Оқушының оқу жетістігін бағалаудың заманауи әдістері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушының оқу жетістігін бағалаудың заманауи әдістері.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғаліммен оқушыға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Оқушының оқу жетістігін бағалаудың заманауи әдістері.

Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

  • Мақсаты: оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау үшін мұғалімдерге практикалық көмек көрсету.

  • Міндеттері:

1. Формативті бағалауды қолдану;

2. Бағалау критерилерімен танысу;

Бағалаудың жаңаша түрлері:

  • Өзін-өзі бағалау;

  • Топтық бағалау;

  • Критериалды бағалау;

  • «Бағдаршам» бағалауы;

  • «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс;

Өзін-өзі бағалау.

Оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі,өзара бағалаудың (және өзін- өзі бағалаудың) маңызы зор. Ондағы мақсат-оқушыларға өз жұмысының сапасын көтеруге қызықтыру және оларға оны жақсартудың мүмкіндігін талдауға көмектесу. Нәтижесінде,бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетпек,себебі оқушылар оқыту үдерісі үшін тек мұғалім ғана жауапты емес екендігін түсінеді

Топтық бағалау

  • Оқушылар топтарда бірлесіп жұмыс атқарған жағдайда әр топтың жекелеген мүшелері өз үлестерін қосуда үлкен жауапкершілік сезініп, сабақ барысындағы білімді игеруде айтарлықтай жетістіктер жасайды. Оқушылардың таразылау, қорытындылау, шешім қабылдау сияқты маңызды дағдыларын қалыптастырудың ең оңтайлы әдісі. Бұл әдісте барлық 3 топтың да оқушылары бағаланады. Сабақтың жоспарланған іс-әрекеттер барысында ұсынылатын тапсырмаларды ретімен жауап берген немесе өз тобы үшін үлес қосқан, жұмыстарын сәтті қорғаған оқушылар өз тобының тұсынан есімдері жазылған стикерлердің ілінуі арқылы бағаланады. Нәтижесінде әр топ мүшелері батыл белсенділікпен жылдам ойлауға, дұрыс анықтамалар мен деректер келтіруге, өз тобындағы үлгерімі төмендеу оқушылардың жауап беруіне топ белсенділерінің араласуына, бір-біріне жан аямай көмек көрсетеді.Сондай-ақ бұл бағалау түрінде барлық сынып оқушылары сабаққа түгел қатысады, әрі түгел бағаланып, ынтымақтастықпен өз жауапкершіліктерін сезінеді.

Критериалды бағалау.

Оқушылардың өзін-өзі бағалау және өзара бағалау үдерістерінің дамуына ықпал ету мақсатында сабақта критериалды бағалауды табысты қолдану. Топ бағалаушысы өз тобының мүшелерін парақшаға толық түсіреді. Содан сабақ барысындағы берген жауаптарын 4 түрлі критерийлер арқылы 5 балдық жүйемен белгілейді. Төменде көрсетілген критериалды бағалаудың критерийлері:

-топтық жұмыстағы белсенділігі;

-оқушының ізденісі;

-сұраймыз-жауап береміз;

-өз жұмысын қорғауы.

Осы критерийлердің жалпы балын есептеп, жиынтық бағаны белгілеу – топ ішіндегі жұмыстың жан-жақты өрбуіне, ізденуіне және әрқайсысының жеке пікірін тыңдағанда бір-біріне құрметпен қарағандықтары байқалды.

Критериалды бағалау парақшасы

Критериалды бағалау

Күні ____ сабақ______ тақырыбы_______

Аты -жөні

Топтық жұмыстағы белсенділігі

Оқушының ізденісі

Сұраймыз жауап береміз

Өз жұмысын қорғау

Қорытынды

1

Нургалиева Нурия

Shape1

Shape2

Shape3

Shape4

4,2

2







3









«Бағдаршам» бағалауы.

Оқыту үшін бағалауда бағдаршам сигналдарын пайдалану – тиімді стратегия болып табылады. Мұнда белгілі бір тапсырмаларды орындау барысында оқушының өз жұмыстарын бағалауда білімді «Мен қалай орындадым?» деген сауал төңірегінде ізденеді. Мәселен, егер оқушы ұсынылған тапсырманың материалын түсінгендігі мен жақсы орындағанын ұғынса, онда олар жасыл индикаторды пайдаланады. Егер олар берген білімдеріне сенімсіздік танытса, онда сары түсті пайдаланады. Ал, мүлдем түсінбеген болса, онда өзіне көмек керектігін білдіретін қызыл индикаторды пайдаланады. Бұл стратегияның идеясы – «бағдаршамның» түстері арқылы оқушының өз біліміне қатысты сенімділік көрсету. Бұл қарапайым әдіс болса да оқушы жұмысын бағалауда өте маңызды рөл атқарады, нақты айтар болсам, парақшада белгілі болған қызыл немесе сары түстерден оқушының жасыл түске ауысуы үшін не істеу қажет екендігін ойланғандығы. Жасыл индикатор көрсеткен оқушылар сары түсті пайдаланғандарға көмектесулеріне, сондай-ақ олар қызыл түсті пайдаланған оқушылармен уақытша болса да мұғалім кейпіне кіріп жұмыс жүргізулері - олардың көшбасшылық қасиеттері де ашылады

«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс.

Алдымен «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс нені білдіретінін анықтау. Бұл жұмыс 5 басты фактордан тұрады:

1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

5. Оқушылардың өздерін-өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсінудің қажеттілігі.

Оқушыларымның жас ерекшеліктерін ескере отырып, олардың қызығушылықтарына едәуір ықпал ету мақсатымен қиял-ғажайыптар еліне саяхат жасау. «Дананың кілттері» арқылы бірқатар ойлау мен жұмысты талап ететін тапсырмаларды орындату.

Мен неге дәл сол бағалау түрін ғана қолдандым екен?

Бағалаудың бірнеше түрі бар екендігін неге білмедім?

Бағалап жүрген әдістердің тым қарапайым әрі тиімсіз болғаны ма?

Бағалаудың біз білмейтін басқа да тиімді түрлері де бар екен ғой?!...

Неге бағалаудың тиімді түрлерін өз тәжірибемде зерттеп көрмеске?

Оқыту үшін бағалауды тәжірибемде зерттегенде жетістікке жете аламын ба?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2021
531
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі