Материалдар / Оқыту үшін бағалау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқыту үшін бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2018
1651
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі.


1-бөлім: Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.


Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе

жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай- ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш – жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. ( Александр, 2001 МАН 105-бет )

Әрбір мұғалім озық технологияларды терең талдаудан өткізіп, өзіне тиістісін таңдауы керек. Менің таңдағаным: оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі. «Бағалау» «жақын отыру»дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді. Бағалауда ақпарат беру арқылы оқуға көмектесе отырып, ол ақпаратты мұғалімдер мен оқушылар өзін-өзі

және өзара бағалауға кері байланыс ретінде пайдалана алады. Мен не үшін «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін таңдадым?

Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аудардым. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалады, әрі мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсене қатысты. Оқушыларды нақты білімді талдай білу, ажырату, тұжырымдау, зерттеулер жасауға ынталандырды. Оқуды бағалау ( суммативті) - тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады.

Формативті бағалау мұғалімдердің өз жұмыстарын тиянақтап отыруына және бағдарлама бойынша жоғары нәтижеге жетуге бағыттайды. Бұл бағалау жүйесі әрбір мұғалімнің жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндік беретін құрал.

Мен үшін формативті бағалаудың атқарған негізгі қызметі: оқушылармен тиімді кері байланыс орнату; оқушылардың материалдарды меңгеруде өздерінің белсенділігі; бағалау нәтижеге сәйкес оқу үрдісін тиімді жағына қарай түзетіп отыру; бағалаудың оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттырудағы зор ықпалы; оқушылардың өз білім деңгейін үнемі өзі бағалай білуі. Яғни, формативті бағалау оқыту үрдісін жақсарту және жетілдіру мақсатындағы оқушылар мен мұғалімдердің арасындағы белсенді кері байланыс құралы ретінде пайдаланылды. Осы техника арқылы әрбір оқушымен жеке жұмыс жасау мүмкіндігі болды.

Формативті бағалау құралдары: тапсырмаларды орындау барысында өзіне деген сенімін нығайту мақсатында әр оқушының білімді оқушы екенін атап өту; топтық жұмыс барысында жалпы топ мүшелеріне және жеке жұмыс барысында жеке оқушыларға «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін пайдалану, ерекше жауаптарды мадақтау, т.б.

ХХІ ғасыр мектебіндегі бағалау мақсаты кең көлемді және әртүрлі болып келеді, нәтижесінде оқу сапасы артады.

Оқу сапасын арттырудың жолдары:

- оқушы қажеттілігін бағалау.

- оқушылардың жеке және бірлесіп жұмыс жасауын марапаттау.

- оқу барысын бақылау.

- қаншалықты түсінгенін тексеру және тақырып мазмұнын қаншалықты мағыналы түсінгеніне қарай марапаттау.

- Түсінгенін практикада пайдалана, қолданала білу. -


-топта,жұпта,сыныптаталқылау.
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалау
.

Бағалау мақсаттарын мен тізбектелген төрт сабағымнsң барысында тиімді пайдаландым. Тақырып мазмұнын қаншалықты түсінгеніне қарай оқушыларды марапаттап отырдым. Сабақта түсінгендерін практиқада пайдалана білуін қадағаладым. Оқушылардың жеке және бірлесіп жұмыс істей білулерін жоспарлап, сол бойынша әдіс-тәсілдерді қолданып отырдым.

Баланың мүмкіндігі мен алға ілгерлеуін, нақты, әділ бағалау үшін, бағалау процесі терең зейінмен, сыныпта жасалған жаттығуларда үздіксіз жүргізілуі тиіс. Формативті бағалау оқушының нақты білімін көрсете алмайды деген пікірді жақтаушыларға айтарым: оқушыға сенім білдіріп, олардың пікірімен санасқан кезде өз біліміне сенімді, мақсаты айқын, өзінің жетістігі мен кемшілігінің ара жігін ажырата алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Баға - оқыту үдерісінің қозғаушы күші. Сын тұрғысынан қарасақ, оқушылар өздерінің білімінің толығуына көмектеседі, осыған қарап өзіміздің жұмысымыздың нәтижесін көреміз, бұл кәсіби өсуімізге өз әсерін береді. Осыдан біз білім берудегі басты қозғаушы күш екенімізді естен шығармауымыз керек. Оқушыларға және олардың оқуына өзіміздің берген біліміміздің көрінісін көру үшін кәсіби өсуіміз туралы ойлануымыз керек. «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерінен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Сондықтан да мұғалім мен оқушының сапалық өсуі, үйлесімі бір мезгілде жүргенде ғана оқу-әдістемелік деңгейінде сапалық өзгерістер болады. Ұлы неміс педагогы А.Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» дегені мәлім. Сондықтанда ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Мұғалім бұл жағдайларда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болатындықтан, оқушының шығармашылығын арттырады. Блэк пен Уильямның зерттеулерінде сыныптың «қара жәшік » сияқты техникалық метафорасы қолданылған және сол арқылы оқыту үшін бағалауды қолдану «қара жәшік ішіндегі жұмыс » ретінде белгілі болды. Қазіргі жағдайда мектептегі бағалау тәжірибесі мұғалімнің оқушы жауаптарын тыңдай отырып, жұмыстарын тексеру барысында қателерді автоматты түрде жөндей отырып, оқушы күнделігі мен журналға формальді бағалар қою әрекеттері басым. Себебі тұлғаны мақсатты түрде дамыту үшін бұл ақпарат жеткіліксіз. Өйткені оқушының одан әрі дамуын қамтамасыз ететін белгілі бір бағалау критерийлері мен кері байланыс қолданылмаған бағалаудың баға сапасына әсер төмен деп ойлаймын. Игерілген білім мен тәжірибе негізінде Оқыту үшін Бағалау мен оқуды бағалау кезеңдерінің жүйесін ұсынғым келеді:

  1. Сабақтағы диагностикалық бағалау (жаңа сабақты меңгеру алдында);

  2. Формативтік бағалау (жаңа сабақты меңгеру барысы);

  3. Жиынтық бағалау (сабақ, тоқсан, семестр, жыл соңында).

Диагностикалық бағалау барысында қойылған баға сынып журналына қойылмайды. Ал формативті бағалау жүргізу үшін мұғалім жеке журнал жүргізу керек болады. Ол журналда бағалау белгілі бір шартты белгілер (жұлдызша, түрлі-түсті белгілер, смайликтер т.б ) негізінде қойылады. Бұл белгілер барлық оқушылардың жеке прблемаларын көруге және одан әрі дамыту жоспарын құруға көмектеседі.

Бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты фактордан тұратындығын көрсетті:

1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

4. Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететінін көріп, білім сапасын көтеру.

5. Оқушылардың өздерін-өздері бағалауы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі. /«Мұғалімге арналған нұсқаулық» 2012ж ІІІ басылым, 109-бет /

Олай болса сыныпта кері байланысты қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, қызығушылығын оятады әрі өзін және бірін-бірі сыни бағалай алады. Менің зерттеу тақырыбым: «Сабақта кері байланысты қолдану арқылы оқушының сыни бағалауын дамытуға бола ма?»

Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мен оқушылар дұрыс жауап беру үшін оларға уақыт беруге тырыстым. Қателесекен жағдайдағы оқушыларға жетекші сұрақтар қойып, өздерінің дұрыс жауап табуларына бағыттадым.

2-бөлім: Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп.


Кері байланыс көбінесе уәж болып табылады және де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады. Сөйтіп мұғалім әр оқушының нені біліп, нені ойлап, қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге көп көңіл бөледі. Мен кері байланыс арқылы оқушылардың сыни бағалауын арттыру мақсатында әдебиет сабағында бағалаудың келесі түрлерін тиімді деп алып, тізбектелген төрт сабақ барысында 9-сыныпқа қолдандым: бірін -бірі бағалау; өзін -өзі бағалау; топтардың бірін- бірі бағалауы; стикерлер арқылы бағалау; бағалау критерийлерін оқушылармен бірге құру және сол критерийлер арқылы топбасшысы топ мүшелерінің балдарын кестеге қойып отырады және оны бағаға айналдырады; тестер; Сұрақтар (ашық,жабық); сауасақтар арқылы бағалау. Оқыту үдерісінде қолданылған сабақта кері байланыстың сенімділігі мен қойылған мақсатқа қаншалықты жауап беретінін қарастыратын жалпы мақсаттар берілген

Оқушылар жасай алады:

  1. Сипаттайды

  2. Көмектеседі

  3. Жүзеге асырады

  4. Сыни ойлайды

  5. Тиімді әрекеттеседі

  6. Сыни бағалайды

  7. Өзгелердің пікірін тыңдап, бағалайды

  8. Үлес қосады

  9. Белсенділікті өз қолына алады.

Оқыту үдерісінде кері байланыс арқылы оқушылардың сыни бағалауын арттыру мақсатында табыстылық өлшемдерін, өз жұмысын бағалау үшін және басқа оқушылардың жұмысын бағалау мүмкіндігін, оқушылар үшін өз ойларын жалпыға қолжетімді ету мүмкіндігін қамтитын сабақ жоспарлары әзірленді. Топтардың бірін-бірі бағалауында топтар бір -бірінің орындаған топтық жобаларын қаншалықты мазмұны мен мағынасының ашылуына байланысты стикерлермен баға қояды және қысқа түсініктеме береді. Бағалау критерийлері бойынша бағалауда көбінесе толық сабақ тапсырмаларына байланысты мұғалім мен оқушылар бірге бағалау критерийлерін жасап шығады және әрбір тапсырмадан кейін топбасшы қай оқушы қанша балл алғанын жариялап отырады. Сабақта кері байланысты қолдану арқылы оқушының сыни бағалауы дамиды,сабаққа деген қызығушылығы артады. Практикамдағы осы өзгеріс келешекте оқушылардың білім сапасының артуына көмектеседі деп ойлаймын Сабақ қызық болғанда ғана оқушыға барлығы түсінікті болады.Демек, сабақ оқушы үшін қызық болуы тиіс. И.Гербердің айтуы бойынша қызығушылық оқу уәжінің синонимі.( МАН. 2012ж ІІІ басылым 105-бет)

Оқушы алған білімін қолдана білуі керек. Сондай- ақ тізбектелген төрт сабақ барысында олардың тапсырмаларды түрлендіріп, дамытып, толықтырып әрекет етулерін бақылап отырдым. Бірінші сабағымның тақырыбы: «Шешендік сөздер». Оқушылар халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған қазынасы бабалардан қалған ғибрат аларлық сөздермен танысады, ой қозғайды. Сілтеме ретінде қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі, электронды оқулықтар, интерактивті тақта, постерлер, түрлі -түсті маркерлер пайдаланылды. Сабақта АКТ қолдаланылды. Ұйымдастыру кезеңінде сабақ барысында бағалауды оқушылардың өздері бағалайтынын айтып өттім. Бағалау парағын топ басшысына тапсырдым. Оқушы «Ғажайып сызғыш » арқылы әр тапсырмадан соң өзінің жауабын бағалап отырды. Ақ, сары, қызыл түстерді таңдаумен оқушылар топқа бөлінді. Эстафета таяқшасы арқылы үй тапсырмасын сұрауда бірталай ақпарат алдым. Бірлесе жұмыс үстіндегі әрекеттер кезінде оқушылардың нені білетінін және одан әрі дамуы үшін қандай қадамдарды белгілеу керектігі туралы ойланып, сабақтарды осыған қарай икемдедім. Әр оқушының үй тапсырмасын орындаудағы қиыншылықтарын анықтадым. Нәтижесінде А оқушы ХХІ ғасыр жастары туралы ойтолғау жазып келсе, В оқушы дайын сұрақтар дайындап келген, С оқушы болса үй тапсырмасын оқумен шектелген. Ғажайып сызғыш арқылы бағалау оқушыларға қатты ұнады. «Шешендік дегенімізді қалай түсінесің?» деген жабық сұрақ қойылып, оқушылар постер қорғады. Постерді қорғаған оқушыларды шапалақтау арқылы бағалап отырды. Постер орындалып болған соң әр топ бір-біріне «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша баға берді. Бұл тапсырмада қадағалауымдағы А оқушы постер қорғаса, В оқушы ойын білдірумен қоса постер сызуға қатысты, С оқушы топқа өз ойын айтып отырды. Оқытудың жаңа тәсілдері; жас ерекшеліктеріне қарай оқу,топпен жұмыс, жұппен жұмыстың арқасында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, сыни ойлаулары, сыни бағалай білу дәрежелері артты. Олардың ішкі уәждеріне түрткі болып,тәсілдер таңдауда ішкі кәсіби түйсікпен жасаған әрекеттерімнің азғана табысын көру мені қуанышқа бөледі. Оқушылардың нені білетіндігін анықтап ,үздіксіз білімге қол жеткізу үшін сұрақтар тобын дайындап, өткен сабақтармен байланыстырып отырдым.

Бағалау үдерісін шынайы және бәріне түсінікті болу үшін бағалау критерилерін құрдым.

Оқушылардың өз жұмыстарын талдауы



М

П

И

кемшіліктер

жақсы

қызықты жауап



Өздерінің оқу мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар

өз- өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз- өзін бағалау және бірін- бірі бағалау парақтарын, өз ойын пайымдайтын сұрақтар бердім. Осы жағдайда А оқушы өзін тез реттей алды. Топтық жұмыстың дұрыс орындалуы үшін өз ойын ортаға салды. В оқушы ғалымдардың шешендік сөздерге келтірген мысалдарынан кесте құра білді, С оқушы болса қимылы жылдам болғанымен тез ойлай алмады. Оқушылардың әр жауабын тыңдап қана қоймай, басқа балалардың назарын аудару үшін әр сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылардың жаңа сабақты игеруде жасаған жұмыстарын, жаңа білімді алудағы әрекеттерін бір жүйеге келтіру үшін топтарда талқылау кезінде не үйренгендерін сұрап, олар талқылаған сұрақтарының ерекшеліктері мен айырмашылықтарын түсіндіруге тырыстым. Бұл не үшін қажет?

Оқушылардың бұрынғысы мен жаңа білімінің арасын байланыстыру үшін қажет. Келесі сабақтарда оқушылар топпен, жұппен жұмыс істеді. Постер қорғады. Ашық сұрақтардың қойылуы арқылы жылдам ойлау қабілеттері артты. Жабық сұрақтар арқылы сыни ойлай білуге тәрбиеленді. Сабақты түсінгендерін білу мақсатында оқушылар диалог құруды үйренді,сабақты қалай түсіндіңдер деген сұраққа смайликтер арқылы жауап берді. Сабақтың қалай өткендігін бас бармақтарымен бағалады. Тізбектелген төрт сабағымнің барысында мен оқушыларымның ақыл- ойы өскенін, өздерінің алған білімдеріне сыни тұрғыдан қарайтындықтарын білдім. Олардың ақыл-ойының өскенін бағалау үшін мен ұдайы оқуым керек.Білім қорын құру, іздену арқылы менің кәсіби түісігім қалыптасады, іргетасы қаланады. Джон Дьюи: «нағыз еркіндік білім қорының толығуымен үздіксіз қатынаста болатын рефлективтік ойлаудан шығады,»-дейді. ( МАН. 2012ж ІІІ басылым 38-бет)

Өзімнің тізбектелген төрт сабағымда мынадай бағалау құралдарын пайдаландым:

Дембо және Рубинштейннің «ғажайып сызғыш» әдістемесі арқылы бағалау;

Оқытудың «Үш өлшемді әдістемелік жүйесіндегі» бағалау (Қараев пен Кобдикованың оқыту технологиясы бойынша Блум таксономиясы бойынша бағалау;

Жеке жетістіктер парағын толтыру арқылы бағалау;

Эмоциялық қалыптар кескіндемесі арқылы бағалау.

Пікірнама жазу арқылы бағалау;

Липкинаның «Үш баға» әдістемесіне сәйкестендірілген бағалау;

Жапсырма қағаздар көмегімен бағалау

М.Люшер әдістемесін басшылыққа ала отырып бағалау.

С.Т.Щацкий «Баланың тұлғасын емес, орындаған жұмысын бағалау керек» деп атап көрсеткен. ( МАН. 2012ж 108-бет ІІІ басылым) Идеяларды, бағасыз оқыту жүйесіндегі көптеген әдістерді зерттей отырып, келесі «Халық шешендік өнерінің бастауы-шешендік» атты жаңа сабақты түсіндіру кезінде оқушының төмендегі жолмен өзін-өзі бағалауын ұсындым: -Бұны білемін, ол қолымнан келеді. -Бұны аздап білемін, әлі үйренуім қажет. -Бұны мүлде білмеймін, білуім керек. Оқушы тапсырманы: -егер білсе, толық орындаса торды бояйды: -егер шала білсе, әлі үйренуі қажет болса торды жартылай бояйды. -Егер мүлде білмесе, үйренуі қажет болса торды сызып қояды. Оқушы өзін-өзі бағалағаннан кейін осы әдіспен жанына өз бағамды қойдым. Оқушы және мұғалімнің қойған бағалауы білім көрсеткіші.

Әр сабағымның қорытындысын «Басбармақ» арқылы бағалап отырдым.
Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы мен түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексердім.

Басбармақ жоғарыға қарай - Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең - Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай - Мен түсінбедім.



Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаландым.

Мысалы:

Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл - түсінбеймін, жасыл-түсінікті). 
•Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. 
  Басында балалардың барлығы жасыл түстіні көрсетуі мүмкін. Содан кейін өз қателерін тауып, дұрысын дәлелдей алмағандар сары немесе қызыл түсті көтеріп жатады. 







Бағалаудың өзіндік қиындықтары да байқалып жатады. Басында балалар өздеріне жоғары баға берді.Оқушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өттім.

«Б.Блум таксономиясы» бойынша бағалау

 Қазіргі мектеп практикасында американдық ғалым Б.Блум таксономиясын қолданылып жүр. Төле бидің шешендік сөздері.



Аты-жөні

түсіну

қолдану

талдау

жинақтау

бағалау

А








Ол – білім және білікті меңгеру деңгейін сипаттайтын белгілер жіктеуі. Бұл таксономия оқушының танымдық және сезімдік өрісін бағалауға бағытталған. Танымдық салада оқу мақсаттары адамның білімді меңгеру және интеллектуалды білік, дағдыны игеру деңгейлерінде қарастырылады. Интеллектуалды білік және дағдыны қалыптастырумен байланысты мақсаттар: түсіну → қолдану→ талдау → жинақтау→  бағалау деп жіктеледі.

Мен алдыма қойған мақсатыма жеттім. Біріншіден, шығарманы талду ретінде критерийлер мен өлшемдер әзірленді, екіншіден, табыстылыққа бағытталған әрекет жүйесін меңгерді, үшіншіден, формативті бағалау әдістері туралы білімі дамытылды. Сабақтар сессиясында тақырыпты меңгертуге байланысты берілген әр тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылармен ауызша және жазбаша кері байланыс орнатылып отырды. Кері байланысты тіркеп отыру мақсатында жазбаша тәсілдер беруге тырыстым.

Топтық жұмыстарда әр топ басшылары өз топ мүшелеріне міндеттерін белгілеп, С тобындағы оқушының көшбасшы болуға ұмтылғандығы, ілескісі келетіндігін байқадым. Осындай тапсырмалар оқушының қызығушылығын, белсенділігін арттыратыны сөзсіз. Оқушылардың сабақты талқылағанынан байқағаным, топ басшысы оқушыларға атқаратын міндеттерін беріп, әр оқушының не нәрсеге жауапты екенін белгілеп отырады. Оқушылар өзара келісіп әр топтың жұмысына түрлі бағалаулар беріп отырады. Постермен жұмыс жасағанда оқушылардың шығармашылығы артқанын аңғардым,алғашқыда бұл жұмысты білмейтін болатын, кейін бұл әдіс оқушыларға ұнағандарын айтты.









Дәстүрлі сабақта, үндемей отырған оқушы, өзіне берілген жауапкершілікті сезінді. Оқушылардың сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы, балалардың көп ізденетініне көзім жетті. Рөлдік ойын арқылы оқушылардың сыни ойлайтынын байқадым, өйткені сыни ойлайтын, сыни бағалайтын оқушы жағдаятты сұрақты шеше алады. Осындай рөлдік ойындар арқылы оқушының қызығушылығы артады, өзіне сенімі молаяды, сол жағдаяттан шешу жолын таба алады.

Осындай сабақтардан кейін ой түйгенім

- Оқушылар топтық жұмыстар жасай отырып, бірі-білмегенді екіншісінен үйреніп , жақын арадағы даму аймағы жүрді

- Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды, емес құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

-Оқу оқушылардың әнгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 98-бет)

Өзара бағалау кері байланысты оқушылармен жүргізуге көмектесті, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік алды. Өзара бағалау арқылы оқушылар өз жұмыстарының бағалау сапасын түсінеді. жақсартты, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттырды.

Бағаны оқушының кемшіліктерін табу үшін емес ,әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойдым. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды.

Өзін- өзі бағалау өзін -өзі реттеуге жетеледі.

3-бөлім Деректерді талдау, шектеу, болжау

Мұғалімнің бағалауынан өзін-өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын нәрсе және өзінің сыныптастарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетудің жолдары бар. Сыныптастарын бағалау әрқашан маңызды роль атқырады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға өз ойынша сөйлеуге мүмкіндік береді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шектелуіне және жай ғана бақылауына мүмкіндік береді. (Блэк және қосалқы авт., 2003) Сабақтарымда планшетте жазылған «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалауда қиындық туғызғанына көз жеткіздім. Оқушыларым алғашында бірін-бірі тек «жақсы» деп бағалап отырды. Сындарлы бағалауда тұлғаның дамуына педагогикалық қолдау көрсетілді. Оларға сенім білдіру жауапкершіліктерінің артуына әкеліп соқты. Жаңа әдістеме бойынша жүргізілген сабақтарда  жаңа  ресурстар қолдандым, олар А3 форматындағы қағаздар, маркерлер, кері байланыс парақтары. Бұл ресурстарды пайдаланған себебім, бірінші  «Бетпе-бет» кезенінде осы ресурстарды өзіміз қолданып  жұмыс жасадық. Олардың маңыздылығын түсініп, өзімнің тәжірибеме енгіздім. Слайдтар, флипчарттар, сондай-ақ интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану оқушылардың қызығушылығын оятады, және мұғалімдердің көрнекілік мәселесін шешіп берді. Бұдан басқа, сабаққа қажетті кестелер, дидактикалық материалдар, топтық бағалау, критериалды бағалау парақтары, рефлексия жазғызу парақтары жай сөзбен емес, электронды жазылған түрінде беріліп отырды.

Қосымша 1

Кері байланыс

Тапсырманы орындауда Маған ұнады (ұнамады) ________________________

Ерекше қиын болды_________________________________________________

Менің ойымша, оның себебі__________________________________________

Ең қызықты болғаны________________________________________________

Егер мен бұл тапсырманы тағы орындасам, келесілерді жасар едім_________

Менің ұстазға өтінішім______________________________________________



Кері байланыс



Мұғалімдердің аты-жөні

Не білідім

Білгім келеді







Кері байланыс парағын пайдалану мен үшін тиімді болды.Бұл менің келесі сабақтарды жоспарлауыма көмектесті.







Іс-әрекетті зерттеу аясындығы өткізген сабақтарымның барлығын бейнесуретке түсірдім. Бейнсуреттерде топ ішіндегі жұмыс, зерттеуге алынған оқушылардың іс-әрекеті, сыныппен жалпы жұмыс жазылып алынды. Әр сабақта оқушылар топтарына барып визуалды түрде бақылау жүргіздім, олардың ойларын тыңдап, бағыт бердім. Балалардың білім алғандығын анықтау үшін «ыстық орындық », «сұрақ-жауап», «дұрыс немесе бұрыс » стратегиясын қолдандым Міне біз күннен- күнге бағдарламаны оқи отырып, оның идеясын өн бойымызға сіңіре бастадық. 

Оқушылардың бағалау өлшемдерін жасағанда жұмыс мысалдарын пайдалануда қиындық туындағаны анық, әрине төмендегі жұмыс: А: өте жақсы, жақсы ұйымдастырылған, жақсы талпыныс, өте жақсы жұмыс, фантастыикалық тетіктер, осылайша жалғастырыңыз, өте жақсы таныстырылым. Г: түзетуге бағытталған: көптеген суреттер берген, өте жақсы жұмыс – жазу ережесін дұрыс қолдан, не түзетілгені – толықтырулар, жалпы жақсы жазылған, бірақ мәніне жету үшін көп уақыт керек. Қ: ғажап, қателердің жанында жақсы жауабы жазылған, өте жақсы тырысқансың, өте жақсы + түзетілген қателер, жақсы талпыныс, егер түсініксіз болса маған кел, жақсы күш салғансың, сөйлемді .... дан бастама, себебі; қолдану арқылы қиындықтарды игертуге қол жеткізе бастады.

Формативті бағалау: оқыту үшін бағалау, сезім, символ арқылы беріледі, ынталандырушы жетелеуші, қалыптастырушы, критерий айқындау арқылы және баға қойылмайды, сөзбен беріледі. Суммативті бағалау: оқуды бағалау, жиынтық бағалау, санмен қойылады және мониторинг жүргізіледі.

Кері байланысты мұғалімнің ғана қамтамасыз етуге тиісті емес, шын мәнінде оны оқушы немесе құрдасының жиі жақсы ұсынатынына назар аудару, құрдастарын және өзін-өзі бағалаудың өзіне жауапкершілік алу, сондай-ақ оқушының өзін жақсартудың мүмкін екеніне сенім ұялату үшін, оқушыны қалай ынталандыру, жетілдіруді көрсету мақсаттарын нақтылаудың өте күшті тәсілдері болып табылатынына көз жеткіздім.

Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесінде өзгерістер енгізуге, яғни оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі бағалау «өткен тәжірибені пайымдаудың үдерісі, оқылғаны және қол жеткізілгені туралы нақтылы түсінікті алуға талпына отырып, еске алуға және түсінуге ұмтылыс жасау» түрінде айқындалады (Мунби және қосалқы авт., 1989).

Формативті бағалау өздігінен жеткілікті мөлшердегі маңызды құрал, өйткені сәтсіздікті айқындауға мүмкіндік жасайды.

Оқушылар өзінің білім алуы үшін өзіне жауапкершілік алуы тиіс, себебі басқа ешкім де олар үшін оны істемейді. Яғни, осылайша оқушылар оқытуды бағалау үдерісіне тартылуы қажет. Бұл мәнмәтінде үздіксіз дамуға ықпал ету, оқыту үдерісін сезіну және оқушылардың оларды басқару қабілеттілігі ерекше маңыздылыққа ие болады. (Бағалауды Жақсарту тобы, 1999). Осы ойды негізге ала отырып, сабақ үрдісінде әр қадам, әр іс-әрекетте формативті бағалаудың жүргізілуі маңызды.

Менің байқағаным сабақ барысында қолданылған формативті бағалау түрлері оқушылардың өзгеруіне, өзіне деген сенімді болуына, бағалау жүйесіне деген ұстанымы мен көзқарасының оң шешімін тапқандай болды.

Мен бүгінгі сабақтан оқушыны дұрыс бағалаудың маңыздылығын түсіндім. Бағалаудың сабақта негізгі роль атқаратынын түйдім.

Осы кезеңде өзімді көп уақыттан бері толғандырып жүрген мәселені де айта кетсем. Оқу курста оқығалы 5-6 апта өтті. Көптен білмегенімді көрдім, білдім, сараптадым, талдадым, жалпы ой елегінен өткіздім.Бізде мұғалімдер арасында «шебер мұғалім» немесе «мұғалім шеберлігі» деген сөз бар. Мектеп жағдайында қалыптасқан «мұғалім шеберлігі» деген ұғым-қай мұғалім шеберлік конкурстарына көп қатысты, авторлық бағдарламалар жазса, сонда жүлделі орындарды алса, сол мұғалім теңдесі жоқ «мұғалім» мәртебесіне ие. Болмаса жылында екі-үш, әрі кетсе, бірнеше ашық сабақты «жоғары» деңгейде өткізсе, сабағын 45 минутқа сыйдырса, сол мұғалім асқан алып иесі болады, оны мақтаймыз, мадақтаймыз. Менің айтпағым, «Педагогтардың шеберлігін арттыру» мақсатында ұйымдастырылып жатқан осы курстан өткен ұстаздарды ғана «шебер мұғалім» деп айтауға болады. Оның негізгі себебі, курстан өткен әр мұғалім күнделікті өзінің күйбең тіршілігінің құлы емес, қоғамды рухтандыратын, жасөспірімдерде инициативаны, еркіндікті, білімқұмарлықты оятатын тірек болуында. Қазіргі кезеңде білім саласында дегенмен де орынды орынсыз сабақта білім беру технологиларын қолданып жүрген мұғалімдер бар. «Ақпарат» деген не екенін меңгермегені де қаншама? Сол ұстаздарды осы шеберлік курстарынан өткізсе ғана  «білікті ұстаз» бола алады. Біз курста жекелген оқушылардың әрбіріне назар аударуды, сынып ахуалын зерттеуді, оқушының «өзін-өзі реттеуін», оқу сапасын қайтсек арттырамыз, білімді қалай береміз, оқыту әдістерінде АКТ қалай пайдалатындығымызды әрбір ұсақ-түйегіне дейін санамалап тұрып игерте алу дәрежесіне жеттік, әлі де бағындырмаған асуларымызды бағындырамыз. Осы курстың басты мақсаты-білім сапасын арттырудың кепілін тек қаражаттан ғана емес, мұғалімнің жан дүниесінен іздеу керектігін көздейді. Көзделген нысана өз нәтижесін беруде. Курсты оқып жатқан ұстаздар тек сабақ беру әдісін ғана емес, «жеке тұлғаға» баппен қараудың тәсілдерін меңгерді.

  Қорыта айтар болсам, кері байланыс жүргізу үшін пайдаланған әдістер сабақтарды жүргізу үшін, алдымен, бұл әдістерді  пайдаланудың  мақсатын анықтап алу керек. Сонымен қатар бұл әдіс  болсын, жалпы басқа әдістер болсын, сабақтың тиімдіілігін арттыру керек деп ойлаймын. Мен өз тарапыма келер болсам, оқу үшін бағалау және оқуды бағалау моделінің әдіс –тәсілдерін пайдаланып өткізу барысында:

    - оқушылардың пәнге деген қызығушылықтырын арттырдым.

    - сыныптың ынтымақтастық атмосферасын нығайттым.

    - оқу Бағдарламасындағы жеті модульді іске асырдым.


    - оқушылардың бойындағы қабілеттерін танытуға мүмкіндік бердім.

-оқушылар өзін бағалауды, өзара бағалауды үйренді.

    - кері байланыс орнату арқылы оқу белсенділіктері артты, сыни бағалауды үйренді.

Осы стратегияны қолдағанда мен өзімді тек бағыттаушы ретінде сезіндім. Топпен жұмыс істеуде оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдап, бірлесе жазуға, өз ойларын ортаға салуға бірін-бірі және өзін бағалауды үйренді. Әр бала өздерінің пікірлерінің бағаланатынын сезіне алды. Сонымен бірге олар бір-бірімен пікір алмастырғанда балалар бірінің білмейтінін екіншісі толықтырып отырды және өзіне сенімі аздау балалар өзге балалардың айтқандарын есіне сақтауға, олармен қосылып кішкентай болса да жазғандарын оқып беруге ынталанды. Топпен жұмыс кезінде бір баланың ойына келесі баланың ойы қосылады да, ол кеңейтілген түрде жауап болады және оның айтқан жауабын өзге оқушылар тыңдап, өз ойларын қосуға мүмкіндік алады. Бұрын тәжіриебемде көрініс таппаған   топтық, жұптық жұмыс кезінде балалардың  бір-бірімен қарым-қатынасында диалогтық әдістің тағы бір пайдалы тұсын анық көре білдім. Баланың ойын дамыта отырып, өзімнің де ойымның дамығанын осы модул негізімен түсіндіріп бере аламын. Сонымен бірге, оқытудың үшінші «Бетпе бет» кезеңіне келгенде сабақтарда өткізген топтық жұмыстарымызды талқыға салып, бір-біріміздің жұмыстарымызбен салыстырып, жасаған жұмыстарымызға пікірлерімізді білдік. Сонда байқағаным, барлығымыздың жұмыстарымызда  ұқсастықтар мен осы әдісті пайдаланудағы  тәжірибемізге тигізген әсері бірдей болды.  Сол себептен, әлі де болашақта, осы бағытта жұмыс істеймін деп жоспарлап отырмын. Қорытындылай келе, топтық жұмыс кезінде кері байланыс арқылы оқушылар алған білімдерін сыни бағалай білуді, өз ойларын ашық айтуға, бір-бірін тыңдап, сыйлай балуге үйренді, белсенділіктері артты. Топ мүшелері барлығының пікірінің құнды екенін ескерді. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта «Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім» деп айтылған (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 48- бет). Оқушылар сыни ойлауға, бағалауға қалыптасып, өзін-өзі реттеуге үйренді. Алдағы сабақтарымда бағдарламаның аталған әдістерін кеңінен енгіземін және әріптестеріме ұсынамын деп ойлаймын. Әр сабағымда тиімді де ұтымды пайдаланғаным оқушыларды сыни ойлауға, сыни бағалай білуге жетелегенім, себебі балалардың да пәнге деген қызығушылығымен қатар  сын көзбен қарай, бағалай білгені тәжірибемдегі негізгі мақсатым еді. Сыни тұрғыдан ойлауға,бағалауға үйрету- тапсырмаларды орындау негізінде баланың ойының ұшқырлығына, ойын ашық айта алуына, болжам жасай алатындығына  анық көзімді жеткізе алдым.   Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға және бағалай білуге итермелеуші сұрақтар қою арқылы зейіндерін сабаққа бағыттай білдім. Сыни ойлауға мүмкіндік беретін сұрақтарды қоюдағы мақсатым: сыни көзқараспен сыни тұрғыдан ойлауға, бағалауға үйрету және өз бетімен ізденуге, өз бетімен түйін шығарып, дағдылануға үйрету еді.        Бұл модуль менің тәжірибемде баланың ойын еркін айта алуына, сыни тұрғыдан ойлауға тапсырмаларды бере отырып баланы сыни ойлаттыруға, бағалауға мүмкіндік беруіме, соның нәтижесінде  сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді бола алды, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдай алды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде деректерді қолдана алды; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып,   жаңашыл идеялар мен келешегі жарқын  ашық бола алды. Тәжірибемдегі осындай өзгерістердің негізінде, мұғалім бірінші өзі сыни тұрғыдан ойлай алса, оқушыларына да сыни тұрғыдан ойлаттыруға мүмкіндік береді .     Осы модульді басшылыққа алып, оқу үдерісіне енгізген жағдайымда сынып оқушыларымның оқуда белсенділігі артып, қызығушылығы оянып, ең соңында  тұлға ретінде дамуына септігін тигезеді ме деп ойлаймын. Сынып оқушыларының  өзгеруі,  мектеп өміріне де өзгерістер енгізеді деп үміттенемін, себебі осы оқушылар мектептің қоғамдық жұмыстарына  белсенді аралысады, зияткерлік сайыстар мен ойындарға қатысып, мектеп мәртебесін одан әрі арттырады. Әрине, бір айлық практика аралығында  үлкен   нәтижелерге  қол жету мүмкін емес. Бірақ та осы жетістіктерге жету жолында алғашқы қадамдар жасалып, іс-әрекеттер басталуда.     Менің ойымша, оқушылардың білім алу әрекеті ой қозғаудан басталады. Ойлану барысында адам әр нәрсеге өзінің көзқарасын білдіреді. Оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастыру және оны тәжірибе жағынан пайдалану өте маңызды үдеріс деп есептеймін. Осы тұрғыда  Глейзер (1941 ) сын тұрғысынан ойлау, бағалау  «оған белгілі бір қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табаңды күш жұмсауды  қамтиды»,- деп пайымдаймын.    Оқушылардың жас ерекшіліктеріне сәйкес білім беру және оқу модулі бойынша  сабақ беретін сыныптарым жас ерекшеліктері ескерілген, сондықтан білім беруде және кері байланыс арқылы  қиындық туындамайды. Бұрында жас ерекшеліктері туралы ескермесем, енді ол туралы ойланып, оның нәтижелі білім берудегі рөлі жайындағы көзқарасымды өзгерттім. Жұмыс тәжірибемде орын алған оң өзгерістерді болашақта да жүйелі түрде тәжірибеме енгіземін. Бойыма жинаған білімді және аз да болса да, бірақ құнды тәжірибемді   менімен бірге қызмет ететін мектептегі және аудан аумағындағы  әріптестермен бөлісемін деп ойлаймын.

 

 

 

  Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық

2.www. Cpm.kz

3.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!