Материалдар / Оқыту үшін бағалау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқыту үшін бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер cын тұрғысынан ойлау туралы деректермен танысады. Өз ойын сыни түрде ойланып, еркін ойын жеткізе алады.Сын тұрғысынан ойлау қалай пайдалану керектігі туралы тұжырым жасайды. «Оқыту үшін бағалау» (қалыптастырушы бағалау), кретериалды бағалау түсініктерін қалыптастырады, қалыптастырушы бағалаудың оқыту үшін тиімділігін үйренеді. Қалыптастырушы бағалауды күнделікті сабақта пайдалану арқылы оқу үрдісін жақсартады, оқушыларды оқытуға жетелейді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2018
558
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҚО АРЫС ҚАЛАСЫ

М.ӘУЕЗОВ МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫ

АҒЫЛШЫН ТІЛІ МАМАНЫ

ЖАЙЫҚОВА СӘУЛЕ

ЖҰМАҚАСЫМҚЫЗЫ



Коучинг тақырыбы:«Топтық жұмыс арқылы «Оқыту үшін бағалау» (қалыптастырушы бағалау), критериалды бағалау түсініктерін және сын тұрғысынан ойлау дағдысын жетілдіру»

Күтілетін нәтиже:Мұғалімдер cын тұрғысынан ойлау туралы деректермен танысады. Өз ойын сыни түрде ойланып, еркін ойын жеткізе алады.Сын тұрғысынан ойлау қалай пайдалану керектігі туралы тұжырым жасайды. «Оқыту үшін бағалау» (қалыптастырушы бағалау), кретериалды бағалау түсініктерін қалыптастырады, қалыптастырушы бағалаудың оқыту үшін тиімділігін үйренеді. Қалыптастырушы бағалауды күнделікті сабақта пайдалану арқылы оқу үрдісін жақсартады, оқушыларды оқытуға жетелейді.

Семинар бойынша тренерлер мен қатысушылардың іс-әрекеті:

Коучинг сессияны өткізу этаптары

Тренердің іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

1-әрекет Сәлемдесу. Қатысушыларға психологиялық ахуал жасау. (5мин)

Picture 2


Коуч тақырып және тақырыптың мақсатымен таныстырады. 1.Ынтымақтастық жағымды ортаны орнату. 1 минут ішінде өзіңізді топқа таныстыруыңыз керек және өзіңіздің жаныңыздағы адамға бүгінгі күнге жақсы тілек немесе комплимент айтуыңыз керек. Тапсырма : Жаныңыздағы адамға жұмсақ ойыншықты ұсыну арқылы жасауға болады.Бүгінгі күнге сәттілік тілеп,бір-бірлеріңізге қуаныш сыйлағыңыз келеді, оны қалай жасар едіңіз? Іске сәт! 2.Топқа бөліну. Құрметті Ұстаздар!Сіздердің алдарыңызға конверт беріледі.Конверт ішіндегі Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен шумақтар келтірілген,өзіңізге ұнаған шумақты таңдап алыңыздар.Ұқсас шумақтар бойынша топқа бөлінеміз.

1 ТОП -Артық ғылым кітапта,ерінбей оқып көруге.

2 ТОП-Өзіңе сен,өзіңді алып шығар,еңбегің мен ақылың екі жақтап .

3 ТОП-Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым ойлап қой.

4 ТОП-Пайда ойлама, ар ойла,талап қыл, артық білуге .

Пайда болған топтар , өздерінің ережесін біріге отырып , осы ережелер негізінде «Алтын ереже» құрады: Белсенді болу,Ойыңмен бөлісу,Жұмысқа басынан аяғына дейін атсалысу,Бір-біріміздің сөзімізді бөлмеу,Әр адамның пікірімен санасу,Көбірек қарым-қатынас жасау,Уақытты тиімді пайдалану.

Өздерінің бойындағы қасиеттері туралы ойланып айтады. Өзіндік таныстырылым жасайды.Топта ынтымақтастық ахуал қалыптастырады, бір-біріне жақсы тілектер тілейді.Топпен бірге орындайды.

Picture 1

Конверт ішіндегі Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен ұқсас шумақтар бойынша топқа бөлінеді.

2-әрекет Эмоционалды көңіл-күй рефлексиясы 5 мин

Алдыларыңыздағы 3 суреттің біреуін таңдау арқылы қазіргі уақыттағы эмоционалдық көңіл-күйлеріңізге байланысыты таңдап алыңыздар. Күн -сіз жұмыс істеуге белсендісіз,белсенді жұмыс істеуге күш-жігеріңіз жеткілікті. Бұлт -сіз қазіргі уақытта сабырлылық танытып отырсыз. Найзағай -сіздің көңіл күйіңіз болмай, сабырсыздық танытып отырсыз. . (Сіздер жаңа қандай іс- әрекет жасадыңыздар?) Сабақтың соңында осы суреттерді қайта таңдату. Рефлексия жасау

Сабақ алдындағы сабаққа деген көңіл-күйін анықтайды және сабақтан кейінгі көңіл-күйін анықтайды.

Picture 1

3-әрекет. Миға шабуыл Слайд көрсетілімі 10мин







Суреттерді сөйлетсек.Бір сөзбен қалай айтар едіңіз?

«Сурет не дейді» тақырыбы бойынша слайдты көру арқылы біраз суреттер көріп,не ойыңызға келді, соны қағаз бетіне жазу керек және жазғандарыңызды оқып ,түсінік бересіздер.

Мұғалім – зерттеуші.

Мұғалім – зерттеуші атты слайд көрсетілімінде екі түрлі мұғалімнің іс әрекеті баяндалады.Бірінші мұғалім баланың әрбір әрекетін тек жазамен бағалап отырады.Ал екіншісі балаға зерттеу жұмысын жүргізіп, мәселенің себебін анықтайды.Мұғалім алдындағы әрбір баланың тағдырына тікелей жауапты екенін ұмытпауы керек.Ал сіздер қандай әрекет етер едіңіздер?

(МҰҒАЛІМДЕР ӨЗ ОЙЛАРЫМЕН БӨЛІСЕДІ)




Суреттерді көреді,ойына алғашқы көргенде не келеді,соны қағаз бетіне жазып отырады.


4-әрекет.
Джигсо әдісі

20 мин






Әр топқа тапсырма беріледі.Әр топ сұраққа жауаптарын схема,таблица түрінде жазуларына болады.Джигсо әдісі қолданады, әр топ алмасу арқылы бір-бірінің жазуларын толықтырады,алмасады.Әр топ мүшелері өз жұмысын постер арқылы қорғайды. Жұмыс үшін және қорғаушы үшін бағалау критерийлері тақтаға ілінеді.

Жұмыс үшін бағалау критерийлері :

1.Жұмысқа тақырып қойылған

2.Жұмыс талапқа сай ұқыпты безендірілген

3.Ерекше


Қорғаушы үшін бағалау критерийлері :

1.Қорғаушы қағазға қарамайды,оқымайды,тек баяндайды

2.Тақырып бойынша қорғау

3. Әңгіме қызықты және құнды пікірлермен жазылған

4.Уақытты тиімді пайдаланды

5. Қорғаушының сөйлеу мәнері,дауысы анық


Тапсырма тақырыптары : 1 ТОПҚА –Білім беру жүйесіндегі қуантатын мәселелер

2 ТОПҚА-Білім беру жүйесіндегі күйзелтетін мәселелер

3 ТОПҚА- Білім беру жүйесіндегі өзгерістер

4 ТОПҚА- Білім беру жүйесіндегі жаңа тұрпатты мұғалімнің моделін құру

Picture 2 Picture 3

1.Бағалау түсінікті болды ма?

2. Мұндай бағалауды қалай атауға болады?

3. Бағалау керек. Бірақ қандай бағалау керек?

4. Тағы қандай бағалау түрлерін білесіздер?

Рефлексия жасау. ( Сіздер жаңа қандай іс әрекет жасадыңыздар)

Picture 2





5-әрекет. Топтық жұмыс

(15 мин)





Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы .Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар.Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі. Әр топқа пиццаның суретін салу тапсырылады. Ақылдың алты қалпағы бойынша өз пікірін қорғау. Суретті топ мүшелері қорғайды.Топтар тақтаның алдына шығып салған суреттеріңізді бағалайық.

Бағалау критерийлері тақтада көрініп тұрады. Бағалау критерияларын презентациядан көрсету.Блум таксономиясы. 1.Сізге неліктен мұндай баға қойылғаны түсінікті ме? 2. Сізге ... қойылды, неге? 3. Сіз жаныңызды отырған әріптесіңізге баға қою кезінде неге көңіл аудардыңыз? 4. Жұмысты бағалау қиын болды ма? 5. Сіздің бағалауыңыз қандай қиындықтар туындатады? 6. Сіздің бағалауыңыз қандай аспектілерді қамтыды? 7. Сііздің оқушыларыңыз не үшін және неге баға алғандығын түсінеді ме? 8. Сіздің оқушыларыңыз әр сабақ сайын бағаланады ма?

Уақытты үнемдеу.

Критерийлер сақталуы керек.

Ынтымақтастықта жұмыс істеу.

Жауапкершілікті сезіну.

6-әрекет.



(10 мин)



Сіздерге оқушылардан видео- хабарлама келді.

XXI ҒАСЫРДА МҰҒАЛІМДЕР СІЗДЕР БІЗДІ ҚАЛАЙ ОҚЫТАСЫЗДАР?

Топта талқылау жүргізесіздер,өз ойларыңызды бөлісе отырып,ортақ шешімдеріңізді жариялайсыздар.

Топ болып сұрақтарға жауап береді.Ынтымақтастықта жұмыс істеу.Жауапкершілікті сезіну.

7-әрекет.

РЕФЛЕКСИЯ 5 мин





ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ:

Бір адам теңіз жағалап келе жатқанда, алдынан толқынмен жағалауға шығып қалған миллиондаған теңіз жұлдыздарын көреді. Оны бір кішкентай қыз бір-бірден теңізге қайтадан лақтырып жатыр екен. Адам оған: теңіз жұлдыздары өте көп қой,бәріне шамаң жете ме?- деп сұрайды.Ал қыз болса, келесі теңіз жұлдызын теңізге қайтарып жатып: Мен дәл осы жұлдыздың тағдырын өзгертуге көп нәрсе жасадым депті. Демек .... …. …. (МҰҒАЛІМДЕР ӨЗ ОЙЛАРЫМЕН БӨЛІСЕДІ)

Кері байланыс. Себетке гүл шоғын жинау арқылы сабақты бағалайды.Көк түс -сабақ маған қатты ұнады,бүгін мен көп нәрсені білдім,үйрендім,ал сары түс- түсінбегенім бар,маған көмек керек,тағы да сабақтарға қатыссам деп ойлаймын,ал жасыл түс- мен үшін түсініксіз болды ,еш нәрсе түсінбедім.

Мұғалімдер осы коучинг сессияда қандай мәселе шешкенін , не анықтағанын, коучинг әдісінің ерекшеліктерін, алдағы уақытта осы коучинг сессияны пайдалану мүмкіндіктері туралы жазады.



Мұғалімлер бүгінгі коучнг сессия бойынша Себетке гүл шоғын жинау арқылы кері байланыс жасайды

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!