Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқыту мен оқу тəжірибесіндегі рефлексиялық есеп
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алипова Газиза Сабитовна
«Жаңа дала» жалпы орта мектебі
Оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізілген және ол басқарылғанын растайтын сабақтар өткізілген және оның тиімді екенін талдау туралы рефлексивті есеп.
С-есебі.
«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі , оған жаңалық ашуға көмектескен жөн» Галилео Галилей.
Егемен ел болып,тәуелсіздігімізді еншілеп, енсеміз тіктеліп , өркениет көшінің алдыңғы сапына шыққан , бәсекелестікке қабілеті дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан еліміздің жарқын болашағы – жас ұрпақ. Осы ұрпақты болашаққа даярлау , қоғамға сай бейімдеу – білім беру жүйесі, соның ішінде айшықтар болсақ , мектеп еншісінде. Бүгінгі таңда білім беру жүйесі әлемдік өркениет стандартына сай реформаланып , көптеген инновациялық технологиялар жасалынып оқу бағдарламалары өзгертіліп, оқулықтарымыз шығарылып, қолданысқа енгізілуде.
Тізбектелген сабақтар топтамасында алдағы сабақтарымды өту мақсатында 7 «А» сыныбын алдым. Сыныпта оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «Шаттық шеңбері » бойында бір – біріне географиялық обьектілерді пайдаланып жылы лебіздерін білдірді. А деген оқушым Н деген оқушыға «Гималай тауындай биік болсын талабың», «Анхель сарқырамасындай мәртебең биік болсын», «Амазонка өзеніндей пейілің кең болсын» деген сиақты тілектерін айтты.Осы сәттен бастап оқушылар арасында бір-бірне деген силастықтарын арттыруға тырыстым. Өзімде сол шеңбердің бойында тілек тілеп қатыстым.Сыныпты шеңбер бойымен «Санамақ » әдісі арқылы бөліп алдым. Алдымен жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасын «Сұрақ менен жауап сізден » әдісі бойынша пысықтады. Бұл әдісті пайдалану кезінде оқушы бойынан шапшаңдықты, ойларының жүйрік екендерін байқадым.Оқушылардың бұндай белсенділік танытуына – оларды сабақ тәсілдері түрлеше болуы қызықтырған сияқты.
«ДЖИГСО» әдісін жаңа тақырыпты меңгерту үшін пайдаланған болатынмын. Бұл әдіс бойынша 3 – топтарға түрлеше тапсырма берілетіндіктен , басқа топтарға барып түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Оқушылар өз беттерінше алған білімдерін реттеп, топ мүшелерімен өз ойларымен бөлісетіндерін сырттай бақылап жүрдім. Қабылдау қабілеті төмен оқушыларға бұл әдіс оңай тиген жоқ . Себебі үлгерімі жоғары оқушы сол оқушыға тапсырма жүктеп орындалуын қадағалап оырады. Ондағы мақсат үндемейтін оқушыны да сабаққа тарту , ең болмағанда оқушының сөздік қорына бір-екі сөз қосу болатын. «Мұғалім оқушыларда Чиксентмихай (2008) өзіндік мақсат деп атайтын және Райан мен Деки (2009) ішкі уәж деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауга тырысуға тиіс»(Мұғалімге арналған нұсқаулық 34-бет). Бұл әдістің арқасында сынып оқушылары сабаққа , пәнге деген қызығушылықтарын артыра түсті десем артықтық етпес.
Топ мүшелері өздеріне берңлген тапсырмаларды орындап өз ойларымен қызу пікір талас жүргізіп тұжырымдамалы карта арқылы топ мүшелерімен бірге үндемйтін оқушы да қорғауға атсалысқанына риза болдым. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл »- дегендей топ мүшелері тақырыпты толық ашып қорғап шықты.Сабақты қаншалықты меңгергенін білу мақсатында «Жадыңда сақта» әдісі бойынша жаңа тақырып бойынша картадан сұрақтар берген болатынмын. Қойған сұрақтарыма сүрінбестен жауап берді. Әрбір дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтап , қошеметтеп , келесі сабаққа да белсенділігін артыру үшін жылы лебіздерімді білдіріп отырдым.
«Екі жұлдыз бір тілек » әдісімен сабақтан алған әсерлер жазып, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып өтілген сабақ сыныптың барлығына түгелдей ұнағандығын жазған.
Сабағымның сәтті де сәтсіз тұстары болды. Тапсырмаларды орындау барысында уақыттың көп кетіп қалуы.Уақытты ұтымды пайдалану үшін берілетін тапсырмаларды деңгейлеп беруге тырысамын.Сабаққа қатысқан әріптестерім сәтті өткенін айтып жатты.Оқушыларға сыныпты топқа бөлгенім, берілген тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындағандарын айтты.топ мүшелері бағалау кезінде қаншалықты деңгейде белсенділік танытқанын, тапсырмаларды орындауы оқушы өзін-өзі бағалау керектігін сезінді.
Алипова Газиза Сабитовна С-есебі.
«Жаңа дала» жалпы орта мектебі
«Балалар күннен-күге қолжетімділік артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуыкерек.» Александр.
Екінші сабағымның негізгі бөлімінде үй тапсырмасын «Материктегі сұрақтар» легі арқылы толық қанды сұрап оқушылар белсенділік танытып отырды. Сол сұрақтың біреуін таңдай отырып жауап бере алмаған жағдайда келесі оқушы сыни ойлау арқылы жауап беруге талпынғандарын көруге болады.Өзара бір-бірін бағалап отырды. Бағалау кезінде әділетсіздікті болдырмау үшін өзім сырттай қадағалап жүрдім. Шаттық шеңберін орнатып оқушылар бір-біріне «Гүл силау» әдісі арқылы жылы , ыстық лебіздерін білдірді. Бұл әдіс бойынша оқушылар арасында өзара құрмет пен силастықтың қалаптасы келе жатканына көзім қуанып қалды. Жаңа тақырыпты «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы тұжырымдап түсіндіруге берген болатынмен .Әдістің өзгешелігі сурет арқылы сол жерге болғандай сезінгендерін айтып жеткізді . Оқушыларымның тапсырманы орындау барысында уақытты ұтымды пайдалануға , ширақ қимылдағандарын көрдім.Топ мүшелеріне деңгейлік тапсырма берген болатынмын. С мен Б ,Б деген оқушылардан тапсырма өз деңгейінде орындалмағандыған айтып , уйде орындап кеуге берген болатынмын. Оқушылар өз ара бағалап , өздерінде бағалай алды. Сабақты қорытындылау кезінде «Дананың кілті» әдісімен аяқтадым.Сабақты қаншалықты ұнағандары, нені меңгергендері, болжам жасағандарын т.б көруге болады. А деген оқушым: «Кордильерра тауы Қазақ жерінің солтүстігінде болса гой , сонда Солт.келетін антициклонды ауа массалары өтпес еді.Біздіңде жерімізде тропиктік жемістер жайқалып тұрушы еді» деген болжам жасаған болатын. Сабақта қолданған түрлі әдіс-тәсілдерім сергіту сәттері оқушыларға қатты ұнағандарын айтып өздерінің ойларымен бөлісті.Сергіту сәтінде «Капитан , ботсван , обед» ойыны арқылы сергітіп алдым. Сергіту сәті оқушылардың сабаққа деген қызығушылыңын ашты.Болашақта кәсіби қызметімнің даму үдерісінде оқыту үдерісі мәнді болу үшін, тапсырмалар мен жұмысты тиімді әрі түсінікті етіп ұйымдастыруға және өзіміөдің білімімізді өрістетемін деген мақсаттамын.Әр сабағым қызықты өту үшін , түрлі қызықты әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жаңа нәрселермен толықтырып отыратын боламын.
Алипова Газиза Сабитовна С-есебі.
«Жаңа дала» жалпы орта мектебі
Басқаларды үйрете отырып , біздің өзіміз де үйренеміз.
М.И.Калинин.
Үшінші сабағымда үй тапсырмасын «Ауадағы сұрақтар» әдісімен пысықтадым. Әдістің өзгешелігі қағаздан ұшақ жасап қанаттарына сұрақтарды жазып аспанға ұшыру арқылы қай оқушының алдына түссе сол оқушы жауап береді.Әр топта көшбасшы сайлау арқылы топтар өзара бір-бірін бағалап отырды. Әділетсіздікке жол бермеу мақсатында қателерін де ескеріп отырды.Нодбукпен бейнеролик көру арқылы әлемге саяхат жасап сегіту сәтін жасады. Мұндағы мақсатым оқушылардың ой-өрістерін дамытып пәнге деген ұызығушылығын арттыру болатын. Нодбукты пайдалана отырып «Суреттер сөйлейді» әдісімен жаңа тақырыпты түсіндіруге бердім. ӘР топ өздерінің ойларын жинақтай келе , тапсырмаларды түсіндіріп ашуға тырысты.Қабылдау қабілеті бойынша оқушыларға деңгейлік тапсырма беріп.3-оқушым Е , А, А мүмкіндіктері жеткенше жауап берсе , 2-оқушым Ұ, Б тапсырманы толық орындамағандығын айтады. Сабағымды «БЛОБ АҒАШЫ» әдісімен аяқтадым . Оқушылар өзара бір-бірін бағалай алды.Сабақтың қандай өткендігін сабақ соңында оқушыларымның көтеріңкі көңілінен көріп тұрады. «Екі жұлдыз бір тілек » әдісімен сабақтан алған әсерлер жазып, жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып өтілген сабақ сыныптың барлығына түгелдей ұнағандығын жазған. Сабағымның сәтті де сәтсіз тұстары болды. Тапсырмаларды орындау кезінде уақыттың көп кетіп қалуы.Уақытты ұтымды пайдалану үшін берілетін тапсырмаларды деңгейлеп беруге тырысамын..Топ мүшелері бағалау кезінде қаншалықты деңгейде белсенділік танытқанын, тапсырмаларды орындауы оқушы өзін-өзі бағалау керектігін сезінді. АКТ-ны сабақта пайдалану оқушылардыі қызығушылығы мен белсенділігін артырып қоймай , түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау кезінде қызықтырып, түрлі марапаттаулардың эмотциясымен бқлісетін болатын.Елбасымыз айтқандай «Қазір бой жарыстыратын заман емес , ой жарысатын засан . » деген .Осыған орай оқушыларды тек білім беріп қоймай олардың назарын білгендерін жадына сақтауға , қабілетін , ойлауын, тіл шеберлігін , зерделі білім алу құлшылығын ояту өмірге көзқарасын дұрыс қалыптастыру- сол мектепте жүргізілген пәннің нысанасы , пәнді оқытатын мұғалімнің міндеті болмақ.