Материалдар / Оқыту заңдылықтары,принциптері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқыту заңдылықтары,принциптері

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз өзімді дамыту үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2020
1717
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырып: Оқыту заңдылықтары мен принциптері


Дәріс жоспары:

1. Оқыту заңдылықтары туралы ұғым.

2.Оқыту процесінің заңдылықтарына сипаттама

  • оқытудың мақсат міндеттерінің, мазмұнының, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру формаларының қоғам талабымен байланыстылығы;

  • білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі;

  • білім, іскерліктің қалыптасуының оқушының даму деңгейімен байланысы;

  • индивидті үйретудің тек қана іс-әрекет арқылы мүмкін болуы.

3.Оқыту принциптерi туралы ұғым

4. Педагогикалық ереже

5.Оқыту принциптерінің жүйесін дамытуға үлес қосқан педагогтар: Я.А.Коменский. И.Г.Песталоции К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, Т.Сабыров т.б.

Әдебиеттер:

  1. Воронов В.В. Педагогика школы в двух словах.- Москва, 1997

  2. Коменский Я.А. Великая дидактика. Изб.пед.соч. –Москва,1955

  3. Құрманалина Ш. Педагогика. Алматы, 2007

  4. Занков Л.В. Дидактика в жизнь. –Москва,1968

  5. Морева Н.А. Педагогика среднего профессионального образования. Учебное пособие для студентов педагогичкеский вузов.-Москва, Академия,1999


1. Заңдылық көптеген заңдардың жиынтық әсерінің нәтижесі ретінде қарастырылады; заңға қарағанда кеңірек ұғым. Сондықтан заңдылықтар әр түрлі байланыстар мен қатынастарды, ал заң белгілі бір байланыс пен қатынасты ғана сипаттайды. Заң табиғатта объективті өмір сүреді, ал принциптер өмірде жоқ, олардың өзіндік мәні жоқ. 

Оқыту заңдылықтары арқылы оқыту процесі іске асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық туындайды.

 Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады. 
 Заңдылық дегеніміз- құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс.

Ал өзара байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп білеміз. 

 Оқыту заңдылықтары оқытудың педагогикалық үдеріс ретіндегі инвариантты сипаттамасын, маңызды, тұрақты және қажетті байланыстарын белгілейді. Сондықтан олар оқыту принциптерін тұжырымдаудың теориялық негізі болып табылады. Жеке алғанда, заңдылықтар мұғалімдер үшін тікелей нұсқаулар бере алмайды. Принциптер анықталған заңдылықтарды бейнелей отырып, іс-әрекет кағидаларын категориялар ретінде тұжырымдайды, оқу үдерісін ұйымдастыруда бастапқы бағдар рөлін атқарады. Оқыту заңдылықтары оқытудың жағдайлары мен нәтижесі арасындағы маңызды және қажетті байланыстарды бейнелейді, ал олардың негізінде анықталатын принциптер оқыту мақсаттарын жүзеге асырудың жалпы стратегиясын анықтайды. Мұндай стратегияны амал деп атайды. Амал — оқыту немесе тәрбиелеу стратегиясын анықтайтын принциптердің жиынтығы.Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді.

Педагогика теориясы мен практикасының дамуы барысында әр кезеңге сәйкес заңдылықтарға қатысты алғашқы кездерде ережелер, одан соң заңдар тұжырымдала бастады. Педагогика заңдарын жасауға Коменский, Песталоцци, Селерье, Торндайк, Мейман тағы басқалар үлес қосты.
Қазіргі оқыту үдерісінде диалектиканың жалпы заңдары колданылады. Олар: қарама-қайшылықтар бірлігі мен күресі, сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өтуі, терістеуді терістеу т.с.с. Сонымен бірге педагогика гылымының тұжырымдалған педагогикалық заңдары да бар. Қазіргі кезде педагогика ғылымында Ю.К.Бабанский, В.И. Загвязинский, И.Я. Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин т.б. зерттеушілер тұжырымдаған заңдарға ерекше мән беріледі:
— мақсат, мазмұн және окыту әдістерінің әлеуметтік шарттылығы заңы;
— тәрбиелей жэне дамыта оқыту заңы;
— оқыту мен тәрбиенің оқушының іс-әрекеті сипатымен байланыстылығы заңы;
— педагогикалық үдерістің тұтастығы мен бірлігі заңы;
— оқытудағы теория мен практиканың бірлігі мен өзара байланысы заңы;
— оку іс-әрекетін жекелеген және ұжымдык ұйымдастырудың бірлігі мен өзара байланыстылығы заңы.
Демек, оқытудың нормативтік элементтері ретінде оның заңдылықтары, заңдары және принциптері арасында өзара байланыс байқалады. Бұларды ескеру оқытуды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Оқыту заңдылықтары түрлері:

  • Сыртқы

Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды.

  • Ішкі

Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды.

  • Жалпы. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтиды.

  • Жеке. Жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды. 

2.Оқыту процесінің заңдылықтарына сипаттама

 Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары: 

Оқыту процесінің заңдылықтары:

  1. Қоғам талабы оқытудың мақсат-міндеттерін айқындайды, оның мазмұны, әдіс-тәсілдері ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы заңды процесс.

  2. Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі.

  3. Кез келген ақпарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім, іскерлікпен айналысу үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іскерлік, дағды деңгейіне сүйену керек.

  4. Дидактика зыңдылықтарының ерекшелігі- оқыту процесінің бөліктері- оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс-әрекеті (оқу), білім мазмұны арсындағы тұрақты тәуелділіктер. Оқыту оқушының белсенді іс-әрекеті арқылы жүреді. Кез келген оқыту оқытушымен оқушы және білім мазмұнын мақсатты түрде бір-біріне ықпал етуі арқылы жүзеге асады.

  5. Жеке адамды үйрету тек іс-әрекет жасату арақылы мүмкін болады.

Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді. 
Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.  Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды. Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс-әрекеттеріне тәуелді. 

 Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы.  Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады.

Оқытудың негізгі заңдары:  

  • Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін қалып-тастыруға ықпал етуі туралы заң. 

  • Білім алу, іс-әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы 
     заң. 

  • Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң. 
     Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысы туралы заң. 

  • Оқу іс-әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланысы туралы заң.

Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді. Кейбір 
 зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған педаго-гикалық заңдылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады. 


Принцип (ұстаным) – латын сөзі, қазақша негіз деген сөз, басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида.


Оқыту принциптері- мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер.

Оқыту принциптері- оқытуды ұйымдастыруға қойылатын талаптардың негізі.

Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.

Дидактикалық  принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен  заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың  категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды. Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принцип-терін, негізгі  қағидаларды белгілеуге көп күш салды. 

 Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан, кейбір принциптер ескіріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу процесінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады. Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принциптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз. 
 Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына  сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен белсенді түрде меңгеруге деген  қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен-бірі логикалық өзара байланыста болады. Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі: 

  • ғылымилық, 

  • саналылық пен белсенділік, 

  • көрнекілік, 

  • жүйелілік пен бірізділік, 

  • беріктілік, 

  • тиімділік, 

  • теория мен тәжірибенің байланыстылығы. 
     
    Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық.

4. Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтық қызметтің бейнеленуі.

Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыстырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады.  Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау ұстаздың қолын байлап қояды; ереже-лерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік, стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда дидактикалық принцип-терге сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетері сөзсіз.  Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ереже-лер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тәжірибе-нің қорытындысы ретінде дидактика принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін іске асырады. 

Үйге тапсырма: Оқыту принциптерінің жүйесін дамытуға үлес қосқан педагогтар туралы баяндама жазыңыз. Бүгінгі білім саласында бұл принциптер қаншалықты асырылуда?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!