Материалдар / ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім деңгейін көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазіргі заман педагогінен тек өз мамандығының терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық- психологиялық сауаттылық, саяси –экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Сонда ғана заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқу мен тәрбие ісіне белсене қатысатын, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген, білігі мен білімі жоғары ұстаз бола алады. Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын,өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты соңғы жылдары жиі пайдаланылып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі – инновация. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді колледж өміріне кеңінен енгізу жас маманның саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады.

Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады. К.Д.Ушинский. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді, болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен 1

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сабақта қолданылатын әдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі. Инновациялық (озық) білім беру деп-тұлғаның бағдарлы көзқарасты , білімдегі дәлдікті, шығармашылық бастауды, сонымен бірге жаңа технологиялық мағлұматтарды игеруін айтады.

ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттылық деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі –функционалдық сауаттылық. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күннің мақсаты.

Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір оқытушы үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық, басқа оқытушыға үшін өтілген материал тәрізді. Инновацияны «жаңашыл», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп қарауға болады. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады 2.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Бүгінгі таңда мектептерде оқу-тәрбие үрдісінде түрлі инновациялық педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір пән сабақтарында қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектептегі әрбір пәнді ұтымды меңгертуде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының әрекеті-технологияны қабылдауы, оған деген ынтасы, құштарлығына мұғалім тарапынан көңіл бөлінуі тиіс 3.

Инновациялық технологиялар:

  • Жобалау технологиясы

  • Деңгейлеп-саралап оқыту

  • Дамыта оқыту технологиясы

  • Модульдік оқыту технологиясы

  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

  • Сатылай комплексті талдау

Инновациялық технология нәтижелері:

  1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі

  2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.

  3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың

  4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың

  5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді

  6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

  7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

  • Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;

  • Оқыту мен тәрбиенің бірлігі

  • Баланың танымдық күшін ұалыптастыру мен дамыту

  • Балаға өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту

  • Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту

  • Оқу үрдісін оқушының сезінуі 4

Қорыта келгенде, инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

- әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту;

- қазіргі экономикалық мәселелерді зерттей білуге үйрету.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған инновациялық технологияларды мүмкіндігімізше өз пәнімізде қолдансақ, болашақ маман сапалы білім, саналы тәрбие алатынына және мемлекетіміздің өркендеп, өсуіне өз үлестерін қосатындарына сенімдімін.


Пайдаланған әдебиеттер:


1. Абдраманова, Г. Б. Инновациялық технологиялардың білім берудегі рөлі / Г. Б. Абдраманова, Г. О. Байзулдаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2015. — № 7.1 (87.1). — С. 4-6.

2. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2012

3. Ізденіс және даму перспективалары. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2016 жыл.

4. Білім. Таным. Тәрбие. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. №1, 2016 жыл.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!