Материалдар / Оқушылардың түсіну дәрежесін бағалаудың рефлексивті есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың түсіну дәрежесін бағалаудың рефлексивті есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. (Александер 2001ж)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
578
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Назарова Гүлжанат Жүсіпқалиқызы мұғалім портфолиосы А есебі

1 топ 3 деңгей

Ақтөбе қаласы 05.05.2013ж



Оқушылардың түсіну дәрежесін бағалаудың рефлексивті есебі.


Мұғалімнің ойлары

Бақылаушылар түсіндірулері

Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. (Александер 2001ж) Бұрын соңды іс - тәжірибемізде сабақты қорытындылау мақсатында ғана қолданатын тәсіл ретінде бағалауды қарастыратынбыз. Кембридждік бағдарлама аясында оқушыларды оқыту үшін бағалауды қолдану мен үшін үлкен жаңалық болды. Бұл модуль бойынша сабақ жоспарлағанда барынша әдіс- тәсілдерді дұрыс таңдап алу қажеттілігін сезіндім.

Ең алғашқы «WordPad мәтіндік редакторы . Мәтіндік ақпаратты өңдеу» тақырыбында өткізген сабағымда, оқушылардың топтасып жұмыс жасауы арқылы WordPad редакторы тақырыбын меңгеру барысында жеке мүмкіндіктерін жүзеге асыру , бойынша жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру , өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалай алу мақсатын алдым , сол мақсат бойынша жұмыс барысында оқушыларды топқа « Мозайка » әдісі бойынша суреттегі әріптерді біріктіру арқылы МӘТІН және ӨҢДЕУ деген сөздерді құрастыру арқылы топтастырдым. Бұл мақсатым оқушыларды мәтінмен жұмыс жасауға қарай бейімдеу еді. Оқушылар сабақ барысында «мәтін теру», «мәтінді түрлендіру жасауға болады» , «барлық алып отырған білімдеріміз мәтіннен тұрады» деген пікірлерін айтты, осы кезде Нұрдәулет (үнсіз оқушы) «Мәтінді өңдеу тақырыбын өтеміз» деп жауап берді. Жаңа тақырып бойынша сабақтар жүргізгенде оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдің бірі Джигсо – ұжымдық әдісін қолдандым. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінді, оқуға деген жауапкершілігі артты . Оқыған мәтінінің нәтижесінде ментальдық карта жасақтау жұмысын бердім, себебі оқушылардың мәтінмен қаншалықты дәрежеде жұмыс жасағандығын , тиімді ақпаратты таба алуын , сыни ойлау дәрежелерін көргім келді. Бұл тапсырманы орындауға барлығы 20 минут берілді оқушылар тапсырмаға белсене қатынасып өзара бөліп бөліп әркім өз ойын жақсы жеткізді. Бұл жерде оқушыларымның ішіндегі үндемейтіндерін көтеруге ықпал еткен бірігіп оқудың, алған білімдерін талқылаудың , ең негізгі деген түйінді ойлардың ментальдық картаға түсірудің нәтижесі ма деген ойда қалдым. 2 топ WordPad-ты пайдаланудың мақсаты, құрылымы, мүмкіндігі деп тақырыпты үш бөлікке бөліп, әр бөлімді ашып осы тақырып төңірегінде ой қорытқаны олардың тақырыпты жеткізуін түсінікті етті . Одан кейін оқушыларға осы жұмысты бағалаудың критерийлерін ұсындым. Критерий бойынша бағалауды оқушылардың өздері таңдап алған топ басшылары қойды . Оқу пирамидасында көрсетілгендей 90 пайыз білімді балалар өзара білім беруде алады дегенге мен осы тапсырманың нәтижесінде көрдім .

Бағдарламадағы оқу пирамидасында көрсетілгендей 75 % - ды оқушылар практика жүзінде алады деп дәлелдегендей теория мен практиканы ұштастыру мақсатында компьютерге практикалық тапсырманы орындау үшін үш түрлі мақал-мәтел ұсындым, мысалы «Тазалық – саулық негізі, саулық байлық негізі» , «Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» «Жүз теңгең болғанша , жүз досың болсын» мұндағы мақсат мақалда қайталанып отырған сөздерді буферге көшіру , жаңа орынға орналастыру арқылы редакциялау командаларын орындауды үйрету еді . Және де осы мақалдарға оқушылар өз тобымен ақылдаса отырып , қайталанып отыратын сөздері бар екі мақалды қосты да, компьютерде миь орындады. Әрине , бұл тапсырма барысында оқушылар көп жұмыстанды, яғни мәтінді компьютерде терді, қайталанып отырған сөзді ерекшелей отырып буферге көшірімін жасап, жаңа орынға үзіндіні кірістірді, мәтінді форматтады (шрифтін өзгертті, ортасына қарай туралау операциясын орындады), сондықтан да тапсырманың бұл жүйесінде де мен топтық бағалауды пайдаландым.

Еске түсіру кезеңінде оқушылар «Пиктограмма» тапсырмасын толтыру барысында бағдарламада жұмыс істеу үшін қажетті негізгі батырмаларды сәйкестендіруді орындады . Өз жұмыстарына баға берді (бағдаршам түсі арқылы) .

Венн диаграммасын толтыруға жұптық жұмысқа тапсырма берілген кезде оқушылар, жалпы «Стандартты бағдарламаға жататын» өткен тақырыптағы Paint графикалық редакторы мен бүгінгі WordPad редакторының терезе элементтерін жазды және ортақ ұқсастықтарын анықтады. Интербелсенді тақтаға көрсетілген дұрыс нұсқасын қарай отырып, өздерінің жұмыстарына баға берді. Бұл тапсырмада да бағалауды күрделендірген жоқпын, оқушылар жұптық бағалауларын бағдаршам түсі арқылы бағалады.

Екінші сабағымның тақырыбы WordPad редакторы бойынша практикалық жұмыс . Бағалау кезеңі бұл сабақ үшін маңызды ролге ие еді.

Себебі бұл сабақта оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімдерін тиімді пайдалана алуы керек еді . Және де тақырыпты қайталау үшін, сұрақ-жауап арқылы оқушыларды диалогқа түсіруді мақсат еттім. Сол себепті «Қарлы кесек» әдісін пайдаланып оқушыларға өзара сұрақтар қойғызып, өткенді қайталаттым, әрі оқушылардың сұрақ қою дағдыларын қалыптастырдым, оқыту және оқуды бағалау үшін диалогқа түсірдім. Бұл сабақта мен ашық журналын пайландым. Мұнда оқушылар өздерінің дұрыс жауабына және дұрыс қойған сұрағына «+» (дұрыс), «┴» (жартылай), «-» (дұрыс емес) таңбаларын түсірді.

К елесі тапсырманың жүйесіне көшу үшін оқушыларды стандартты және пішімдеу саймандар тақтасының батырмалары бойынша топтастырдым. Бірінші топқа «WordPad мәтіндік редакторында жұмыс істеу этаптары», екінші топқа «Мәтіндік редакторда өңдеу және пішімдеу операцияларын орындау» тақырыптарына топтық таныстырылым жасақтау тапсырмасын бердім. Бұл тапсырманы орындау барысында менің байқағаным екі топ бір-бірінен қалмау жағын қарады , топ арасында бәсекелестік жағдай туындады. Нәтижесінде екі топ бір- бірін «Екі жұлдыз , бір тілек» арқылы топтық бағалады. Ал жеке оқушылар өздерінің топтық жұмысқа қаншалықты араласқаны туралы ашық журналға сәйкес белгілерін қойды. Сабақтың келесі бөлімі «Қатесін тап!» деп аталды . Мұнда оқушылар өткен тақырып бойынша топпен бірнеше ұғым жазды да , сол ұғымға қатысты анықтамасын жазды , келесі парақты екіге бөліп, бірінші бағанға ұғымдарды , ал екінші бағанға анықтамаларын әртүрлі ретпен орналастырып, жұмыстарын екінші топқа ұсынды. Топтар ұғымға қатысты анықтаманы тауып алуы қажет болды. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушы ашық журналға «+», «-» белгісін қойып отырды. Келесі тапсырмада оқушылар ротация әдісі бойынша топ болып «Көктем келді» тақырыбына компьютерге эссе жазды. Оқушылар орын алмасу арқылы бір-біріне эссеге өз тарапынан бір сөйлемнен қосып отырды. Бір – бірінің жұмысын толықтырып, талқыға түсіп Чиксентмихайдың (2008ж) сызбасында көрсетілгендей жоғары деңгейлі тапсырма оқушыларды ағымға ілестіріп әкетті деп ойладым. Жұмыстарын аяқтап болған соң оқушылар пішімдеуді орындады, сонан соң жазылған жұмыстарын принтерден шығарып, эсселері қабырғаға ілінді. Ілінген жұмыстармен таныса отырып оқушылар бір-біріне «Керемет, тың идея, әттеген-ай» деген баға берді. Және де оқушылар өздерінің қосқан үлесі жөнінде ашық журналға «+», «-» белгісін қойып шықты.

Келесі жұмысты интербелсенді тақтадан көрсете отырып, оқушыларға қалауы бойынша үш деңгейлік тапсырма орындауын ұйымдастырдым.


Бұл тапсырмада оқушылар сөздері шатасқан өлеңді ретке келтіріп, пішімдеу командаларын пайдаланып, мәтінге пішімдеу операцияларын қолданып түрлендірген болатын. Бірінші болып тапсырманы Қайырғалиева Айдана аяқтады. Қалған оқушылар бір тапсырманы ретке келтіріп, пішімдеу тапсырмаларын орындап болғанша, Айдана үш деңгейлі тапсырманы да аяқтап шықты. Осылайша Айдананың жылдамдығын, өлеңді ретке келтіргенде де шапшаңдығын, интеллектуалдық деңгейінің жоғары екендігін байқадым .

Диалогтық әңгімеде де мұғалім сұрақтары мен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар оқушылардың да сұрақтары маңызды ( нұсқаулық 42 бет ) демекші «WordPad редакторының қосымша мүмкіндігі» тақырыбында «10 сұрақ әдісін» пайдаланып оқушыларымның сұрақ қоя алу және дұрыс жауап беру мүмкіндіктерін жетілдіруді көздедім. Бұл жерде оқушыларды жетон тарату арқылы бағаладым. Әр оқушы өзінің тұсына №1 тапсырма бойынша жинаған жетон санын «Ашық журналға» жазып қойды . Осы сабақтағы мағынаны тану бөлімін Джигсо әдісі арқылы, «Екеуі қонақта, үшеуі үйде» деп ұйымдастырдым. Бұл бөлімді бағалау үшін топтық бағалаудың критерийларын оқушылардың қатысуымен шығардым, нәтижесінде мынадай критерийларды жасақтадық. Сол арқылы екі топтың оқушылары бірін-бірі бағалады.



Picture 3

Б ұл жұмыстың нәтижесінде Самал ( А деңгейлі ), Улданай ( В деңгейлі ), Айдана ( А деңгейлі ) деген оқушыларым ең жоғары балды иеленді. Сабақтың келесі бөлімі практикалық жұмыс болды, мұнда оқушылар өз қалаулары бойынша жұпқа бірікті, бір оқушы Paint графикалық редакторында сурет салып, екінші оқушы WordPad редакторында осы суретке эссе жазды. Бұл тапсырманы оқушылар үлкен қызығушылықпен , бір-бірімен ақылдаса отырып орындады. Тапсырманы алғашқы болып Айдана мен Асланбек аяқтады. Асланбек көбелектін суретін салса, Айдана он сөйлемнен тұратын эссе және төрт шумақ өлең құрастырды, мәтінді өңдеп, түрлендірді. Асланбектің суреті қарапайым болғанмен Айдананың шығармасы өте керемет жазылған. Одан кейін Самал мен Нұрдәулет аяқтады. Нұрдәулет болашақтағы мектептің суретін өте әдемі, көз жауын алатындай қылып салған. Paint-тың мүмкіндігін өте жақсы пайдаланған, осы суретке жазған Самалдың (А оқушы) да әңгімесі өте мағыналы, сапалы болды. Осы жұмыстың нәтижесәнде Нұрдәулеттің ( үнсіз оқушы ) сурет салу дағдысы жоғары дәрежеде екенін байқадым. Ал, Самалға келетін болсам ол өзінің жан-жақты екенін тағы мәрте дәлелдеді. Одан кейін Фариза мен Улданайдын да жұмыстарын ерекше атап кетуге болады. Улданай «Жер асты патшалығы» тақырыбының суретін керемет қып салса, Фаризаның шығармасы ол суретті толықтырып, көркемдеп тұрды. Тілектес «Интернет тақырыбына» оқулықтағы практикалық жұмысқа арналған тапсырманың дайын суретін салып, Ақниет интернет туралы мағлұмат жазды. Мағлұматты Ақниет ұялы телефонды пайдалану арқылы интернет желісінен алған болатын, сол арқылы ол ғаламтор туралы ең негізгі түсініктемелерді, пайдалы сайттарды көрсеткен болатын. Осы жұмыстың нәтижесінде Ақниеттің ұялы телефон арқылы ғаламтормен байланыс жасай алатынын көрдім. Келесі жұп Ернар мен Радмира. Радмира «Компьютер әлемі» тақырыбына сурет салып, Ернар ғаламтордан ақпарат алып, компьютердің даму тарихы, соңғы кезеңдегі компьютер түрлеріне тоқталып өтті . Бұл тапсырманы оқушылардың өздері келесі критерий бойынша бағалады.

Осы жұмыстың нәтижесінде оқушылар өздерін шамалы асыра бағалады. Дегенменде жиынтық бағаны қойған кезде мен оқушылардың қойған бағаларына жасаған жұмыстарының нәтижесін ескерте отырып өз тарапымнан өзгертулер енгіздім. Әрине, оқушылар өздерінің жұмыстарын әрі де әрлендіру керек екендігін түсініп бағаларымен келісіп жатты.

Оқушылардың шығармашылығын шыңдау мақсатында ``WordPad мәтіндік редакторы`` тақырыбына оқушылар эссе жазды. Одан кейін оқушылар топтан ең үздік деген шығармаларды ортаға ұсынып «Автор орындығына» келіп оқыды . Бұл жерде ерекше көзге түскен Самалдың шығармасы болды ол үлкен көлемді шығарма жазып, WordPad – ты қиял – ғажайып әлемі ретінде көрсетті. Шығарманы тыңдай отырып оның тақырыпты терең ұғынғанын түсіндім. Үздік жұмыстардың қатарында Айдана, Фаризаның шығармалары да болды. Сонымен қатар Ақниеттің, Радмираның , Нұрдаулеттің шығармалары да кең көлемде болмағанмен ойлары жүйелі түрде жазылғанын байқадым. Бұл жерде бұрын көп үндемейтін Тілектестің өлең шығара алатынына көзім жетті. Тілектес өзінің өленін ортаға ұсынған кезде оның өзгерісіне сыныптағы барлық оқушыларда таңдана қарағандығын байқадым. Оқушымның бұл өзгерісіне мен де қатты қуандым. Оқушыларда оған жоғары баға қойды.

Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. (Мұғалім нұсқаулығы 57 бет) Балалар оқыту үшін бағалауда бір - бірін артық бағалаған кездердің өзінде бір-бірін сынап нақты бағалап жатты. Оқыту үшін бағалауды өз бетімен дайындалуға дағдыланғанын, өз-өзіне баға берудегі шынайылығын көріп алдағы сабақтарымда бұл тәсілді қолдануді дамытамын деген ойға келдім.




1


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!