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда үнемі қолданып отырса, сонда ғана көздеген нәтижеге қол жетері сөзсіз.  Оқушы шығармашылығын дамытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой-әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру қажет. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыра тын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылық қабілетін дамытады.Шығармашылық тұлғаны дамытуды ең алдымен шығармашылық ойлаудан бастау керек. Ал шығармашылық ойлауды дамыту үшін не істеу керек? Ол үшін әр түрлі жаңа технологияларды сабақта үнемі пайдалана отырып, жаңа нәтижеге жету қажет. Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасатындықтан, ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі маңызды рөл атқарады.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамыту  жолдары мен  шешімдерін  іздестіру болып табылады.

Мұғалімдері шығармашылық жұмыспен айналысуға даяр болуы керек, нәтижеге жетуге ұмтылу қажет.

Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.

Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.

Оқушының шығармашылығын дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

Оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға  дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытуды жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланады.Шығармашылыққа үйрету үшін мынандай жағдайларды ескерген. Оқушының өз  болмысын  тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру – ол білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.

Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға  ұмтылу  деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа, жаңа тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды шығармашылық деп айтуға болмайды,  бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс.

«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л Рубинштейн «Оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» - дей келе, шығармашылық шешімнің нәтижесі, баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті екендігін айтады яғни, баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәрбиесімен салыстырылады.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Олар:

- Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

- Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;

- Ойлау  мүмкіндігінің  ең  жоғарғы  деңгейіне  жету;

Оқушының  шығармашылық  іс — әрекетіне  жағдай  туғызу;

Бірінші оқу жылғы  оқушыларымен осы бағытта жүргізілген жұмыстарға тоқталайық.

Оқушылардың қызығушылығын арттырып отыру үшін ұстазы сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда әр түрлі әдіс-  тәсілдерді қолданып отыруы тиіс.

Олар мынадай: тақырыпты терең ұғындыру, түсіндіру;

Сабақта немесе сабақтан тыс уақыттарда әр түрлі тақырыптарда пікірталас тудырып отыру;

Логикалық ойлауын жетілдіретін тапсырмалар беру;

Ойларынан тест тапсырмаларын құрап келу, есеп құрау, ертегі құрау, шағын мәтіндер құрау, өлең жолдарын құрау;

Қиялдау арқылы сурет салғызу;

Ана тілі сабақтарында мінездеме беру;

Авторлар туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу;

Әр түрлі тақырыпта сайыс, пікірталас өткізіп, алған әсерлеріне шығармалар жазу;

Сабақ үстінде қосымша тапсырмалар беріп, орындауын қадағалау.

Бұл айтылған жұмыстарды барлық оқушыларға бірдей қолдану артық етеді. Өйткені әр оқушының қабылдау деңгейі әр түрлі. Барлық оқушы дерлік шығармашылықпен жұмыс істейді деу де артық етеді. Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау деңгейі әр түрлі болады. Әр нәрсеге деген бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің белгісі. Әр оқушының бейімділігі әр түрлі. Кей оқушы сурет салуға, өлең құрауға, ауызекі сөйлеуге, ребус құрауға икемді болуы мүмкін. Логикалық ойлау жылдамдығы да ұшқыр балалар болады. Әр баланың икемділігіне қарай тапсырмалар беру арқылы шығармашылық деңгейін арттырып отыруы тиіс.  Оны ұстаз әр пәнде байқап отыруы тиіс. Мұнда ұстаздың байқағыштығы жоғары болуы тиіс. Оқушы бойындағы бейімділікті байқай салысымен соған сәйкес тапсырмалар беріп дереу қолға алуы керек. Ол бейімділікке деген қызығушылықты солып қалмай тұрғанда алға жетелеу қажет. Сонда ғана оқушы қызығушылығын арттырып отырады.

Мұғалімнің ең үлкен міндеті бала жүрегіне жол таба отырып жұмыс істеу. Балалармен үнемі түрлі бағыттарда жұмыстар жүргізе отырып, ізденуге мүмкіндік беру керек.

Оқушыға берілетін жекелей тапсырмалардың үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгеймен жұмыс жасау керек.

Міндетті оқушылық деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде

тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушыларға алдыңғы білімдеріне және оқушыға байланысты. Бұл тапсырмаларды барлық оқушы орындай алуы тиіс.

Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылданған ақпаратты пайдалана отырып, орындайды. Өтіп кеткен материалды оқушы

талдап бұрынғы тапсырмаға сәйкес орындайды. Алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.

Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп өзі қосымша әдебиетті қолдана отырып, жауап береді. Эврика. Анализ бен синтез салыстыру арқылы анықтау, қорытындылау. Ребус, сөзжұмбақ анаграмма құрау.

Бұл шығармашылық деңгейде оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Бұл оқушыға «кішкентай» жаңалық ашқанмен барабар.

Қорытынды.

Шығармашылық тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметтері, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа  деген құштарлық болуы керек.

Оқушының шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген Мағжан Жұмабаев болатын. Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір терең ісі» - деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді. Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, тәртіптілік пен жолдастыққа, адамгершілік қасиеттеріне ісер етеді.Оқушының шығармашылық қабілеті тәжірибелік әрекеттері, ізденімпаздығы арқылы дамиды. Шығармашылыққа үйрететін сабақтар жаңа технологияларды қолдану болып табылады.

«Шығармашылық қан түйіршектерін

жіпке тізгендей еңбек етуді қажет етеді,

осыны балаға ерте бастан ұқтыру керек».

Сонда ғана оқушы бойында білім нұры тасып,  оқушы  дүниетанымы  одан әрі арта түсері анық

       Қорыта айтқанда , жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда үнемі түрлендіріп, тиімді пайдалану, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың бірден-бір жолы. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл, елінің ертеңін ойлар жас жеткіншектерді тәрбиелей аламыз.





Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Е.О. Омар. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелер: Қалыптасуы және дамуы.- Алматы: Рауан, 2003, 297 б.

  2. Е.О. Омар. Қосымша білім беру ұйымдары тәрбие жұмыстарының негізі. – Түркістан; 2004, 248 б.

  3. Үздіксіз тәрбиенің тұжырымдамасы. – Алматы РБК. 1998.-32 б.

  4. Дополнительное образование детей. – М.: Изд. Центр ВЛАДОС, 2006. 320 с.

  5. От внешкольной работы к дополнительному образованию детей, – М.: Просвешение, 2003. 112 с.
































Қосымша білім беру орталығы













Баяндама

Шығармашылықтың даму жолдары





«Мәңгілік ел» тәрбие-білім

орталығының педагогі:Сылбырбаева Ш.А.









2018-2019 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!