Материалдар / ОҚУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ 8-16 жас
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ОҚУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ 8-16 жас

Материал туралы қысқаша түсінік
Қолданбалы қолөнер – халықтың сәндік, әшекейлік, қолданбалық өнер туындылары. Қолөнер бұйымдарының ерекшеліктері – оларды тек әдемілік ретінде ғана емес, тіршіліктегі қажетті материалдар есебінде де қолданады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қаңтар 2020
974
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ШУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ МЕКЕМЕСІ










ОҚУШЫЛАРҒА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ


БАҒДАРЛАМАСЫ




«АЛТЫН ИНЕ СТУДИЯСЫ» үйірмесі


Оқушылардың жас аралығы: 10-16 жас







Қосымша білім беру педагогы Какимова Н.М.





















Түсінік хат


Қазіргі кездегі негізгі мәселелердің бірі ұлттық дәстүрімізді, дінімізді дамыту.

Халық қолөнерін игеру – оқушыларды еңбек сүйгіштікке, әдемілікке талаптандырып, халықтың тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды.

Мектеп реформасында балалар мен жасөспірімдердің еңбек тәрбиесін күшейту және ұлтымыздың қолөнерін үйрету оқу – тәрбие үрдісіндегі негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Оқушыларды ұлттық өнерге тәрбиелеу өз елін, жерін сүюге, салт – дәстүрін бағалай білуге үйретеді.

Еңбекке баулу – жасөспірім оқушылардың еңбекке деген ынтасын жетілдірудегі, ойлау қабілеттерін арттырудағы орасан зор негізі болып табылады. Қазіргі заман ағымына қарай оқушыларға еңбек сабағында экономикалық, эстетикалық, экологиялық білім беру басты міндет болып табылады.

Қолданбалы қолөнер – халықтың сәндік, әшекейлік, қолданбалық өнер туындылары. Қолөнер бұйымдарының ерекшеліктері – оларды тек әдемілік ретінде ғана емес, тіршіліктегі қажетті материалдар есебінде де қолданады.

Қолөнердің әр түрімен айналысу – оқушының еңбекке деген қызығушылығын арттырып, бастаған ісін аяғына дейін бітіруге бейімдейді. Жұмыс барысында көзбен шамалау, түсті сезіну, қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қимылын (моторикасын) дамытады, сонымен бірге байқағыштық, шыдамдылық, ықылас қоюшылық, өз бетінше жұмыс істеу және ойлау, сөйлеу қасиеттерін қалыптастырады.

Оқушы бұйымды жасау үшін өз ісін жоспарлайды, себебі бір жұмысты (операцияны) бітпей жатып, екіншісіне өту мүмкін емес. Міне осылар оқушыларды мәдениеттікке, жинақылыққа үйретеді және кез келген жұмысқа кіріспес бұрын жоспарлау қажеттігін ұғындырады. Жоспарлау және бақылау бір – бірінен ажырамайтын процестер.

Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан – жақты эстетикалық тәрбие беру сұлулыққа, тазалыққа үйретеді. Нарық экономикасы талаптарын жүзеге асыру ісіне еркін еңбек пен жоғары өнімділік кепіл бола алады.

Сондықтан «Қолөнер» үйірмесі оқушылардың шығармашылық еңбегін дамыту, білімділік дағдысын бойына сіңіру, оны өмір қажеттілігіне бейімдеу, өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, оқушыларды шеберлікке үйрету мақсатымен жүргізіліп отыр.

«Қолөнер» үйірмесінде оқушылар негізінен «жіппен бейнелеу», кесте өнеріне, лентадан, моншақтан әшекей бұйымдар жасауға, бастырмалы, ойма – нақышты бұйымдар жасауға, әртүрлі әдіспен сәндік бұйымдар жасауға үйренеді.

Үйірмеде оқушылар сәндік қолданбалы өнер түрі, пайда болу, даму тарихы, қажетті материалдардың түрлері мен құрамы, қасиеттерімен, жіп, бисер, түрлерімен, құрал – жабдықтармен және оларды дұрыс пайдалану әдістерімен, қауіпсіз еңбек ету ережелерімен танысады. Сонымен қатар түстердің үйлесуі, композиция, ою - өрнек түрлері туралы мәліметтер алады.

Үйірме жұмысы барысында инновациялық әдістемелер мен педагогикалық технологиялар пайдаланылады: жұппен жұмыс жасау, топпен жұмыс жасау, жарыс сабақтар өткізу, түрлі дәрежедегі байқаулар өткізу,тренинг сабақтарын өткізу.


Бағдарлама адамгершілік қағидаларға негізделеді:

  • Мәдениеттілікке;

  • Жас ерекшеліктерін ескеруге;

  • Бейімділікке;

  • Педагогтың оқушылар мен қатар олардың ата-аналарымен бірлесіп жұмыс істеу;

  • Білім мен тәжірибені қатар жүргізу;

  • Әрбір оқушымен жеке жұмыс жасауға;

  • Қарапайымнан күрделеге.


Үйірме қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұстаным.

Үйірмедегі сабақ ізденушілік әдіс негізінде өткізіледі. Оқушыларға жеке тәжірибелік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары беріледі, яғни оқудың екінші кезеңінде оқушылар ізденушілік қабілеттерін қолдана отырып төмендегідей мәселелерді қарастырады:

  • Қолөнер бұйымдарын әзірлеуге қажетті құрал – жабдықтарды,

материалдарды;

  • Бисермен жұмыс барысында алған білімі мен тәжірибесін

пайдалана отырып, өз қиялдарынан туған әшекей бұйымдардың жаңа үлгілерін ұсыну;

  • Сырмақ жасау туралы мәліметтерді, оның шығу тарихын, жасау

әдістерін, түрлерін, қазіргі заманға сай пайдалану жолдарын;

  • Кестелеу, бау тоқу, лентамен өру өнерлерінің жаңа

технологияларын меңгеру;

  • Қазіргі заманғы сән ағымына және графикалық салауаттылық

талаптарына сай әшекей бұйымдардың үлгілерінің эскизін әзірлеу;

  • Қолөнер бұйымдарын әзірлеу барысында түрлі жұмыстарды

атқару техникалық және технологиялық ережелерге сай, еңбек және жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру әдістерін қолданады.


Күтілетін нәтиже:


Оқушылар үйірмеде өздерінің жасаған сәндік бұйымдарының жасалу сызбасын дайындауды, техникалық және технологиялық құжаттарын әзірлеп, әшекей бұйымдарды көпшілік назарына ұсынады.

Осы кездерді жүзеге асыру барысында көрме, жарыс, интеллектуалдылық ойындар жүргізіледі.

Техникалық шығармашылық орталығында қос кезеңдік қызмет пайдаланылады. Ол мынаған негізделеді.

  • үйірмеге қатысушылардың өз білім деңгейін көтеруге қатысу қажеттілігі;

  • өздерінің интеллектуалдық шығармашылық қабілетін арттыру;

  • оқу процесінде ұсынылатын шығармашылық тапсырмалар жүйесін таңдауға.


Келісілген ТШО тұжырымдамасына сәйкес үйірме оқушылары мыналарды білуі қажет.


    1. Қауіпсіз еңбек ету үшін қолмен, үтікпен жұмыс барысында

техника қауіпсіздігі ережелерін білу.

    1. Санитарлық – гигиеналық талаптарды білу.

    2. Бұйымдарға ою - өрнек түрлерін құрастыруды, орналастыруды

жасай алу.

    1. Қолөнер бұйымдарын жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей

білу.

    1. Эскиз, үлгілерді сала білу.

    2. Сызу, математика, геометрия негіздерін білу.

    3. Кәсіби мәдениеттілікті меңгеру.

    4. Схема, нұсқау карталар бойынша жұмысты орындай білу.


Үйірмеге қатысты мамандықтар туралы мәлімет


      1. Қосымша білім беру педагогы.

      2. Технология пәнінің мұғалімі.

      3. Оюшы, қиюшы.

      4. Суретші

      5. Кестеші.

      6. Сырмақшы.

      7. Гобеленші.

      8. Кілемші.

8. Маркетинг саласындағы менеджер.

9. Жеткізу, сату, өткізу менеджері.

10. Кәсіпкер.



Топтарды іріктеу 1 қыркүйектен кейін жүргізіледі. ТШО – ның

жарғысына сәйкес топтағы оқушылар саны 12–15 болуы тиіс.

Топтарға 10–14 жас аралығындағы оқушылар алынады. Қызығушылықты қалыптастыру үшін оқушыларды үйірме қызметімен таныстырып, бейне – тренинг өткізіледі, көрме ұйымдастырылады.

Топқа жиналған оқушыларды қосымша білім педагогы барлық ішкі ережелермен таныстыра отырып, оқу бағдарламасы жөнінде түсініктеме береді.

Үйірмеде оқу уақыты 2 жыл. Бірінші оқу жылында 36 апта 4 сағаттан барлығы 144 сағат. Сабақ аптасына 2 рет 2 сабақтан (45+45мин) өткізіледі.

Екінші оқу жылында 36 апта 6 сағаттан барлығы 216 сағат. Сабақ аптасына 2 рет 3 сабақтан (45+45+45мин) немесе 3 рет 2 сабақтан (45+45мин) өткізіледі.

Білім сапасы тестілеу және бақылау сабақтары арқылы тексеріледі.

Жасалған бағдарлама жұмыс жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.




І оқу жылының жұмыс жоспары

36 апта 4 сағаттан



қ/с

Бөлімдері

Сағат саны

Оқу ілім

Іс тәжірибе

Барлығы

1

Өнер туралы алғашқы мағлұматтар

4


4

2

Мата тану

1

1

2

3

Қол тігіс түрлері

1

5

6

4

«Жіппен бейнелеу» техникасы

8

36

44

5

Лентадан сәндік бұйымдар жасау

5

27

32

6

Бисермен тоқу

8

40

48

7

Оқу жылын қорытындылау, көрме, топ серуен.

4

4

8


Барлығы

31

113

144



І – Бөлім.Өнер туралы алғашқы мағлұматтар.


  • Кіріспе сабақ. Еңбек пен өнер туралы түсінік.

  • Қолданбалы өнер туралы мәлімет. Оның түрлер. Ерекшелігі.

  • Кабинеттегі ішкі тәртіп.

  • Үйірменің жаңа оқу жылындағы мақсаттары.

  • Қол жұмыстарының құрал-жабдықтары, түрлері қолданылуы.

  • Жұмыс орнын ұйымдастыру.

  • Қауіпсіздік және санитарлық ережелері.

  • Жол жүру ережелері.


ІІ – Бөлім. Мататану.

  • Тоқыма талшықтары туралы мағлұмат.

  • Тоқыма талшықтарының түрлері.

  • Жіп, мата дайындау.

  • Матаның негізі және арқауы, жиегі.

  • Матаның өңі, терісі.

  • Тігін жіптері, түрлері.

ІІІ – Бөлім. Қол тігіс түрлері.

  • Қол тігіс түрлері, топқа бөлінуі.

  • Уақытша тігістер (көктеу, қолмен жиыру)

  • Тұрақты тігістер (тепшіп тігу, жөрмеу, бүгіп тігу, өбістіре тігу, қадау).

  • Қол тігістердің қолданылуы.

  • Қол тігістерді орындауға жаттығу.

  • Тігістердің орындалу сапасын бақылау.

  • Қол тігістерді пайдаланып инеқадағыштар жасау.


ІV – Бөлім. «Жіппен бейнелеу» техникасы.

  • «Жіппен бейнелеу» өнері, шығу тарихы.

  • Құрал – жабдықтар. Техника қауіпсіздігі ережелері.

  • Жасалатын сыйлықтық бұйымдар, тұрмыста қолданылуы.

  • Жіппен бейнелеудің түрлері және оларды орындау.

  • Орау әдісімен жасалатын сурет жақтаушасы.

  • Геометриялық фигуралардың түрлерімен таныстыру

  • Өрнектерді қатырма қағазға орындау.

  • Бұрыш түрлерін және шеңберді толтыруға жаттығу.

  • Геометриялық фигуралардан әр түрлі өрнектер құрастыру.

  • Бетбелгі, ашық хат, панно жасау.

  • Тақтайға шегемен жіптің көмегімен орындалатын өрнектер.

  • Сәндік композицияның (панно) эскизін дайындау, элементтерін жіп түстерін үлестіре отырып ретімен толтыру. Панноны жақтауша баужасап әсемдеу.

  • Өрнектердің орындалу сапасына көңіл аудару.


V – Бөлім. Лентадан сәндік бұйымдар жасау.

  • Қажетті құрал – жабдықтар.

  • Сыйлықтық бұйымдардың түрлерімен таныстыру.

  • Сәндік бұйымдар жасау: себеттегі гүл. Лентамен себеттің бауын өру.

  • Себетті лентамен орау, түйреуіштермен бекіту.

  • Гүлдерді, жапырақтарды себетке бекіту, сәндеу.

  • Панно жасау. Негізін қию және матамен қаптау.

  • Әртүрлі әдістермен (лентадан өру, матадан, сәндік таспадан тағы басқа) себетті жасау.

  • Панно негізіне жасалған себет, гүл, жапырақтарды бекіту, сәндеу.

  • Лентадан өрілген тұтқыш, түпкиіз тағы басқа сыйлықтық бұйымдар жасау.

  • Эскизін өрнек үлгісін дайындау.

  • Лента бойынша бірнеше түсті ленталардан бұйымды орындау.

  • Сәндік бұйымдарды, гүлдерді жасау барысанда лента түстерінің үйлесіміне, бұйымдардың орындалу сапасына көңіл аудару.


VІ – Бөлім. Бисермен тоқу өнері.

  • Бисер түрлері, шығу тарихы.

  • Қажетті құрал – жабдықтар. Қауіпсіздік ережелері.

  • Қарапайым өрнектерді тізуге жаттығу.

  • Сәндік білезік – бауларды тізу.

  • Білезік түрлерін тізу.

  • Сырға түрлерін тізу.

  • Гүл жасау. Күлтесін, жапырағын, өзегін дайындау, жасау және бөліктерін құрастыру.

  • Жәндіктерді жасау.

  • Сәндік бұйымдар жасау.

  • Бұйымдардың сапасына көңіл бөлу.

VІІ– Бөлім. Оқу жылын қорытындылау. Көрме, топсеруен.


  • Оқу жылының барысында өтілген тақырыптарға шолу жасап қорытындылау. Оқушыларды тестілеу.

  • Көрмеге дайындау. Жыл бойы орындалған жұмыстардың сапасын тексеру. Жұмыстарға жеке – жеке баға беру.

  • Көрмені ұйымдастыру.

  • Мұражай мен көрмелерге топсеруен жасап, оқушыларды ондағы халық қолөнерімен таныстыру. Сәндік – қолданбалы өнер бұйымдарындағы ою - өрнектер, олардың композициялық және түстік шешімін, әшекейлеу түрлерін зерделеу.


























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!