Түркістан облысы Сарыағаш
ауданы
№32 Қ.Аманжолов атындағы
жалпы
Орта мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі
Асанова Қарлығыш
Абдижалилевна
Баяндама
тақырыбы:
Жаңартылған білім беру
мазмұны бойынша оқытудағы жаңа
әдіс-тәсілдер
«Мұғалімнің айналысатыны-үнемі
қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан
біркелкі әдіске табан тіреп шектеліп қалуға болмайды» Ж.
Аймауытов
Мемлекетіміздің білім беру
үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы- заман талабына
сай келешек ұрпақтың сұранысына қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Білім берудің мазмұны жаңарып,жаңаша көзқарас пайда болады. Осыған
байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып
отыру технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті
тұр.
Жаңартылған білім беру мазмұны
бойынша курсты аяқтап келгелі сабақты жоспарлау бағытым түбегейлі
өзгерді. Сабақты жоспарламас бұрын тақырыпқа сай орта мерзімдегі
оқу мақсаттарын таңдап алып, сол мақсатқа қол жеткізу үшін бала
деңгейіне сай тапсырмалар таңдап алуымыз керек. Бастауыш сыныптарда
ойын арқылы оқыту тиімді оқыту болып
саналады.
Халқымыздың ұлы педагог-ғалымы
А.Байтұрсынов : « Мектепке бірінші керегі – мұғалім, екінші – оқыту
ісіне керекті құралдар, үшінші – бағдарлама және оқулықтар» деп
басып айтқан. Демек, білімнің берік болуы мұғалімнің сабаққа мұқият
дайындығына байланысты деп ойлаймын. Сондықтан да өз сабақтарымда
оқытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін, соның ішінде оқу мен жазуды жақсы
меңгерту үшін түрлі ойын әдістерін, логикалық тапсырмаларды және
халықтық педагогиканы қатар алып жүрген жөн. Ұлы А.Дистерверг : «
Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының
өзін ізденуге жетелейді» дегендей, сабақ барысында оқушыны іздену
жұмыстарына көбірек бағыттау да шеберліктің
белгісі.
Мен, бүгінгі таңда жаңартылған
білім беру мазмұны бойынша курсқа барып , жаңа форматта сабақ өтіп
жүрген ұстаздардың бірімін. Қазір менің оқушыларым бірінші сыныпта
оқиды. Бірінші сыныптағы сауат ашу пәнінен бірінші тоқсандағы
тапсырмалар бірінші сыныптағы білімдерін қайталау үшін, мен
«Мойыншақ» әдісі арқылы өздерін тартып неше буынға бөлінгенін табу,
сөзде неше әріп бар екенін табу сияқты тақырыптардан тұрады. Сол
тапсырмаға байланысты жас ерекшеліктеріне сәйкесәр соған орай
«Сыбырлап оқу», «Сыбырлап сөйлеу» әдісін сабақтарға енгізу
қажеттігі жөнінде айтылуда осы әдісті сабағымның бір бөлімінде
пайдаланып келемін. Оқушылар тыныштыққа үйреніп, қолданып жүрген
жаңа әдістерге дағдыланып келеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне
ескере отырып, топтық, жұптық, ұжымдық және деңгейлік тапсырмалар
беріп отырыамын. Ізденіссіз және шығармашылық тапсырмалар баланы
ғылымға жетелейді. Сабақта қолданатын жағдайаттық және ролдік
ойындар оқушыларды, сөйлеуге, ойын еркін айта білкге
жетелейді.
Оқушылардың білімге ықыласын,
ынтасын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі-сабақта
ойындарды қолдану. Ойын, білім алу, еңбек ету – адамның негізгі
қайраткерліктері. Мысалы, «Буынды жалғастыр» әдісін пайдаланып
оқушылар бас буынымен сонғы буындарынан сөз құрастырып
жазады.
Оқушылар өздері тұрған әңгіме
шынайы сюжетін салыстырады. Сонымен қоса өз сабағымда сын
тұрғысынан ойлай техналогиясының «Кубизім», «ДЖИГСО», РАфт
әдістерін көп қолданамын. Деңгейлік әдістердің көпшілігі бірінші
сынып оқушыларының жас ерекшелітеріне сай келе бермейді. Дегенімен
бірақтар әдістерді жоспарыма жиі енгіземін. «Тақырыптық» түйінзі
сөздер, «Құпия зат, он сұрақ, сұрақты ұстап ал, жадыны дамытамыз,
көршіңне әңгімелеп бер» т.б. сюжетті суреттер арқылы оқушыларға
сөйлемдер құрату түрлеріне қарай ажырата білуге үйретемін. Дыбыстық
талдау жұмысын ұжыммен жүргізген жағдайда тақтаға іліп көрсетемін.
Жеке жүргізген жағдайда ламинатталған парақтарға орындатамын.
Ламинатталған парақтарды топтық. Жұптық тапсырмалар орындаған
уақытта өте тиімді.
Осы әдістер оқушылардың
ынтымақтастықпен біекітіп жұмыс жасауына ойын екркін жеткізуіне
және шығармашылық қабілеттер дамытуына септігін тигізетіне сенемін.
Қорыта келе, мен баяндамамды тұңғыш ағартушы педагог Ы.Алтынсарин
«Күнәнің ең үлкені бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезіне
алмайтындарда» деп баланы оқытудағы басты тұлға ұстаздарды өз ісіне
үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырған. Оқушы эмоциясына жағымды
әсер ете білу- бұл қызығушылықты арттырудың ең тиімді жолы.
Мұғалімнің әдемі сөз тіркестерін пайдалана отырып, эмоционалды
образды сөйлеуі балаға ықпал етеді. Әсіресе сауат ашу пәнінде
баланың шығармашылық қиялын дамыту үшін осы тәсілдер көбірек
жемісін береді. Басқа пәндерде бұл әдісті пайдалануға болады, тек
мұғалімнің жаңа жолдарды ізденуін талап
етеді.
Оқыту барысында туған тілінің
қыр –сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден орнын таба
алатын өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу
үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып,
тәжірибені байыта түсу – бүгінгі таңның басты
мәселесі.
Тәуелсіз елді өркениетті
әлемге танытатын дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш –
білім және білімді ұрпақ болмақ. Сондықтан білімді ұрпақты
тәрбиелеу – борышымыз деп санаймын.
Пайдаланған
әдебиеттер:
-
Р.М Айтмамбетова «Жаңашыл
педпгогтар идеялары мен тәжірибелері» Алматы
1985
-
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан
халқына Жолдауы», 2015 жыл
-
Бастауыш сынып журналы 2015
жыл
-
Игенбаева Б.Қ Аринова Г.К. «
12 жылдық білім беру жағдайында оқыту әдістері техналогиялары
(әдістемелік құралы)» Астана 2006 жыл
Жоспары
І.Кіріспе:
Жаңартылған білім беру
мазмұны бойынша жаңа әдіс-тәсілдер.
ІІ. Негізгі
бөлім:
Мұғалімнің
құзіреттілігі-оқу мен оқытудағы табыс
кепілі.
ІІІ.Қорытынды:
1.Күтілетін
нәтиже