Материалдар / «Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу-ХХІ ғасыр мұғалімдерінің басты міндеті. Оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру - бүгінгі күннің басты талабы табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2019
3542
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру»

Білім деңгейі,  ой-өрісі дамыған, өз ойын қазақ тілінде еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу-ХХІ ғасыр мұғалімдерінің басты міндеті. Оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру - бүгінгі күннің басты талабы табылады. Тілдік төрт дағды (айтылым,тыңдалым,жазылым,оқылым) оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады.Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру, оқушыны қызықтырып, ішкі уәжін ояту қажет.

Тыңдалым дағдысы бойынша: 
негізгі ойды түсіну; 
ақпаратты анықтау; 

түсінгенін практикада қолдана білу

ақпаратқа өз көзқарасын білдіру; 

ой қорыта білу дағдылары. 


Айтылым дағдысы бойынша: 
белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру; 

өз көзқарасын дәлелдеу;

шешім шығару, қорытынды пікір жасау; 

зерттеушілік (анализ, синтез); 

ақпаратты өңдеу дағдылары. 


Оқылым дағдысы бойынша : 
мәтіндегі негізгі және 
қосымша ақпаратты ажырата білу

астарлы ойды анықтау; 

шығарма кейіпкерлерін салыстыра білу; 

зерттеп оқу; 

сыни тұрғыдан бағалай білу дағдылары. 


Жазылым дағдысы бойынша: 
тақырыпты аша білуі; 
өз ойын сыни тұрғыда дәлелдеуі; 

қорытынды шешім шығаруы

өз көзқарасын дәлелдеуі; 

цитатамен жұмыс істеу дағдылары бағаланады. 


Осы дағдыларды қалыптастыруда мына әдіс-тәсілдерді пайдалануға бола алады: 

оқытудағы басты принцип – оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру; 

барлық оқушының сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту; 

өзін ойын жеткізу, өзіндік таңдау жасауына мүмкіндік тудыра отырып, оқушының танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту; 

проблемалық оқыту арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру; 

сыни тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану; 

мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, мәселені талқылау, ой қорытындылау; 

өз ойларын ашық айта білетін азамат тәрбиелеу; 

ұжымдық оқыту технологиясысының мақсаты - оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тәрбиелеу, өзін-өзі басқару. 

жаңа идеялар ұсынуда және жаңа мүмкіндіктерді көруде, мәселелерді шешуде ұжымдық оқыту технологиясының маңызы зор; 

Оқушы өзінің көзқарасын қалыптастырып, басқалардың да пікірін ескереді; 


Сабақты өткізуде мұғалім ескеруі қажет: 

сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже анық болу керек; 

тілдік төрт дағдыны (оқылым, тыңдалым,жазылым, айтылым) дамыту; 

белсенді оқыту түрлерін қолдану арқылы оқушы уәжін арттыру; 

мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс

оқу жетістігін критериалды жүйе арқылы бағалау. 


Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды: 

Ынтымақтастыққа үйренеді; 

Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді; 

Өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді; 

Өзіне өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренеді; 

Бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді. 

Тілдік төрт дағды (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқушының сөйлеу әрекетін


қалыптастырады. Осылардың ішінде басқа дағдыларды қалыптастырудың негізгі алғы


шарты – тыңдалым әрекеті болып табылады. Өйткені күнделікті өмірде оқушы көптеген


ақпаратты сағат сайын естіп, көріп тыңдайды. Бірақ кез келген ақпаратты тыңдау арқылы


түсіну сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Егер оқушы өзіне керек мәліметті тыңдау


арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш дағдыны (айтылым, жазылым, оқылым), яғни


айтылып жатқан мәліметті түсінеді; өз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-


қатынас жасай алады; тақырыпқа қатысты деректі түсініп оқиды; көтерілген мәселеге


қатысты өз көзқарасын жазбаша жеткізе алады.


Жаңартылған бағдарламада оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамытуға ерекше мән


берілген. Ол «танымдық үдеріс» ретінде түсіндіріліп, оқылым, жазылым, айтылымға


қарағанда қиынырақ дағды деп есептеледі. Оқу жоспарында телехабар, фильм, ән, үлкен


адамдарды тыңдау және оларға жауап беруді көздейтін жаттығулар кездеседі. Аталған


жаттығулар бірнеше аптаны қамтитын тізбектелген сабақтар топтамасында дағдыларды,


соның ішінде тыңдалымды дамытуды көздейтінін байқау қиын емес.  Осылайша,


оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдыларының әрқайсысын жеке-жеке


дамыта отырып, оларды бір-бірімен өзара тығыз байланыста кешенді түрде оқытады Оқу


кезінде олар сөз тіркестерінің құрылымына, сөздердің орын тәртібіне, сөйлем


құрылысына және сөйлеуге назар аударады. Жалпы жаңартылған бағдарлама әсіресе


оқылым мен жазылымда оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуін басты назарда ұстайды.


. Бірлескен оқылым мен жазылым сабақтарын ұйымдастыруда мұгілімге үлкен шеберлік


керек. Өйткені оның өз қиындықтары бар. Ең бастысы өз бетімен оқу немесе жазуға


қарағанда тапсырма күрделірек болуы шарт. Адам өзінің шамасы келмейтінін түсінген


кезде жанындағы адамның көмегіне жүгінеді. Егер шамасы келетін болса, әркім өз


бетінше орындап, бірлескен жұмыс іске аспай қалады. Бірлескен жұмыстағы ұстаным


: «мен» емес, «біз» болуы шарт. «Біз жеңіске бірге жеттік!» немесе «біз мақсатты бірге


бағындырдық!» Осындай жұмыстарды орындау барысында бала «жұмыла көтерген


жүктің жеңіл» болатынын немесе «жалғыздың үні шықпайтынын» өздері түсінуі тиіс.


Бірлескен оқылымда мүғалім: «джигсо-2, диалогтік оқыту, кітапты талдау әдісі, тізбектеп


оқыту әдісі, өрмекші торы» сияқты т. б. стратегияларды қолданса, ал бірлескен


жазылымда: «жүгіру диктанты, «төрт сөйлем» тәсілі, ара ұяшығы әдісі, уақыт тізбегі, бес,


бес, бір» стратегияларын қолдана алады.


Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, тіл арқылы

өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім

жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз. Оқушылар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым

дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым-қатынас жасауға, сын тұрғысынан

көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

Боранқұл селосы

«Опорный орта мектебі» КММ

Саденова Гүлденайым

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!