Материалдар / Оқытуда АКТ ны пайдаланудың әдістемелік мүмкіндіктері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Оқытуда АКТ ны пайдаланудың әдістемелік мүмкіндіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына ақпараттық коммуникациялық технологияларды өз сабақтарында түрлендіріп қолдануға мүмкіндіктер береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Маусым 2019
1884
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қ АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ














Баяндама

Тақырыбы:«Оқытуда АКТ ны пайдаланудың әдістемелік мүмкіндіктері»













« Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемелері » кафедрасы

Оқытушы: Онгарова Баян Кенесовна



Алматы 2016 ж


Мақсаты:

Оқытушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды өз қызметтерінде тиімді пайдалананудың жолдары мен тәсілдерін көрсету,ұйымдастыру және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерделеу.


Жоспар:

  1. 1. Кіріспе

  2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласындағы ролі мен маңызы.

  3. 2. Негізгі бөлім

  4. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың әдістемелік мүмкіндіктері.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдарының кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу – тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Жаңа технологияны меңгеру үшін қазіргі мұғалім:

  • Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

  • Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

  • Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

  • Білімді,іскер,шебер болуы керек;

Ақпараттық – телекоммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса зор.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
БҰҰ – ның шешімімен «ХХІ – ғасыр ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үрдіс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді және компьютерлік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары.
Ақпарат алмасу істеріндегі компьютерлік технологиялар рөлі өте жылдам өсіп келе жатыр, соңғы кезде телефон, радио, теледидар сияқты құралдар орнына электрондық телекоммуникациялық құрылғылар пайдаланыла бастады, олар - өндірістік, әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерге кеңінен араласып келе жатқан электрондық почта мен Интернет жүйелері болып табылады.
Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты – заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады. Ақпараттандыру ісінде білім жүйесінің адамзат тіршілігінің барлық әлеуметтік аймақтармен әрекеттесуі және олардың бір – біріне әсер етуі толық бейнеленеді. Мұнда білім беру ісінің өзі де күрделі құрылымнан тұратын жүйе ретінде қарастырылады. Осындай күрделі жүйенің бір – бірімен және қоғамдық өмірдің басқа аймақтарымен де тығыз байланысқан бес бөліктен тұратыны анықталды; олар: теориялық – методологиялық, педагогикалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және технологиялық жүйелер. Сол себепті қазіргі кезде білім саласындағы ең өзекті мәселеге ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық жағы емес, керісінше оның ұйымдастырушылық, әлеуметтік және педагогикалық жақтары айналып отыр.
Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу істері оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек.
Қазақстандағы дарынды балаларға білім беруді ақпараттандыру мәселелері;
- білім берудің жаңа технологияларын (оқу теледидарлары, Internet Telekom, Relkom және қашықтықтан оқытудың өзге түрлері) жасау, жүзеге асыру..
- дарынды жастар мәселесінің және балалардың ақпарат алмасуының бағдарламаларын әзірлеу.
Заман ағымына сай күнделікті сабаққа сандық видео, аудио қондырғылары, подкастинг мен теледидарды,
компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады. Әсіресе, олардың тиімділігі:
1. Қашықтықтан білім алу мүмкінділігінің туындауы;
2. Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкінділігі;
3. Экономикалық тиімділігі (бару, келу, тұрмыс тауқыметі т.с.с. материалдық шығынды қажет етпеу);
4. Білім сапасына әсері зор. Әсіресе, тіл сабақтарын игеруге (ағылшын, орыс, қазақ т.с.с. тілдерді) айқын сезіледі;
5. Іс - әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуге (би өнері, қол еңбек, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.);
6. Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктер болмайтын табиғаттың таңғажайып үрдістері мен әртүрлі физикалық, химиялық, биологиялық тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;
7. Оқушының ой - өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де, ықпалы зор (теледидардағы ғылыми – көпшілік, рухани, тарихи танымдық хабарлар мен компьютерлік жүйедегі шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ т.с.с логикалық ойындар).
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу
интернет, электрондық почта, телеконференция, видеоконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Бірақ кез – келген жаңалықтың жақсылығымен қатар зияны да болатыны да белгілі. Мұндағы ең басты назар аударалық мәселе: олардың ара салмағы. Демек кемшілігін түзеп, зиянын жойып, артықшылығын жетілдіре түсу қажет.
Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу істері оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның алдында атқарылуы керек.
І Информатика және АТ оқытудың мақсаттары, мазмұны және әдістемесі.
Төмендегі білім шегі, базалық және профильдеу курстары.
Оқыту тәжірибесі мен әдістемесі.
Оқытушыларды даярлау және білімін жетілдіру.

-Ақпараттық техноллогиялар оқу үрдісінде
-Жаратылыстану–математикалықпәндер.
-Гуманитарлық
-Кәсіптікбілімберу.
- Бағдарламалық құралдарды жасау, сараптау және бағалау технологиясы.
2.АқпараттықТехнологиялар ашық білім беруде.
-Телекоммуникациялар
-Қашықтаноқыту
3.Ақпараттық Технологиялар білім беру жүйелерін басқару ісінде.
4. Ақпараттық Технологиялар арнайы талабы бар адамдарды оқыту ісінде.
5.Ақпараттық Технологиялар оқыту нәтижесін бақылау мен бағалау.
Информатиканы және ақпараттық – коммуникациялық технологиялар (АКТ) қазіргі ақпараттық әлемде ерекше орын алады. Компьютерді иелену дағдылары, күнделікті жұмыста АКТ пайдалана білуі, WWW (Интернетпен) жұмыс істеу, сандық видео, аудио- подкаст, ұтқыр қондырғылар, мектеп түлектерінің ақпараттық мәдениеті, адамзат қолындағы электрондық ақпараттық ресустарды жасау және пайдалана білу – жаңа ғасырдың артықшылығыосындай.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары;
- методологиясын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын таңдау;
- әдістері мен формаларын ұйымдастыру;
- қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
- оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
- оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға бағыттау;
- өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
- ақпараттық – оқу, эксперементтік – зерттеу қызметінің өз бетімен түрілі іс - әрекеттерін жүзеге асыру;
- тестілік, диагностикалық бақылау әдістері мен оқушылардың білім деңгейін бағалау. Болашақта Қазақстанда білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекоммуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі.Олар:
- ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету үрдісі жоғары деңгейге жеткізу;
- жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістікте интеграциялау;
- біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;
- білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау.
Дәстүрлі информатика курсында телекоммуникациялар орта, кейде жоғары буында
оқытылатынына қарамастан, желімен және электрондық почтамен жұмыста пропедевтикалық курстар мен ерте дамыту үйірмелеріне қосқан дұрыс. Бүгінде бастауыш сынып оқушылары қатыса алатын көптеген жобалар бар. Жобалар ғаламдық немесе төңіректік ауқымда болуы мүмкін. Бірі мектеп немесе сынып аясымен шектелсе , келесісі ұлттық , тіпті халықаралық деңгейге шығады. Оларға қатысу арқылы балалар жаңа достар табады, жеке немесе ортақ мәселелерді шешеді өзіндік идеяларын, ынтымақтық пен шығармашылық қабілеттерін жүзеге асырады.
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.Заманымызға сай қазіргі   қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: « Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі — білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек »- деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі — бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Активті экран »  болып табылады.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық — құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру»,«білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамдық ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттің интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті процесс. Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету — өндірістік мәселе.Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте, маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау болып саналады.

Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық   технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды.

Әрбір елдің  технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай – ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.

Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады. Ақпараттық — технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық-телекоммуникациялық   технологиялар маңызды роль атқарады.

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – оқу. Сондықтан, ғылым  мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер, оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. ҚР Білім туралы Заңы. Астана, 2007

2. Мукашева М.Б. Интерактивные технологии обучения как дидактическое условие успешности учебного процесса в ВУЗЕ. А.2005

3. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Н.Ә.Назарбаев 2014 ж

4. Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, А.Сейнасинов “Информатика терминдерінің түсіндірме сөздігі ”Жаңа технологиялар институты.2012 ж.;

5. Білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасы.

6. Г.Бейсенова, Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі.,

7. Қазақстан мектебі №6 – 2015 ж;

8. Студентке арналған нұсқаулық. Бірінші басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015.


 



































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!