Материалдар / Оқушылардың тілдік - комуникативтік дағдыларын дамытудағы эссенің рөлі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың тілдік - комуникативтік дағдыларын дамытудағы эссенің рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін қажет. Жазылымның ерекше түрң эссе туралы кең түрде түсінік берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2021
477
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақтөбе қаласы Ғ.Ақтаев атындағы

6 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Жолманова Аймкуль Клышбаевна



Оқушылардың тілдік –комуникативтік дағдыларын дамытудағы эссенің рөлі

«Баланы тілдің әр түріне машықтандырғанда белгілі жүйе қолданылсын. Жазу, оқу тыңдаудан соң келеді. Сондықтан әуелі баланың көрген-білгені туралы әңгіме құрып, сонан кейін оқуға, жазуға үйретілсін»,-дейді қара сөздің хас шебері атанған ғұлама Ж.Аймауытов. Жаңартылған білім беру мазмұнына сай бәсекеге қабілетті, өздігінен білім ала алатын тұлғаны дайындау- міндетіміз. Жаңартылған бағдарламаның мазмұны жеке тұлғаны өмірге бейімдеу, функционалды сауаттылығын арттыру. Яғни, кез келген уақытта алған білімін өмірде қолдана алатын, заман ағымына ілесе алатын, өзіндік ой-пікірі мен көзқарасы қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру.

Қазақ тілі пәні бойынша төрт дағдының негізгі мақсаты білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтап, қоғамға бейім тұлғаны қалыптастыру болса, осы төрт дағдының ішінде жазылым дағдысының орны ерекше.

Қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасы бойынша оқушы:

5- сыныпта – 150 – 200 сөз;

6- сыныпта – 200 – 250 сөз;

7- сыныпта - 250 – 300 сөз;

8- сыныпта – 300 – 350 сөз;

9- сыныпта – 350 – 400 сөз жазу керек делінген.

Осы сыныпта оқушының төмендегідей дағдылары қалыптасады:

Ж1. Жоспар құру,

Ж2. Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру,

Ж3. Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну,

Ж4. Эссе жазу,

Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу,

Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау сияқты коммуникативтік дағдылары қалыптасуы шарт.

Жазылым тапсырмаларын орындау арқылы білім алушы:

- өз көзқарасын білдіре отырып мәтін жазу;

- тиісті стильді пайдалана отырып, алуан түрлі тақырып бойынша мәтін жазу;

- жоспар құру;

- өзіндік стильде мәтін құру;

- тыңдалым, оқылым және аудиовизуалды материал мазмұнының үдесінен шығу үшін шығармашылық түрде жауап жазу;

- түрлі жанрда мәтін құру;

- мәтіндерді салыстыру;

- мәтіндерді түзету және түрлендіру;

- оқырманның қызығушылығын

оятып, оны сендіру үшін жазу;

- эссе жазу; т. б. машықтары қалыптасады.

Жазылымның үш кезеңінде төмендегідей қадамдар жүзеге асады:


1. Мәтінді оқу, танысу - мәтіннің тілдік ерекшеліктерін, құрылымын талдау, стилін анықтау, мәтіндегі ақпараттарды анықтау, сұрыптау.

2. Жазу - хат, хабарлама, нұсқаулық, жарнама, әңгіме, мақала, эссе, шығарма, анықтама, тезис, хаттама т.б.

3. Түзету -сөйлемнің құрылымы, грамматикасы ережеге сай екені, сөздердің үйлесімділігі т.б.

4. Оқыту - топта, жұпта, жеке оқыту.

5. Ой бөлісу – тақырыптың ашылуы, дискрипторға сәйкестігі, әдеби тіл нормасына сай жазылуы т.б.

6. Бағалау - оқушылардың өзін-өзі дұрыс бағалау қабілеттерін және оқу нәтижелерін үнемі жақсартуды дамыту үшін, әр оқушының кемшілігін емес, мүмкіндіктерін анықтау үшін қадамдар жасау;

Осы қадамдарды жүзеге асыру барысында түрлі интерактивті тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы, сабақтың басында: «Алдын ала берілген атаулар», «Ассоциативті қатар», «Бастапқы танысу», «Домино», «Жұмбақ есім», «Мозайка», «Тақырыптық теннис», «Тұлғаны таны», «Кейіпкерлер әлемі» әдістері қолайлы. Сабақтың ортасында: «Үш жақты күнделік», «Зерттеудің алты қадамы», «Идеялар туралы пікір», «Қайтадан құрастыру», «ой жалғау», «Борт журналы», «Еркін пікір», «Еркін жазу» әдістері. Сабақтың соңында: «Аяқталмаған сөйлем», «Дарабоз», «5-5-1», «Бір ауыз сөз», «Кезбе тілші», «Құндылықтар себеті», «Пікірлер базары», «Соңғы сөзді мен айтайын», «Ыстық орындық» әдістерін қолданған тиімді. Осы әдіс-тәсілдерді қолданған бірнеше сабақ үлгілеріне тоқталып өтейін.

5-сынып,оқу мақсаты: Ж3.Сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру. Оқушыны осы оқу мақсатына жеткізу үшін төмендегідей тапсырма беруге болады. «Тоғыз шаршы» әдісі.Кейде оқушылар жазба жұмысы тапсырылғанда жұмысты қалай бастарларын білмей отырады. Сол кезде осы тәсіл өте қолайлы. Тапсырмалар шаршыға жазылады. Оқушылар шаршыларда берілген тапсырмаларды орындау керек.

1-шаршы. Тірек сөздер арқылы суретте не бейнеленгенін жаз.

2-шаршы. Тірек сөздерді сурет мазмұнымен байланыстыра отырып әңгіме жаз.

3-шаршы. Суреттегі негізгі, қосымша көріністерді пайдаланып мәтін жаз.

4-шаршы. Суреттегі көріністі шынайы тарихи оқиғалармен байланыстыра отырып мәтін жаз.

5-шаршы. Суретте бейнеленген көріністерге болжам жасап,жинақтап әңгіме құрастыр.

6-шаршы.Суреттегі көріністердің тарихилығына нақты дәлелдермен болжам жасап,баға бер.

7-шаршы. Суретке ұқсас қосымша мәлімет тауып, оның өзіңе қалай әсер еткенін әңгімеле.

8-шаршы. Суретке байланысты әдеби шығармалармен байланыстыра отырып мәтін жаз.

9-шаршы.Суретте бейнеленген көріністерді пайдалана отырып көркем әңгіме жаз. Байқап отырғандарыңыздай әр шаршыдағы берілгн тапсырмалар білім алушыны өз мүмкіндіктерінше тапсырманы орындауға жетелейді. Өз қызығушылығы мен қабілетіне қарай таңдау жасай отырып тапсырманы орындайды. Бұл жерде саралау да жүзеге асырылады.

6-сынып, оқу мақстаы: Ж4. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен, мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу. Сабақтың тақырыбы: «Туған елге саяхат».Осы мақсатқа жету үшін сабақтың басында «Теріп алу» әдісі мен «Тірек сөздерді теріп ал» әдістерін қолданып, сабақтың ортасында «4 сөйлем» немесе «ПОПС» әдісімен сөйлемдер құрауды:

1- сөйлем «Менің ойымша, … » 2- сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

3- сөйлем «Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын … »

4- сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытындыға келдім…»

Сабақтың соңында:«Еркін жазу» әдісі арқылы «Туған жер- тұғырың» тақырыбында эссе жазу тапсырылады.

Осы тәсілдер жазба жұмыстарын орындауда тиімді және нәтижелі болмақ. Осындай жазба жұмыс түрлерін түрлі тәсілдермен жаздырған соң жазба жұмыстарын бағалау қажет.Бағалау барысында жазба жүмысының жетістіктерін алдымен айтқан жөн. Мысалы, «Жақсы жазылған. Мына бір жерін осылай жазсаң» немесе «Қорытындыға тағы бір ой қоссаң», «Тағы бір дәлел не мысал қоссаң» деген сияқты сөз тіркестерімен сыпайы түрде кемшіліктерін айтқан орынды. Ал көбіне біз «Тақырыптан ауытқығансың. Жазуыңды түзе. Сауатсыз жазылған. Қателіктер өте көп.Салмақты ой айтылмаған»,-деген сияқты сөз тіркестерін қолданамыз.Оқушылардың тілдік-комуникативтік дағдыларын дамытудағы жазылымның рөлі өте зор деп айта аламын. Жазылым жұмысын орындау арқылы білім алушының сөздік қоры, ойы, қиялы, сауттылығы, жазу мәдениеті, ойын жүйелі жеткізу дағдылары қалыптасады.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!