Материалдар / ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ОРЫС МЕКТЕБІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2021
745
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Қонысбаева Рәзия Сәлимжанқызы

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі

КММ «№ 16 орта мектебі»

Қостанай қ.

Қазіргі кезде өскелең ұрпақты тәрбиелеп, білім беруде алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы  - жан – жақты дамыған, мемлекеттік тілде еркін сөйлей білетін жеке тұлғаны тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесіне ұстаздың берері мол. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік – рухани тәрбие беру, ізденісті білім беру жолында ұстаздарға көп ізденіп, көп еңбек етуге тура келеді.

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Еліміздің жарқын болашағы үшін ең әуелі сапалы білім қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім беру мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс – тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап ету.

Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарастар пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеріп қана қоймай, оны тиімді қолдана білу қажет. Оқыту әдістерінің кез келген түрін белсенді әрекетке айналдыру мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне байланысты.

Білім беру бағдарламасында мұғалімдердің жүргізетін жұмыс жүйесі: жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасы, оқу жоспары, критериалды бағалау басшылығы,  үлестірме материалдарға негізделеді. Әр мұғалім тиімді оқу мен оқыту тәсілдерімен таныса отырып, өзінің педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізеді. Егер ұстаз өз тәжірибесінде үйреніп жатқан белсенді әдіс – тәсілдерді тиімді қолдана білсе, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамып, білімнің қажеттілігін түсінеді. Жаңа бағдарлама негізінде мұғалімдер төмендегідей жұмыс түрлерін жандандыруы керек. Олар:

-          әдеби тілдік норма;

-          білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;

-          сыни тұрғыдан ойлау;

-          критериалды бағалау түрлері;

-          жеке, жұппен, топпен жұмыс;

-          белсенді оқу – оушы, белсенді оқыту – мұғалім.

Қазіргі білім беру жүйесіне жаңа технологияларды енгізу күннен – күнге басты басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Сондықтан дәстүрлі оқытумен салыстырғанда, белсенді оқу әдісі қолданылғанда оқушылардың үлгерімі жақсарып, олар оң нәтиже береді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлей білулерін, оларды оқуға жетелеу қабілеттерінің артуы үшін күнделікті сабақтарымда қолданылатын әдіс – тәсілдерім: АКТ – ны қолдану, жеке, жұппен, топпен жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді оқыту әдіс – тәсілдері (бірлескен оқу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары). Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс – әрекеттерінен көрініс табады. Қазақ тілі пәнінен оқушылар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге, сурет бойынша әңгіме құрастыруға, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, тест тапсырмасын орындау, өзара диалог құрастыра білуге үйренуі тиіс. Сонымен қатар қазақ тілін оқу арқылы оқушылар дыбыстарды ажыратуды, төл дыбыстарды қатесіз жазуды, дыбыстармен танысқан кезде кейбір дыбыстардың, сөздердің басқа тілден енгенін, сөздердің заттың атауын білдіретін, қимылын білдіретінін, мағыналары қарама – қарсы сөздерді ажыратуды, жаңа сөздерді, олардың мағынасын таба білуді, суретпен, мәтінмен жұмыс жасауды үйренеді.

Мысалы:  3 «Б» сыныбында «Менің отбасым» атты тақырыпты өткенде қызығушылықтарын ояту мақсатында сабақтың басында  «Шеңбер бойындағы әңгімелеуден» бастадым. Оқушылар отбасы туралы салып келген суреттері бойынша бір – екі сөйлем айтып шығады. Бірін – бірі бағалау үшін оқушыларға жүрек түріндегі стикерлер беріледі. Олар өздеріне ұнаған жұмысқа жүрекше сыйлайды. Сабақтың ортасында  «Сыңарын тап!» ойынын ойнаттым. Мұнда оқушылар сурет пен сөйлемді сәйкестендіру арқылы жұпқа бөлінді.  Содан кейін «Суреттер сөйлейді» әдісін қолдандым. Әр жұпқа отбасы мүшелері мен түрлі заттардың суреттері берілді. Оқушылар отбасы мүшелері мен заттарды байланыстырды. Байланыстырған суреттерін келесі жұпқа көрсетті. Ол жұп суреттерге қарап, сөйлем айтады. Бұл жерде өзін – өзі бағалауы болды. Whiteboard қағаздарына смайлик суретін салу арқылы жұпқа жасаған жұмысына баға берді. Сергіту сәтін орындады. Бейнематериалдардағы қимылдарды қайталап істеді. Сабақ соңында «Ойлан, жаз!» әдісін пайдаландым. Оқушылар мәтіннің басы мен аяғы берілген дайын шаблонды сұрақтарға жауап беру арқылы үш сөйлеммен толықтырып жазды. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сөйлемдерде отбасы мүшелерін сипаттап, іс – әрекеттерін жаза алды. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар тірек сөздердің көмегімен сипаттап жазды. Жазбаша жұмысты дискриптор арқылы бағаладым.  Сонымен қатар сабақ кезінде оқушылардың дағдыларын дамыту барысында түрлі әдіс – тәсілдерді қолданамын. Сабақтың басында «Сигнал карталарымен жұмыс», «Миға шабуыл», «Қадамдар», «Ертеңгілік шеңбер», сабақтың ортасында «LearningApps» бағдарламасымен жұмыс, «5 жолды өлең», «Адасқан сөздер», «Сызбаны сөйлет», «Кел, сөйлесейік!», «5 минуттық жазу», «Диалогтік жұмыс», сабақтың соңында «Жетістік баспалдағы, «Балдық көрсеткіш» сяқты тағы да басқа әдістер.

 Оқушылардың бойына қажетті дағдыларды (жазылым, айтылым, оқылым, тыңдалым) дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Білім – өскелең ұрпақтың тағдыры.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!