Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы
«Жас баланы оқытып үйретудің мақсаты –
одан әрі оқытушының жәрдемінсіз – ақ
жетілуге қабілетті етіп шығаруда» .
З.Хаббард
Мен неліктен өзгеруім керек? Мен – мұғаліммін, мен- елімнің , қоғамның болашағын тәрбиелеуші тұлғамын.Мен үшін мұғалім құдіретті әрі киелі мамандық, өйткені ол бүкіл әлемнің құдыреттілігін танытатын, баланың болашақ өміріне жауапты тұлға. Баланың бүкіл өміріне қажетті білімді беруім үшін ең бірінші өзім өзгеруім керек.Әлемдегі барлық адамдар ішінен –мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді . Өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіреді.Мен өзгеремін , себебі баламен жұмыс жасауда өзіме ләззат аламын ,мен үшін мамандығым - мақтанышым , шәкіртім – мәртебем . Өзгермелі әлемде өмір сүргендіктен өзгермей қалу мүмкін емес .Мен де , оқушым да өзгеруі керек .Осыған дейінгі ескіше көзқарастан арылып ,ұстанымға , құндылыққа, жаңаша көзқарасқа негізделген шешім мен іс – әрекетттердің тиімділігін сезінгендіктен. Осы оқу барысында өзімді мазалап келген сауалдар мен ойларыма жауап таптым.Мәселен , «Мұғалім - ұлы тұлға» дейміз ,ал өкінішке орай соңғы он жылда осы ұлылықты жоғалтып , шынайылықтан гөрі алдамшы дүниелерге бой алдырғанымыз жалған емес.Ол ұлылық қасиет барлық мұғалімдердің бойында бар ма? немесе «мұғалімнің беделі» деген ұғымның маңыздылығын ,мәнін жойып алғандығын немен дәлелдеуге болар еді деген сауалдар еді. Қазір курста оқып жүрген мұғалімдерге қарап, өз - өздерін өзгертуге деген талпынысы , білім әлеміндегі жаңашылдыққа бет бұруы н құптарлық жағдай деуге болады.Осыған дейін балаға біржақтылықпен қарап келгеніміз немесе бала әлемінің түпсіз тұңғиығына жете алмай жатқанымызға көзіміз жетті .Қазір біз сол тұңғиыққа жетудің жолын таптық. Тұжырым мүлде басқа . Неліктен?Өйткені ,біз өзгердік. Дәстүрлі сабақ пен белгіленген тәртіпке ғана қызмет етіп келдік ,ал қазір біз әр баланың мақсаты үшін қызмет етеміз.Біз - көшбасшымыз ,біз заман талабына сай өзгеріс енгіземіз. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние - жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін , оқушылардың түсінігін жетілдіру мақсатында олармен жұмыс істеу қажеттігін ұғынуы , сондай – ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.[ 1. 7 – бет] Міне , біз бұған дейін баланы қалай оқыту керектігі жайында ойланбадық,сол себепті балаларда зерігу, мардымсыздық, жауапкершілігінде салғырттық , алаңдаушылық орын алды. Бұл үдеріс Чиксентмихаи дың (2008 ) өзіндік мақсат» және Райан мен Декидің (2009) « ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс деген тұжырымдамасына сәйкес келеді.[ 1. 34- бет ] Бұл жаңа бағдарлама құзырлы мұғалім алдына оқушының жан дүниесін түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр.Бағдарламаның түйінді идеялары мен мазмұны тиісті сапалық деңгейге қол жеткізуге бағытталған .Бағдарламаның жеті модулі- сапалы әрі табысты оқытудың негізі. Сабақ үдерісінде мұғалім мен оқушының қарым –қатынасын,іс –әрекетін ықпалдастыруда жеті модулдің мәні зор . Мектептегі тәжірибе кезінде өткізген сабақтарымда таңдап алған әдіс – тәсілдерім әр модульмен ықпадасты.Мысалы ,алғашқы сабағымда «Қажымұқан» хикаятын өткізгенде мынадай тапсырма берілді: Қажымұқанның лақап атпен жүруіне не себеп болды және балалық бейнетіне оның өміріне қаншалықты әсер ете алды? стратегиясы бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындады. Әлем чемпионының әлемдік аренадағы ерлігі мен бүгінгі әлем чемпиондарының жетістігіне салыстырмалы түрде сипаттады. Шығармашылық тапсырмалар бойынша оқушылар іздене алды . Мәтіннің негізінде эпизодтық көрініс көрсетті . Бұл сабақта байқағаным бірлескен түрдегі ,яғни , топтық, ұжымдық жұмыстардың білім алудағы тиімділігі. Оқушыда жауапкершілік қасиет пайда болды, ол өзінің іс – әрекетіне топтағы топ мүшелерімен салыстырмалы түрде қарады.Белсенді оқушы тобындағы оқушылардың тапсырманы орындауына көмектесті.Мүмкіндігінше жауап бере алғанына риза болды.Сабақта үндемейтін оқушының өзіне пікіріне бүкіл сынып назарын аударатын болды. Осыған дейін әр баланың пікіріне өзіндік меніне жете көңіл бөлмей, ортақ мақсат бойынша әрекет еттік. Сыныптағы ынтымақтастық атмосфера бір –біріне деген көзқарасы мен бір – бірін құрметтеушілік қасиеттерінің қалыптасуына ерекше ықпал етті .Әр сабақтың жоспары мене мақсатын қоюда ұзақ ойлануға тура келді.Жай сұрақтан гөрі күрделі сұрақтар , ой қозғауға түркі болатын проблемалық сұрақтарды саралау қажет болды.Әр сабақтағы стратегиялар мен әдіс – тәсілдерді таңдауда , кейбір тапсырмаларды орындауда күтілетін нәтижелер нақты орындалмады . Мысалы,салыстырмалы түрде сипаттама беруде, өмірмен байланыстыра суреттеуде дәлелдемелері аз болды.Себебі біз осыған дейін неліктен , неге солай деп ойлайсың не үшін қалай ойлайсың деген сауалдар төңірегінде ойландырмаппыз.Тек «иә» , « жоқ» деген жауаптармен ғана шектелген екенбіз. Екінші сабақта ізденіс жұмыстарында белсенділігі төмен оқушылар кітаппен ғана шектеліп қалды, ал белсенді оқушылар БАҚ материалдарынан, ғаламтордан деректер жинап, фотоларын әкелді,өздерінің арнау өлеңдерін оқыды,ақпараттар бойынша толық жауап бере алды.Болашақта А деңгейіндегі балаға да өз деігейіндегі ізденуге баспалдақ болар тапсырмалар ды беруге мән беремін.Талантты және дарынды балаға кеңейтілген тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар,талдауға , зерттеуге бағытталған жұмыстарды басты назарда ұстаймын. Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой - пікірлер мен зерттеулер жатыр . Аталған тақырып оқушылардың қажеттіліктерін түсінуге қатысты ой - пікірлерді , барлық оқушыларды кеңінен оқытуға ықпал ететін оқу бағдарламаларын кеңейту және барлық оқушылардың осындай қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқыту мен оқудың сараланған стратегияларын таңдау жөніндегі идеяларды қамтиды .[1.13 - бет ]Тәжірибе кезіндегі екінші сабақта Қасым Аманжоловтың «Жамырап күнде жас өмір» атты өлеңін оқығанда туған жерге деген сүйіспеншілік, перзенттік сағынышын жеткізуде суреттер салып,ойларын өрбіте алды. «Поэзиялық таным» бөлімінде туған жер туралы өлеңдерді мәнерлеп оқып, өлең құрылысына талдау жасай алды.Үшінші сабақта Жұбан Молдағалиевтің «Ар – ұят туралы» өлеңін оқыған кезде оқушылар бастауыш сыныпта өткен ақын өлеңдеріне шолу жасады. «Ойлаудың алты қалпағы бойынша ар – ұят туралы пікірлерін айты.Ар – ұят қорабшасына өздерінің бойындағы жаман қасиеттерді жазып салды.Адамгершілік қағиданы ұғынды.Абайдың «Сабырсыз,арсыз, еріншек өлеңін топпен жатқа айта алды. Мысалы , Камалова Әсемгүл деген оқушы Ар – ұят болмаса қоғамда әдептілік болмас еді ,бірақ қазақ балалары шетелге сатылып, жетім атануы ,ата - анасынан безінуі ойлантарлық жағдай десе, Ернар «ар –ұяты бар адам бір өледі , ар – ұяты жоқ адам мың өледі» .Мектеп бітірген аға – апаларымыз иман жолында адасып жүр.Неге ? Себебі олардың ар – ұяты жоғалған, ал ар - ұят адамдықпен өлшенеді , имандылықпен өлшенеді десе ,Әсемгүл Жүсіп Баласағұнның нақыл сөздеріндегі « Бұл жалғанды бұзатын арсыз адам» деп ақпараттарды дұрыс таңдай алғандары маған ерекше әсер етті .Оқушылардың өмір туралы ұғымы осылай қалыптасады . Олар жай ғана ойламады , сыни көзқараспен ойлана алды . Оқуды үйретудің қозғаушы күші « метатану» болып табылады.Басқаша айтқанда оқу бар , сонымен бірге оқытуды үйрету де бар .Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті.Ақпарат беріледі , бірақ білім мен түсінік оқушы бойында қалыптиасады, ал мұғалім - бұл үдерісте көмек көрсететін жан.[1.32 - бет ] Оқушылардың сапалы әрі табысты білім алуына мүмкіндік беретін оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдердің тиімділігі – оқушыны саналы түрде сыни ойлау тұрғысынан өмір сүруге бейімдеуінде. Әлеуметтік - сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну , (Vygotsky ,1978; Wood,1998) «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», Диолог негізінде оқыту»(Mercer,1995, Alexander,2008 ) Метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрену»(Flavell 1976) оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.Оқу үдерісінде сыни ойлауға үйретуде, талантты және дарынды балаларды оқытуда АКТ –ны қолдана алуы ,яғни, ақпаратты алу, бағалау , сақтау, өндіру және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жібере алу мүмкіндіктеріне жағдай туғызу қарастырылады. Тәжірибе сабақтарында оқушылар сабақ тақырыбына сәйкес материалды тауып ,қолдана алды.Мысалы , Қажымұқанның ұрпақтары туралы ақпарат ,фотосуреттер.Бірақ АКТ – ны оқушылардың барлығы бірдей қолдана алғанмен де жағдайлары бола бермейді .Сондықтан да мұғалім оқушыға тапсырма берген кезде осы мәселені ескергені дұрыс болар еді деп ойлаймын. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес .Олар қолданатын кез – келген нысанның артында обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай – ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін – өзі бағалау, қабілеттілік және күш – жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады (Александр , 2001 ) Бірінші сабақта оқушылармен кері байланыс жүргізгенде барлығы да сабақтың ұнағандығын жазады .Олар біз топтасып ,бірлесіп сабақ оқыдық немесе бір -бірімізге ізгі тілектер айттық деп жазады.Берілген өлшемдер бойынша өз –өздеріне «жеттім» , «талпындым» деп баға қойды . « Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы».Ең басты қадам мақсат қою, жоспар құру, дағдылар мен іс – әрекеттерді бақылау, талдау , талқылау, бағалау,зерделеу қажет.
Мұғалімнің кәсіби тұрғыдан дамуы білімін жинақтау мен тәжірибе кезеңінде сынақтан өткізу ,талқылау , бағалау және жұмыстарын жүйелеуде көрініс табады .Мұғалімнің оқушымен іс – әрекетіндегі нәтижеге талдау жасай отырып ,болашақта жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын жоспарлайды .Оқушыларды оқу үдерісіне қатыстыруда әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолданады , динамикалық ілгерілеушілік болуына назар аударады .Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің ерекшелігі - ең бастысы оқу үдерісінде оқушыларға еркіндік бере отырып ,қалай оқу керектігін үйренуге ұмтылыстың болуы .Барлық оқушылардың қолжетімді, яғни , инклюзивті білім берумен қамтылуы .Әр жеке тұлғаның бойындағы қасиеттерді саралай отырып ,бағыт – бағдар беру қажет . Әсіресе , талантты және дарынды балалардың шығармашылықпен , ізденімпаздықпен жұмыс жасауына ,түрлі ғылыми жобаларға қатысуына ,сыни тұрғыдан ойлану негізінде тың өңдеу өнімдерін шығаруына қолдау көрсету керек деп ойлаймын . Көбіне осы оқушыларымыз білімнің шыңырау биігіне жете алмай дағдарысқа ұшырайды .Оқушылардың іс – әрекетіне бақылау жүргізіп , үнемі қадағалап , қорытынды жасап отыру қажет .Білімнің , ғылымның заманында жаңашылдыққа ,болашаққа бет бұрған заман өкілдері өмір бойы білім алудың маңыздылығына ерекше көңіл аударады .Мұғалімдер өзгермелі заманда білім жинақтап ,өзінің кәсіби өсуіне мән беріп ,ұрпақтың келешегіне алаңдаушылық танытты .Бұл - өзгеруге деген ұмтылыс қадамдарының бірі .Біз де кәсіби дамуымызға септігін тигізер осы жобаның қаншалықты маңызды екендігіне көзіміз жетті .Курс барысында теориялық білімдеріміз тереңдей түсіп , оқу үдерісінде өзгерістерге бет бұрдық .Оны мектептегі тізбектелген сабақтар топтамасында жүргізген тәжірибемізде қолдандық .Сабақтың жоспарын құрылымдауда орта мерзімдік жоспар , оның негізінде қысқа мерзімді жоспар оқушылардың игілігі үшін жасалады . Мұғалім шығармашылықпен ізденуге ,талдауға , ізденуге бағытталады . Осы орайда Жүсіпбек Аймауытовтың «Адамның өз ынтасымен талап – мақсат қойып ,оны өзі таңдаған талпыныс , ізденіспен игеруі өзіне де , өзгеге де , қоршаған ортаға да пайда келтіреді . Ұдайы ізденген адам өз бетімен білімін жетілдіріп , өздігінен дами алады»деген ой тұжырымдарын айтып өтуге болады .Сондықтан мұғалім көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түріне назар аудару қажет . Мұғалімдер :
- іс – тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға ;
-өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға ;
- бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға ;
- кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті деп анықталуы мүмкін .
Мектептерде көшбасшылықты дамытуға үлес қосуы үшін үнемі іс - тәжірибеге талдау жасаған дұрыс . Мұғалімнің кәсіби дамуына сыни көзқараспен қарап , жұмыстың нәтижелілігін көздеу керек Мен мектептегі тәжірибе кезінде әріптестеріммен кеңесе отырып , оқыту мен оқудағы өзгерістерді қолдайтыны , сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері оқушылардың оқу үдерісінде топтасып жұмыс жасауға қызығушылығының артуы жайында пікірлерін білдірді .Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер негізінде оқушылардың білімге көзқарасы өзгерді .Дәстүрлі оқытуда оқушылардың бойында енжарлық , оқуына деген жауапкершіліктің болмауы ,мардымсыздық пайда болды .Мұғалім оқушымен тығыз қарым – қатынаста болып ,сенімді серіктесі бола білуі керек .Оқу үдерісінде барлық оқушының қажеттілігіне қарай әрекет жасау қажет .Болашақта алдыма мынадай мақсаттар қоямын :
-ХХІ ғасыр – білімнің , ғылымның заманы .Оқу үдерісіндегі тың идеяларды өңдеу және оларды ары қарай дамыту ;
- Жеке тұлғаның кез – келген уақытта білімділік , танымдылық тұлғасын таныта алуына және болашағы үшін қажет нәрсені үйренуіне жағдай жасау ;
- Оқушыларды білім шыңына жетелеуде « ойлау туралы ойланудың» қажеттілігін ұғындыру ;
- Мектепте енгізілетін өзгерістерді іске асыруда өзіндік үлесімді қоса отырып , көшбасшылығымды таныта алу ;
Өзгеру – заман талабы .Уақытты қажет ететін күрделі үдеріс .Болашақтағы мақсаттарыма жетуде әлі де ізденемін .Әріптестеріммен пікірлесе отырып ,әлемдік озық идеяларды оқу үдерісінде тиімді пайдалануға ,жаңашылдыққа бет бұруға , кәсіби шеберлікті жетілдіруге жұмыстану - басты міндетім .
Оқу үдерісінде оқушылардың өздігінен білім алуына ,өзі сыни ойлана алуына мүмкіндік беру және өзі үшін білім алуына назар аудару керек .Жеке тұлға -қоғам дамуының мүмкіндіктерін жүзеге асырушы , сондықтан оның бойындағы барлық адамгершілік қасиеттерді заман талабына сай дамыту қажет деп ойлаймын .Барлық уақытта бүгінгі ұрпақ ертеңгі ел иелері екенін естен шығармайтын , оның болашағына немқұрайлы қарай алмайтын педагогикада ғана келешекке алаңдаушылық болады . Егер де мұғалім әр балаға өз тарапынан эмоциялық қолдау жасай алса , оның өміріне бей – жай қарай алмайтынын , ішкі жан дүниесін сезіне алатынын білдіреді .Әрине ,мұндай қатынаста мұғалім бала бойындағы ұяңдық , жасқаншақтық , салғырттық секілді жағымсыз әрекеттерден арылтуға қол жеткізеді ,дара болмысын айқындай түсуге ықпал етеді .Мектепте сабақ беретін кез – келген мұғалімнің бойынан көзқарас ізгіліктілігі ,дүниетаным кеңдігі , кәсіби шеберлік , адамдармен қарым – қатынастың жоғары мәдениеті өзара бірлікте көрінуі керек .[2]
Қазіргі заман талабы – шығармашыл , озық ойлы ,жаңашыл ұстаз . Қойылып отырған басты міндет - дамыта отырып оқыту ,оқушы қабілетіне қарай мүмкін және міндетті деңгей көлемінде білім алуына жағдай жасау .Бағдарламада көрсетілген тақырыптарды ашуда әр мұғалім оқушылардың білім деңгейін ескеріп , жекелеген әдіс – тәсілдерді пайдалануы шарт .Ол үшін дарынымен ерекшеленген балаларға неғұрлым жайлы орта жасайтын және әр баланың даму мүмкіндігінің оқыту жүйесін құруға негіз болатын тапсырмалар берілуі керек .Мұғалім мамандығы үлкен жауапкершілікті ,күш – жігерді қажет ететін мамандық .Болашақта дұрыс ой түйіп ,қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу – бүгінгі ұстаз міндеті . Сондықтан да ұрпақтың болашағына аса байқампаздықпен қарау керек . Өйткені ,олар – ұлтымыздың ұлылығын танытатын ұрпақ .Өзгеріске қажет іс – әрекет бүгіннен басталары анық .
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей
-
Жанат Дәулетбекова « Сөз мәдениеті тілдік білім нәтижесі»