Материалдар / Оқушының жан-жақты тұлғасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің рөлі. Эссе.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушының жан-жақты тұлғасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің рөлі. Эссе.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сынып жетекшілеріне, жас мамандарға. ізденуші, зерттеуші ұстаздарға пайдалы, ойландыратын материал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Сәуір 2021
857
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚУШЫНЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ СЫНЫП ЖЕТЕКШІНІҢ РӨЛІ



Баланы тəрбиелеу үшiн əрбiр тəрбиешiнiң өзi тəрбиелi болуы керек. Себебi бала айтып ұқтырғаннан гөрi, көргенiне көп елiктегiш келедi. Солай болған соң балаға не жақсы мiнез болсын, iспен көрсету керек.

Ж.Аймауытов



Тəрбие мақсаты — баланы тəрбиешінің дəл өзіндей қылып шығару емес, болашақ өз заманына лайық қылып шығару ғой.

М. Жұмабаев

Қарқынды уақыт, өзгермелі құндылықтар, қоғамның субформацияларға көшуі, мәдени көзқарастардың алуандылығы, жаһандық ірі экономикалық қадамдар білім саласында күрделі өзгерістерге жол ашты. Осыған байланысты мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатка ие болуда. Дегенмен ғасырлар өтсе де бұлжымас, айнымас ұғым «педагог» сөзінің мәні. Ежелгі Грек жерінде баланы жетектеуші, жетелеуші мағынасын иеленген бұл сөз – осынау негізгі функциялық мағынасынан ажыраған емес. Тіпті адамзат қиялының ғажайыбы ертегілерде бізге таныс, жиі кездесетін бір сюжет бар. Ол – әйгілі патша не хан, билеуші өзінің жалғыз ұлын оқуға беріпті деп басталатын сюжет. Жарты әлемді билеген патша жалғыз ұлын оқуға бергенде ұстазға жүгінеді, баласының болашағын сеніп тапсырады. Ал ұстаз деген ол заманда ерекше өнер иесі, ақыл иесі, қоғамдық статусы жоғары, ақылға бай жан болған. Шалғай мекенде данышпан ұстаз тұрады екен десе жұрт жиылып сол данадан ақыл сұраған, патшалар арнайы сарайға алдырған. Оқу-жазудың ғана емес, өмірлік мәселелердің шешімін тапқан. Демек ұстаздық ету - басқа да мамандықтарды анықтайды деп айтуға болады, себебі еңбектің басқа түрлері ұстаз арқылы меңгеріледі. Ғасырлар бойы ұстаз болу - ұрпақты өмірге дайындау болды.

Бұдан он жыл бұрын «мектеп – кеме, білім – теңіз» десек, бүгінде әрбір мектеп дидактикалық және тәрбиелік бөлімдерден тұратын үлкен педагогикалық жүйеге айналған. Тәрбие – сол мектептің біртұтас әлеуметтік ағзасы, ал тәрбиенің өзегі - мектептің ұжымы, яғни мұғалімдер, балалар, ата – аналар саналады. Осы үштік жүргізетін жұмыстың ерекшелігі олардың байланысымен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып жетекшісі қамтамасыз етеді.

Жалпы Кеңес өкіметі орнағанға дейін және Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде де сынып жетекшісі деген қызмет болмады. Патшалық Россиядағы ерлер гимназиясы мен әйелдер гимназияларында оқушылармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу мұғалімдердің бәріне бірдей жүктелді. Оларды топ жетекшілері деп атады. 1934 жылы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде топтап оқыту тәртібін, сыныптық-сабақ жүйесіне өзгертуге байланысты, топ жетекшілері, сынып жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиелік қызметтерінің міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері жаңа сипатқа ие болды. Сынып жетекшісі туралы Ережені тек 1934 жылы ғана РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы Ережемен бірге сынып жетекшісінің қызметі де бекітілді.

Осылайша орта және жоғары сыныптарда сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру үшін ең тәжірибелі мұғалімдердің арасынан сынып жетекшілері тағайындалатын болды. Жалпы Ресейлік мектептерде сынып жетекшісі қызметінің пайда болуы әр балаға жеке тұлға ретінде дамуға қажеттіліктен, тұлғалық дамудың әлеуметік-мәдени құндылық екенін сезінуден және мейлінше жекелік ерекшеліктер мен әрбір оқушының қабілетін арттыру керек екенін ұғынудан өмірге келді. Әрине бұл жерде сынып жетекшісінің міндеті баланың жеке тұлғалық дамуын балалар ұжымында дамыту екенін ұмытпаған жөн. Кез-келген сыныпта, оның ішінде ең ұйымдасқан және тәртіпті жағдайда, жағымды қасиеттерді қалыптастыруға және теріс қасиеттерді жеңуге бағытталған күнделікті тәрбие жұмысы қажет.

Қазіргі мектептегі сынып жетекшілерінің міндеттері мен функциялары қалай өзгерді? Бүгінгі таңда сынып жетекшісі бір мезетте үйлестіруші, коммуникатор және ұйымдастырушы функцияларын атқарып отыр. Ұйымдастырушы тұрғысынан сынып жетекшісі сынып ұжымын біріктірумен, сыныптан тыс, сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырумен, жанжал жағдайларының алдын алумен айналысса үйлестірушінің функциясы сынып жетекшісінің құзыреттілігінің жаңа қырын көрсетеді: ол бүкіл құрамның жұмысын үйлестіреді, баланың мүддесі үшін сол жердегі барлық мүмкін білім беру ресурстарының интеграторы болып табылады. Коммуникатор ретінде сынып жетекшісі білім беру процесінің барлық негізгі қатысушыларының үйлесімді қарым-қатынасына назар аударады: оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер, әкімшілік, мектеп психологтары, білім беру ресурстары арасындағы осы әр түрлі байланыстарды орнатады, балаға өзінің әлеуетті жетістіктері мен шығармашылық қасиеттерін дамытуға, жоғары білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге көмектеседі. Ол өмірін сыныппен өткізеді, Әр оқушыны біледі және түсінеді, әртүрлі жағдайларға жауап бере алады және алдын-ала ойлана алады.

Иә, сынып жетекшісі - қоғам мен бала арасындағы рухани делдал, сынып ұжымының әр түрлі тәрбиелік іс-әрекеттері арқылы қарым-қатынас жүйесін ұйымдастыратын кәсіби мұғалім. Ол әр баланың жеке өзін-өзі танытуына және әр адамның дамуына, бірегейлігін сақтауға және оның әлеуетті қабілеттерін ашуға, балалық шақтың мүдделерін қорғауға жағдай жасайды. Әрине, оның басты назарында оқу жұмысы, білім деңгейін арттыру мәселелері тұр. Ол мұғалімдерге оқу сапасын арттыруға көмектеседі Бірақ оқушыға ол ең алдымен тәрбиеші ретінде келеді. Ал жақсы тәрбиеші кім десеңіздер бұл - ең алдымен адамгершілігі жоғары адам. Ол адал және әділ, барлық ойлары мен іс-әрекеттерінде лайықты. Мұндай тәлімгер өз оқушыларының рухани әлемін біледі және түсінеді, олардың қуаныштары мен қайғыларында өмір сүреді, олардың сенімін бағалайды, олармен қарым-қатынаста әрдайым нәзік және әдепті, кекшіл емес, шыдамды және мұқият, қамқор, мейірімді жетекші өзінің әр оқушысын жақсы көреді және құрметтейді.

Сонымен қатар сынып жетекшісі - педагогикалық ұжымның мүшесі екенін ұмытаған жөн. Ол ұйымдастырушылық және тәрбиелік жұмысты жалғыз өзі ғана емес, мектеп директоры мен оның орынбасарларының басшылығымен, басқа мұғалімдермен тығыз байланыста жүргізеді. Бірақ басқа мұғалімдермен салыстырғанда ол оқушылармен көп сөйлеседі. Оның олармен қарым-қатынасы қоңыраудан кейін де үзілмеуі керек. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы мектеп шеңберімен шектелмейді де. Ол отбасымен де тығыз байланыста. Жоғарыда айтылғандай, сынып жетекшісі басқа мұғалімдермен салыстырғанда отбасымен көбірек сөйлеседі. Ол ата-аналарды оқушылардың оқу жұмысы мен мінез-құлқы туралы хабардар етеді, олармен бірге оларды тәрбиелеу бойынша бірлескен жұмыс жолдарын белгілейді. Педагогикалық ойлары баланы тәрбиелеу отбасында басталуы керек екендігіне негізделген классик Константин Ушинский сынып жетекшісіне ата-аналармен тығыз байланыста ғана оң тәрбиелік әсерге қол жеткізуге болатынын айтып педагогикалық қарым-қатынасты жеңілдететін бірнеше ережелер ұсынған екен. Мысалы:

Ең бірінші ата-аналарға алдымен олардың баласын мақтап, оның бірегей және талантты екенін айтып содан кейін ғана жағдайды айту керек. Екіншіден ақпарат ата-аналарға уақытылы жетуі тиіс. Үшіншіден сынып жетекшілері қазіргі ата-аналардың өмірі тек балалардың мүдделерімен шектелмейтінін ескерсе екен. Яғни олардың мектепке жиі баруын талап етпеңіз. Маған ата-аналармен қарым-қатынаста, әлеуметтік желілерде, ата-аналар конференцияларында, жиындар мен ата-аналар комитетінің отырыстарында осы ережелер септігін тигізіп келеді.

Қорыта келе айтарым Дүниежүзілік статистика деректеріне сүйенсек бастауыш білім беру бойынша Қазақстан 130 елдің ішінде төртінші орында екен. Демек халқымыздың жиырма пайызға жуығы бастауыш білім алып шығады. Бір қызығы Еуропа жұрты ТМД елдерінің педагогикасы мен білім беру ісін сынап, мектептің бала тәрбиесіне тым көп араласуы зиян дейді. Бұған дәлел мәселен Австралия мен Бельгияда, өзге де дүние жүзі мемлекеттерінде сынып жетекшісі деген ұғымды білмейді, бала мен мұғалім арасын жалғау үшін сынып жетекшісі көп рөл атқармайды, ата-ана мен мектеп арасындағы көпірдің міндеті туралы ешкім де бас ауыртпайды. Ал бізге сынып жетекшісі дегенде есімізге атақты «Менің атым Қожа» фильміндегі Рахман ағай немесе Майқанова сынды образдар түсе қалады. Әрине, бұдан Кеңестік жүйе отбасын екінші кезекке ысырып, бала тәрбиесін мектептегі мұғалімдерге көбірек сеніп тапсырғанын анық көреміз. Шынында да әрбір мектеп оқушысы, 365 күннің жартысына жуығын мектепте өткізеді ғой. Яғни біздің болашағымыз белгілі бір дәрежеде мектеп деп аталатын құрылыммен тығыз байланыста. Сынып жетекшісінің рөлін осы тұста айқын көруге болады. Бүгін сынып жетекшісі – баланың тәрбиешісі ғана емес, оның жан жолдасы, ақылшы, сырласы.

Әлдебір әзіл-шыны аралас оқиғада кешқұрым сабақтан қайтып келе жатқан мұғалімге қарақшылар тап беріпті. Қолындағы алтын сағатына қызыққан ұрылар: - Сағатыңды бер, - десе жан ұшырған ұстаз: - Сағаттарымды бере алмаймын, сынып жетекшілігімді ал депті-мыс. Нәзік юморға толы осы әңгімені оқыған сайын тәрбиелік қызметі қиын сынып жетекшісінің мерейін өсіріп, мәртебесін көтеруге бағытталатын дүниелер алда өте көп жасалуын аңғартып тұрғандай көрінеді маған.

Айгүл Сванқұлова,

ШҚО, Зайсан ауданы,

Жарсу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!