Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқыту танымдығын белсендіру
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Капанова Марьям Есентаевна
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
«№14 мектеп-гимназия» ММ
Астана қаласы
Оқыту танымдығын белсендіру
Оқыту үдерістің маңызды бөлігі – оның мазмұны. Ол ғылыми білім, білік, дағды, оқудан тыс алынған оқушылардың танымдық тәжірибесін ұғындырады және танымдық қабілеттері мен шығармашылық қуаттарын қалыптастырады.
Оқу үдерістің мазмұнының ең басты бөлігі өсіп келе жатқан ұрпақты ғылыми білім жүйесімен қаруландырады. Бірақ оқу пәніне тек қана ғылым негізі кіреді.
Ғылым жүйесі шындықты тану және алынған білімді практика жолымен тексеруден жасалынады. Мектеп пәнінің жүйесі ғылым жүйесін сәулелетіп, оқытудың міндеттері мен ерекшелігінің сәйкестігімен ашылады.
Ғылыми біліммен тығыз байланыста және бірлікте білік пен дағды тұрады. Мектепте тілді үйрену деген сөздік құрамы мен грамматиканы ғана емес, ауызекі сөйлеу, оқу, жазу дағдыларын меңгеруі.
Мектепте қалыптасқан білік, дағдылар, оқу бітіргеннен кейін өмірде кездесетін білік, дағдыларға жақындау керек. Мектеп оқушыларға ең керектіні беру керек, өйткені олар практикалық іс-әрекетке қосылып, алған білік, дағдыларын әрі қарай жүзеге асыруы қажет.
Білім, білік, дағды бір бірімен тығыз байланысты. Бірақ оқытуда басты рөл білімде жатады. Тек білім арқылы оқушылар керек білік, дағдыны алады. Бірдемені байқау үшін, нені, қалай байқауын білу керек, дағдыны жүзеге асыру үшін, қалай оны істеу керек екенін білу керек.
Егер білім білік, дағдының негізі болса, білік, дағды өз кезегінде білім алу процесіне өте үлкен әсер етеді.
Балалардың ойы деректіден дерексізге қарай дамиды. Балалардың жасы үлкендей бере қарай дерексіз ойы дамиды. Бастауыш сыныптардағы балалардың оқу процесі деректі материал жинақтау мен қорытындының алдында болатындау құрылу керек, ал жинақталған және қорытындыланған материалды өте терең меңгеруге себеп болу керек. Жоғары сыныптардағы оқушыларды біз ешқашанда деректі фактіден айырмаймыз, бірақ оқытуға ұғымдар мен жинақтауды тым кіргізіп, оқушылардың ойын тым жоғары даму сатысына көтереміз.
Оқу процесінде оқушылар білімсізден білімге, жартылай білімнен толыққа жүріп, оқып жатқан оқу пәндерінде тереңделеді де ғылыми жүйені меңгереді, өздерінің танымдық қабілеттерін жетілдіреді. Оқушылардың танымдық қабілеттері мен шығармашылық қуаттары тек қана мазмұнды және мақсатты іс-әрекетінде дамиды.
Тіл оқушылардың ойының дамуының тіке базасы болады болады. Тілде танымның нәтижесі ғана бекітілмейжі, тіл өзі де танымның негізі болады, өйткені онда бүтін халықтың, көптеген ұрпақтардың өте үлкен танымдық іс-әрекеттері тіркелген. Мұғалім білімді оқушыларға тірі сөз және жазу арқылы береді. Оқушылар осы білімдерді тілде тіркейді де бекітеді. Тіл арқылы алған білімдерін қайта өндіреді және бір бірімен, қоғаммен, өздерін оқытатын адамдармен қарым-қатынас жүргізеді. Оқушылардың ойы тіл және онымен үздіксіз байланыс арқылы дамиды.
Оқушылардың таным процесін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық қызығуын дамыту жөнінде зерттеулер аз емес. Бұл аса маңызды проблеманың психологиялық негізі В.В.Давыдов, А.Н. Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Л.В. Эльконин, педагогикалық жақтары Ю.К. Бабанский, Г.И. Щукина және әдістемелік тұрғыдан аталған проблеманы Н.Д. Хмель, А.Е. Әбілқасымова, М.Қ. Құрмановтың және басқа да педагог-ғалымдардың еңбектерінде жаратылыстану-математика пәндерін оқыту мысалында қарастырылып, нақты әдістемелік ұсыныстар берілді.
Танымдық қызығушылықтың қалыптасуына белгілі бір жағдайлар әсер етеді. Оқу-танымдық қызметтің маңыздылығы оқушылардың оқу пәндері әлеміне жетелейді, олардың құныдылықтарын ашады, оқушыларды сол құндылықтарды түсінуге бағыттайды, білімге деген талғампаздықпен таңдай білушілікке тәрбиелейді, ал бұл қасиеттер – оқушының танымдық қызығушылығын ашатын бірден бір тура жол. Оқу процесінде оқушы іс-әрекетінің ықпалды қырларының көрініс табуы оның жұмысының нәтижесін көруіне мүмкіндік жасайды.
Мұғалім мен оқушының іс-әрекетіндегі өзара байланыстың күрделі процесінде қалыптасатын оқуға деген субъект-объектінің қарым-қатынасқа әсер етудің маңызы зор. Мұғалімге тығыз ынтымақтастықта бола отырып, оқушы өз дамуының жаңа сатысына бірте-бірте көтеріледі, ал бұл есте ұстайтын маңызды жәйт. Оқушы бойындағы оқуға деген қызығушылықтың аз да болса көрінісін дер кезінде байқау, танымдық қызығушылықты біртіндеп қадыптастыру үшін барлық жағдайды жасау, оқушының ойын ояту, тиімді сұрақ қою, оны таңғажайыптармен таңырқата білу, танымдық қызығушылықтарын тұрақтандыратын белсенді өзіндік іс-әрекеттерге қатыстыру – міне, бүгінгі таңдағы мектеп пен мұғалімнің басты міндеттері.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мұғалім оқушыларға білім беруге әр түрлі жаңа технологиялар пайдалануда. Білім берудің негізгі мақсаты – жеке тұлғаның өз бетімен жетілуін қалыпқа айналдыру. Оқушыларға ұсынылатын материал бүгінгі күннің талабына сай болу керек.
Технология – tehno - өнер, қолөнер, шеберлік, ілім деген мағынаны білдіретін грек сөзі.
Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланалатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық құралдардың қолдану реті мен жинағының жүйесін білдіреді.
Технология – оқушы мен ұстаз бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі.
Педагогикалық жаңа технологиясы іс-әрекеттің қарқындығы мен белсенділігін арттырғандығымен де кейбір технологияларда бұл құралдар басты идеяны және нәтиже тиімділігінің негізін құрап, жеке тұлғаның ойлау, ұжымдық оқыту технологиясы, ойын әдістері, т.б.
Өз сабақтарымда модульдік технология мен сын тұрғысынан ойлау технологияларын жиі қолданамын. Модульдік технология – тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытуға , сондай-ақ тұлғаның шығармашылығын арттыру, сөздік қорын дамытуға бағытталды.
Модуль дегеніміз не?
1.Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын, біршама дербес. Бөлігі. «Модуль – белгілі бір жүйенің өзіндік бөлшегі.» (С.И.Ожегов)
Модульдік технологияның басты принциптерінің бірі - әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдап, оның барлық танымдық қызметтерін дамыта отырып, білім беру. Оқытудың тиімділігін арттыру.
2. Ұсынатын материалды меңгерту.
3. Оқушыны ойланту, неге? не үшін? Деген ой салу.
4. Өзін-өзі оқытуға мүмкіндік туғызу.
5. Оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау.
6. Ұстаз бен оқушы арасындағы тепе-теңдікті қалыптастыру.
7. Оқушының алдына мақсат қойғызып, оны міндетті түрде орындатқызу.
Оқыту технологиясының негізгі мақсаты – алдын ала құрастырған жоба бойынша нәтижеге жету.
Модульдік технология оқушының өз бетімен білім алуына басшылық жасайтын, ұғындыру (түсіндіру), жадында сақтау, ой-пікірін дамыту, қисынды ойлау қабілетін арттыру, шығармашылық тапсырмалар орындатқызу үшін тиімді. Орыс тілді оқушының пәнге деген қызығушылығын артттыру, қоршаған ортаны игеріп, сөйлесу, пікір алысу, сұраққа жауап беру, сұрақ қою т.б. тілді меңгерту жолындағы тапсырмаларды өзі орындап, шығармашылық деңгейге жеткізуін көздейтін технология.
Ең басты өзгешелігі – лексикалық тақырыпты грамматикалық тақырыппен байланыстыра беруі. Мысалы, 7 сыныпта сабақтың тақырыбы екі тақырыптан тұрады:
1) «Уәде – қасиетті сөз» - лексикалық тақырып.
2) «Шылау сөздер»- грамматикалық тақырып.
Мәтінді алгоритм бойынша меңгерткеннен кейін грамматикалық тақырыпқа сай әр топқа тапсырмалар беремін.
1.Берілген абзацтан шылау сөздерін табыңыздар.
2. Шылаудың түрлерін ажыратыңыздар.
3. Берілген шылау сөзді пайдаланып сөйлем құрастырыңыздар.
Модульдік технологияның басты құралы – дидактикалық принцип. Әр сабақ көрнекті құралдармен қамтылып мазмұны танымға, тәрбиеге мол материалдармен қамтуына мүмкіндік береді.
Тіл үйретудегі модульдік технологияның басты ерекшеліктері:
1. Оқушының өзін-өзі құрулануға ұмтылуы.
2. Өз пікірін еркін жеткізе алуы.
3. Оқушының өз-өзіне деген сенімінің артуы.
4. Өз бетімен жұмыс жасауға талпынуы.
5. Түсініктің іске асуы.
6. Шығармашылық жұмысқа бейімделуі.
7.Оқушының өзін-өзі көрсету үшін ынталас көрсетуі.
8. Оқушының өзі өз бетімен жұмыс істеуге үйренуі.
9. Оқушының алған білімдерін сыныптасы арқылы саралай және тексере алуы.
Оқу модулі үш құрылымды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлесу бөлімі, қорытынды бөлімі. Кіріспе бөлімінде мұғалім модульдің жалпы құрылымы мен таныстырады. Бұл бөлімдегі мұғалімнің негізгі мақсаты оқушыларға нені білу? Нені үйрену керек? Және не үшін қажет? Екенін түсіндіріп жеткізу. Сөйлесу бөлімінде оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді формаларды (топтық, жұппен, диспуттар) қолдану – оқытудың міндетті шарты болып табылады.
Оқу оқушының жеке, топтың, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығын жалпы тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
Сонымен, модульдік технология оқушыны ізденімпаздыққа, өздігінен білімін жетілдіруге, өз мүмкіндігін тануға жетелейтін шығармашылық қабілетін дамытатын жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға негізделген жаңа әдістер мен тәсілдер жүйесі.
Екінші менің жиі қолданатын технологиям – сын тұрғысынан ойлау әдістері. Бұл әдістер оқушылардың пәнге деге қызығушылығын оятады. Олар: екі түрлі түсініктеме күнделігі, кластер (ассоциация), бес жолды өлең, еркін жазу, Венн диаграммасы, т.б. Осы әдістер оқушының көзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды. Әсіресе мінезі тұйық, өз ойын еркін жеткізе алмайтын оқушыларға аты аталған әдістер үлкен әсер етіп, өзгеріс әкеледі. Оқушыға сеніммен қарап, ой еркіндігі мен пікір айту еркіндігін берсең өз тұжырымын қорғай білу, өз ойын, көзқарасын өзгелермен бөлісе білуге қалыптасады.
Ой шақыру әдісінде берілетін талқылама сұрақтар оқушыларды шын мәнінде білімге қызықтырып, белсенділігін арттырады. Сонда оқушылар берілген кез келген тақырып бойынша өздерінің әр сабақтан алған білімдерімен бірге, естігендерін (үлкендерден, мұғалімдерден, ақпарат құралдарынан, достарынан, т.б.), көргендерін және топшылаған қорытындыларын ортаға салу арқылы үйренуге ынталанады.
Мысалы, 8 сыныпта «Өнер сайысы» тақырыбын өткенде, оқушылар сызбаны (кластерді) толтырады.
«Сәулетай»
А қындар айтысы «Азия дауысы»
Өнер сайыстары
« Әнші балапан» «Үкілі домбыра»
«Жігіт сұлтаны» «Суперстар KZ» «Жас қанат»
Толтырғаннан кейін әр топтан 1-2 оқушы осы кластерге сүйеніп сөйлемдер құрайды, әңгіме құрастырады. Келесі тапсырма: Венн диаграммасын толтыру.
«Суперстар KZ»
дарынды Республикалық сайыс
вокал Жасөспірімдер қатысады
әнші Суперстар болу үшін өнер
«Азия дауысы»
Халықаралық сайыс
Шетел әншілер
Жергілікті әншілер
Жүлдеге ие болу үшін
Не болса мәтінді оқығаннан кейін оның мазмұнына кластер құр деп, тапсырма беруге болады. Мысалы, «Астана» мәтінін оқығанда:
Солтүстік Қазақстан ғимараттар
ауасы Астана
орталық
Тарихи оқиғалар
Осы диаграмманы толтыру үшін оқушы бар күшін салады, білмесе жұптасының көмегімен тапсырманы орындайды.
Ал «5 жолды өлең» әдісін қолданғанда оқушылардың сөздік қорын тексеруге болады (синоним, антонимдерді).
Уақыт Отан
тығыз, аз кең, байтақ
өтеді, зымырайды, жетпейді дамиды, гүлденеді, өркендейді
Уақытыңды ұтымды пайдалан. Мен Отанымды сүйемін.
Мезгіл (Күн тәртібі) Туған жер
Жібек жолы
ұзын, халықаралық
өтті, сатты, байланыстырды
Ұлы Жібек жолы Қазақстан жерінен өтті.
Байланыс. (Сауда)
Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту әдістері әр оқушының өзіндік қабілетіне, ойына, жеке көзқарасына зейін қойып, мән беруге үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы өткізген сабақ 3 бөлімнен болады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Сабақтың алдында осы тақырыпқа қандай әдістерді қолдану керектігін белгілеп, материалды қарап, оның сабақтың басынан соңына дейін белсенділік танытып оқуды және сын тұрғысынан ойлауды қалай қолдана алатындығына мән беру керек.
Оқушылар топпен, жұппен жұмыс істейді. Бірақ топтың барлық мүшелері кезекпен жауап беруін қадағалаймын.
Бірлесіп жұмыс жасауда оқушылардың есте ұстау қабілеті жоғарылайды, әрбір оқушы топтың жұмысына қатысып, өз бетімен отырмайды, өтіп жатқан тақырыпқа қызығушылығы оянады, белсенді қатысады. Бір-біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш-қуат бере отырып, өздігінен білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды.
Оқушыны пәнге қызықтыру, ынталандыру мақсатында сабақтың дәстүрлі емес түрін жиі қолдану қажет. Қазақ тілі сабағында ойынды тиімді қолдану, оқушының сол тілде сөйлеуге жаттығуына мол мүмкіндік береді. Мұғалім қарапайым тілдік құрылымның жаңа түрлерін күнделікті сабақта ойын жаттығулары түрінде біртіндеп қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу дағдыларын толықтырып отырады.
Сабақта орынды қолданылатын ойын элементтері оқушының ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шындауға өз септігін тигізеді. Ойын барысында орындалатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса, ойын нәтижелі болады. Оқу мақсатына қарай тілдік ойындар лексика-фонетикалық, грамматикалық болып бөлінеді. Мысалы, мұғалім мақал-мәтелдің жартысын карточкаға немесе тақтаға жазып, оқушыларға екінші жартысын толықтыру керегін айтады:
Отан оттан да....
Денсаулық – зор ...
Туған жердің жуасы да...
«Кім жылдам?», «Кім сөз біледі?», «Ойлан, тап» т.б. ойындарын ойнатуға болады Бұдан басқа кроссворд, сөзжұмбақ, сканворд, ребустарды шеш, құрастыр деп тапсырмалар беруге болады. Жұмысты орындау барысында оқушылар өзара жарысқа түседі.
Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қарамай, сонымен қатар оның таным түсінігін де арттырады. Балалар ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті, сергектікті, тапқырлықты үйренеді. Әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданым, оны қызықты ету арқылы оқушыларды білімге ынта-ықыласын, пәнге сүйіспеншілігін қалыптастыруын көздейді. Ойын арқылы оқушы өз бетімен жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға үйренеді.
Әр сабақ сайын өздігінен білім көтеру «Жаңа технологиялар арқылы оқушыларды өздік жұмыс істеу қабілеттерін дамыту» тақырыбы бойынша жоғарыда айтып кеткен жаңа технологияларға сүйеніп оқушылармен өздік жұмыстарын істеуге жағдай туғызамын.
Сонымен, оқытудың танымдығын белсендіру үшін жаңа технологиялар арқылы оқушыны ізденімпаздыққа, өздігінен білімін жетілдіруге, өз мүмкіндігін тануға жетелейтін шығармашылық қабілетін жаңа әдістер мен тәсілдерді қолданып жан-жақты дамытуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ю.К.Бабанский. Педагогика. М., «Просвещение», 1988г.
2. Г.И. Щукина. Активизация познавательной деятельности учащихся в учебном поцессе М., 1979г.
3. А.С. Бұлдыбаев., Л.В. Екшембаева. Сөйлей білсеңіз ұстасыз. А., Балауса.
4. «Ұлағат» журналы. №2,3-2006ж.
5. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» .2005-2006ж.ж.