Оқушыларға сапалы білім беруде грамматикалық сауаттылықтың маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушыларға сапалы білім беруде грамматикалық сауаттылықтың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Автор өз мақаласында бүгінгі күні қазақ тілі пәнінен оқушыларды грамматикалық сауатылыққ баулудың маңыздылығы мәселесін көтереді. Бұл мәселені оқу бағдарламасымен бірге қосымша берілетін сабақтар негізінде шешуге болатындығын айтады.Қосымша сабақтарда қазақ тілінің грамматикасын жүйелі оқытса бұл мәселені шешілетіндігін айтады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Оқушыларға сапалы білім беруде грамматикалық сауаттылықтың маңызы»

Автор: Файзулина Баян Боткеновна-қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімі.

65 мектеп-гимназиясы, Нұр-Сұлтан қаласы

Мақсаты: қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды грамматикалық сауаттылыққа үйретудің мағыздылығы

Қазақстан Республикасының білімді дамыту тұжырымдамасында «орта білім берудің мақсаты - терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағалай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»[1] деп көрсетілген. Бүгінгі таңда барлық мұғалімнің алдында тұрған міндет – оқытудың жаңа технологияларын ұтымды пайдалана отырып, нәтижеге бағытталған білім беру.

Бүгінгі таңда, оқушыларға сапалы білім беруде қолданбалы курстар, таңдау пәндер, факультативтік курстардың маңызы зор.Әсіресе,бүгінгі күні,беріліп жатқан қосымша сабақтардың сапалы әрі тиімді өткізу -бүгінгі ұстаз алдындағы үлкен міндеттердің бірі.Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларға мәтін түрлерімен жұмыс істете отырып,тілдік бағдарға да баса назар аударып отырса деймін, яғни оқу бағдарламасы бойынша оқу мақсатына сай оқушыларға сапалы білім бере отырып, қазақ тілінің грамматикасы тереңдете қоса оқытылса деймін. Өйткені, тілі білімінің салалаларын жүйелі, жетік меңгермеген оқушы өз ойын жүйелі жеткізе білмейді әрі сауаттылық жағынан қиналатын болады.Сол себептен, сапалы білім беруде қазақ тілінің грамматикасының маңызы өте зор.

Грамматикалық сауаттылықтың маңыздылығы сол, жоғарғы сынып оқушылары қазақ тілі тіл білімінің салаларына тоқталып, төменгі сыныптатарда бағдарлама бойынша берілген тілдік бағдарларына қосымша білімдерін жүйелеп,қайталайды,саралайды.Егер оқушы фонетика, лексика, морфологияны, стилистиканы теория жағынан қайталап, практика жүзінде жаттығулармен өз білімдерін бекітсе,оқушының сауаттылығы да артар еді.

Қорыта келгенде, бүгінгі күнгі тәжірибемізден көріп отырғанымыздай оқушыларға тілі білімінің салаларын сапалы оқыту арқылы оқушылардың қазақ тілінің грамматикасын тереңірек білетіндіктеріне әрі сауаттылықтары артатындықтарына көзімізді жеткіздік. Балаларымыз жазылым кезінде қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық нормаларын сақтап сауатты жазса, оқылым кезінде тілдік бірліктерді ажырата білсе, айтылым кезінде сауатты сөйлеп жатса нұр үстіне нұр болар еді.







Қолданылған әдебиттер:

  1. Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.09.12.2020 жыл.

  2. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2022
1172
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі