Материалдар / «Оқытуды бағалаудың жаңа жүйесі – оқушының білім сапасын арттырудың кепілі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Оқытуды бағалаудың жаңа жүйесі – оқушының білім сапасын арттырудың кепілі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытуды бағалаудың жаңа жүйесі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2018
578
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КОУЧИНГ-СЕССИЯ ЖОСПАРЫОҚО Шардара ауданы «Жаушықұм» мектеп-лицейі коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кошалиева Гульнара Сейдахметовна

Коучингтің жалпы тақырыбы:«Оқытуды бағалаудың жаңа жүйесі – оқушының білім сапасын арттырудың кепілі»Мақсаты:

Мұғалімдердіңбіліктілігін жетілдіру, тереңірек дамыту, жоғары деңгейге көтеру мен шешім қабылдауға қажетті дағдылар мен іс-тәжірибелерді меңгерту, болашаққа деген көзқарастарын қалыптастыру, оқытуды бағалаудың әдіс-тәсілдері жайлы түрлі ақпараттармен таныстырып, оларды сабақ үдерісіне тиімді пайдалануларына ықпал ету.



Міндеті:

Мұғалімдермен қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, рефлексивтік диалогке тарту, кәсіби білімін дамытатын іс-шаралар ұйымдастыру, бірлесіп жоспарлау, зерттеушілік жұмыстар жүргізу, кері байланыс орнату, түйінді мәселелерді анықтау, бірлесіп шешім қабылдау.



Күтілетін нәтиже:

Мұғалімдер оқытушылық тәжірибесіне оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізеді, сындарлы оқытудың астарын түсінеді, орта және қысқа мерзімді жоспарлар құрастыра алады, оқытуды бағалау мен оқуды бағалау бойынша тиімді әдіс-тәсілдерді сабақ үдерісінде орынды қолдана алады, сол арқылы оқушының білім сапасын арттыруына ықпал етеді.



Коуч-мұғалім:

Әбдиева Н – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Коуч мұғалімдер:

  • Ж.мамбетова – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • Д.Көрпелиева – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі














Коучинг сабақтардың тақырыбы

Мақсаты:

Өту мерзімі



Күтілетін нәтиже

1

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың теориялық негіздері мен критериалды бағалаудың практикадағы қолданысы



Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың теориялық негіздерімен таныстыра отырып, критериалды бағалауды сабақ үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын қарастыру.

14.10.2013

Коучерлер оқытуды бағалаудың реттеушілік қызметі мен оқуды бағалаудың нәтижені анықтаушылық қызметін айыра алады, критериалды бағалаудың аспектілерін анықтап, оларды іс жүзінде пайдалануды жүзеге асырады.

2

Сабақ үдерісінде табыс критерийлерін бірлесіп анықтаудың әдіс-тәсілдері



Оқушы жұмысының өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында табыс критерийлерін бірілесіп анықтаудың маңыздылығын ұғындыру және оны жүзеге асыру жолдарын меңгерту.



21.10.2013

Мұғалім мен оқушы арасында жағымды қарым-қатынас туады, сол арқылы білім алуға жағымды орта қалыптасады және ақпараттар алу мүмкіндігінің шеңбері кеңейеді, өз жұмыстарының салыстырмалы көрсеткішін біліп отырады.

3

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын дайындаудыңтиімділігі



Тақырыпқа байланысты қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу шеберлігін жетілдіру.



25.10.2013.

Кез келген тақырыпқа байланысты қылыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын оқушы мен сынып деңгейіне лайықтап және олардың нәтижесін анықтауға салыстырмалы көрсеткіш бола алатындай етіп құрастыра алады.



4

Өзара бағалау мен өзін-өзі бағалаудың білім сапасын дамытуға ықпалын арттыру жолдары



Оқушының өзінің және құрдасының жұмысына сыни тұрғыда талдау жасауына, өз қателіктерін анықтап, соны реттеу іс-шараларын ұйымдастыруына мүмкіндік туғызуға жетелеу.



30.10.2013

Мұғалім сыныпта оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауына мүмкіндіктер тудырады, оны жүзеге асырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін меңгертеді.

1 КОУЧИНГ-СЕССИЯ ЖОСПАРЫКоучинг сабақтың тақырыбыМақсаты:Өту мерзіміКүтілетін нәтиже

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың теориялық негіздері мен критериалды бағалаудың практикадағы қолданысы



Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың теориялық негіздерімен таныстыра отырып, критериалды бағалауды сабақ үдерісіне енгізудің тиімді жолдарын қарастыру.

14.10.2013(90 минут)

Коучерлер оқытуды бағалаудың реттеушілік қызметі мен оқуды бағалаудың нәтижені анықтаушылық қызметін айыра алады, критериалды бағалаудың аспектілерін анықтап, оларды іс жүзінде пайдалануды жүзеге асырады.

Коучтің іс-әрекетіКоучерлердің іс-әрекеті

РесурстарУақыт шеңбері

1

«Жаңа тұрпатты мұғалім» слайдын көрсету.



Көрген слайдқа байланысты ой-пікірлерін ортаға салады.

14 минут

Слайд, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Табысты жұмыс істеп жатқан мұғалімге өзгеріске байланысты өз іс-тәжірибесін жаңарту қажет деп ойлайсыздар ба?2. Тәжірибелі мұғалім өз практикасындағы тәжірибесін түбегейлі түрде жаңа бағытқа лайықтап өзгертуі керек пе?3. Өзідеріңіз өзгеру үшін қандай іс-әрекеттерді жоспарлап отырсыздар?



2

«Тәлімгерлік пен коучинг» слайдын көрсету.

Көргендері бойынша өзара сұхбат жүргізеді.

14 минут

Слайд, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары



1. Тәлімгерлік үдерісінің мақсатын қалай түсіндіңіздер?2. Тәлімгердің коуч жұмысына ықпал ету нәтижелігіне көздеріңіз жете ме?3. Сіздерше тәлімгер мен коучтің қандай айырмашылықтары бар?



3

Сергіту сәті



«Гандам стайл» биінің қойылымына билейді.





3 минут







4

«Коучинг презентациясы» слайдын көрсету.

Коуч пен коучер арасындағы қарым-қатынас жайлы пікірлеседі.

15 минут

Слайд, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Коучинг үдерісі сіздерге не береді деп ойлайсыздар?2. Коучтің сіздерге білімді дайын күйінде ұсынбай, оны алуға бағыт беру арқылы өз саналарыңыздан өткізіп барып алуға мүмкіндік жасау әрекеті тиімді болады деп есептейсіздер ме?2. Осы үдерістерді оқушыларға білім беруде пайдалануға болатындығына көздеріңіз жете ме?



5

«Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау» слайдын көрсету.

Слайдқа байланысты ойларын ортаға салады.

14 минут

Слайд, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін қандай жолмен анықтайсыздар?2. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, балалардың өзара әңгімесін тыңдауды, тапсырманы орындап отырған оқушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеруді қалай жүзеге асырасыздар?3. Бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтай алуы керек дегенді қалай түсінесіздер?



6

Кофе-брейк

Жағымды орта тудыру мақсатында ұйымдасырылған кофе-брейкте еркін сұхбаттасады.









7

«Бағалау оқытуды қолдауы керек» бейнежазбасын көрсету.

Редбирдж, Валентинис орта мектебінің оқушылар мен мұғалімінің бағалау жөніндегі көзқарастарымен танысып, өз пікірлерін білдіреді.



15 минут

Бейнежазба, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Оқушы үшін бағалау қалай оқудың жаңа жолдарын табу тәсілі екендігін қалай түсіндіңіздер?2. ОҮБ оқушыларға қандай мүмкіндік бере алады?3. ОҮБ-ның мәні неде деп ойлайсыздар?4. ОҮБ-ны қолану мұғалімдерге қандай міндеттерді жүктейді?5. Мақсатттары айқын қалыптаспаған сабақ дегенді қалай түсінесіздер?



8

«Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауды практикада қолдану барысы» тақырыбында постер құрғызу.

Дәстүрлі бағалау мен критериалды бағалауда оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың көрінісін постерге түсіреді.



15 минут

Плакат, маркерлер, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың арақатынасы жайлы не ойлайсыздар?2. Оқыту үшін бағалауды күнделікті қолдану тиімді бола ала ма?3. ОҮБ-ны қолдану әр түрлі деңгейдегі оқушылар үшін қалай көрініс табуы мүмкін?4. «Оқыту мен оқу үдерісі мұғалімнің сабақ беруі емес, оқушыны оқыту» дегенді қалай түсіндіре аласыз?































2 КОУЧИНГ-СЕССИЯ ЖОСПАРЫКоучинг сабақтың тақырыбыМақсаты:Өту мерзіміКүтілетін нәтиже

Сабақ үдерісінде табыс критерийлерін бірлесіп анықтаудың әдіс-тәсілдері



Оқушы жұмысының өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында табыс критерийлерін бірлесіп анықтаудың маңыздылығын ұғындыру және оны жүзеге асыру жолдарын меңгерту.



21.10.2013(60 минут)

Мұғалім мен оқушы арасында жағымды қарым-қатынас туады, сол арқылы білім алуға жағымды орта қалыптасады және ақпараттар алу мүмкіндігінің шеңбері кеңейеді, өз жұмыстарының салыстырмалы көрсеткішін біліп отырады.

Коучтің іс-әрекетіКоучерлердің іс-әрекетіУақыт шеңберіРесурстарТүйінді сұрақтар

1

«Көбелек сабағы» бейнежазбасымен таныстыру.

Бейнежазбаны көргеннен кейін пікірлеседі.

14 минут

Бейнежазба, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары



1. Оқушы деңгейін анықтап алудың қандай маңыздылығы бар?2. Оқушының кедергіден өз бетімен жол табуына мүмкіндік беру сіздерді қандай жетістіктерге әкеледі деп ойлайсыздар?3. «Көбелек сабағына» байланысты жайттарға өмірден мысал келтіре аласыздар ма?



2

«Командалық коучинг» бейнежазбасымен таныстыру.

Бейнежазбаны көргеннен кейін ойларын ортаға салады.

14 минут

Бейнежазба, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Бірлескен жұмыстың нәтижесі бойынша жекелеген оқушы жұмысын бағалауға бола ма?2. Әр түрлі деңгейдегі оқушылар тобы нәтижелі жұмыс жүргізетіндігіне сенімдісіздер ме?3. Осы қойылымның сіздердің жұмыстарыңыздың табысты жүруіне қандай әсері болды?



3

Сергіту сәті

«Қызыл өрік» қойылымына жаттығу жасайды.



3 минут







4

«Табыс критерийлері – жұмысты атқару деңгейінің көрсеткіші» тақырыбында сұхбат жүргізу.



Тақырып бойынша сұхбаттасады.

9 минут

Нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Табыс критерийлерін бірлесіп жасау сіздердің жұмыстарыңызға қандай мүмкіндік береді?2. Табыс критерийлерін бірлесіп жасаудан оқушы не ұтуы мүмкін?3. Өз сабақтарыңызда табыс критерийлерін қандай тәсілдермен анықтайсыздар және оларды қандай негізге сүйеніп жасайсыздар?



5

«Мұғалім шеберлігі – уақыт талабы» тақырыбында эссе жаздыру.

Мұғалімдер өздері жазған эссеге байланысты табыс критерийлерін бірлесіп анықтайды.

20 минут

Плакат, маркерлер, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Эссе жазудың қандай талаптарын білесіздер?2. Өз жұмыстарыңызды бағалағанда бірініші неге көңіл аударасыздар?3. Бағалау барысында нелерді орындау маңызды деп ойлайсыздыр немесе қандай басымдықтарды ерекшелейсіздер?4. Табыс критерийлерін анықтағанда оларды қандай бағаммен (баға немесе балл) өлшеген дұрыс деп есептейсіздер?

































3 КОУЧИНГ-СЕССИЯ ЖОСПАРЫКоучинг сабақтың тақырыбыМақсаты:Өту мерзіміКүтілетін нәтиже

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын дайындаудыңтиімділігі



Тақырыпқа байланысты қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын әзірлеу шеберлігін жетілдіру.



25.10.2013.(60 минут)

Кез келген тақырыпқа байланысты қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын оқушы мен сынып деңгейіне лайықтап және олардың нәтижесін анықтауға салыстырмалы көрсеткіш бола алатындай етіп құрастыра алады.



Коучтің іс-әрекетіКоучерлердің іс-әрекетіУақыт шеңберіРесурстарТүйінді сұрақтар

1

«Ұстаздық ету мақсатыңыз не?» тақырыбында сұхбат жүргізу.

Әркім өз қызметінің мақсатымен таныстырады.

10 минут

Нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Мамандық таңдауды жүрек қалауымен жасадыңыз ба, жоқ әлде басқа жайттар себеп болды ма?2. Мектептегі жұмысыңыздың мақсатын қалай түсінесіздер?3. Сіздер кім үшін және не үшін еңбектеніп жатырмын деп есептейсіздер?



2

«Жарық құмыра» бейнежазбасын көрсету.

Бейнежазбаны көргеннен кейін ойларын ортаға салады.

10 минут

Бейнежазба, нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары





1.Сабақ үдерісінде сыныптағы оқушылардың өзіндік ерекешеліктерін қалай анықтайсыздар?2. Әр оқушының ерекшелігіне байланысты тапсырмаларды түрлендіріп отырасыздар ма?3. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жақсы нәтиже бере алуы мүмкін бе?4. Үлгерімі төмен оқушылармен қандай іс-шаралар жүргізесіздер?



3

Сергіту сәті Нурмухаммед Жақып - Саби бақыты әнін тыңдайды





3минут







4

«Қалыптастырушы бағалау – оқушы білімін реттеуші бағдаршам» тақырыбында сұхбат жүргізу.

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын дайындау мен оларды сабақ үдерісінде қолдану іс-тәжірибелерімен бөліседі.

12 минут

Нұсқаулық, үлестірме әдістемелері, ғаламтор ақпараттары

1. Оқушыларыңыздың жоғары нәтижеге жетіп, білім ала алатынына сенімі артып, өз алдына мақсат қойып, өз жолын таба білуі үшін сіздер қандай жұмыстар атқарып жатырсыздар?2.Бағалауды сіздер оқушы үшін жүргізесіздер ме, жоқ оқушыға қолдану үшін жүргізесіздер ме?3. Бағалау тапсырмаларын дайындау мен жоспарлауда басымдықты неге бересіздер?4. Бағалауды басқаруда басты назарды неге аударасыздар?
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!