Оқушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін белсенді оқыту стратегияларын қолдану

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін белсенді оқыту стратегияларын қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Онайбекова Айман Сансызбаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

«Үндестік» жеке мектебі

Қостанай қаласы



Оқушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін белсенді оқыту стратегияларын қолдану.


Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым:
«Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау».
Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді. Ол үшін әр сабақта белсенді оқыту стратегияларын пайдаланған жөн. Бастауыш мектеп- оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс- тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі заманның талабына сай болу және жаңа формация мектебінде жұмыс істеп жүрген педагогтардың алдында тұрған  проблемаларды шешу негізгі мақсат болып табылады, олар:

  • баланы оқи білуге үйрету

  • баланы ойлауға үйрету

  • баланың өзін-өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.

Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып, мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Әр педагогтың міндеті-оқушының шығармашылық ойына бағыт беру, шығармашылық ізденісті қолдау, жағдаяттар туғызып, оның шешімін табуға бағыттау, жаңаны іздеуге, жүйелі зерттеулерге талдау жасауға талпыныс беру.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қабілетін жан-жақты дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің жолдары болып табылады. Сондықтан, бұл мәселе оқушыларды ғылыми таным әдістердің логикалық ойлауды, ғылыми заңдылықтарды түсіну, практикалық міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс. Осыған орай балалардың ғылыми білімді, дағдыларды, өздігінен білім алуды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады. Өз бетінше жұмыс жасауға үйрету үшін белсенді оқыту стратегияларын қолдану маңызды. Мен жаңартылған білім бағдарламасы бойынша жұмыс жасаймын. Жұмысымның негізінде оқушыларымды өз бетінше жұмыс жасауға баулыдым. Сыныпта топпен, жұппен және жеке жұмыс жүргізілді. Белсенді оқу өз тәжірибесі негізінде оқыту болып табылады. Осыған орай әр сабағымда оқушылардың өз тәжірибиелеріне сүйене отырып, оны әрі қарай дамытқанды жөн көрдім. Жаңа білімді бұған дейінгі алған білімдеріне байланыстыра отыра бердім. Бұл жерде қай пән болса да ең басты мәселесі мен мақсаты оқушылардың белсенді әрекеттерін ұйымдастыру болып табылады. Белсенді әрекеттер арқылы оқушылар білімді өздігінен меңгереді, үйренеді. Демек «не білу» емес, «не жасай білу» оқытудағы негізгі қағида болып табылады. Ана тілі пәнінде «Менің отбасым және достарым» бөлімінде олар өз отбасы туралы әңгімелер айтып постер жасауға үйренді. Мектепте жаңа достар тапқандары туралы өз ойларымен бөлісе алды. Адал дос пен амал достықты ажырата білуге үйренді. Сабақта әсіресе, тыңдаған мәтіндерін сахналап қою балаларға көп ұнады. Себебі олар оны өздері жасайды. Топпен бірге ойланады, рөл бөліседі. Сыныптағы ұялшақ баланың өзі де белсенділік танытты. Осы пәнде «Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарды толықтыр», «Сұрақтардың жауабын дереккөздерден ізде», «Мәтіндегі жазылуы қиын сөздерден сөздік құрастыр», «Өлең мазмұнын әңгімеге айналдыр», «Ұйқасын тап», «Үлгіге қарап жарнама жазып көр», «Әрі қарай не болатынын болжап, мәтінді жалғастыр» т.б. оқушының өзі құрастыратын, өзі жазатын тапсырмалар орындады. Оқушыларды белсенді әрекетке түсіретін диалогтік және рефлексивті материалдар да мол қамтылды : «Берілген жауаптардың сұрақтарын тап. Содан соң сөйлесіңдер», «Бірің даяшы, екіншің тапсырыс беруші болып сөйлесіңдер», «Суреттегі көгөністердің таласын диалог арқылы жүзеге асыр», «Футбол добы мен волейбол добы боп бір-біріңмен сөйлесіңдер», «Мәтіннің мазмұнына қарама-қарсы пікір айтып көріңдер». Мұндай тапсырмалар түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелейтіні сөзсіз. «Тағам және сусын» ортақ бөлімін өткенде «Бірің даяшы, екіншің тапсырыс беруші болып сөйлесіңдер» ойынын өткізгенде балалар өздерін дәмханада қалай ұстау керек екенін, сыпайы сөздерді дұрыс қолдана білуді меңгерді. Кейбір оқушылар дәмханада болғанын еске түсіріп, сыпайы сөздерді дұрыс қолданбағанын, енді біліп жүретінін айтты. Өйткені, қателіктер бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашады.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2024
300
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі